Стамбул-Атырау немесе Гези



Түркиеде болып жатқан аласапыран оқиғалардың бәрі 10 ағаштан басталғаны белгілі. Әр-түрлі сипатта қарсылық көрсетушілер 10 ағаштың қасына жиналып бірігіп кетті. Менің үйім жақта Самұрық қорына жататын алпауыт Ембімұнайгаз компаниясына тиесілі кеңсе алдында үлкен көлемді алып жатқан жер бар. Ол жерге осыдан бірнеше жыл бұрын әп-әсем теректер егіліп, бүгінде ол ағаштар бәйтеректей жайқалып өсіп келді. Әрқашан қасынан өтіп бара жатып «бұл жерде енді саябақ болатын шығар» — деп ойлайтын едім. Өкінішке орай ол үмітім су сепкендей басылды да қалды. Осыдан 2-3 ай бұрын бұл жерді биіктігі 3 метр болатын қақпамен қоршады. Жақында барып қарап қайттым. Менің сүйікті жайқалған ағаштарымды кесіп тастаған. Олар енді жоқ. Орнынана зәулім сауда орталығын салып жатыр. Тура Түркиедегідей жағдай. Тек біздің халыққа бәрібір. Менімше, біздің халықтың етінен ет кесіп алса да бәрібір сияқты… Тек бас аман болсын. Шүкір. Тәуба. Осыдан артық не керек деп қазекең отыра береді…

Атырау экологиясы біткен… Әлемдегі ең үлкен мұнай өңдеу зауыттарының бірі Атыраудан 30 километр жерде салынғалы жатыр. Оның әсері қандай болатыны айтпаса да түсінікті. Атырау керемет, бай халық дейді. Дегенмен мұнда айына кем дегенде 10-нан аса адам медицинаға белгісіз себептермен өліп жатады…

Атырауда дені дұрыс бір парк жоқ. Жергілікті билік масаны жеңе алмай отыр. Далада жүру мүмкін емес. Бұл қалада тұру мүмкін емес. Инфляция деңгейі 1920 жылдары болған Алманиядағы ұлы дағдарыстан кем емес. Қаланың дәл қазіргі кейіпі — бұл қаланың болашағы жоқ екенін көрсетеді. Әлеуметтік-қоғамдық деңгей өте төмен. Халықтың қолында тек ақша бар. Ликвидті активтер жоқ. Бау-бақша деген құрып біткен. Ауыл-шаруашылығы бітіп, құр сүлдері қалған. Осында бір дені дұрыс өнім жоқ. Тағам мен киімнің бағасы адам шошытарлықтай қымбат. Дегенмен Ресей мен Түркия экономикасын дамытуға біздің өңір барынша күшін салып жатыр…

Егер дұрыс дамытса, Дубайдан кем қалмайтын қала болар еді…

Осындай туған қаламның бәзбіреулердің қалтасы қалың болсын деген ниетінің кесірінен құрып бара жатқанына қайғырамын…

Дегенмен халықтың өзінен де бар… Орыстың көшесі таза, қазақтың көшесі лас. Осы шындық. Біздің қазақ неге екенін білмеймін, ағаш екпейді… Егер әр адам бір ағаштан егетін болса, қала климаты өзгеріп шыға келер еді… (Мен ана жылы 15 терек ектім)

Бізде халық биліктен күтуді біледі, бірақ талап етуді білмейді. Өзінен де өзгерісті талап етуді білмейді…
Әрі қарай

Steve Jobs VS Shakerim Kudaiberdiuly



Ертең не мейрам екенін білмеймін, бірақ жоғары жақтағыларға рахмет пен дұғай-дұғай сәлем! Бұйыртса ертең үйде асханама жөндеу жасап, жарды басқа түске бояп, терезеге басқа жапқыш іліп, дәлізге Абайдың суретін ілемекшімін. Сонда Стив Джобсқа қарама-қарсы енді Абай тұратын болады. Мүмкін екеуі түнде сөйлесер))) Олар сөйлесіп, мен оны еститін болсам ғой шіркін!

