Алматы облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі 15-16 қыркүйекте өтеді

Ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 470 тоннадан астам, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.


15-16 қыркүйекте «Қазақстан» спорт кешені жанында Алматы облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде 48-ден астам атаулы өнім ұсынылады (ет, сүт, көкөністер, шұжық, балық өнімдері, сонымен қатар қант, ұн, жарма, өсімдік және жануар майы, жеміс-жидек, бал, ұлттық сусындар). Ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 470 тоннадан асады. Оның ішінде көкөніс өнімдері — 112,9 тонна, ет — 80,2 тонна, сүт – 21,9 тонна, жеміс-жидектер – 43,4 тонна, картоп – 49,3 тонна, балық өнімдері – 16,8 тонна, бал — 0,5 тонна.


Дәстүр бойынша «Қазақстан» спорт кешені аумағында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Алматы облысының шығармашылық ұжымының концерті қойылады.

22 қыркүйек күні Астанада жалпықалалық сенбілік өтеді

Осы жылдың 10 қыркүйек 10 қазан аралығында Астана қаласының аумағында күзгі абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша экологиялық айлық  өткізіледі, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Осы жылғы 22 қыркүйек күні өтетін жалпықалалық сенбілікке 72 мың адам қатысады деп күтілуде, 2000-нан астам кәсіпорын мен ұйым, 46 жоғары оқу орны мен орта кәсіптік оқу мекемесі, 177 орта мектеп мен жалпы білім беретін мекеме, 58 денсаулық сақтау мекемесі, 146 мемлекеттік мекеме мен ұйымдар және кәсіпорындар, 520 бірлік мамандандырылған техника.


 Сенбілікке қатысушыларды қоқысты жинайтын арнайы (күрек, тырнауыш) жабдықтармен, қолғаптармен және қаптармен қамтамасыз етеді.


Осы экологиялық айлық шеңберінде келесі жоспарлауда:


          — қала ауданын санитарлық тазалау;


         — көше бойы, жаяу жол және үй аралық ауданды жинау;


         — ағаш егу;


         — нөсер торлары және арық жүйелерінің құбырларын тазалау;


         — гүлзар және гүлбақшаларда, бақ пен саябақтарда жасыл желектерді күтіп ұстау агротехникалық мерзімдік іс-шаралар жұмыстарын жүргізу;


         — заңсыз жерлерде орналасқан қоқыс үйінділерін жинау.


Жалпықалалық сенбілікке қалалық және республикалық мекемелердің қатысуымен 12 534 жаппай ағаш отырғызуды ұйымдастыру жоспарлануда.


Бұдан басқа, 15 қыркүйекте біздің елорда «Дүниежүзілік тазалық күні» халықаралық экологиялық акциясына қосылады, онда әлемнің 150-ден астам елі және 380 млн жуық еріктілер қатысады. Осы акцияның бірегейлігі, акцияны өткізу барысында жиналған барлық қалдықтарды (араласқан қалдықтардан қайталама шикізатты бөлек жинау) сұрыптап, одан әрі қалдықтарды өңдеуге арнайы зауытқа тасымалданады.


Жалпықалалық сенбіліктің басты мақсаты, қоғамның назарын астана қаласының көшелерін таза ұстау және экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Көшелер мен аулаларды абаттандыруға үлесін қосқысы келетін тұрғындар және қала ұйымдастырушылары қатыса алады.

Сиыр-мониторинг немесе мал шаруашылығын цифрлендірудің Қазақстандағы алғашқы үлгісі

Жақында Қостанай облысындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ірі мекеме «Олжа Агро» компаниялар тобының жұмысымен танысып қайттық.

Компанияға қарасты 10 ауыл шаруашылығы кәсіпорнында 2 мыңға жуық техника бар, 5 мың адам жұмыс істейді. Қолданыстағы жер аумағы — 840 мың гектар. 1800 бас малдың 800-дейі сауын малы.

