Батыл жүрек
Мына ақ нәсілді қыз Африка құрлығының оңтүстік өңірлерінде мекендейтін және өздерінің дәстүрлі аңшылық өмір салтын сақтап қалған бушмендердер тайпасының арасында өскенге ұқсайды. Арыстан, гепардтардан қорықпайды екен.


Е-е-е-й, күлдір, күлдір кісінетіп, күреңді мінер ме екенбіз, күреңді қойшы, бәрінен, «Джипті» мінер ме екенбіз… «Персик» тағып, алтыннан, қымбаттан киер ме екенбіз… Бай баласы сияқты, долларға бас иер ме екенбіз… Жоқшылықтан күйзелдім, пиццадан ауыз тиер ме екенбіз… Диплом бар, жұмыс жоқ, кім айтар қазір көңіл тоқ, жұдырық түйер ме екенбіз… Анам ауру, сан кесел, жегеніміз вермишель… бай болып кетсем, шіркін-ай, Дубайда жүрер ме екенбіз, «Протон» кетіп жерімнен, біз де бір күлер ме екенбіз… Есік алдында малым жоқ, кейде жейтін наным жоқ… адам сияқты өмір сүрер ме екенбіз! 