Стив Джобс: Hello mister Abai. Welcome to Yerzhan's apartment! Nice to meet you!
Абай: Өй не дейді мынау, қазақша сөйле ініншек, қайда жүргеніңді білесің бе? Алаштың Атыраудағы штаб-пәтерінде жүрсің! Жарда ілулі тұрғаныңа 2 жылдың жүзі болды, немене қазақша үйрене алмадың ба?
Стив Джобс: О не дегеніңіз, кешіріңіз, Абай мырза. Үйреніп жатырмын. Енді қасыма сіз келдіңіз. Тезірек үйренетін болдым. Жақынырақ таныссақ, мен сіз жайлы Ержаннан естідім. Ол маған бір рет айтқан сіздің гений ініңіз жайлы.
Абай: Еее менде толып тұр ғой ініншек деген, айналып кетейін Оспанжаннан бастап Амалбек Өмертаевқа дейін іні деген менде жетеді. Қай інімді айтасың?
Стив Джибс: Абай мырза, атын ұмытып қалдым, Ш-дан келе ме, сондай, әйтеуір Ержан кейде соны айқайлап жүріп оқиды ғой. Оның ойынша қазақта одан асқан ақын жоқ екен.
Абай: Ееее, сен Шәкерімді айтасың ба? Тәйірі-ай, Толстойдың тілімен айтканда «он превзошел самого себя, сам даже не ожидал что из него выйдет такой гений» Парсы жаққа бет алып білім қу деген едім, пәллі, ол неме Парсы асып, Мекке, Медина, Стамбул, Парижге кетіп қалып білімді болып кетті. Білім деген сол ғой, қызығымен бір айналдырса, шыр айналдырады. Әттең қазақ арзан нәпақаның артымен кетіп, саф білімді игере алмай жүр…
Стив Джобс: Иә-иә, сол Шәкерім. Сіз гений деп қай жағын айтып тұрсыз?
Абай: Гений дегенде, ол мықты ақын. Жазғанын мына қалың қазақ оқыса, бақытты болар еді. Әй Стив інім, сен тыңда мені. Осы күнгі дәрігерлер емге дәрі береді екен. Сол дәрігерлерге айтар бір кеңесім бар. Олар ем-доға іздеп келген әрбір адамға Шәкерімді оқуға кеңес берсін. Жан саулығы — ден саулығы. Шәкең өлеңдерінің әрбір сөзі адам жүрегіндегі емші қолы жетпейтін небір-небір түкпірлеріне барып жайғасады. Жайғасқан соң адам керемет рухани ләззат алып, жаны жайлбырақат күй кешеді. Шәкерім өлеңдерінің әрбір сөзінде рухани витаминдер бар. Адамның бүкіл ауруы жүректен басталады. Пайғамбар айтпап еді солай. Жүрегі кірленген адамның қаны қарайып, сырты бүтін, іші түтін күй кешеді. Шәкерім өлеңдері бүкіл ауруға ем бола алады. Профилактика ретінде әрбір қазақ оны оқып тұру керек. Алдымен жүрек туралансын, кейін сана, тіл, құлақ өздері-ақ кәмілденеді. Міне, жаһанның талай мынау деген емшілерін он орап алатын Шәкерім өлеңдері осындай. Гений десе гений ғой біздің Шәкерім…
Стив Джобс: ммм, солай деңіз. Демек сіз Шәкерім мырзаның бірегейлігі деп ақындығын айтып тұрған екенсіз ғой. Менің ойымда бір гәп бар. Әлгінде Ержан ұйқыдан тұрып, көзін ашар-ашпастан менің жанымнан өтіп бара жатып: «Стив, сен гений емессің, гений деген ол Шәкерім деді. Бәтшағар неге екенін айта ма екен деп күтіп ем, онымен айтпады. Тек кейін баяғы әдетімен апыл-ғұпыл аяқ киімін киіп жатып: Неге десең сен әлемнің майталман технократтары жиналған Стенфордтың түбінде тұрып әрең дегенде бір телефоңды жасадың. Оны да Палоройд компаниясынан Билл екеуің ұрлап алдыңдар. Біліп қой, бізде Шәкерім деген гений бар. Сол Шәкерім 19-шы ғасырда дархан даласынан басқа дымы жок киелі Шыңғыстауда екі ауылды біріктіретін сымды телефон жасаған! Ол сен сияқты Стенфордта тұрғанда сені он орап алар еді. Менің шыдамым жетпей оған: „Ендеше нақұрыс, менің айфонымды қолданбай, Шәкерімімнің сым телефонын қолданбай не талтаңдап жүрсің“ — деп айқайладым артынан. Сұрайын дегенім сізден, сондай телефон болған ба шыныменен?
Абай: Иә, болған. Болғанда қандай! Шәкерім ақын ғана емес, бүгінгінің тілімен айтқанда технократ жан еді. Әлгіндей ойлардан бөлек, басы ойға тұнып тұратын еді. Екі ауылдың арасына сымды телефон жасатып ауыл тұрғындарына хабар алмасып тұруға мүмкіндік сыйлаған. Шәкерімнің сонда шат-шадыман боп секектеп күліп жүргенін көрсең… Көпекбайдың телефоннан адам даусын естіп „ооо шайтан!“ деген реакциясын көрсең)))) Бақыт деген сол еді..Қайран бақыт...Қайран Шәкерім… Неткен мүбәрәк саф жан еді…

