Тағы да футбол...



Үзіліс… Дауыл алдындағы тыныштық десе де болады. Келесі аптада өзіміздің сүйікті командаларымыз УЕФА байрағының астында кезекті қарымта матчтарын өткізеді. Барлығының қазіргі жағдайы — жүрегі әлсіз жанкүйерді бірнеше мәрте дәрісіне жүгіндіретіндей. Шахтеріміз сырт алаңда азулы Слованмен бір ғана гол айырмасымен жеңіліп келсе (0-1), Орданың батырлары кезінде Милан, Реал, Челси, Боруссия-Дортмунд сынды таныстыруды қажет етпейтін футбол ұжымдарынан айласын асырған Русенборгпен тең нәтижеге қол жеткізді (2-2). Ал Ақтөбеміз… Қобыланды батыр атындағы стадионда, өз жанкүйерінің алдында сырт алаңда кеткен есені (2 голды) әлі-ақ қайтаратынына ешкімнің күмәні жоқ десем қателеспейтінім хақ!

24 шілде (сейсенбі).
18-00 (Ақтөбе уақыты).
Қарағанды.
Шахтер — Слован (Чехия).
Келесі 3-раунқа өткен жағдайда ЧФР (Клуж, Румыния) командасымен алдымен қонақта (31 шілде), содан соң үйде (07 тамыз) бақ сынасатын болады.

26 шілде (бейсенбі).
19-00 (Ақтөбе уақыты).
Алматы.
Ордабасы — Русенборг (Норвегия).
Келесі кезеңге өтсе Серветт (Швейцария) командасымен алдымен қонақта (02 тамыз), содан соң үйде (09 тамыз) ойнайтын болады.

21-00 (Ақтөбе уақыты).
Ақтөбе.
Ақтөбе — Милсами (Молдова)
Молдавандардан 3-раундқа өтсек Бельгияның Генк командасымен 02 (қонақта) және 09 (үйде) тамызда ойнайтын болады.

Командаларымызға сәттілік!!! Келесі кезеңге өтуге барлығының да мүмкіндігі бар. Алға, Қазақстан!!!
Әрі қарай

Ордабасы-Русенборг матчы

Еліміздің «Ордабасы» футбол клубы Норвегияның «Русенборг» командасымен ойнайтыны туралы естігеннен бастап, бірге жұмыс істейтін қыздар жігіттер болып командаға жанкүйер болуды ұйғардық. Лейрвик-Берген-Тронхейм маршруты арқылы матч өтетін қалаға кешкі сағат бестерде жеттік. Аэропорттан дереу стадионға барып билет алып, қонақтарға берілетін секторға өттік. Ол жердегі стадион қызметкерлер Қазақстанға болысатын ешкім келмейді деп, жайбарақат жүр екен, жетіп барған төртеумізге басында өз тілдерінде бірдеңе деп күліп алды. Стадионға өтіп киініп, «пісіміллә» деп командамызға болыстық барымызша. Қолымыздан келгенше барымызша дайындалып көк футболкамен, кішкентай офиста тұратын флажокты да алып келдік. Айналамызға қарасақ Русенборгтың жанкүйерлері 2-3 секторды алып отыр, ал біздер тек төртеуміз. Сонымен не керек дымға қарамай болысып, бірінші таймда сәл еңсеміз түсіп қалды. Басыма келген алғашқы ойлар «Неге біздің қазақтың командасына үнемі жеңілу жазылып қойған ба?» «Эх, біз де ГОЛ деп айқаласақ қой» деген нешетүрлі ойлар. Бірақ екінші таймда бізге тағы бір жанкүуйер қосылып, еліміздің байрағын қоса алып келді. Көк байрақтың әсері ме екінші таймда тек айқайлаумен болдық, уақыттың қалай өткенін де байқамаппыз. Екі гол соғылып есеп теңескенде қуанышымзда шек болған жоқ, менің де «ГОЛ» деп айқайлаңым келген арманым орындалды ;-) Сол үшін Ордабасы командасына рахмет!!! Қазақтар алға!!!  Енді кезек суреттерде:










мына видеодан көре аласыздар Your text to link...
Әрі қарай

№28 автобус – армандар орындалатын мекен

Астанадағы қоғамдық көліктердің басты ерекшеліктерінің бірі осы. Әсіресе таңертең жұмысқа баратын уақыт пен кешке үйге қайтатын кездерге не жетсін, шіркін.
Аялдамада арқа-жарқа сөйлесіп тұрған адамдар, қажетті автобус келгенде әңгімесін ұмытып жапа-тармағай есікке ұмтылады. Ең бастысы есіктің алдына жету. Одан кейін өздері-ақ көтеріп мінгізіп жібереді. Кіргеннен соң да қарманудың қажеті шамалы. Иін тірескен адамдар арасында құламақ түгелі, дем алуың да оңай емес.
Жә, армандарға көшейін…
Өзің бір аяғыңмен тұрып, ілігерге қара таппай келе жатқанда әзілдейтіндер де табылады. «Қарындас, бұл сіздің қалтаңыз емес!» деп жанындағы қызды әжуалап жатқан жігіттер, «ой апай, сіз қырыңызбен өтсеңіз де, былай өтсеңіз де 2 адамның орнын алады екенсіз» деп толық кондукторды күлкіге айналдырған қулар да осы жерде.
Кеше кешқұрым 28-і автобусқа отырып, дұрысы тұрып келе жатқанда бір ағамыз «менде арман жоқ» деп жар салсын. Достары не болды десе, «4 жас қыз маған құлап жатыр» деп мәз. Жүргізуші тормозды басқан сайын бар адам алға тықсырылып, сол 4 қыз тағы ағамызға қарай еріксіз қисаяды. Ай, «менде арман жоқ» деген ессіз айқай одан қаттырақ шығады-ай шіркін.
Қапырық ыстықта лүп еткен желді аңсаған бізге ол ағамыздың арманы ерсілеу көрінді. Алайда, соны қызықтаймыз деп аялдамамызға жеткенімізді де байқамай қалдық. Сонысы үшін рахмет!
Сіз мінген автобуста орындалған армандар болса жазыңыз, өтініш…
Әрі қарай

