Бұл не қылған батпан құйрық

Осында отырған блоггерлердің бәрінде болған шығар мұндай жағдай. Бір күні поштама хат келді: «сіз миллион евро ұттыңыз, банкіміз осындай, лондонда орналасқан, бәлен-түген» деп. Содан бұл хатты зейін салып оқыдым, негізі бұрын да келген еді осындай хат, бірақ орысша қате-қате жазылған. Мынаусы ағылшынша сауатты жазылыпты, содан бұндай банк жалпы бар ма деп, ғаламторды шарладым. Бар екен, мекен-жайын да анықтап, қатесіз жазыпты. Не керек, «шот аш» депті бірінші, а сосын ешкімге тіс жармау керек екен да. Мен нұсқауларына сүйеніп бәрін жасадым, содан шот ашып, «шотым осындай» деп, хат жазып жіберсем, маған: «сіз жіберіп отырған сертификатты алуыңыз қажет бірінші, ол үшін 1000 фунт салуыңыз керек осы шотқа» дееееп жазыпты. «Қой, атаңа нәлет, молаңды әрі сал» деп ағылшынша жазып жібердім. Енді ғаламторды тағы шарламаймын ба, сөйтсем алданып, ақша салған байғұстар көп екен. Бір жапондық тіпті Америкада оқып жүріп, бар 8 000 американ теңгесін салып, оқудан шығуға мәжбүр болыпты.
Өзіме күлдім де қойдым, сөйтсем, біздің агенттікке келіп бір кісі хат аудартып жүріпті бір қыздың шет тілінде жазылған. Не деп ақша сұрағанын білмеймін, ана байғұс оған көөөп ақша жіберіп, алданыпты. Ол да өзіне күлді ма екен, не істеді екен а?
Бөлісу:

11 пікір

Janasil
ПОРНО САЙТҚА КІРІП ҰСТАЛДЫҢ ДЕЙТІН ВИРУС БАР ҒОЙ. КОМП ҚОСЫЛҒАНДА БІРІНШІ ШЫҒЫП КЕТПЕЙ ҚОЯТЫН. СОҒАН АҚША ЖІБЕРГЕНДЕРДІ ДЕ КӨРДІМ. БЫЛАЙ ҚАРАСАМ 3 КУРСТЫҢ ӘЖЕПТЕРЕУ ЖІГІТТЕРІ.
ademi_alem
«Қой, атаңа нәлет, молаңды әрі сал» деп ағылшынша жазып жібердім.
)))))))) күшті айтыпсыз)))))
Tyulpan
байқамаса, фейсбукка да келет сондайлар.  «сенің бай туысың табылды» деп біреу әңгіме айтқан маған
edige
Ия… Ия… Менің атамның сері екенін білгенмін, бірақ соншалықты деп ойламаппын деп қалған күніңіз болмады ма?…
Tyulpan
қууууанып кеттім. жақсы болды ғой деп
Blogshy
осындай хат сонау 2007 жылы ма келген бізге де. Интернеттен қарап алуға миымыз жетіпті сол кезде. Сол қыруар қаржыны қайырымдылық қорына аударыңыз, біз бас тартамыз деп жазып жібердік
elmira
Маған осы тақырыпта ақпарат керек еді, мүмкін болса сізбен хабарлассам деп едім?
bizbike
Жекеге жаза беріңіз
Beytanis
Мұндай хаттар бар-жоғы спам!
MamaAya
Айтпағым, басқалай батпан құйрық)))) Бізде Дешели деген батпан құйрық шықты.))) Мықты алдайды екен, продукциясы жаман дей алмаймын, косметологтарын да, тек заттарын өткізу процессі кәдімгідей нагло тонау ма деп қалдым. Қысқасы, біреу звондады, құттықтады, мәз боп қалдым, сарнап тұрған әдемі дауысты қыз, бұл әлемде жалғыз ғана жолы болған жандай ғып шелек қып қойды да, ертең қалтама ешқандай 1 тиын да салмай, тек жеке куәлігімді алып олардың салондарына шақырды. Ағымнан жарылып жатыр ем, -Ақымақсың ба, нереально ғой саған теп-тегін косметолог консультация жасап, 1 курс косметикалық процедура тегін жасалатыны, қыс та ешқайда барма! Осыдан барсаң?!!!-дегенге бола қалдым, ренжіп қалдым, сонымен ары қарай ұмытылып кетер ме ед, 1 көрші келіншек звондапты, дешелиді қарғап-сілеп отыр.)))) Барып ем тегін дегенге, шақырғанға, қайтарды 1 дипломат затты 300 000-ға қалай арқалап қайтқанымды өзім білмейм, байым өлтірет-деп жылап отыр ғой. ))) Созып кеттім ғой, жалпы айтпағым, дешели звондаса, құттықтаса 300,000 деген не тәйірі дейтін жағдайда болмасаңыз-БАРМАҢЫЗ!))) Бармағаныма-шүкір)
malik
-Ақымақсың ба, нереально ғой саған теп-тегін косметолог консультация жасап, 1 курс косметикалық процедура тегін жасалатыны, қыс та ешқайда барма! Осыдан барсаң?!!!-дегенге бола қалдым, ренжіп қалдым,

Мынаны кім айтты?