Блог - asaubota: Сиыр-мониторинг немесе мал шаруашылығын цифрлендірудің Қазақстандағы алғашқы үлгісі

Сиыр мониторингімен осы мекемеде таныстық. Австриялық Smaxtech компаниясының болюстарын (арнайы чип орналастырылған капсул) сиырларға жұтқызады. Болюс асқазанның ішкі бөліміне түседі. Яғни сыртқа шықпайды қайтадан. Мал денсаулығына еш зарары жоқ.
Блог - asaubota: Сиыр-мониторинг немесе мал шаруашылығын цифрлендірудің Қазақстандағы алғашқы үлгісі
Болюс арқылы сиырдың денсаулығы, температурасы, жыныстық қалауы, суға қаншалықты тойғаны, инфекциялар, сүт өнімділігі бақыланады. Әр сиырдың жеке номері бар. Компьютер немесе смартфон арқылы операторлар әр сиырды номерлері арқылы қарап отырады. Мұндай цифрлендіру арқылы мал бағу әлбетте оңай. Сиырдың барлық жағдайын біліп отырасың, жоғалып кетеді деп қорықпайсың, ауырған кезінде дереу жағдай жасайсың. Уақыт және адам еңбегіне үнем ең бастысы.

Мұндай технология елімізде әзірше тек Қостанайда екен. Демек алдағы уақытта басқа жерлерде де қолданысын табады деген сөз.

Мына видеоларда болюсті қолдану түсіндірілген.



Астана тұрғындар тұрмыстық қалдықтарды тапсырып, ақша ала алады

Байқоңыр ауданында қайта өңделетін шикізатты қабылдау пункті пайда болды. Енді «ақылды» ауданның тұрғындары «Green Station» пунктіне қағазды, пластикті, целлофанды, шыны мен басқа да материалдарды тапсыра алады. 


Астана жаңалықтары: Астана тұрғындар тұрмыстық қалдықтарды тапсырып, ақша ала алады


Шикізат тұрғындардан аталымына сәйкес сатып алынады. Бағасы 3-100 теңгенің шамасында, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.


Астана жаңалықтары: Астана тұрғындар тұрмыстық қалдықтарды тапсырып, ақша ала алады


«Ақылды қала» жобасын іске асыру аясында Астанада бүгін салтанатты түрде қайта өңделетін шикізатты қабылдау пункті ашылды. Жобаны «Astana clean time» компаниясы Байқоңыр ауданы әкімдігімен, «Аstana Innovations» АҚ-мен бірлесіп жүзеге асыруда.


Астана жаңалықтары: Астана тұрғындар тұрмыстық қалдықтарды тапсырып, ақша ала алады


«Қаланың әр тұрғыны ақшалай сыйақы үшін шикізатты қабылдау пунктіне тапсыра алады. Біз 11 түрлі материалды қабылдауға дайынбыз. Аталымына сәйкес шикізатты 3-100 теңгеден қабылдаймыз. Қазіргі таңда қайта өңделетін шикізатты қабылдайтын 9 пунктке 500 келіден астам қалдық өткізіледі», — дейді «Astana clean time» компаниясының бас директоры Тимур Исмағұлов.


Астана жаңалықтары: Астана тұрғындар тұрмыстық қалдықтарды тапсырып, ақша ала алады


Мәселен, қағаздың келісі үшін 3 теңге, алюминийдің келісі үшін 100 теңге алуға болады. Тұрғындар қоқыс үшін берілген сыйақының мөлшері емес, қоршаған ортаны қорғау ісіне қосылған үлес маңызды екендігін айтады.


«Ауданымызда мұндай пункттің ашылғанын естігенде, біз қатты қуандық. Бірінші кезекте, бұл табиғатты қорғау ісіне қосатын үлесіміз. Сол себепті мен өз балаларыма қалдықтардың өңделетінін көрсеткім келді. Осылайша, уақыт өте келе жаһандық мәселе өзектілігін жоғалтады деп ойлаймын. Қарапайым ережелерді сақтау кез келген адамның қолынан келеді. Тіпті, ақшалай сыйақыға ие болу мүмкіндігі ұсынылып отыр», — деді аудан тұрғыны Кәмила Нарымбетова.


Астана жаңалықтары: Астана тұрғындар тұрмыстық қалдықтарды тапсырып, ақша ала алады


Астана жаңалықтары: Астана тұрғындар тұрмыстық қалдықтарды тапсырып, ақша ала алады
Айта кетейік, жыл соңына дейін Астананың «Ақылды ауданында» қайта өңделетін шикізатты қабылдайтын тағы 2 пункт орнатылады деп жоспарлануда.