Бейпіл сөздер: Қазақтың эротикалық фольклоры

Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана қорын аралап жүріп Бейпіл сөздер деген кітап таптым. Кітапты оқу үшін сайтта тіркелу керек. «Кітаптардың е-көшірмелері» сілтемесі бойынша өтіп, Бейпіл сөздер деген атауы бойынша тауып аласыңдар. Алғашқы 24 беті.
Әрі қарай

Еден жуушы дәметіп қалмасын

Бір жылдары оқытушылықтан кетіп басқа жерден нан тауып жегем. Сол кезде болған оқиғаны әңгімелеп берейін. Сегізінші наурызда ер қызметкерлер әдеттегідей мерекелік дастархан жайды. Әдемі-әдемі тілектер айтып, тәтті-дәмдіден ауыз тиіп, “жырғап” отырмыз. Бір уақытта бастығымыз Жәкең:”Мына Исекеңе (орынбасары) қыздарды құттықтағалы отырмыз, ана еден жуатын келіншектерге де сыйлық алайық, құрметімізді білсін деп едім, Исекең “И гүл!” деп қосты, ер екен»,-деді әңгіме бастап. Дүкен аралап жүріп Исекеңе осы еден жуушыларға қорап кәмпит пен торт алсақ қалай болады деп ақылдасып ем, бұл кісі баяғы әуеніне басып “И гүл!” дейді. Исекеңнен қайран жоқ. Еден жуушыларға ыдыс-аяқ сервизін сатып алып тұрсам, ол “И гүл!” дейді танбастан. Исеке, гүл әпергеніміз қалай болады, басқаша түсініп қалмай ма? Еріндерін қып-қызыл ғып бояп ап, күнде кабинеттен шықпай жүрмесін деппін сасқанымнан”,-деп күлдіргені бар.
Әрі қарай

Түнгі кезектегі медбикелер ермегі. Әзіл

Студент кезімде дұрыс тамақтанбай, асты талғамай тамақтанғандықтан уланып аурухана түстім.
Хәлім жаман. Арнаулы палатаға жатқызыпты. Есімді еміс-еміс білем. Көз алдым тұман. Дәрігерлер дауысы күңгірлеп естіледі.
Үнемі жарық бөлмеде жатам. Күн мен түнді шатастырып алдым. Бәрі тынышталған уақытта аяқтың бас жағын бір нәрсе қытықтатып мазалай бастады. Қытықтың келуі де кетуі тез (3-5 секундтай лезде басылып қалады). Екі-үш тәулік өтті. Есіме келе бастадым. Аяғымның бас жағының қытықтың келуіне «не себеп?» деп ойлана бастадым.

Сөйтіп «аяғымның бас жағын не қытықтатады?» деген оймен жатқанда медбикенің дауысы шықты. Көзім жұмулы ұйықтаған болып жатырмын.
-Әне біреудің аяғы дәл менің жігітімдікіндей болатын шығар, -ішімнен ойланып жатырмын, "қызық, менім аяғым кімдікіне ұқсас екен?" деп. Көп кешікпей жауап алдым. Сөйтсем түнгі кезектегі медбикелер тоқыма тоқумен шұғылданыпты. Күйеулеріне тоқып жатқан жүн байпақтарын аяғыма кигізіп өлшеп жүріпті.

Бір жеті бойы аяғымның бас жақтары осылайша қызмет еткені (есіме түскен сайын тер шығады еріксіз). «Медбикелерді ренжітпеймін» деп қаншама аяқ табаныма қытық келсе де үндемей шыдап қозғалтпай жататын болдым

Пікір: «Мен мәйітханаға апарар алдында бирка тағып жатыр ма деп, зәре-құтым қалмай оқыдым аяғына дейін.» satibaldi
Әрі қарай

Әңгіме. Суық үй (иесі бар үй)

Жоғарғы оқу орынын бітіріп еңбек жолымды бастаған жылының жаз айында бір түрлі оқиғаға қатысушысы болдым. Оқиғамды баян етейін. Ауыл мектебінің директорының шақыруы бойынша ауылға қайтіп бардым, еңбек жолымды бастамақшымын. Бірақ тұратын үй болмады. Ауылдан туған-туысқандар көшіп кеткелі бірер жылдар шамасы болыпты. Туған ауылым. Әкемді, шешемді көрген адамдар әлі баршылық. Бірақ ешқайсының үйіне тұруға сұранған жоқпын. Маған тұруға жайлы деген үй бірден табылды. Ауыл ортасында екі бөлмелі жер үй ауылға келген молдаға жалға беріліпті.
Әрі қарай

Амантай Өтегенов. "Казахи"

Өз тасым "қазақ осы!" дейтін Қадырды, Жұбанды демалдыратын өлең деп есептейм. Амантай амиго үшін кейде 150 грамм тартжіверіп тұратыным да содан.

Амантай Өтегенов. «Казахи»

Нам все равно, хоть на подушку
Лечь головой, а хоть на плаху.
Мне кажется, нет равнодушней
Народа в мире, чем казахи.

С врагом делиться самым лучшим
Из благородства, а не от страха…
Әрі қарай