Кешегі Маралбектің жазбасын суреттермен толықтырайын.
Домбыра party видеоларын kaztube.kz видеопорталынан және youtube.com дағы арнайы каналдан қарай аласыздар.
Студенттік өмір. Ауызымыз ашылған күндер. Бітпейтін лекция. Қорқытатын мұғалімдер. Ия, студенттік өмірдің 1 курсын осылай өзімше сипаттар едім. курс бітпестей көрінетін, сессия біткенше асығатынбыз. Енді керісінше сияқты, бітпесе дейсін, бірақ амал қанша.
Әбілдің, кеше ғана бір банқіге бардым, типінақ, аноооу – 1920 жылдары жылы негізі қаланған екен, шешесс. Тіпті осылар неге Бауыржан Момышұлын пайдаланып жарнама шығармайды екен деп ойлап қоям (батыр амиго шегівалып соғысқа кетіп қалар алдында кассир болған). Аха шешесс: Баукеңді (Боряны өз арамызда солай атай береміз, дым ренжімейд) ана банқіге қимақ түгілі, «неге ғана келдім мұнда!» деген зармен шықтым. Әңгімем, айтыла-айтыла Жамал апай бесінші рет пластикалық хирургке жүгірген құсық қызмет туралы емес. Әңгімем – клиенттер туралы.
Қайырлы күн керекшілер тағыда бір төлем қабылдайтын жүйе туралы,
Wooppay бұл төлем қабылдаудың кең көлемін ұсынады, басты артықшылығы барлық төлемдер үшін коммиссия ұсталмайды.
«Тәжірибе» атты комедия шығыпты, Гугл туралы екен деген әңгімені естісімен, Интернетте жағалап жүрген пақыр ретінде көрмекке құштарлығым артқан-ды. Әу баста әлдебір драма яки байопик болар деп едім. Комедия екенін білгенде біртүрлі болғаным рас. Әйтсе де сеанстан тоғайып шықтым.
Қымбат косметиканың, пластикалық операциялардың арқасында ілініп-салынып әрең тұрған беттеріңді жалаңаштар ма еді… Маскаларыңды дыр-дыр жыртып… Қулық-сұмдыққа, аярлыққа толы, ертең Құдай алдына барғанда шыжғырылып тұрып күйдірілетін шынайы жүздеріңді қазір-ақ елге көрсетер ме еді, а..?
Міне, Адамстар, жоқ, Топастар отбасы келе жатыр..."
— Ооо, Мики! Балақайларыңды құшақтап келіп қалыпсыңдар ғой!
— Ой, тыныш, тыныш, Том, біздің Агоның маған бөтен еркек сөйлесе қалай үріп, мазаны алатынын білесің ғой!
— Сәлем, Джорд, қал қалай? Астына түспейсің бе, презентация басталып қойды дейді.
— Ә, жоқ, Мики, мен осында тұра тұрайын.
— Қалауың білсін.
Мына суреттің авторы Лю И атты канадалық қытай суретші. 6 наурыз 2005 күні Нью Йорктегі бір көрмеге қойылған бұл сурет біраз дау-дамай және пікірталас тудырған екен. Суреттің аты «Пекин 2008».
Бұл сурет не туралы?
Суретте қытайлардың маджонг ойынын ойнап отырған қыздар бейнеленген. Терең мағына бар бұл суретте.
Арқасында тату бар қыз — Қытай.
Үстінде киімі бар, қолын басының артына ұстап, ойланып отырған қыз — АҚШ.
Жатқан қыз — Ресей.
Ойынға беріліп кеткен жалаңаш қыз — Жапония.
Ал ойыншыларға қарап, қолына жеміс табағын ұстаған қыз — Тайвань.
Қытай қыз «шығыс самалы» атты комбинация шығарыпты (3 бірдей тас). Екі мағынасы бар: Қытай экономикасы шығыс самалын жақсы қолдануда, сондай-ақ ол қытайлық ракетаның да аты. Былай қарасаң комбинация жақсы сияқты болғанымен, бұдан кейінгі тастардың қалай шығатыны белгісіз. Және қытай қыз басқаларға көрсетпей 2 тас ұрлап отыр. Бір ойы бар.
