Карго культ



1941-ші жыл. Жапония, Америка Құрама Штаттарының Перл харбор кемежайына шабуыл жасап, АҚШ-тың ресмі түрде 2-ші дүниежүзілік соғысға кіруіне себеп болды. АҚШ сарбаздары кемелерімен Тынық мұхиттындағы түрлі аралдарға шығып, әскері орталықтар құрастыруға басталды. Бірақ кей бір аралдарда модерн әлемінен алыс өмір сүрген жабайы халықтар өмір сүреді екен. Олар американдық сарбаздардың арқасында алғашқы рет ұшақ, кеме, радио, теледидар, кока-кола және ақ денелі адамдар көрген. Американдықтардың аралға шыққанынан бастап 3-4 жыл бойы сол халықпен өмір сүрген. Жергілікті халық, құрылыс заттары, Карго құтылары, су және тамақ тасымалдау жағынан сарбаздарға көмектескен. АҚШ-ның сарбаздары жергілікті халықтың бұл еңбектеріне ризашылықтарын білдіру үшін оларға тамақ және киім берді. Жұма сайын жүк тасымалдау ұшақтары аралға тамақ, әскери құралдар, киім алып келетін еді.
Әрі қарай

Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

Қазір Қазақстан Республикасында 3G интернет қызметін көрсететін компаниялар көп. "Қайсысын таңдаймын? Қайсысы жақсы?" — деген сұрақтар да қаптап кетті. 3G модемдер жайлы ойлап жатқан кезде, бас қалаларымызға 4G да келді. Ол әрине Altel 4g. Ал бүгінгі мақала Altelдің Алматы қаласының әр жеріндегі жылдымдықтарын салыстыру туралы болмақ. Модем туралы қайталап жазбаяқ қояйын. Ол ақпараттың барлығын «Смартшоу» редакторы Рустам Ниязов және Роман Антонов өзінің мақалаларында жазған болатын. Ол мақаларды мына жерде, мына жерде және мына жерде оқи аласыздар.

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

Жылдамдық шынымен 40 Мбит/сек-ке жетеді ме? Әлде кезекті алдану ма? Міне осының барлығын тексеру үшін Алматы қаласының негізгі нүктелерін өзім аралап шықтым. Төменде мекен жай және сол жердегі Интернет жылдамдығын жазып отырамын.

Әрі қарай

Махаббат Апталығына: Тағдыр

Махаббат апталығын бастаған сайт әкімшілігіне алғыс білдіремін. Мынау өлеңді жақында жазғам, осында ілем деп жүргенде біраз уақыт өтіп кетіпті. МАХАББАТ АПТАЛЫҒЫ жақсы идея, дәстүр-салтты қайдам, әдемі сылтау болды… Кешіріңіздер, мәртебелі ПОЭЗИЯ сөз алсын, алдымен аз-кем кіріспе, өлең тарихы іспеттес…

Ақпанның 13-14 күндері Маңғыстау, Ақтауда үлкен өнер кеші өтеді. Есімдерін ел білетін, өнеріне әлем шапалақ ұрып, қошемет білдірген «Жорға» халықтық би ансамблінің құрылғанына 15 жыл толады. Сол «Жорғаның» бас бапкері менің досым, Серік САРИЕВ деген азамат. Ансамбль қазақ эстрадасындағы біраз қыз жігіттермен тығыз байланыста жұмыс жасаған. "Қазақтың 100 әні",«Аймақтар аламаны» секілді жобаларда аса жоғары жетістіктерге жеткен. Тамара Асардың жеке би ұжымы болып саналатын «Жорғаға» жақында Роза Рымбаева құда түсті. Ақпанның ортасындағы Ақтаудағы кеш өткеннен кейін «Жорға» Астанада өтетін Роза Қуанышқызының «Шақырады Көктемінде» билейді.
ПыСы: Жақында Серік хабарласып Розаның айтатын 4-5 әнін топтап, бас-аяғы бүтін бір композиция жасағысы келетінін айтты. Сондағы орындалар ән мен қойылар биге кіріспе сөз керек екен. "Өлең керек! 4 шумақ, ол төрт жерде оқылады, жеке тұрғанда да, тұтас алғанда да мағнасын сақтайтын өлең жазшы..." Әне, талап қайда жатыр Содан мынау өлең жазылды… Қарап жіберіңіздерші....



