Блогқұрылтай-2014

Сөзді тікесінен бастасам. Алдында 23-24 наурыз аралығында өтеді деп жүрдік. алыстан келіп-кететіндерге ыңғайлы күндер еді. Жұмыстан артық сұрана қоймайды ешкім. Өтетін орынды әупірімдеп жүріп таптық. Назарбаев мектебі. Шыны керек бұны әкімдіктердегі жігіттерді салып жүріп тапқанымыз жоқ. Талғат Байназаровтың (Геогебра) сол мектепте қызмет етуі көп рөл ойнады. Бірақ, өтетін орында бұл күндер біршама ыңғайсыздық тудырды. Сонымен олар бізге 24-25 наурыз күндерін ұсынуда. Бір күннің арысы не дегенмен де 26-сы күні көбіміз үшін жұмыс күні болуы мүмкін.
Қарағанды облысы Жастар саясаты басқармасы демеушілік жағын өз қолдарына алып жатқанын айтайын. Саясатты араластырмауға ант-су ішістік қос тарап.Бірақ, бұл мекеме Қарағандыда өте беделді саналатын Экономика университетін ұсынып отыр. Бірақ, ол жақ өз рұқсатын бере қойған жоқ. егер, олар бере қалса да Талғат өз тарапынан рұқсатты бірінші алып қойған болып тұр. Сондықтан да, Талғат бауырымызды өтірікші қылмас үшін барлығымыз осы Назарбаев мектебіне келісім беретін шығармыз деп ойлаймын.
Өзімнің «трезвый» көзқарасымды айта кетейінші осы блогқұрылтай жайлы. Блогшылар олар аспанда ешкімнің рұқсатынсыз ұшатын құстар секілді интернет әлемінде айқұш-ұйқыш із қалдырып жүрген азаматтар. Бірінші құрылтайда оны дәлелдедік те. Астанада өткен құрылтайға өзіме белгілі себептермен қатыса алмадым. Баға бере алмаймын. Шымкентте жап-жақсы өтті. Әкімдік қаржылай қолдау көрсетті. Еш нәрсеге некен-саяқ араласпады. Енді міне, Қарағандыда өткелі жатыр. Демеуші мекеме қанша дегенмен де әкімдіке қарайды. Қарағандыда жекелеген компанияларға блогқұрылтай жайлы түсіндіру қиын екен. Көбі «енді маған нағылдейсің?» деген ұстанымда. Менің қорқынышым жылдар өте келе осы шарамыз таза әкімдік тараптар ұйымдастыратын конференцияға айналып кетпейді ме?
Мысалы, Қарағандыда бір тамаша қонақ үй бар."Қолжетімді қонақ үй". Онда бір нөмірде 4-5 төсек тұрады. адам басынап 2700 теңге төлеп жата бересің. Екі күнімізге 5 мыңнан сәл асатын қаржы кетеді екен. Ешкімге тәуелді болмай осындай шараларды өз қаржымызбен өткізте берсек қалай болады екен? Тамақтану мен жол шығынын санағанда кереметтей үлкен сомма емес.Жылына бір болатын блогқұрылтайымыз үшін 15-20 мың теңгені жыл бойы жинасақ түк емес.
Бұл менің өз ойым ғой. Ал, осы жолғы жатар-орын, тамақтану шығындары блогшылар пайдасына шешілгелі тұр.
Әрі қарай

№ 6 эстафета: Өлеңді аудар

Бүгін маған керектің бұтағы алғаш рет тиді.Торғай сізге рахмет Сондааай қуаныштымын. Ал «Бисмилляһ» деп бастайын!
«От улыбки хмурый день светлей» мультфильм өлеңінен үзіндіні таңдап алдым, сіздердің аударған нұсқаларыңыз ерекше болады деген үміттемін!!!

От улыбки хмурый день светлей,
От улыбки в небе радуга проснется…
Поделись улыбкою своей,
И она к тебе не раз еще вернется.

И тогда наверняка,
Вдруг запляшут облака,
И кузнечик запиликает на скрипке…
С голубого ручейка
Начинается река,
Ну, а дружба начинается с улыбки.
С голубого ручейка
Начинается река,
Ну, а дружба начинается с улыбки.
Әрі қарай

...

Жүрекке құйып жыр мүсін,
Айтайын саған құнды сыр,
Ұмытпай оған жеткізші,
Өтінем сенен жыл құсы!

Бір ауыз сөзге жарымай,
Тұрсың ба әлде танымай?
Сезімімді оған жеткізші,
Жалынам саған жарық ай!

Сенсің көктен тамған нұр,
Берейін жазып арман жыр,
Ұстатшы көрсең қолына,
Өтінем сенен ақ жаңбыр!

Жұлдыздарменен сырласқан,
Жазайын құрап жыр дастан,
Кездессең оған жеткізші,
Өтінем сенен түнгі аспан!
Әрі қарай

Сіз барда...

Мұң атаулы жолай алмас көңілге,
Қорқыта алмас мені тіпті өлім дe,
Сіз болсаңыз жүрегімнің төрінде…

Сіз барда …
Суыта алмас сезімімді ызғар да,
Қарсы тұрам қарлы боран мұздарға,
Жетелейді алға мені үнемі,
Көкірегімде бүршік атқан ізгі арман
Жүрегімде сіз бар да…
Ештеңе емес…
Ештеңе емес жаным біраз тоңғаны,
Түк те емес көңілге мұң қонғаны,
Атады әлі талай шуақ таңдарым,
Жүрегімде сіз болсаңыз болғаны…
Әрі қарай

Уақыт кеңістігінде адасқандар.