Мінеки, Абайдың суретін бұйыртса ертең Стив Джобсқа қарама-қарсы ілмекшімін. Екеуі сырлассын. „Интеллектуалды“ әңгім-дүкен құрсын. Мүмкін суреттер өзара бізге белгісіз тылсым күшке ие болып, біз де бір нәрсе естіп қалармыз))))

Ертең мейрам дейді ғой. Маған белгісіз мейрам. Сонда да рахмет. Үйде өзгеріс енгізуге тағы бір керемет мүмкіндік! Ертеңгі мейрамды өзгелер тойлап жатқанда, мен де тойлаған болып, жоғары жақ не айтса, мен де басымды изеп, ләппай тақсыр, мейрам құтты болсын деп бақытты күй кешпекпін.
Сіздер де бақытты болыңыздар!

Ержан Алаш
Әрі қарай

Шымкентте "Домбыра Party" осылай аяқталды

Саябақтағы көк майсада басталған Патиге кешқұрым демалып, қыдырып жүрген жандар қызыға қосылып, әжептеуір адам жиналды. Патидің жүргізушілік қызметін қоса атқарған Нұрғиса ағамыз әнін орындап болған соң, келесі пати туралы жарнаманы көпке жариялап жатқанда, Патидің өтіп жатқаны туралы естіп, Шымкенттегі Саз колледжінің студенті Ақбаян есімді қарындасымыз домбырасын арқалап, асыға жетті. Ол туралы көпшілікке баяндалып, кезек Ақбаянға берілді. Шебердің аты шебер, домбыраны қолға алысымен-ақ, көпшіліктің қызу қошеметіне бөленді. Бір өкініштісі, осындай орындаушымыздың кешігіп келуі, әйтпегенде Патидің көрігін одан әрі қыздары түсер еді.



Әсем орындалып шыққан осы күйден кейін, көпшілік жұп болсын деп ұсыныс беріп, тұрып алдық. (Қалай қиып жібересің мынадай бал тамып тұрған қызды, әлі-ақ сенімдімін, осы қызға талай керекшілердің көзін алартатынына «жақсы мағынада»!) Кезек, енді нағыз кәсіби орындаушыларда болды. Көптен күткен Патиіміз осындай тамаша трионың сүйемелімен «Сарыарқа» күйі: «ООООООп», "Әйт де", «Оу, бәрекелді», «Шап» деп қызу қолдаумен орындалып шықты. Пати аяқталғаннан кейін, жиналған жұрт алғысын білдіріп жатты, келесі кансерт қашан болады деп сұрап жатты. Иншаалла келесі Патиге бұдан да көп халық жиналатынына сенімім мол! Нұрғиса ағамызға үлкен алғысымызды білдіреміз, алтын уақытын бөліп, осындай игі бастаманың басы-қасында жүріп, атсалысқанына!



Пысы: Айтпақшы, түсірілім арасында кейбір сәттер қызықты көрініс тапты. Өздеріңіз байқай жатарсыздар!
Әрі қарай

Шымкентте "Домбыра Party"

Шымкент қаласында бүгін болып өткен «Домбыра Party» туралы баяндасам. 20-00 де Абай саябағында жиналған ұйымдастырушылар алқасы (Н.Құлымбетов, І.Бұрханов, С.Шерімбек, Н.Төкен және тб) негізгі шақырылған қонақтармен бірге саябақтан қолайлы орын тауып, ішкерірек, көк майсаға шеңберлене жайғасты. Патидің «біссімілдасы» Нұрғиса Асылбеков ағамыз бастаған Мәдіхан, Аршын деген жігіттер «Балбырауын күйін» орындап, жиналғандарды бір серпілтіп тастады.



