Тәуелсіздік

Тәуелсіздік таңы атқан арайлы
Болашаққа нық сеніммен қарайды.
Желбіреді тек биікте жалауы,
Сөнбей жанып еркіндіктің алауы.

Қылшылдаған боз баланың жасындай
Аз мерзімде ірге тасы қаланыпты.
Бүкіл әлем мойындап қазақ елін,
Дамыған елдердің қатарынан саналыпты.

Астанасы аз уақытта бой түзеп,
Көк тіреген ғимараттар әдемі.
Осы жерден табылар-ау сұлулық
Әсемдіктің, кереметтің әлемі.

Ұлт аралық татулыққа ту тіккен,
Жарасыпты жұлдызымыз өзге ұлтпен.
Ынтымақпен сыйластықтың мекені,
Әлемге аян Қазақстан екені.

Сәтін салып, айы туып оңынан,
Қазақстан көшті бастап жолынан.
Халықаралық ұйымдарды басқару,
Келе бермес әр мемлекеттің қолынан.

Елімізде барлық бақыт тоғысқан,
Бақыттың білмес бағасында кей адам,
Назарбаевтай көшбасшыны бұйыртқан,
Мың тәуба жаратқанға дей алам.

Қазақстан жиырма жаста бүгінде,
Алып қыран самғап ұшқан көгінде.
Бейнесімен қайраттанған барыстың,
Бейбітшілік бастау алған жерінде.

Туған елім арта берсін ырысың,
Түзу болсын тіршілікпен тынысың.
Жүрегінде жұдырықтай әр қазақтың,
ТЕК СЕН ҒАНА, ТЕК СЕН ҒАНА ҰЛЫСЫҢ!!!

Марат Нигметжанов.
Әрі қарай

Креативті жарнамалар


«Yamaha» мотоциклінің жарнамалары. Бейтаныс адамдардан, қыр-сырын білмейтін, бұрын тебілген мотоциклдерді алмауға үндейді екен.

Skype компаниясының жарнамасы. Жер шарының қай түкпірінде болсаңызда қалаған адамыңызбен сөйлесе аласыз.
Ал, мынау бөлмеге кірген кезіңізде өздігінен жанатын шамдардың жарнамасы. "Қорқынышты оқиғалар қараңғылықта орын алады"


Толығырақ мына жақтан қарай аласыздар
Әрі қарай

Қазақша смайліктер жасап шығарыпты

Кешелі бүгін әлеуметтік желілерде қытай қазақтары қазақша смайліктер жасапты деген жаңалықтар шығып жатыр сіздерге соларды юөліскім келіп отыр. Смайліктерді жасаған Қытайдың Нань Джин қаласындағы Дұң Нань университетінің 3-курс студенті Нұрсал Сетерханұлы деген азамат екен. Жақсы басатама бастаған екен алдағы уақытта жалғастырам деп отыр. Ісіне сәттілік тілейік.

Бір қызығы смайліктердің барлығының түсі қызыл екен. Бұл сол елдің жүргізіп отырған саясатына, ішкі жағдайына қатыстыма деген ой туды. Жалпы сіз бұл жігіттің жұмысы, әрекетіне не баға бересіз. Толығырақ Бақ.кз оқи аласыз.
Әрі қарай