АҚШ қыз бәрін түсініп, қарап отырған сияқты, нақты жоспарлары бар. Және Тайвань қызға да қарап отыр, бір көзін қысып бір нәрсе меңзеп тұрған да сияқты.
Ресей еш қызығушылықсыз жатқан сияқты. Бірақ негізінде олай емес, бір аяғы АҚШ-тың тізесін басып жатыр, бір қолымен Қытайға тас ұрлап берді. Ортақ бір ойлары бар.
Жапон қыз ойынға берілген, басқаларда шаруасы жоқ. Тек өз "қолын" қарауда.
Тайвань қызыл ұлттық киім киген. Мүмкін ол қытай мәдениетін жалғастырушы болғандығынан ба екен? Бір қолында жеміс табағы, бір қолында пышақ. Ол Қытайға суық, жаман көзқараспен қарап тұр. Бірақ ойынға қосыла алмайды, қолынан келетіні жеңімпазға жеміс тазартып беру.
Терезенің ар жағында өзен жағасы және жаман ауа райы тұр. Үлкен жел көтеріліп, бір апат болатындай.
Бөлмедегі портрет те қызық. Сунь Ятсеннің мұрты, Чан Кайши сияқты жылтыр бас, бет-әлпеті Мао Цзедунге ұқсайды.
Қыздардың киімдеріне келейік.
Қытайдың үсті жалаңаш, бұтында іш киім және юбка.
АҚШ халат және ішкөйлек киген, бірақ белден төмен жалаңаш.
Ресей тек лыпамен қалған.
Жапония толығымен жалаңаш.
Бір қарағанда АҚШ ең күштісі сияқты болып көрінеді, киімі де бар үстінде. Басқалары жалаңаш. Бірақ АҚШ-тың төменгі жағы жалаңаш. Ресей мен Қытай жалаңаш болып көрінгенмен, негізгі құпия жерлері әзірше жабық.
Бұл ойынды "ұтылған шешінеді" ойыны деп қарайтын болсақ:
Осы раундты Қытай ұтылса Ресейдің жағдайына жетеді (КСРО құлаған кездегідей).
Егер АҚШ ұтылса ол да Ресейдің жағдайына жақындайды.
Ресей ұтылса ештеңесіз қалады.
Жапонияда ештеңе қалған да жоқ. Енді ұтылса ойыннан шығады.
Қортындылайық:
АҚШ жақсы қыз болып көрінгісі келеді, бірақ енді ұтылса құриды. Барлық жақтан қауіп бар оған. Ресей екі жақпен де келісіп, ойнап отырғандай. Ең залым, ең қауіптісі осы. Басқалармен тас ауыстырып ойнап отыр. Қытайда қандай тастар бар екенін көре алмай отырмыз. Қанша тасы бар екені де белгісіз. Үстел астында Ресеймен тас ауыстырып отыр. АҚШ ештеңе көре алмай, Ресей мен Қытай өзара келісіп ойнап отырғандарын ойлағаннан басқа ештеңе істей алмай отыр. Жапония әлі де ойында, ұтылса ойыннан амал жоқ шығады. Тек түсініксізі Қытай ғана. Не ойлап отырғанын ешкім білмейді. Тайвань бәрін көріп, түсініп отыр. Бірақ ештеңе істей алмайды. Ойынға қатысуға мәртебесі жетпейді әлі.
Бұл ойынды Қытай немесе АҚШ жеңетіні анық. Бірақ АҚШ-та күш көп болғанымен ол покер емес қытай ойыны маджонгты ойнап отыр және қытайдың ережесімен…
Шіркін-ай! Кешегі Астанадағы Домбыра Party бітпей-ақ қойса екен деп едім. Көрген де арманда, көрмеген де арманда деген осындайда айтылса керек. Домбыраны қолдан қолға тартып, таласып, ән айту үшін кезекке тұрдық. Несін айтайын, видеолары шыққанда өзіңіз де көрерсіз.