Осы күйден кейін Асылбек ағамыз жиналған көпшілікке «Домбыра Party»-дың шығу туралы мәлімет беріп, жүргізушілікті өз қолына алды. (Не айтқаны туралы кейінірек тоқталсам деймін, әзірге тек видеолар) Келесі әнді орындағандар Мәдіхан мен Аршын жұбы.



Келесі әнді Асылбек ағамыз өзі орындап шықты



«Домбыра Party»-дің дәстүрі бойынша жиналған көпшіліктен кәделер:





Күйдің кезегімен орындалуы және осы кештегі кәсіби домбырашы жігіттер Мәдіхан мен Аршын болды. (кейінірек толығырақ мәлімет беремін)



Арасында тағы бірнеше әуен орындалды. Бір жігіт сол заматта туындаған өлеңін әндетіп айтып берді. Бұл көпшіліктің үлкен қошаметіне ие болды. Қараңғы түсіп, жиналған көпшіліктің алды қайта бастаған уақытта Патидың соңғы кезеңіне таянғанын Асылбек ағамыз ескерте отырып, соңғы ән болсын, үйлеріңізге Шәмшінің әнін ыңылдап, айтып қайтыңыз деп, бүгінгі кештегі соңғы әнді ұсынды.



Пысы: Бірақ, Шымкентте «Домбыра Party» мұнымен аяқталмады.
Әрі қарай

Домбыра Пати (жеке пікір)

Мен үшін Домбыра Party «Блогкэмп-2013»-пен тығыз байланысты. Блогкэмп болады деп Фэисбукте-да (бұдан әрі ФБ) жариялап, ұйымдастыру жұмыстары белсенді жүргізілген тұста «Блогкэмп-2013»-тің бағдарламасында «Домбыра Party» деген бөлім бекітілген болатын. Алғаш осылай танысқан бұл шараның Қазақ қоғамы үшін "үлкен рухани азық" екенін сол кезде сезінбеген болатынмын. Алғашқы Патиге де осы «Блогкэмп-2013»-те куә болған едім.
Домбыра Partyден алғаш алған әсерім. «Бәйшешек» сауықтыру лагерінде, жастардың жазғы би алаңына арнап салынған орында, кешке, ортада арнайы жағылған «отын алауы», айнала қоршалап, еліміздің әр облыстарынан жиналған блоггерлер (маған бейтаныс адамдар көпшілігі, бірақ өте көңілді орта), бәрінің назары «Домбыра Party»-ды жүргізіп отырған Маралбекте . Макең, бұл шараның мақсаты, қоғамға қажетті дүние, атамыз Қазақтан рухани мұра екенін түсіндіріп, кезекті ән орындаушыға беріп отырды. Бір қарағанда, әріге бармай-ақ қояйын, ХІХғ. ұлы ағартушы тұлғалар заманы, мысалы ұлы ақынымыз Абайдың заманы көз алдыма елестеді. Кешқұрым, жайлауда, айдың жарығында тойға жиналған жастар, ортада Алтыбақан құрулы, бір басында қыздар, бір басында жігіттер бастап, кезегімен ән айтып тұр. Қыз бен жігіт айтысы, сәл арыда «Ақсүйек» ойнап жүрген бір топ қыз-жігіттер, сыңғырлаған қыздардың күлкісі, қушаң жігіттердің әзілі. Осы сияқты дүниелер көз алдымнан бір сырғып өтті.
Қазақтың эстрадалық әндері мен әншілерін (Қайрат Нұртастан басқасы) тыңдайтынмын. Мейрамбектің термелері хит болған жылдары, терме тыңдап, «Адай» күйін (сірә, сүйіп тыңдамайтын бір қазақ жоқ шығар, мәңгілік туынды), соныен бірге Асылбек Еңсеповтың орындауындағы күйлерді тыңдайтынмын.
Алғашқы Патиден домбыраның күмбірлеген дауысын тыңдап, ерекше патриоттық сезім кернеп, қасиетіңнен айналдым қара домбырам деп тізерлейтіндей әсер алды айта алмаймын. Бірақ, "құптарлық дүние, жақсы бастама, көп қазақтар сияқты бір кісідей халық арасында таралу керек" екен деген ой туындады.
Блогкэмп аяқталып, уақыт өте келе, ФБ-да «Домбыра Party»-ге арнап парақша ашылып, кеңінен насихаттала бастады. Оған еліміздің әр өңірінен үн қосып, Пати дауысы бейнебір ФБ-да жаңалықтар бетін жаулап алды. Өзім оңтүстік тұрғынымын, бірақ қашанда белсенділер қатарында жүретін Шымкент осы «Домбыра Party»-де сылғырлық танытты. ФБ-лық әріптестеріміздің Пати туралы жазбаларын қызыға оқығанымызбен, көзбен көріп, куә болмағандықтан үн қоса алмай дал болдық. Осы аралықта Садық () және бірнеше ФБ-лық белсенділер бір пати ұйымдастырған болатын. Оған қатыса алмаған едім.(ақпарат жетпеді). Бірақ, екінші «Домбыра Party»-ді асыға күткеннің бірі болдым.
PS. Бүгін 15.06.2013ж Шымкент қаласы, Абай паркінде сағат 20-00 де «Домбыра Party» өтетіні туралы ақпаратты алдым. Толығырақ келесінде баяндаймын. Мынау блогкэмптегі Азаматтың орындауында ән.
Әрі қарай