Бұл не қылған батпан құйрық

Осында отырған блоггерлердің бәрінде болған шығар мұндай жағдай. Бір күні поштама хат келді: «сіз миллион евро ұттыңыз, банкіміз осындай, лондонда орналасқан, бәлен-түген» деп. Содан бұл хатты зейін салып оқыдым, негізі бұрын да келген еді осындай хат, бірақ орысша қате-қате жазылған. Мынаусы ағылшынша сауатты жазылыпты, содан бұндай банк жалпы бар ма деп, ғаламторды шарладым. Бар екен, мекен-жайын да анықтап, қатесіз жазыпты. Не керек, «шот аш» депті бірінші, а сосын ешкімге тіс жармау керек екен да. Мен нұсқауларына сүйеніп бәрін жасадым, содан шот ашып, «шотым осындай» деп, хат жазып жіберсем, маған: «сіз жіберіп отырған сертификатты алуыңыз қажет бірінші, ол үшін 1000 фунт салуыңыз керек осы шотқа» дееееп жазыпты. «Қой, атаңа нәлет, молаңды әрі сал» деп ағылшынша жазып жібердім. Енді ғаламторды тағы шарламаймын ба, сөйтсем алданып, ақша салған байғұстар көп екен. Бір жапондық тіпті Америкада оқып жүріп, бар 8 000 американ теңгесін салып, оқудан шығуға мәжбүр болыпты.
Өзіме күлдім де қойдым, сөйтсем, біздің агенттікке келіп бір кісі хат аудартып жүріпті бір қыздың шет тілінде жазылған. Не деп ақша сұрағанын білмеймін, ана байғұс оған көөөп ақша жіберіп, алданыпты. Ол да өзіне күлді ма екен, не істеді екен а?
Әрі қарай

Күзгі көңіл-күй

Күздің қоңыр салқыны мен ызғары
Тоңазытып соққан желі ызғарлы.
Жаздан қалған жадыраған көңілді
Құлазытты таңғы қырау, мұздары.

Қою бұлты торлап алып қас-қағым,
Жаңбыры да көз жасындай аспанның.
«Бар ма екен — деп қарап тұрам ойланып,-
Күзден артық табиғатта асқан мұң?!»

Өткен шақтың кей тұстарын сағынып,
Бақ ішінде отырмын мен жабығып.
Сыбдырлаған жапырақтың мұңлы әні,
Жүрегімді жұбатардай жалынып.

Жасыл желек қурап жатыр, жер түлеп,
Жылы жаққа құстар ұшты тентіреп.
Арманымды ала ұшқан құстарға,
Отыр екем сәтті сапар мен тілеп.

Күн сәулесі әлсіз түсіп жүзіме,
Жетпегендей жол ортадан үзіле.
Өтіп жатыр күзгі бақпен сырласып,
Біраз жайттар ой електен сүзіле.

Өткен күзбен осы күздің арасы,
Қас-қағымда көрген түстей қарашы.
Сынаптайын сырғып өткен уақытқа,
Бағынышты екен адам баласы…

Марат Нигметжанов
Әрі қарай

«45minut.kz» білім ордаларынан тілшілер іздейді»

Біраз уақыт бұрын Қазақстанның ақпарат саласы тағы бір басылыммен толыққан болатын. «45minut.kz» деп аталатын республикалық газеттің тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында басылымның бас редакторы Ізгілік Нағиевпен сұхбаттастық. Сұхбат барысында бас редактор мырза бізге «45minut.kz» газетінің электронды нұсқасы да болатынын, электронды нұсқаның оқытушымен, оқушымен, ата-анамен тікелей байланыстағы желіге айналатындығын әңгімелеп берді.

— «45minut.kz» газетінің мақсаты қандай? Газет басылым ретінде нені көздейді?
Әрі қарай

Жалғыз ағаш орман болмас

Сіз қазіргі уақытта бойдақтардың, одан қалды ажырасқан жалғызбастылардың неге көбейіп бара жатқандығын және ол кімге тиімді екенін білесіз бе?
Мичиган университетінің ғалымы Цзянго Людің есептеуінше жалғызбастылар отбасылардан көрі барлығын көбірек тұтынады екен.
«Guardian» журналынан Эван Морисонның пайымдауынша бұл жағдай өндірушілер үшін тиімді екен. Бойдақтар төрт адамнан тұратын отбасымен салыстырғанда адам басына 38%-ға артық азық-түлік, 42%-ға артық қаптама, 55%-ға артық тоқ, 61%-ға артық газ тұтынады екен.
Ажырасу да нарыққа тиімді: өйткені отбасы шайқалса, енді екі үй, екі көлік, екі кір жуу машинасы, екі теледидар қажет деген сөз.
Әрі қарай