АРМАНЫМА ӘЛІ ДЕ БЕРІКПІН

Мұнда ақтөбеліктердің көп екенін білемін. Менің де батыстан достарым көп. Сондай достарымның бірі Азат Садықов спортшы жігіт. Ағалары спортшы. Ақтқбедегі №21 мектепте оқыған. Мектеп бітірген соң, спортты тоқтатып, білім алуды көздеген. Осы жігітпен көктемде сұхбат алған едім. Содан үзінді оқып көріңіздер
Ол 1992 жылдың 29 ақпанында Ақтөбе облысы, Шалқар қаласында дүниеге келген. Жастайынан спорттың таэквондо, кикбоксинг түрлерімен айналысқан. Таэквандодан Ресейдің Архангельск және АҚШ-тың Вашингтон қаларарында өткен әлем чемпионаттарының жеңімпазы, жасөспірімдер және жастар арасында Сеул, Алматы, Ақтөбе, Сочи, Бішкек қалаларында өткен халықаралық жарыстардың чемпионы. Ол – 2004 жылы Грекияның Корфу қаласына өткен кикбоксингтен әлем чемпионатының, сондай-ақ 2005 жылы Италия астанасы Римде түндігін түрген Еуропа чемпионатының бас жүлдегері. Қазақстанның төрт дүркін жеңімпазы. Таэквондадан бірінші дан иегері.Таныс болыңыздар – Азат Садықов. Болашағынан зор үміт күттіретін дарын иесімен кездесіп, аз-кем сұхбаттасқан болатынбыз. Жас спортшы бүгінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің экономика факультетінің 4 курсында оқиды екен.
– Азат, әңгімемізді спортқа қалай келгеніңнен бастасақ...
– Екі ағам да жастайынан спортпен айналысып, үлкен жестістіктерге жетті. Екеуі де бірнеше дүркін әлем чемпиондары. Ағаларымның жарыстарына жанкүйер ретінде барып жүріп, спортқа деген қызығушылығым оянды. Осылайша, мен де тоғыз жасымда таэквондо үйірмесінің табалырығын аттадым.
Блог - Bek-enu: АРМАНЫМА ӘЛІ ДЕ БЕРІКПІН

– Ең алғаш жеткен жетістігің есіңде шығар?...
– 2001 жылы Ақтөбе қаласында таэквондодан қалааралық жарыс өтті. Осы жарыста төрт қарсыласымды жеңіп, 1-орынға қол жеткіздім. Бұл менің бірінші әрі үлкен жетістігім болатын. Бұдан бөлек тағы бір жарыс есімде ерекше сақталып қалыпты. 2005 жылы Италия елінің Сардинио аралында Еуропа чемпионаты өтті. Сол біріншіліктің финалында жолым итальяндық споршымен тоғысты. Техникалық шеберлігімнің де, күшімнің де әлгі спортшыдан басым екендігіне қарамастан, төреші менің ұпайларымды есептемеді. Негізгі уақыт тең есеппен аяқталғандықтан, қосымша тағы 1 минут берілді. Барымды салмасам, бас жүлде жергілікті спортшының қанжығасында қалатындығын түсініп, соңғы сәтте өзімнің «айналып тебу» тәсілімді қолдандым. Осы арқылы таза жеңіске жеттім.
– Спортшының бабын келістіретін де, бағын ашатын да бапкері екендігін ескерсек, сенің бапкер таңдауда жолың болды ма?
– Спортқа алғаш қадам басқанда, мені тағдыр Грачев Владимир Борисович деген бапкермен жолықтырды. Менің спортшы ретінде қалыптасуымда бұл бапкердің еңбегі орасан. Таэквондо дегеннің не екендігін егжей-тегжейіне дейін үйретті. Сол еңбек зая кеткен жоқ. Владимир Борисовичтің арқасында бес жылда бірнеше халықаралық турнирлердің, Еуропа, әлем чемпионаттарының жеңімпазы атандым. Кейіннен АҚШ-тың таэквандо құрамасынан шақырту алып, сонда бапкер болып кеткен соң, мен кикбоксингпен айналысқаным жөн болар деп шештім. Себебі кикбоксингте білікті бапкерлер көп еді әрі аталмыш екі спорттың ережелері өте ұқсас.
Блог - Bek-enu: АРМАНЫМА ӘЛІ ДЕ БЕРІКПІН

