Қарағандыда жаңа тұрғызылған үй құлады.

Кеше түскі 12 шамасында Қарағанды қаласында жаңадан салынған (элитный) тұрғын үй құлап қалған.
Бұл қиын заманда ең басты проблема баспана мәселесі болып тұрған кезде қаншама адамды баспанасынан айырған кім?
Құлаған үйдің шығынын кім қайтарады?
Кінәлілер қазір қайда?
Бейшара қарапйым халықтың күйі не болмақ деген сауал еріксіз әркімнің ойына келер.
Құлаған үй





Мұндай жағдайды көрген адам жаңа салынған үйден пәтер алу қорқыныш тудырады екен. Сан бар жерде сапа бар деген желеумен осындай үйлердің қаншасы тұрғызылды. Әлі қаншасы тұрғызылады…

Жазалар әлеміне саяхат: Айқыш ағашқа керіп тастау


(жалғасы, басы мұнда)
Жазала, жаным, жазала мені...© Мазох Бабаның үмметтері

Жазаның бұл түрі Ежелгі Рұм елінде ең азабы көп өлім жазасының бірі саналды. Ерекше қауіпті деп саналған қылмыскерлерді, әсіресе қашқын, сатқын, бүлікші, көтерілісшілер бұл жазаның «рахатын» көрді.
Әрі қарай

Диди және Жақау - "Қазағыма лайықты" ән жинағы

Жаңаөзендік Амангелді(руы — жақау) мен оралдық Данияр(Диди) екеуі бірлесіп айтқан "Қазағыма лайықты" альбомы шықты, меломаннан ала аласыздар. Негізі 16-шы желтоқсанда шығуы тиіс болатын, белгісіз себептерге байланысты… жарнамамдысс. қобыз бен домбыраның үнімен келістіріп айтқан, Диди(beat maker). Бұл Қазақстанда бұрын болмаған альбом десек те болады. Сапалы!
базар жоқ!!!
әлі де біраз өлеңдері шығу керек, салып отырамын.
ғаламторға шыққан өлеңдері:
Диди және Жақау — Қазағыма лайықты.

Диди және Жақау — Біздің Отан.

Диди және Жақау — Бас сардар.

Диди және Жақау — Анашым.

Диди және Жақау — Қарлығаш.

Диди және Жақау — Сенің бейнеңді көріп.

Диди және Жақау — Ұмытпадым.

Диди — Маңызды емес.

авторлық құқықты кім тексеріп жатыр дейсіңнақты сайты жоқ, zhamagat.kz және Жақаудың жеке сайты(қасапшылар) жақында ашылады.

және де жуырда Жақаудан жаңа клип.
Әрі қарай

Бистро пост)

Бір аптадай болды көздерім қызарып, аллергиядан құтыла алмай жүрмін… Қолмен ұстауға болмайды, косметика қолдануға болмайды… Қара көзілдірікті тастамай киіп жүрмін. Қиналып кеттім.

Ғаламарттың дүкенін сыртынан көріп қалдым. Алдына барып қызықтап кеттім. Кеш болғандықтан жабық еді. Витринада тұрған шкатулкалар, киіз сияқты материалдан жасалған қуыршақ, есікте ЖАБЫҚ деген жазуы бар домбыраның макеті… Барлығы Салта мен Айкона стайл екен))) Балғырғанды сағындым)

6градустың қатысуымен ұйымдастырылған женсоветтен соң көңіл-күйім керемет көтеріңкі))) Біздің қыздардың шынайы, нәзік аурасы тағы бір жыл осындай көңіл-күймен жүруге жетерліктей. Жанна, жолың болсын, оқуыңды тез-тез аяқтап, елге тезірек қайт! Или қайтпа, өзің біл, жаным ))) Сенімен біргемін!
Әрі қарай

bazukaның бір күні)

Кеше іште көздеп атудан жарыс жүріп жатқанды, жұмыс арасында барып, менде мергендігімді сынап келдім)) ужассс, қаааасқааа прям)) бес рет көздеп, төрт ұпай ғана жинадым ғой))
алдымен тіркеліп, қауіпсіздік ережесімен танысып алдым))

Әрі қарай

Білім жүйесі. Акт #1 - Перпетуум мобиле.

«Менің әкем де, оның әкесі де, оның әкесі де, оның әкесі де самурайлар болған.» ©Самурай Фигуси.

1960 жылдар. ЖОО-лар. Елде шаруа тастан асып жатыр. Бірақ қыз-жігіттер сонда да, кешкісін оқыса да оқуларына үлгеріп жатыр. Кешке оқиды, сырттай оқиды, әйтеуір оқиды. Алқашқы техникалық толқыннан бірен-сараны болмаса, ұстаз жетіспегендіктен, көбісі бірден оқытушы болып, оқу орындарында қалдырылды.

