bazukaның бір күні)

Кеше іште көздеп атудан жарыс жүріп жатқанды, жұмыс арасында барып, менде мергендігімді сынап келдім)) ужассс, қаааасқааа прям)) бес рет көздеп, төрт ұпай ғана жинадым ғой))
алдымен тіркеліп, қауіпсіздік ережесімен танысып алдым))


өзімді Әлия сезініп отырған кезім ғой))

әріптестерім маған қарағанда тәуір нәтиже көрсетті:



ПыСы: ертең ақша тігіп шахмат ойнаймыз, ұтып кетуіме тілекші болыңыздар))
Бөлісу:

31 пікір

madlen
Іште деген не деген?
bazuka
жұмыста дегенім))
madlen
аа, түсінікті. Шахматтан ұтып кетіңіз барлығын!
Sultansha
қайда жасайсыз?
Abilakim
«Кухняда, ваннада, орындықта жасай береміз». Осындай бір қалжың бар еді «Бауыржан шоуда» бұрындары.
asaubota
Пушкин паркінде мен де ақша тігіп шалдармен шахмат ойнайтын едім
bazuka
аташкілер фигураларын дұрыс жүрмесе, қайтып алып ойнайды) қызық емес олармен ойнаған))
satibaldi
Негізі «пристрелять» етіп, мылтыққа бауыр басып алмасаң — кәнігі мергендердің өзі қолына тиген кез келген мылтықпен көп тигізе алмайды. Айтпақшы, тир мылтығының төбесіндегі нысана бұрандасын бұратпайтыны да сол: әрі-бері келтіріп, бір рет жолға түсіп алсаң, бітті — тигізе бересің. Тирдегі сыйлыққа беретін мишканы, маймылды тауысып, ақыры пяншік кассирдің өзін атып кетуге болады.
meirzhan
Шахматта интроверттердің жолы болады деп естідім.
Жеңістің ауылына жетуіңе тілектеспін!
madickisbig
шахматта экстраверттердің де жолы болады, өздерінің эмоцияларын қарсы пайдалану арқылы адамның ойын бұзып, сосын ұтып кетіп жатады.
bazuka
Рахмет Мейіржан! тырысам енді)
madickisbig
бұл қай оқу орнының спортзалы
bazuka
Ақ-тың астанасының жігіті Комсомол деген жерді естуіңіз бар ма сол жақтағы лицейдің спортзалы)
jako_83
Ақ-тың
деген қай жақ?
bazuka
madickisbig солай жазып қойған екен парақшасына соған жаза салғам)
AKY
әрәқ
jako_83
Біз жақта Ақсуат деген жердің Комсомол деген ауылы бар, сол жақ па деп сұрағам
bazuka
бұл Ақтөбе облысы
satibaldi
Қойш?
bazuka
имма
satibaldi
Жазып қоялық: Ноуқос сағат 11-ден 18 кеткенде қылық шығарды.
Gulistan
Суреттер шықпай тұр.
a63a1
Әріптестеріңе қарағанда мылтық ұстаудың қыр сырын меңгергенге ұқсайсың. 16-ның отдачасынан зәрезәп болғансың-ау ә?
bazuka
үйде әкемнің мылтығын кішкентайымнан ойыншық қылып үйрендім әкеме көрсетпей)) содан қалып қойған болар, әйтпеесе мылтықпен бірдеме ату білмим)