Анамның айтқандары

Ана… Ана деген сөзді естісем, өткен күнім есіме оралады. Мүмкін, «ана» деген сөз, «ана» деген жан өткен өмірде қалды ма деймін…

Бұрын бала болдым, бала болғасын жерде тентектік пен еркелік бірге жүреді ғой. Сол кездері әкеге жақын болмасам да, анаға қарай бойынұсынғыш едім. Жылы сөздері жаныма ұнайтын. Оның әрбір сөзі ертегі секілді. Жай ғана сөз айтса да, бір келісті, улкен мағына беретін әңгіме іспетті жеткізетін.

Қай ана баласының жаман болғанын қалайды дейсіз...Қасында көп жүрмесем де, азғантай ғана сөздерімен жан тебірентетін. Ұрмай-ақ, ащы сөздерімен көзіме жас келтіретін. Себебі, менің не істеп, не бітіріп жүретінімді білетін секілденді. Барлық қателіктерімді өз алдыма жайып салып, кейде айқаймен, кейде «әкелеп, көкелеп, басымнан сипап, айналайынга салып» жүрегімді толқыта айтатын. Сол кезде өзімді ұстай алмай қаламын. Өз істеріме өкініп, бармағымды тістеп, қателігімді түсініп, өзімше намысшылдана түсемін. Енді баламын ғой ол кезде…

Бірде түн қараңғы, таңға ауған шақ болуы керек. Менің бұрыс жүрген жерімнің үстінен түскен. –Анам байғұс үйден күте-күте уайымдап, мені іздеген шамасы,-деймін. Содан үйге барғанша денемді діріл, қорқыныш басты, енді не болар деген оймен. Үйге оң аяғыммен аттап, тамақ ішір бөлмедегі орындыққа отырып, анама қарай бергенімде, анам күліп, басын шайқады да, өз бөлмесіне кіре кетті. Сірә, менің көзімнен бір қорқынышты байқаса керек-ті. Мен сонда ана мейірімін, ыстық ықыласын байқай алдым.

Сол түні, төсегіме төмпекшіп ұйықтай алмадым. Сондағы ойыма, бұрынғы «апамның айтқандары» еміс-еміс есіме түсті:

« Ұнжырғаңды түсірме, денеңді тік ұстап, таза киініп жүр, құлыным! Жұрт бірінші адам сыртына қарайды. Іші мен жүзі таза адамның бір тартымы болады. Арақ ішпе, керегі жоқ. Өзін ішпесең, кейінгі інілеріңде ішпес деп ойлаймын, ішпесе деп тілеймін! Тек денің сау, бақытты жан бол, құлыным» дегендері есіме оралып жатты...»

Ана мен сізден не үйрендім? Мен сізден көп нәрсе үйрендім. Кісіні алаламауды, үлкенді құрметтеуді, қайырымдылықты, кішіпейілділікті, біреудің жанын ауыртпай сөйлеуді-бәрін-бәрін сізден үйрендім, анашым. Нағыз өмірдің өзін үйреттің маған.Мәңгілік ұстазым менің…

Осыларды ойлап жатып, ұйқыға кеттім.
Әрі қарай

Ұят болд шс...