Астана жаңалықтары: Астана тұрғындар тұрмыстық қалдықтарды тапсырып, ақша ала алады

Астана 15 қыркүйекте «Дүниежүзілік тазалық күні» акциясына қосылады

15 қыркүйек күні аталмыш акцияға әлемнің 150-ден астам елінен 380 млн.-ға жуық адам қатысады деп күтілуде, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Астана жаңалықтары: Астана 15 қыркүйекте «Дүниежүзілік тазалық күні» акциясына қосылады


Қоқыстардың көп мөлшерде пайда болуы қазіргі заманның өзекті мәселелері болып отыр. Жылсайын біздің ғаламшарда 4 млрд. тоннаға жуық қалдық пайда болады.


15 қыркүйек күні біздің елорда «Дүниежүзілік тазалық күні» халықаралық әлеуметтік-экологиялық акциясына қосылады. Акция 2008 жылы Эстония елінен бастау алған, онда 50 000 ерікті 5 сағаттың ішінде елді 10 000 тонна қоқыстан тазартқан.


15 қыркүйек күні аталмыш акцияға әлемнің 150-ден астам елінен 380 млн.-ға жуық адам қатысады деп күтілуде.


Осы акцияның бірегейлігі, акцияны барысында қалдықтар сұрыпталып қайта өңдеу зауытына жөнелтіледі.


Осы жоба азаматтық бастамамен тазалықты сақтау, жаңа экологиялық мәдениетті құруда.


Елорданың барлық тұрғындар мен қонақтарын біздің қаламыздың экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесін қосуға шақырамыз.


Сарыарқа ауданы:


Сарыбұлақ өзенінің бойында (жиналу орны «Алланың гүлі» мешіттің қасында);


№ 14 мектеп;


Алматы ауданы:


— «Нұрлы жол» вокзалының аумағында (жиналу орны «Нұрлы жол» вокзалының қасында);


— № 37 мектеп.


Сол жерде құрал-саймандар беріледі.


Акцияның өтетін уақыты: 9.30-дан 13.00-ге дейін.

Астанада зат жоғалтсаңыз не істеуіңіз қажет?

Астана жаңалықтары: Астанада зат жоғалтсаңыз не істеуіңіз қажет?

109 номеріне күніне заттарын жоғалтып алғаны туралы кем дегенде 6-8 хабарлама келіп түседі. Адамдар ақшасын, картасын, қолғабын, көзілдірігін, музыкалық аспаптарын тіпті чемодандарын да ұмыт қалдырып жатады. Затыңыз жоғалған кезде не істеу қажет және басқа да қызықты оқиғалар туралы Астана әкімдігінің ресми сайтының материалынан оқисыздар. 


Күніне орта есеппен 109 қызметіне және телеграмм чатына 6-8 хабарлама келіп түседі. Сондай-ақ демалыс және мереке күндері бұл көрсеткіш айтарлықтай көбейе түседі. Адамдар қолғаптан бастап көзілдірік, несие картасы мен музыкалық аспап, чемоданға дейін, тіпті қомақты ақшасын да ұмыт қалдырып жатады. Мамандар көбіне жоғалудың «маусымға» қатысты себебі барын да айтуда.
«Мысалы қыста немесе күзде адамдар шарфын, бас киімін, қолғабын ұмытса, жазда – қолшатыр, сөмке, құлаққап, көзілдірігін ұмытады. Керек десеңіз, несие картасын, спорт сөмкесін, құжат салынған пакетті де ұмыту рейтингтің алғашқы қатарында тұр. Әсіресе балалар ұмытшақ келеді. Олар мектеп сөмкесін, добын тастап кете салады. Сосын бізге ата-аналар хабарласып, келіп алып кетеді. Балалар сонымен бірге музыкалық аспабын немесе спорттық заттарын, кейде сөмкеге салынған тамақтарын да ұмытып кететіні жиі кездеседі», — дейді «Астана LRT» өкілдері.