– Қазір де жарыстарға барып тұрасың ба?
–Тек жоғары оқу орнына түскен соң, жарыстарға баруды біраз уақытқа тоқтата тұрып, басты назарды сабағыма аударуым керек деп шештім.
– Болашағынан үміт күтетін жас спортшыларымыздың бірісің, спортты тастап кетпейтін шығарсың?
– Спортты тастау мүмкін емес. Таэквандомен әлі де айналысып жүрмін. Бұйыртса, дипломдық жұмысымды қорғап алған соң, жаттығуларды үдете түсемін. Себебі мені алда елішілік қана емес, халықаралық деңгейдегі талай жарыстар күтіп тұрғандығын жақсы білемін.
– Демек, сені Олимпиада ойындарынан көруіміз де мүмкін ғой?
– Төртжылдықтың басты бәсекесін қатысып, жүлдегер атану кез келген спортшының арманы. Ал ол үшін қанша еңбек төгілетіндігі айтпаса да түсінікті. Бала кезімнен Мұхаммед Әли, Рой Джонс секілді әлем спортының саңлақтарына тәнті болып өстім. Өзім де болашақта солардай әлем спортының жұлдызы болсам дейтінмін. Сол арманыма әлі де берікпін. Сондықтан Олимпиадаға бару үшін барымды салатыным сөзсіз.
Әңгімеңе рахмет! Биік белестерді бағындыруыңа біз де тілектеспіз!
P.S. Тәуелсіздік алғалы таэквондадан Олимпиада ойындарында бір қолаға ғана қол жеткізіппіз. Естеріңізде болса, 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында жалғыз жүлдені Арман Шылманов әперген. Бәлкім, Азат сияқты талай биіктерге көтерілген жас спортшыларымыздың қолтығынан демесек, көп ұзамай Арманның қоласы алтынға айналуы да ғажап емес.
Әрі қарай

Гейзер!



Гейзер атты жаңа телехикая бүгіннен бастап, 31 арнада жүретін болады. 19.30 қарап, бағасын беріңіздер!!!

Вася мен Қайрат, оңай ақша тапқысы келетін бүгінгі жастардың айқын көрінісі. Олар теледидардан бұрынғы қылмыс әлемінің дөкейі Қазақстанда некесіз туылған ұлы барын біліп, соны іздеп жүргенін көреді. (Ищу тебяға келген ғой, дөкей) Оның фамилиясы Гейзер екенін біліп, екі жігіт, Гейзер фамилиялы таныстары: (Қайраттың қалыңдығы Каринаның фамилиясы Гейзер), Каринаның ағасын Гейзер шалға таныстырып, 10 000 долларын қағып алмақшы. Бірақ, олардың айтқандары бола қоймады. Каринаның ағасы жоғалып кетті. Вася амалы қалмаған соң, Каринаға қағаз жүзінде үйленіп, оның фамилиясын алып, өзін Гейзер қартқа баласы ретінде таныстырды…

осындай, осындай қызықты оқиғаларға құрылған хикая!!))
Әрі қарай

Эстафета .Өз ойым.