Тағдыр!

Санамда жауабы жоқ сан сұрақ тұр,
Жанымды отқа тастап, қамшылап жүр…
Жалғыздық – дерт!
Көрермін!
Көнемін де…
Жазылса пешенеме жалқы тағдыр…
Жалғанның жанарында жарты бақ тұр…
Әрі қарай

Азап – ғажап!

Лүпілдейсің, нені аңсайсың пәк жүрек?
Мен сүйгенмен ол сүймесе не керек?
Күндіз-түні ойлайтыным бір тілек –
Тұрса екен деп сол перизат еркелеп.

Сезесің бе бұл күйімді мендегі?
Алданышпен болды өмірім ертегі.
Мен ынтығып жүргеніммен сыртыңнан,
Сүйесің-ау өзге жанды сен тегі.

Тілеуің де, ойың дағы жырақта,
Білемін ғой, көз жұмамын бірақ та.
Ғашықтардың басындағы хәл бөлек,
Бірақ оны сүйген жаның сұрап па?

Жаның жұмбақ, санам жетпес–шыңырау,
Көрер көзің мені көрмес, тәңір-ау!
Тіл қатқанда елеңдейтін құлағың,
Жүрек үнін естімейтін «саңырау».

Қатыгезсің дей алмаймын, демеймін!
Хор қызына – перизатқа теңеймін.
Бақытты боп жүрсең болды қашан да,
Кірбің түспей қабағыңа, жемей мұң.

Б.Әлібай 24.03.2011ж
Әрі қарай

Ойланшы....

Саған деген ықыласпен, ынтызарлық сезіммен,
Жүрегіңді, қалауыңды берші маған дедім мен.
Алыс жүрсем құлазиды жаным сенсіз жабығып,
Сен бар кезде мәңгі өлместей бәдік күйді сезінгем.

Бір күлгенің! Бір күлкіңді көру маған шын бақыт!
Тәубә деймін дауысыңды қойғанына тыңдатып.
Көруді де бақыт еткен сенің жарқын жүзіңді,
Сол бір сәтте тәтті мұңға кетем лезде шым батып.

Қырау түссе қабағыңа – жас жүректі мұз еткен,
Жан болсамшы бірге жүріп бақытыңды күзеткен.
Ұйықтау тұрмақ байыз тауып отыруым бір арман,
Сені емдеп ала алмасам жалғыздықтай «сүзектен»!

«Қош» дегенде «кездескенше» дегенің деп білемін,
Сүйме мейлі, мен бәрібір тілекшің боп жүремін!
Алқымдаған сезімімді сырқатымның аты – сен,
Сол дертімнің дауасы да өзің ерке – біл емін.
Б. Әлібай 09.03.2011жыл.
Әрі қарай

Жапырақ

Тіл қатпай томсырады күллі атырап,
Жаздайғы бар қызығын ұрлатып ап.
Ең соңғы күнпарақтың бетіндей боп,
Бұтақта ең ақырғы тұр жапырақ.
Елеусіз-
Көзге тіпті білінбейді,
Қалтырып, қалтарыста дірілдейді.
Басынан сұмдық күйді кешіп тұрған
Тағдыры басқаларға білінбейді.

Бір күні-
Арпалысқан бір өмірдей,
Әрең тұр бар жоғы да біле-білмей,
Сәл ғана салмақ түссе үзілердей.
Қажыған әлде кімнің жүрегіндей.

Бір мезет түсіне енсе күн кешегі,
Бір үміт, бір күдікпен тілдеседі.
Күз келіп, тұрғыласын онамасқа,
Тірліктің парқын бәлкім білмес еді.