iKomek қызметі егер затыңызды жоғалтқан жағдайда бірден 109 номеріне хабарласуыңыз керек болмаса Telegram немесе Facebook чат-ботына хабарласқаныңыз жөн деп түсіндіреді. Жолаушы ертерек хабарласса, жоғалған зат та тезірек табылуы мүмкін. Ол үшін автобустың бағыт номерін, жүрген уақытын айту қажет. Мамандар автопаркпен байланысқа шығып, заттың жоғалғаны туралы кондукторға ескертеді.
«Қолдау қызметіне неғұрлым ертерек хабарлассаңыз соғұрлым жоғалған затыңыз ертерек табылады. Арнайы қызметке дер кезінде хабарласу, яғни жарты сағат не екі сағаттың ішінде болса, онда заттар көбіне табылып жатады. Жоғалған затыңызды сол автобустың жүргізушісінен немесе асығыс болмасаңыз автопарктің диспетчерлік қызметінен келіп алып кетуге болады», — дейді қалалық iKomek Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының баспасөз хатшысы Махаббат Рахимова.
Автопарк дичпетчерлерінің есінде талай оқиғалар қалды — құжат салынған папкаларда есеп жоқ және ломбардқа барып алған ірі көлемдегі ақшаларды да тауып алған.
«Бірде бір ер азамат техпаспорты мен көлік куәлігін жоғалтып алады. Біз оны тауып алдық та, сақтап қойдық. Ер азаматпен байланыстық, сөйтсе ол жаңасын жасатып үлгеріпті, бірақ аздаған уақыттан соң оны да жоғалтып алған. Бізге келіп жоғалтқан құжаттарын келіп алып кетті», — деді «AstanaLRT» қызметкері өткен оқиғаларды есіне түсіріп.


Айт кетейік, 2018 жылдың маусым-шілде айларында 94 өтініш түскен, оның 90% иелеріне қайтарылды.

Қазақстан Президенті Астана активімен кеңес өткізді

Қазақстан Президенті Астана активімен кеңес өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты akorda.kz сілтеме жасап.

Кездесу алдында қалалық мәслихаттың сессиясы өтті. Онда депутаттар Астана қаласының жаңа әкімі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановтың кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.


Нұрсұлтан Назарбаев Ә.Исекешевті Президент Әкімшілігінің Басшысы лауазымына тағайындалуымен құттықтап, жаңа жауапты қызметіне табыс тіледі.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ә.Исекешевтің кәсіби біліктілігі мен жеке қасиеттерін атап өтіп, оның елорданы дамыту жолында атқарған жұмысының нәтижелеріне тоқталды.


Қазақстан Президенті Астана қаласының бұрынғы әкімі Ә.Исекешевтің сіңірген еңбегі жөнінде айтып, қаланың жаңа басшылығының алдында тұрған міндеттерді атап өтті.


– Мен елорда әкімін тағайындау мәселесіне зор мән беремін. Қаланы дамыту ісі, соның ішінде Астанадағы бүкіл нысандардың құрылысы үнемі менің жеке бақылауымда. Бұл – мен үшін маңызды басымдық. Бақыт Сұлтановтың мемлекеттік басқару ісіндегі тәжірибесі мол әрі ұйымдастырушылық қабілеті жеткілікті, – деді Елбасы.


Жиын барысында Қазақстан Президенті Астананың жаңа басшылығы алдында тұрған бірқатар басымдығы бар міндеттерді атап өтті.


– Дамудың жаңа моделін енгізу қажет. Инновацияны ілгерілету және креативті адамдардың көбеюі үшін қолайлы орта қалыптастырған жөн. Сол үшін қаланың 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясын әзірлеу керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Елбасы «Астана» халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Астананы іскерлік қаржы хабы ретінде дамытуды жалғастыру қажет екенін айтты.


Мемлекет басшысы жаңа тұрғын үйлер салу, тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау, әлеуметтік нысандар тұрғызу мәселелеріне ерекше назар аударды.


Сонымен қатар, Қазақстан Президенті қаланың инфрақұрылымын дамыту қарқынын сақтаудың және шаһарды газбен қамту үшін дайындық жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын айтты.


Нұрсұлтан Назарбаев елорданың туристік әлеуетін дамыту ісінде әлемнің үздік тәжірибелерін қолдануды тапсырды.


Елбасы қаланың барлық мемлекеттік құрылымдарының жұмысын трансформациялауды жалғастыру, көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын арттыру және цифрландыру бағдарламасын іске асыру мәселелерін Астананы одан әрі дамытудың басымдықтары ретінде ерекше атап өтті.


Соңында Ә.Исекешев пен Б.Сұлтанов сенім білдіргені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, бас қаламыз бен бүкіл елімізді дамыту ісіне өздерінің зор үлестерін қосатынын жеткізді.