ДӘСТҮР ЖӘНЕ ҒҰРЫПТЫҚ ӘН БАЙҚАУЫ
Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласында алғаш рет «Ұлттық құндылық – ұлт болмысы» атты дәстүр және ғұрыптық ән байқауы өтті. Байқауға облыстың 8 ауданынан келген өнерпаздар қатысты. Үміткерлер ұмыт болып бара жатқан дәстүрді жаңғыртты, ғұрыптық ән-жырларды сахнаға алып шығып, тақырыбына сай салт-дәстүрмен сабақтастырды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай өткізілген байқаудың мақсаты айқын. Байқаудың мақсаты — қазақ халқы рухани жәдігерлерінің ішіндегі замана сүзгісінен өтіп, бүгінгі ұрпаққа жеткен құндылықтарымызды халық арасында кеңінен насихаттау арқылы Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына үн қосып, санаға сіңіру еді.
Соңғы жылдары салт-дәстүріміз ортамызға келді дегенімізбен, кейбір тұстарының өзгертіліп кеткенін көзіміз көріп жүр. Тіпті, кірме дәстүрлерге де төрімізді ұсынып қойдық. Мұның бәрі көп жағдайда өз ұлтымыздың болмысын терең танымағанымыздан орын алып жатады. Осы орайда, мыңдаған жылдар бойы көнеден келе жатқан халық даналығынан қалыптасқан қазақ халқының әдет-ғұрып, тұрмыстық салт-дәстүр түрлерін өзгертуге әуестік дұрыс емес деп ойлаймын. Өйткені, ол ұлттық дүниетаным, сенім, сезім, тіл, мінез-құлық, тіпті, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына байланысты туып, қалыптасқан құндылықтар. Осындай ұстанымдағы ұйымдастырушылар байқау жариялау барысында қатысушылармен егжей-тегжейлі әңгіме жүргізді. Дәстүрді орынсыз өзгертудің өзі ұлт болмысына үйлеспейтіні ескертіліп, байқау шартында көрсетілді. Байқауда дәстүрлеріміздің заман ағымымен ұмытылып бара жатқан тұстары жаңғыртылып, тұсаукесер, жар-жар, бесікке салу, тойбастар ғұрыптары егжей-тегжейлі дәріптелді. Қатысушылардың үлкен дайындықпен келгені көрініп тұрды.
Әсіресе, сахнадағы беташар осы күнгі келін түскенде орындалатын дәстүрлі беташардан айтарлықтай ерекшеленді. Жатттандылықтан ада, айтылып жатқан әр жыр қатары тәрбиеге тұнып тұрды. Үлкенге құрмет, кішіге ізет, әзіл мен қалжың, осының бәрі көрініс тапты. Бүгінгінің айтып жүрген сыни көзқарасы беташардан ойып тұрып орнын алды. Байқауды көріп отырғандардың көңілінен шыққанының бір белгісі, шара демде өте шыққандай әсер қалдырды.
Қазылар алқасының шешімімен Шардара ауданы бас жүлдені иемденіп, 2-орынды Созақ ауданы қанжығаларына байлады, 3-орынды Сайрам және Бәйдібек ауданы тең бөлісті.
Іс-шара соңында «Ұлттық құндылық – ұлт болмысы» атты шығармашылық эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды. 14 пен 29 жас аралығындағы жастар арасында жарияланған байқауға қатысқан 215 қатысушы ішінен 76-сының жұмысы талапқа сай деп танылды. Ал, 8 қатысушы жүлделі орындардан көрінді. Ұлттық құндылықтардың бірегейлігін өзіндік ой-толғамымен шебер насихаттай білген Бисейіт Ғалияның «Бір сандықта бір тарих» тақырыбындағы еңбегі үздік деп танылып, 1 орынды иемденді. Байқаудың жүлделі 2 орнын Медет Мұзапбарұлы мен Дарибаева Жайна Жанәліқызы иеленді. Ал, жүлделі 3 орын Әбдіхалық Олжас, Тұрысбек Айғаным мен Ойылханова Венераға бұйырды. «Үздік эссе» номинациясымен Темірхан Нурилла және Көбеева Ажар марапатталды.
Аталған байқауларды Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша «Жалын» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырды.
Ұлбосын Серікбаева

Пікір жоқ әзірше