Қаншама қиындық тұр бір басында,
Өзімен-өзі ғана мұңдасуда.
Жалғыздық жабырқатқан сыңайы бар,
Сыңар жоқ сыбырласып сырласуға.

Сұстылық байқалғандай күзгі бұлттан,
Тітіреп, тіксінеді ызғырықтан.
Жас еді-жасыл еді,
Енді сары,
Өмір-ай!
Өң бояуын жүз құбылтқан.

Жұлқынып әне-міне қалмағы анық,
Қайтадан қона алмайды талға барып.
Тыныстап суық дүние құшағында
Жатады біраз уақыт қарға оранып.

Сол сәтте зым-зия боп жоғалады,
Жол солай…
Жоғалмасқа жоқ амалы.
Қайтадан қанша көктем оралады,
Олар да тоналады, тоналады.

Жайқалды-
Жарқын күлді, жайраңдады.
Өмірдің еркелетті сайран бағы.
Сыр бермей сіресіп тұр,
Күресіп тұр,
Сарбаздай жалғыз қалған майдандағы.
Әрі қарай

Cоғысты өткерген әйел мен еркек. 71 жыл Ұлы Отан соғысы басталғанына

Негізгі кейіпкерлер өмірден алынған, әңгіменің көп бөлігі ойдан шығарылған. Тарихи факт емес, әңгіме ретінде қабылдаңыздар.

Тағдырына соғысты өткеруді жазған Бөлеубай ата және Женя апа, сіздердің аруақтарыңыздың Құрметіне!
Уақыт тоқтаған емес, секундарын минутқа, сағаттарын тәулікке, жылдарын-жылға қосқанда отыз жыл өтіпті. Жаз шыға үй іші мені ылғида жоғалтып жүретін.
-Біздің кішкетай ұлды көрдіңдер ме?
-Көрген жоқпыз.
Дәл сол мезетте көрші Бөлеубай ата мен Женя апаның үйінің ас ішетін бөлмесінде отыратынмын. Жеген-ішкенім есімде жоқ, бірақ қолымда ұстаған үлкен күміс ас қалақ еміс-еміс көз алдыма елестейді. Үзік-үзік болып есте қалған тәтті естеліктердің бірі.
Әрі қарай

Кітап оқығанға қай ридер ыңғайлы?

Заман өзгерді. Халық оқуды азайтып жатыр. Бірі уақыт жоқ, екіншісі керек емес деген сылтаулармен кітап оқудан бас тартып жатыр. Бірақ кітап оқу әрқашан керек болды және болашақта да керек болады. Оның себептерін қазір талқылап жазбаяқ қояйын. Ол өзі жеке үлкен тақырып және тақырыбымыз басқа бағытта болып тұр. Қазір далада 21 ғасыр, сол себепті кітапханамыз өзгерді. Қазір бәрі электронды түрге ауысып жатыр. Енді біз тақырыбымда: "қандай электронды кітап таңдаған дұрыс болар?" — деген сұрақты ашып талқылаймын. Және сатып алар кезде неге назар аударған дұрыс екенін қарастырамын.



I Экран

a) Экран қандай технологияда жасалғаны өте маңызды. Біздің таңдауымызға 2 түрі келіп тұр; а) Жидкокристалды (аудармасы қандай екенін тегі білмей қойдым ) және ә) Электронды қағаз.

Әрі қарай

КерекИнфода Махаббат апталығы



Құрметті сайт қолданушылары,

Сіздерді Махаббат апталығына қатысуға шақырамын. Қатысу үшін 10 ақпан — 15 ақпан аралығында сайтта махаббат тақырыбында посттар жазыңыз. Өлеңдер, естеліктер, аудармалар, мотиваторлар/демотиваторлар және тағы басқа кез келген контент түрі қабылданады. Үздіктер марапатталады.