Бәрі әдеттегідей басталды. Алдымен Нұрғиса Асылбеков пен Алмас Алтайдың әндерін тыңдадық. Қонақ кәде сұрағаным сол еді Дастан есімді бауырымыз суырылып шықты. Шиелінің жігіті екен. Сырдың екі термесін орындап бергенде қол соқпаған жан қалмады. Дастан өрт сөндіруші болып жұмыс істейді екен. Әрі батыр, әрі әнші, сөзге де, іске де бар жігіт екен. Патиді Фейсбуктегі парақшамыздан естіп келіпті.
Есте болса, керекте осыдан бірнеше күн бұрын «Аз әріпті 9 әңгіме» атты пост жазған болатынмын. Сол жазбадағы әңгімелер жайлы аз-маз түсінік бере кетсем: Негізі әлемдік әдебиетте қысқа, қысқа болғанда да өте қысқа әңгіме жазу тәжірибесі бар. 1980 жылы Ұлыбританияда «Drаbble» атты әңгіменің ерекше жанры пайда болған. Drаbbleда әңгіме 100 сөзден аспауы шарт, және осы 100 сөздің аясында шиеленісі, шарықтау шегі, шешімі бар әңгіме жазылу қажет. Бұл жанрдың көпшілік арасынан қолдау тапқаны себепті, «New Time» журналының редакторы Стив Мосс Drаbbleдің қатып қалған канондарына өзгерістер енгізіп, 1987 жылы байқау ұйымдастырады. Байқаудың атауы: «55 сөзден аспайтын әңгіме» деп аталады. Аты айтып тұрғандай, әңгімедегі сөз саны 55-тен аспау керек. Көп шығарма қатысады, сол әңгімелер жинақталып, «Құмарлық, махаббат, сатқындық, кек, өлтіру, үрей туралы әлемдегі ең қысқа әңгімелер» деген атпен кітап болып, басылып шығады. Өткен жазбада сол кітаптағы әңгімелердің ең танымалдарын аударып, ұсынған едім. Ал бүгін одан да қысқа, көлемі 10-15 сөзден аспайтын, ары кетсе 2-3 сөйлемнен құралған әңгімелерді жариялап отырмын. Жатталуға оңай, мағынасы бар, авторлары да белгілі, бастысы анекдот емес.
1. Бірде Эрнест Хемингуэй «Бірнеше сөзден тұратын, оқырманды бей-жай қалдырмайтын қысқа әңгіме жазамын» деп достарымен бәстескен дейді. Бәске құмар, боксшы жазушы сөзінде тұрып, өзінің атақты 6 сөзден тұратын әңгімесін жазған. Ағылшыншасы: «For sale: baby shoes. Never worn». Сөз саны санаулы болғандықтан, тікелей аударсақ: «Балалар аяқ киімі сатылады. Ешқашан киілмеген.»
19 маусым күні Алматы қаласында «Chaplin» кинотеатрында «Болашақ» ассоциациясы мен «Marwin» компаниясы «Алтын Қыран» және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының демеушілігімен «Монстрлар университетін» БАҚ құралдары өкілдеріне алғаш рет қазақша сөйлетті. 3D эффектілі фильм ретінде картинаның шынайылығын айта кеткен жөн. Бұған «Pixar» студиясының фильмді түсіру барысында ашқан жаңалығы «жаһандық илююминацияның» (GI) әсері зор болды десек артық айтқан болмаспыз. Кинографистер үшін жарықты бірнеше жарық беруші нүктелерден емес, бір ғана үлкен жарық түсіруші ресурстан жарық алу ғылыми революциямен тең болды. Мұндай жарық беру барысында картина шынайырақ бола түседі. Мультфильмнің техникалық құрастырылуы мен кейіпкерлер образдары өте сәтті жасалғанын да атап өту керек.