1970 жылдар. ЖОО-лар. Көзі ашылмаған қаззақтың ең бақытты онжылдығы десем, ешкім тасымды шауып алмас. Көңіл — көтеріңкі, қалалық қаззақтар табы пайда болды. Епті, ең
Әрі қарай

Mini IT жаңалықтар I

ASUS Padfone бағасы белгiлі болды: тек қана телефоны=681 доллар, телефон+планшет+стилус қалам+блутуз құлақшың=850 доллар, бұлардың барлығы+пернетақта Док =980 доллар.
HTC соңғы күндері бірнеше жаңа телефондарын таныстырды: HTC Evo 4G,HTC One X.казіргі кездегі ең сапалы екран қолдануда бұл екі телефон Super LCD II.
Apple жаңадан телевизор шығарады деген өсектер бар.
Fileserve, Wupload тек қана бұлыт жүйесіне өткендерін хабарлады.Пираттық жүйелерді бітіргісі келетіндерің саны көбейіп барады.
LG Mobile ойлау қабілетіне ие телефон жоспарлары бар екенін хабарлады.
Nissan 2013 жылынан бастап Infiniti моделлерінде Intel Atom процессорларын қолданбақшы.
Pinterest қазіргі кезде әлемнің үшінші ең танымал әлеуметтік желі атағына ие болды.
Әрі қарай

Қазақша эротика §2

Олақай Кеңес Одағының кезіндегі бір басылым журналисіне бас редатор ерекше тапсырма беріп жатады:
— Жолдас Битуреев, Сіз білетін шығарсыз коммунистерге екі әйел алу жат қылық екенін. Бірақ елімізде сондай екі әйел алған жат қылықты жолдастар бар екен. Мына адрес бойынша барып, істің мән-жайын анықтап қайтыңыз!-дейді.
Жолға шыққан журналис белгіленген мекен-жайға барып, қақпадан жүрексіне бас сұғады. Қараса бір кейуана ұршық тартып отыр, жанында тұлымшағы желбіреген бір бөбек ойнап отыр. Кірген бейтанысты байқаған кейуана бұл кім еді дегендей қабақ танытпай, кіре бер ит жоқ деген ым береді.
...-Еее солай де шырағым. Іздеген адамыңды адаспай тауып кепсің, ал мақсатыңды да түсіндім. Байқап отырған боларсың. Бұл үйде менен басқа тағы бір әйел бар…
-Ол кісінің екінші әйелі қайда?
— Шырағым соны тұспалдап отырғаным жоқ па. Мен оның бірінші әйелімін, ана жүрген келіншек оның екінші әйелі! -деп, иек қағады кейуана әнебір жерде дастархан қамымен жүрген келіншекті меңзеп.
Аң-таң болған журналис бұл жерде бір сыр жатқанын түсінеді.
...Қатира ол кезде 30-дан асып қалған сақа келіншек еді. Сұрапыл соғыс жүріп жатыр. Бұл ауылнайда пошташы болып жүрген-тұғын. Қыстың көзі қырауда ауыл-ауылды аралап хат тасу оңай емес әрине. Сондықтан да колхоз председателі бұған атқосшылыққа ауылдағы мұрынбоқ Бәдәні (жас шамасы 14-15 жасар) қасына қосып береді. Екеуі үйренісіп қалды. Айдалада келе жатып бәдәнің ысқыра әндеткені тіпті қызық. екеуі оны-мұныны әңігме қылып қояды. Алайда мұрынбоқтың бұған қараған кезде көздерінен басқаша біркеңкелер оқитын сияқты. Өз ойынан өзі ұялып қалды. Бұл әлі он екіде бір гүлі ашылмаған бала емес пе. Мен болсам бір есік көріп үлгерген қатынмын. Қап, адамға небір сайтан ойлар кіреді а-деп қояды ішінен.
Кештетіп боранға қалмай бір ауылға тап болды. Үй иелері бұларды барын беріп күтіп отыр. Үй аядай ғана екі бөлмелі екен. Содан жатар кезде бұларға бір бөлмені босатып берді. Қатира ішке кірсе қап-қараңғы екен. Білте шам қайдан болсын. Бір кезде сырттан аттарын жайғастырып Бәдә имене кіріп келе жатты. Көге түртсе көргісіз қараңғыда қарманып жүріп жайын іздемек болған. Бірақ алақаны жұмсақ адам денесіне тиген кезде өз өзін игере алмай жастығына қарамай (өзі ер екен) нәпсісіне ерік қоя берді. Аспан аударылып жерге түскендей…
Соғыс бітіп, елдің бәрі тойына бастаған кезде екеуі үйленеді. Балалары болады. Арада көп жылдар өткен кезде Қатира өзінің төсек қатынасына келгенде суына бастағанын сезген болатын. Бәдә болса бұны жанындай жақсы көреді. Қылшылдаған жас кезі. Күйеуіне деген құрметін Қатира өз ырзашылымен оған екінші әйел алып беріп осылай білдіреді. Қазір күндесін келініндей күтіп, жұмсап отырған жайы осылай екен…
Әрі қарай

Maxthon браузерімен таныса отырыңыздар.

Мына броузерді байқап көріңіздер, өздерінің айтуларынша жылдамдығы Хромнан 200% артық дейді. /шынында 200% болмаса да жылдамдығы жақсы екен./
Мына жерде соңғы нұсқасы бар. --->>>
Жақсы жері кез-келген видеоны көшіріп алуға тырысады екен. Мысалы youtube.com, namba.kz секілді сайттардан еш қосымша бағдарламасыз бірнеше нұсқада көшіріп алуға мүмкіндік береді.

Браузер
Әрі қарай