P.S пост астына «махаббат апталығы» ілмегін қою міндетті. Бұрын жазылған посттарыңызды да қоса аласыздар, тек оған «махаббат апталығы» ілмегін қойып, бір пікірмен Тікелей эфирге шығарсаңыз болғаны.
Әрі қарай

Қуат Қайранбаев. Ақиқатты іздеу


Тәуелсіздік таңы атса да Тұранға,

Әлі бізді адымдатпас бұғау көп.

Мұсылманға хақтың жолы Құранда,

Кім айтады ақтың жолы мынау деп?!

Тіршілікте тойым бар ма адамға,

Көкейлерде сауалдар жүр мың күпті.

Әркім өзін жөн санаған заманда,

Кім айтады қиып түсер шындықты?!

Тура бидің тұрағы елден алыстап,

Ақиқат та айтылмайды дәл бүгін.

Аяз билер, Жиреншелер қалыс қап,

Айтқан сөзі дұрыс боп тұр әлдінің.

Адамдықтың әдірем қап шарты ізгі,

Көңілдерді күмән бұлты торлауда.

Арашалау былай тұрсын әлсізді,

Әділет те зәру бүгін қорғауға.

Арамдардың алшы түсіп асығы.

Кес-кестейді алды-артыңды күліп бір.

Артық шығып асылынан жасығы,

Заман бетін жылпостарға бұрып тұр.

Иыққа алу тиімсіз боп ар жүгін,

Есірікке кетті ақылдың есесі.

Жаратқанға жетпей үні жарлының,

Ернеуінен асты ептінің кесесі.

Жиі құлап адалдардың байрағы,

Жалғандық жүр орын алып төрлерден,

Ақылымның содан шығып ойраны,

Күпті болған көңіл шіркін шерменде!

АСТАНА

Алыстан шалған маңайды,

Арқаның төсі арайлы.

Астана сынды ай-қала,

Асқақтап маған қарайды.

Айтатын сөзім кесімді,

Асуға бұрдым көшімді.

Астана асқақ қарайды,

Аймалап ерке Есілді.

Айта алман бүгін «күйім кем»,

Алты әлем саған сүйінген.

Астана — әсем арудай,

Айтулы тойға киінген.

Ажары әрлі ғажап тым,

Ауасын төкті азат күн.

Арқалап өзі тұрғандай,

Арманын барша қазақтың.

Алашқа болып дара шың,

Арқадан таптың жарасым.

Азғана паңдық бар сенде,

Арудай білген бағасын.

Аңсаттың елдің талайын,

Алқаны жырдан тағайын.

Астана асқақ тұр ғой деп,

Аспандап кетпе, ағайын!

АЛМАТЫ

Жаңа түлек,

жалын жүрек,

жас шағым,

Кеудемізде күмбірлейді асқақ үн.

Есімде әлі, арқалап сан үмітті,

Алматыға алғаш қадам басқаным.

Айта алмаймын,

маған құшақ жайды ма?

Қадам бастым айбарынан қаймыға.

Қабылдады қырдың қара баласын,

Оған күн мен сан сырласқан ай куә.

Биіктетіп мұратымның шоқтығын,

Қызық-думан қалқасында кетті мұң.

Жалындаған жастықпенен жарасты,

Өтті жылдар,

өтті айлар,

өтті күн.

Жүрдек уақыт қамшы басып сауырға,

Бірде аптапқа салды, бірде дауылға.

ҚазМУ атты қасиетті шаңырақ,

Білім беріп, аттандырған ауылға.

Үміт артып алдағы атар ақ таңға,

Сен баптаған балаң талай шапты алға.

Қайта оралдым жылдар салып араға,

Қатаң тірлік қабырғама батқанда.

Заман туып қазағымның бағына,

Тәубе дедік тәуелсіздік таңына.

Алашыңнын бар арманын арқалап,

Өгейсітпей өбектедің тағы да.

Таусылған ба тіршіліктің таласы,

Көш түзеліп, жазылды елдің жарасы.

Аттың басын қайта бұрдым ауылға,

Шақырған соң Талдықорған қаласы.