Тағы да сол жазбаларды оқып отырмын. «Эстафета» атты жазба ұнап кетті. Ұнайд, ұнамайд деген ше. Мен де кішкене өз ойымды жаза кетейін деп шештім.
Ұнайды: Анамның көңілденсе «Айгуля», ал Папамның «Айкон» дейтіні. Бешбармақ емес Асылған ет. Париж. Қазақстанда тұратын қазақтардыңң бәәріінің қазақша сөйлегені. Рафаелло. Шашлык. Шын дос. Ауылым. Қыста қарды қырт-қырт деп басқан. Сыйластық. Адам бойындағы барлық асыл қасиеттер. Қап-қара лексус. КФС. т.б көп кой енді тізе берсең. Жаңбыр жауып тұрғанда (құйып тұрғанда) терезеден тамашалау және жасыл шай лимонмен және бал қосып ішіп отырып кітап оқыған или теледидар көру. Алма.
Ұнамайды: Жасандылық.Менсінбеу. Күйеуіммен ұрысып қалған. Қас қылғанда есіме түспей отыр.
Әрі қарай

Семья. КВН. Ана.

Сәлем бердім барлықтарыңызға!
Жұма күні кіргенмін Керек инфоға, жұмыста отырғанда.Кешкі алтыда жұмысым біткенде шығып кеткенмін.Сол шыққаннан енді кірдім, тағы сол жұмысқа шыққанда.Жұмыста отырғанда ортасында кіріп-кіріп алмасам уақытым болмайд ше.Енді семьялы адамға оңай дейсіздер ме.
Әдеттегідей Керек инфоның белсенділерінің жазбасын оқып отырсам әйтеуір қыдырған, сыдырған, бірін -бірі құттықтаған (ұстаздар қауымын),(қу тіршілік деп жүріп, есімнен де шығып кетіпті), және барлығы КВН -ге барған.Қандай рахат десеңші !.Қайран студенттік шақтарым- ай.КВН нен қалмайтын едік .4 қыз боп араласатын едік .Қайда не болса, сонда біз жүретін едік. Алдын -ала есітіп алып ,қалғандарын да «барайықшы» деп үгіттейтін де мен едім.Ол кездегі ОҚМУ дің белді командалары «ТехАс» (қазіргі «Нысаналықтар»),«Шуылдақтар», "Өзіміздің жігіттер"(ХҚТУ) күлкіге қарық қылатын.
Енді өз басым ешқайда да барған жоқпын. 2 күн бойы (яғни демалыс күндері) үй жинадым, тамақ істедім, бауырсақ пісірдім, әйтеуір сол бітпейтін әйелдің күйбең тірлігі ғой.
Барлық басы бос қыздарға ана бақытын тілеймін!
Әрі қарай

365

~Мен қазақ тілін де үйренемін, өйткені егер қателер болса, түзетіңізші өтінем~

Бүгін мен «365 күн» жобасын бастаймын. Мәні сондай: бір жыл ішінде кеш сайын мен күннің нөмірімен, фотомен, ол туралы шағын жазбамен пост жазамын, және күнделігімде орысша қайталаймын. Мен өзімді түсінгім келеді, өткен уақытымды сезгім келеді. Ал сөйлесуге де үйренгім келеді — соңғы уақыттта мен әңгімелеуді ұмытып қалдым, маған ұнайтын заттарымен бөлісуді ұмытып қалдым.
Қанша уақыт төзіп бағамынды білмеймін, бірақ мен тырысамын)))) Ал, кеттік?
Блог - suntea: 365
Әрі қарай

Күлкі

Блог - bake: Күлкі
Күлкі қандай болады екен? Ойланып көрдім. Маған келесідей күлкі түрлері таныс екен.
Қуаныш күлкісі. Ондай күлкіні сәби бетінен, лотереяда үлкен ұтыс алған адамдар бетінен көруге болады. Бір қуаныш сезімі лап беріп бірден жаулап алғанда пайда болады.
Әрі қарай

Ұстаздар мерекесіне құттықтау!

ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР! СІЗДЕРДІ БҮГІНГІ ТӨЛ МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН.

Осы бейнероликті менің араласып жүрген аға досым ән-өнер мектебінің басшысы Рахым Досмановтың мұғалімдер күні мерекесіне арнап жасаған шағын бейнеролигін тамашалаңыздар. Бүгін ғана алып www.youtube.com сайтына салып қойдым.
Әрі қарай