Досым екеуміз парктен шықтық. Қалтамыздағы соңғы тиын тесіп бара жатқан соң, тәулік бойы істейтін кафетерийге бардық кофе ішуге. Қасымдағы жүгермекті отырғыздым да, өзім кассаға жақындадым. Келісім бойынша кофе ішпекпіз. Кәссерім құлаққапта телефонмен сөйлесіп отыр екен.
— Қарындасым, екі кофе…
Сол кезде әлгі жүгермек жаныма жетіп келді. Оның да телефоны безілдеген соң сыртқа шығып бара жатты. Кетерінде сүтсіз дегенін ұғып қалдым. Есіл дертім кофеге не алсам екен деп әйнектен жейтін нәрселерге қарап тұрмын. Қарындасым кербездене басып кетіп қалды да, екі күрешке әкелді. Біреуінде менің қалауымдағыдай сүтті кофе, екіншісінде пакеттегі шай салынған. Ашуланып кеттім. Ойым «мына қыз естімеді де, шай әкелді» боп тұр.
— Қарындас, мен сізге екі кофе, біреуі сүтсіз дедім ғой!
Ол үндемеді. Сәлден соң барып:
— Сіздер шай дедіңіздер.
— Қалай шай? Не айтқанымызды білетін шығармыз?!
Жеп қояйын деп тұрмын, мына әділетсіздікке. Алғыс-шағым журналын «бояп» тастасам ба деп те ойлап тастадым.
— Мынаны не қыламыз енді?!
Ол да ашулана бастады білем.
— Өзім-ақ ішем алмасаңыздар, қазір кофелеріңізді дайындап берем.
Сол кезде қасымдағы жігіт келді.
— Айтшы-ей сен не заказ бердің, сүтсіз кофе емес пе?
Шайды көрді де:
— Дұрыс қой, шай дедім ғой,- демесі бар ма? Бітімнен от шықты. Ернімді жыбырлатып дайбалопты бұтақтап жібердім. Кәссірім асханаға кеткенде шәйқорым дым болмағандай шәйін алды да, орнына жайғасты. Кетер кезде алған жеріне төгіп кеткендей… Әдейі істегендей. Қайта қыз келмей тұрып салфетка бастым. Қыз кофемді әкеп берді. Ақшасын төлеп чегін алдым. Орныма келгесін қарасам, ақша кофелерге ғана төленіпті. Анауым шәйін сораптап болар емемс. Қолына ақша мен чекті ұстаттым да кассаға қудым. «Шәйіңді адал іш, сыболыш!» Барса басқа қыз шығыпты. Мейлі ғой, қарызымыздан құтылдық. Бірақ масқара болғанда қатты ұялдым. Қайтарда алғыс-шағым журналына шағым емес, алғысым мен кешірім сұрап кеттім.
Әрі қарай

Мен қалай рухани бітіріп, адамдардан сауал(п?) алдым?

Обшым, пост жазу қысқарған екен. Фейсбук пен твиттер әсер еткен ғой.
Farabi
вк-га кош келд1н!!!
15.06.13

Nurzhol
қош көрдік, амиго
15.06.13
кезекті социальная сеть ауруы болып жабысты

Farabi
вхахаахахх

Посттың басы, Вконтактенің көк парағы:

Әрі қарай

Атам туралы (менің алғашқы блогжазбам)