Сан тағдырды тоғыстырған жер үсті,

Теріп жейді бұйырған бір жемісті.

Талдықорған…

сонда өтті алаңсыз,

Кемел шақтың көп күндері келісті.

Дей алмаспын алынбайтын шеп құрдым,

Байламы жоқ бақ талайы текті ұлдың.

Алты Алашқа айбар болған Алматы,

Қайта айналып тағы алдыңа кеп тұрмын.

Ару қала — арманымның өзегі,

Ет жүрегім елдің мұңын сезеді.

Үшінші рет алдыңа кеп жүгіндім,

Үш мәрте ғой ер жігіттің кезегі.

Қоныстанып қос шаһарға кезекпен,

Байқамаппын жылдарымды тез өткен.

Жүгі ауырлап жеткіншегің жеткенде,

Жатқа балап, итермессің өзектен.

Болжап қайтем,

тағдыр неге кез қылар?

Орта тапсам ойымды оқып, сөзді ұғар.

Арман қала, ақын келді алдыңа,

Елде туып, астанада көз жұмар!

ТАЛДЫҚОРҒАН

Тастағам жоқ Талдықорған мен сені,

Сағынышым көтертпейді еңсені.

Өзің едің тазалықтың теңеуі,

Өзің едің әсемдіктің өлшемі.

Тастағам жоқ,

жолаушылап кетті де,

Салған да жоқ түйткіл өмір тепкіге.

Қоныс болдың жақсы менен жайсаңға,

Мекен болдың адалдар мен тектіге.

Талдықорған,

тал бесігім, киелім,

Жүрегімнің қоңыр сазды күйі едің.

Арудайын күн нұрына малынған.

Жамалыңды жанымменен сүйемін.

Көк аспанды торлағанда бұлты кеп,

Тұратындай таңғажайып жыр тілеп.

Екі ерке өзен — Көксу менен Қаратал,

Қос бүйірден ағып жатыр күркіреп.

Алатаудан атқан кезде таң сағым,

Көңілімнен қашушы еді қанша мұң.

Сұлуларды көрік берген көшеге,

Серік болған жігіттерді аңсадым.

Жақсылыққа жүрген болса шөлдеп кім,

Жатсынбай-ақ жидың жұртын жер-көктің.

Жұматайды, Әбен менен Ордашты,

Бесігінде өлең-жырдың тербеттің.

Талдықорған,

мен болайын жолыңда ән,

Перзентіңмін бақытым көп сорымнан.

Қимайтындай құрбы-құрдас көп сенде,

Аға таптым, ініні ерттім соңымнан.

Аралап бір жүргендейін гүл ішін,

Арықтарда сыңғырлайды күміс үн.

Шаған таудан көрінгенде көк сағым,

Таңғы ауадай ашылады тынысым.

Естіге де құшақ жайған, ептіге,

Ақын саған сағынышын төкті ме?

Талдықорған,

тағдырымның таңдауы,

Тастағам жоқ,

жолаушылап кетті де!

САБАҢА ТҮС, ЖҮРЕГІМ

Сабыр, сабыр, жүрегім,

Сабаңа түс, салқында,

Сен жарылсаң қайтемін,

Борышым көп артымда.

Адалы бар өмірдің арамы да жетерлік,

Жасың құмар қызықтан тартынбайды қартың да.

Өрекпіген, өртенген,

өзің ғана деймісің?

Құлан жортқан даладай құлазиды кейде ішім.

Құлағымды басып-ап құла түзге кетсем бе,

Түйткіліне тірліктің мына көңіл тойды шын.

Саябырлат дүрсілді,

сабыр, сабыр, жүрегім,

Салмақ салдым көтермес, сызат салдым,

білемін.

Сенің адалдығыңды, арманыңды кім ұқсын,

Ескерер ме естілер елжіреген тілегін?!

Суық сөзі семсер боп қадалды ма ағаның?

Құлады ма ол жайлы өзің соққан қамалың?

