Кітап жайлы таңғаларлық деректер

1.Әлемдегі ең бағалы кітаптың бірі-«Лестерлік кодекс».Бұл шығарманың авторы-Леонардо да Винчи.Ғылыми трактат су мен жерге, аспан денелеріне арналған.Леонардо да Винчи өз туындыларын айналық қаріппен жазған.Оны оқу үшін сізге айна қажет болады.Бүгінде «Лестерлік кодекс» трактатының қожайыны-Билл Гейтс.Ол әлемдік деңгейдегі туындыны 24 миллион долларға ұсынған.
2.Ал, қазіргі таңда сұраныстағы қайталанбас туынды-«Апокалипсис» аталады.Оның авторы-Жозефем Форе.Кітап 100 миллион франкқа бағаланған.Бүгінгі күнде Париждің танымал мұражайында сақтаулы.
3.«Медицинаның терең құпиялары» кітабы-небәрі 100 бетті құрайды.Шығарма иесі-Герман Бурхав атты дәрігер әрі ғалым.Кітап аукцион кезінде 10 мың долларға сатылған.
4.Ағылшын жазушысы Уильям Шекспирдің шығармаларында «махаббат» сөзі 2259 рет, «жек көрушілік» сөзі 229 рет қайталанған.
5.Орта жастағы тұлғалар кітап оқуға 6,5 сағат жұмсайды екен.
6.Көлемді роман жазуға 475 сағ жұмсалады.
7.Уақытын рухани баюмен өткізетін жандар еріктілікпен айналысады немесе спорттық шараларға белсене қатысады.
8.Әлемдік аренадағы сөздіктер қатарына «Deutsches Wortetbuch» жатқызылады.Сөздік 34519 бетті құрады және 33 томнан тұрады.
9.Ең қызығы- Стивен Блумберг атты адам әлемнің 268 кітапханасынан 2300-ге жуық сирек кездесетін кітаптарды қолды қолған.Ол өз коллекциясын құрып, кітаптарды 20 миллион долларға саудалаған.

Рухани баюдың 8 тәсілі.

Кез-келген кітаптың ішкі әлеміне үңіле білу-үлкен өнер.Кітап-айнымас жолдасыңыз, бағалы құндылығыңыз, рухани байи түсудің өзгермес шарты.Жан дүниеңізге жақын әдеби туындыны таңдау-ғұмырыңызға жаңа леп кіргізеді.Кітап оқудың да өзіндік қағидаларымен танысыңыз:
1.Қалауыңызға қарай әлем әдебиетімен немесе төл туындылармен сусындау.
Ішкі түйсігіңізді тыңдаңыз.Сізге ләззат пен пайда әкелмейтін кітаптарды оқуды доғарыңыз.Адамдар кітаппен достасу арқылы естен кетпес саяхат жасай алады.Әрине, бұл өзіңізге ұнаса ғана.Дегенмен, байқап көріңіз.
2.Кітап оқуға уақыт бөліңіз.Бұл үшін сіз жоспармен жүруді әдетке айналдыруыңыз керек.Бір күндік уақытты жеке бөлікке бөліп,2сағатыңызды кітап оқуға арнаңыз.Орташа есеппен алғанда, осы арқылы сіз бір айда 2 немесе 3 кітапты оқып, тауыса аласыз.
3.Оқыған шығармаңызбен бөлісіңіз.
Кітап оқиғаларын жадыңыздан шығармау үшін жақын досыңызбен не болмаса танысыңызбен осы жөнінде әңгімелесіңіз.Бұл-есте сақтаудың керемет тәсілі.
4.Кітап авторымен диалог құрыңыз.Туындыны оқу барысында сіз келіспейтін тұстар болуы да мүмкін.Туындаған сауалдарыңызды ішкі әлеміңіз арқылы авторға қоя аласыз, тіпті сұрақтарға жауап та табасыз.
5.Өз ойыңызды күнделікке түртіп қойыңыз.
Өзгелердің көзқарасымен шектелмей, өз пікіріңізді бүкпісіз жеткізіңіз.Кітап оқудың тактикасы-шахмат ойынына ұқсас.Жеке сөйлемдерге тоқталып өтіңіз.
6.Арнайы тізім жасаңыз.
Тізім арқылы кітап оқуды жалғастыру-шабыт сыйлайды.Өз тізіміңізді жасау арқылы туындылардың негізгі идеяларымен танысасыз.
7. Мейлінше мұқият оқыңыз
Ия, мұқият әрі баяу оқығаныңыз жөн.Сіз әрбір сөйлемнен ләззат алуға тиістісіз.
8.Кітапты ақыл-ойыңызды дамыту көзі деп біліңіз.
Шығармаларды эмоцияларыңызды білдіру және шабытқа бөлену үшін оқығаныңыз жөн.Комикстермен танысыңыз, алайда жеке туындыларды оқу-интеллектіңізді шарықтататынын ұмытпаңыз.

ДӘСТҮР ЖӘНЕ ҒҰРЫПТЫҚ ӘН БАЙҚАУЫ

Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласында алғаш рет «Ұлттық құндылық – ұлт болмысы» атты дәстүр және ғұрыптық ән байқауы өтті. Байқауға облыстың 8 ауданынан келген өнерпаздар қатысты. Үміткерлер ұмыт болып бара жатқан дәстүрді жаңғыртты, ғұрыптық ән-жырларды сахнаға алып шығып, тақырыбына сай салт-дәстүрмен сабақтастырды.


Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай өткізілген байқаудың мақсаты айқын. Байқаудың мақсаты — қазақ халқы рухани жәдігерлерінің ішіндегі замана сүзгісінен өтіп, бүгінгі ұрпаққа жеткен құндылықтарымызды халық арасында кеңінен насихаттау арқылы Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына үн қосып, санаға сіңіру еді.

Соңғы жылдары салт-дәстүріміз ортамызға келді дегенімізбен, кейбір тұстарының өзгертіліп кеткенін көзіміз көріп жүр. Тіпті, кірме дәстүрлерге де төрімізді ұсынып қойдық. Мұның бәрі көп жағдайда өз ұлтымыздың болмысын терең танымағанымыздан орын алып жатады. Осы орайда, мыңдаған жылдар бойы көнеден келе жатқан халық даналығынан қалыптасқан қазақ халқының әдет-ғұрып, тұрмыстық салт-дәстүр түрлерін өзгертуге әуестік дұрыс емес деп ойлаймын. Өйткені, ол ұлттық дүниетаным, сенім, сезім, тіл, мінез-құлық, тіпті, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына байланысты туып, қалыптасқан құндылықтар. Осындай ұстанымдағы ұйымдастырушылар байқау жариялау барысында қатысушылармен егжей-тегжейлі әңгіме жүргізді. Дәстүрді орынсыз өзгертудің өзі ұлт болмысына үйлеспейтіні ескертіліп, байқау шартында көрсетілді. Байқауда дәстүрлеріміздің заман ағымымен ұмытылып бара жатқан тұстары жаңғыртылып, тұсаукесер, жар-жар, бесікке салу, тойбастар ғұрыптары егжей-тегжейлі дәріптелді. Қатысушылардың үлкен дайындықпен келгені көрініп тұрды.

Әсіресе, сахнадағы беташар осы күнгі келін түскенде орындалатын дәстүрлі беташардан айтарлықтай ерекшеленді. Жатттандылықтан ада, айтылып жатқан әр жыр қатары тәрбиеге тұнып тұрды. Үлкенге құрмет, кішіге ізет, әзіл мен қалжың, осының бәрі көрініс тапты. Бүгінгінің айтып жүрген сыни көзқарасы беташардан ойып тұрып орнын алды. Байқауды көріп отырғандардың көңілінен шыққанының бір белгісі, шара демде өте шыққандай әсер қалдырды.
Қазылар алқасының шешімімен Шардара ауданы бас жүлдені иемденіп, 2-орынды Созақ ауданы қанжығаларына байлады, 3-орынды Сайрам және Бәйдібек ауданы тең бөлісті.

Іс-шара соңында «Ұлттық құндылық – ұлт болмысы» атты шығармашылық эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды. 14 пен 29 жас аралығындағы жастар арасында жарияланған байқауға қатысқан 215 қатысушы ішінен 76-сының жұмысы талапқа сай деп танылды. Ал, 8 қатысушы жүлделі орындардан көрінді. Ұлттық құндылықтардың бірегейлігін өзіндік ой-толғамымен шебер насихаттай білген Бисейіт Ғалияның «Бір сандықта бір тарих» тақырыбындағы еңбегі үздік деп танылып, 1 орынды иемденді. Байқаудың жүлделі 2 орнын Медет Мұзапбарұлы мен Дарибаева Жайна Жанәліқызы иеленді. Ал, жүлделі 3 орын Әбдіхалық Олжас, Тұрысбек Айғаным мен Ойылханова Венераға бұйырды. «Үздік эссе» номинациясымен Темірхан Нурилла және Көбеева Ажар марапатталды.


Аталған байқауларды Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша «Жалын» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырды.

Ұлбосын Серікбаева

Қазақша КВН ойындарының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында түлектер бас қосты

Қазақша КВН Ойындарының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында «Түлектер кездесуі-2019» ойыны өтті. Жайдарманның ардагер ойыншыларына айналып, бүгінде әртүрлі салаларда қызмет етіп жүрген жайдарманшы түлектер Алматы қаласында бас қосып, Алатау дәстүрлі өнер театры сахнасында көпшілік көңілінен шығатын өнер көрсетті. «Түлектер кездесуі» Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранты аясында ұйымдастырылды.

Еліміздің әртүрлі өңірлерінен жиналып, ойынға бас-аяғы 9 команда қатысты:
1)"Өзіміздің жігіттер" Шымкент
2) «АЭСА» Шымкент
3) "Ұлттық құрама" Алматы
4) «Бауырсақтар» Тараз
5)«Альянс» Семей
6)«Арыс құрамасы» Түркістан облысы
7)«Жаснар» Алматы
8)«Аягөз құрамасы» ШҚО
9)«Номад» Алматы

Өнер көрсеткен командалардың әзіліне баға берген әділ қазылар алқасының құрамында Айқын Төлепберген, Жанатбек Байтеков, Ақылбек Досжанов, Абунасыр Серік, Ринат Заитовтар болды. Көрермен мен қазылар алқасының көңілінен шыққан шымкенттік «Өзіміздің жігіттер» командасы бірінші орынды қанжығалады. «Аягөз» командасы жүлделі екінші, «Жаснар» командасы» жүлделі үшінші орынды иеленді.

Ойын Қазақстан ұлттық арнасының эфирінен көпшілікке жол тартты.