Менің атам! Мен ес білгелі атамды ойымнан бір елі шығарған емеспін. Әлі күнге шейін айтып отырады 4 жасымда «Ата мен сенің балаң болам, сенің қасыңа жатамын деп» келгенімді. Менің туып өскен ауылым Арыс ауданы, «Көкжиде» деген ауыл. Біздің ауылдың кәсібі басқа көпшілік ауыл сияқты негізінен ауылшаруашылығымен айналысады. Соның ішінде мал шаруашылығы мен бақша дақылдарын өндіру. Мал шаруашылығы жыл бойына жүретін болса, бақша дақылдарын өсіру науқанында жүргізіледі. Біздің отбасымыз да өзгелер сияқты мал ұстаймыз, мемлекеттің берген жекеменшік жерімізге қауын, қарбыз, жүгері, қызанақ сияқты дақылдарды өсіріп, өндіреміз. Мен мектеп оқып жүрген кезімде есімде үйде торы атымыз болатын. Жазғы демалыста Атам торы атқа арба жегіп, мені отырғызып егістік басына алып кететін. Күнімен кетпен шауып, бір тынбайды. Кеш түскен соң ауылға жиналамыз. Үйдегі сиырларға деп, қамыс орып, оны жақсылап арбаға артып, сусып түсіп қалмас үшін арқанмен тартып байлап, үстіне көрпеше төсеп, мені жатқызып қоятын. Сосын қайт ауылға, ат арбаның үстінде, табиға аясында. Кейде ұйықтап қалатынмын жол үстінде. Кейде, ұйықтап кетіп, арбаның үстінен ауып кете жаздайтын кездер болады. Сол үшін Атам үнемі маған «Арыштан, а, Арыштан» деп артына қарайлап отыратын. (мені атам еркелетіп, «Дәңгіл», «Арыштан» деп атайтын).
Үйге атамның замандас, құрдастары келіп тұратын. Ауылдағы шалдардың әдеті, кішкентай бала көрсе "әй, жаман неме, кімнің баласысың" деп сұрайды. Менде жұлып алғандай айқайлап, «Атамның баласымын!» деп тұра қалам. Атам үлкендер келгенде «Ассалаумағалейкум!» деп сәлем бер деп үйретіп қойған. Қонақ келе қалса «Ассалаумағалейкум!» деп шыға келетін едім. Ондай кезде үлкен шалдар мәз болып қалады. "Өркенің өссін балам," «Дәу жігіт бол», «Азамат бол» деп қауқылдасып қалады. Ауылда кейде свет өшіп қалады. Кешке үйде бәріміз жиналып кешкі асты шамның жарығымен ішеміз. Ондай кезде атам бізге ертегі, өзінің басынан өткен қызықты оқиғалар туралы айтып береді. Атам мені кішкентайымнан үлкен балдарша қарап, ерте есеюіме көп септігін тигізді және солай тәрбиеледі. Өзі көп қыдыра бермейтін адам. егер бір жаққа баратын болса, мені ертіп алатын.
Атам кітапті көп оқыған, үйдегі кішігірім кітапхана соның айғағы. «Жас Алаш», "Қазақ әдебиеті" сияқты газеттерге жазылып, әр санын үзбей оқып отыратын. Сондықтанда шығар, кейбір консерватор шалдар сияқты емес, жаңа заманның жаңалықтарынан хабардар бола отырып, бізге «Оқыңдар, айналайын» деп үнемі айтудан жалыққан емес. Мен кітап оқуды 6-шы сынып оқып жүрген кезімде бастадым. Ең алғаш оқыған кітап авторы есімде жоқ, «Ағаш ат» деген. Одан кейін үйдегі жинақталған кітаптарды оқып бастадым. Кейде бір кітапты ұзақ оқып жүргенімді байқаған атам «тұрақсыз адам екенсің, тыңғылықты оқысай» дейтін. (Ол кезде жақсы екенмін, бастысы кітап оқушы едім, қазірше алтын уақыттың бәріп бекерге сарп етіп).
Осылай, ақырындап ержеттік. Білім қуып, қалаға оқуға кеттік, енді осы жақта тұрақтап жатқан жайымыз бар. Атамды қатты сағынамын. Аз демалысымды пайдаланып ауылыма барып тұрамын. «Балапан қанат қағып, ұядан ұшты деген осы» деп Атам барған сайын айтып отырады. Қазір атамның жасы 85 ке келді. Мен 25 ке жетіп қалсам да ол кісінің алдында өзімді әлі, кішкентай бала сезінемін. Еркелеп, мойнына асылып, ойнағым келеді. Бірақ қазір бұрынғыдай денсаулық қайда, ол қазір менің көмегіме мұқтаж. Өмірдің түрлі ауыртпашылықтарын көрген Атам, өзінің намысқойлығы мен еңбекқорлығы арқасында мойымай осы күнге жетіп отыр. Келесі жазбамда тағы толықтырып өтемін!
PS. Бұл менің алғашқы блогжазбам. Мұны жазған кезде атам қатты ауырып жатқан болатын. Мына мемлекеттің белгілеген шеңбер ішіндегі шектеулі уақыттан шыға алмай, перзенттік борышымды өтеуде қиындықтар туындап, қолымнан бар келгені осы деп ойымдағыны қағазға түсіргенім ед. Әлі бұл тақырыпқа талай оралатыным өзіме аян.
Әрі қарай

Көзіңізбен ойнағыңыз келе ме?

Мен бұған дейінде иллюзия тақырыбын қозғаған едім. Ғаламтордың мүмкіншілігінде шек жоқ қой, бір сайттан мына суреттерді тапқан едім, сіздермен бөліскім келді. Көне, көңілді иллюзия сурет жұмбақтарға назар аударыңыз!
Әрі қарай