Іздеп едім өмірден ізгілікті жалықпай,

Тілім-тілім болғанша тасқа тиіп табаным.

Қадіріңе жетпеген,

жастығына күбінер,

Қиналдың ба көңілді қалдырды деп інілер.

Сабыр, сабыр, жүрегім,

болмашыға босама,

Алдыңда әлі күндерің тіршіліктен түңілер.

Сезім қайтып көрді ме сылқым сұлу қыздардан,

Кетті ме әлде алшақтап қызғалдақ қыр біз барған.

Сұлулықтың сұп-суық сескендің бе сұрқынан,

Қамықтың ба әсемдік әкелетін ызғардан ?!

Сабыр, сабыр, жүрегім,

соға берме шапқын ғып,

Сері болып бір кездер сәйгүліктен ат міндік.

Ескермедің сол кезде бар екенін тірлікте,

Адалдардың сазайын тартқызатын сатқындық.

Біреулерге шыңырау,

біреулерге шыңдайсың,

Ардақтаған өзіңді аяулыға күн де, айсың.

Сабаңа түс жүрегім,

Санаға сал бар істі,

Көреріңді тауыспай бәрібір де тынбайсың!

СЫРЫМҒА СЫР

Ұлым,

әсте асқақ болар арлы адам,

Сен от басып қалмасын деп қарманам.

Көрдім талай жақсы менен жаманды,

Айтарым бар, құлағыңды сал маған.

Ұлым,

өмір тұра бермес күлімдеп,

Арқаларсың тағдырыңнын жүгін көп.

Елді ойлаған Даттың ұлы сияқты,

Болсын дедім ат қойғанда Сырым деп.

Ұлым,

сүрдім бұл өмірді бұрын кеп,

Тағдыр тезі маңдайымнан білінбек.

Сырым менен жырымды ұқсын деуменен,

Қойған едім есіміңді Сырым деп.

Сырым дедім,

ұлым дедім шаттана,

Алмасады бұл өмірде бақ, нала.

Сен ез болсаң тірі өлгені әкеңнін,

Шаттығымды ойсыздықпен таптама.

Армандай біл,

арман сенің қанатың,

Қиял құсың шарықтасын бала күн.

Жүрегіңнін түкпірінен нұр шашып,

Арман — отың мәңгілікке жанатын.

Ұлым,

байлық мұрат емес адамға,

Ізгіліктің ізі жатсын санаңда.

Арзан күлкі азаматты отқа айдар,

Әрқашанда жұрттың жайын бағамда.

Текті атаның ұлысың сен киелі,

Ақылменен аңдап сөйле жүйелі.

Менің даңқым саған құрмет болмайды,

Еңбек етсең бақ та басын иеді.

Мұхитқа сап мұратыңнын кемесін,

Зұлымдықпен болсын әркез егесің.

Өтінемін,

сөз келтірме атыңа,

Түңілген жұрт «тексіз екен» демесін.

Дана жүрген,

сана білген тарт ізге,

Ашуға ерме, безбен болсын ар-сүзбе.

Мықтылардан ығып име басыңды,

Мықты екем деп күш көрсетпе әлсізге.

Әр ісіңді туған елге тиімді ет,

Дос іздегін,

дос көп болса үйің көп.

Алшақтама ақиқаттың аулынан,

Тайсақтама ақтың жолы қиын деп.

Білім ізде,

үйрен және өнерді,

Өрелі адам өнерменен көгерді.

Ақылға сал, алғы күнге көз жібер,

Өресізге мына жалған не берді?!

Сырым едің жүрек жырын қозғаған,

Бақыт іздеп дүние кезген аз ба адам.

Ұлым,

сенсің үмітімнің өлшемі,

Өшірмегін сол үмітті маздаған.

Ойсыз жанға ұсынады төрін кім?

Арманым сол, биіктерден көрінгін.

Екі бірдей дүниеде ризамын,

Менің емес, ұлы атансаң еліңнін!!!
Әрі қарай