Уақыт – оқиғаның ұзақтығы және тiзбектiлiгiн сипаттайтын физиканың негiзгi түсiнiктерiнiң бiрi. Ньютон дәуiрiнен Эйнштейнге дейiн уақыт пен кеңiстiкке байланысты ұғымдар терең қарастырылып, уақыт барлығына бiрдей “абсолюттi” және “бiрқалыпты” ағады деп есептелдi. Физика ғылымы ежелден уақыт пен кеңiстiк түсiнiктерiн зерттеп, кеңiнен мағ­лұмат бергенiне қарамастан, осы өлшемге қатысты ғылым түсiндiре алмайтын құбылыс­тар шаш етектен.
1943 жылы ел аузында “филадельфиялық тәжiрибе” аталып кеткен құбылысты бүгiнде жоққа шығарушылар көп. Десек те осы тәжiрибеге Альберт Эйнштейннiң өзi басшылық еттi. Эйнштейн жау көзiне көрiнбейтiн әскери кеме жасамақ болды. Сөйтiп, әскери кеменi магнит өрiсiмен жасыруды шешiптi. Тәжiри­беге 181 адам қатысқан. Бiрақ кеме көзден таса болып, бiрнеше күннен кейiн мүлде басқа аймақтан табылды. Сөйтсе, 181 адамнан небәрi 21 экипаж мүшесi ғана тiрi қал­ған. 160 адам түрлi себептен көз жұмыпты. Басым көпшiлi­гiнiң қатты қорқыныштан жүректерi жарылып кеткен.
Сонда кеме қай­да ғайып болды? Ол уақыт кеңiстiгiнде жоғалып кеткен.
Рас, бұл тұжырым физика ұғымдарына жат. Дегенмен ға­рыш­тағы бiр қара ойықты екiншiсiмен жалғайтын “арнайы жолдарды” пайдаланса, өзге уақыт кеңiстiгiне саяхат жасауға болады. Алайда қара ойықтың мықты тартылыс күшiн ескерсек, бұл тәжiрибе­нi iске асыру өте қауiптi екенi даусыз.
Бұрынғы заманға саяхат жасап келгендердiң қатарында Елена Зайцева есiмдi Мәскеу облысының тұрғыны да бар. Елена әдеттегiдей кептелiске тап болмаудың қамымен таңғы бес жарымда тұрып, жолға шыққан. Алайда сол жолы Еленаның жолы болмай, көше кептелiске толып қалыпты. Кептелiстi айналып қашамын деп өзi жақсы бiлетiн көшеге бұрылған. Сол көшемен ызғытқан Елена тағы бiр рет бұрылуы қажет болатын. Себебi келесi бұрылыста бас жолға алып шығатын тағы бiр көше басталуы керек едi. Елена көлiгiнiң жылдамдығын тежеп, келесi бұрылысқа бұрыла бергенi сол едi, өзiне таныс көшенiң орнына беймәлiм ауыл басталды. Жан‑жағына қараса, ағаштан жасалған үйлер, жолды қалың қар басып қалған. Бiрақ қолындағы сағаты алтыдан бес минут кеткенiн көрсеттi. Мұндай азғантай уақыттың iшiнде өзге ауылға жету мүмкiн емес. Түкке түсiнбей аң‑таң болған Елена бiр кезде қолына күрек ұстап, қармен омбылап бара жатқан ер адамды көрдi. Аяғына байпақ, үстiне тон киген ер адамға жақсылап үңiлген Елена оның киiмдерi ескi сәнде екенiн байқады. Бойжеткен жан‑жағына тағы бiр анықтап қараса, үйлердiң бiрде‑бiрiнде антенна жоқ. Көшеде де мәшиненiң жүрiп өткен iзi көрiнбейдi. Тым жұпыны үйлер бұрынғы заманның ғимараты тәрiздi. Елена осы кезде барып өзiнiң бұрын­ғы заманға тап болғанын түсiндi. Қатты қорыққаннан дел‑сал күйге түсiп, мең‑зең болды. Бiр кезде әлгi ауыл көзден ғайып болып, Елена өзi бұрылуы тиiс болған көшеден бiр‑ақ шықты.
Адам нанғысыз оқиғаны бастан кешiрген бойжеткен артынша тарихи құжаттар мен мұрағаттарды зерттеп‑­зерде­ледi. Сөйтсе, өзiн өткен заман­ға апарған көшеде осыдан қырық жыл бұрын бiр ауыл бол­ған екен. Елена сол ауыл өмi­рiнiң бiр сәтiн көрiп қайтыпты.
Елена өткен тарихты көрiп қайтқан жалғыз адам емес. 1983 жылы Коломбодан Бомбейге қарай бағыт алған жүк кемесi бiрнеше айға жоғалып кеткен. Бұл уақыт iшiнде кеме Бомбейге жету түгiлi, бүкiл әлемдi аралап қайтуға болар едi. Бiрақ кемедегi бүкiл құрыл­ғылар оның дұрыс бағытпен жүргенiн, жолдан адаспағанын көрсеткен. Соған қарамастан кеме капитаны Таккер жұмыстан қуылды. Капитан мен экипаж мүшелерiнiң ақтал­ған сөздерiне ешкiм құлақ аспады. Бұған ашулан­ған кеме капитаны жұмыс берушiнi сотқа бердi. Осы сотта кемедегi дыбыстық жазбалар тыңдалды. Расында да, кеме өз бағытынан ауытқымаған. Тек соңғы рет байланысқа шыққан соң жоғалған кеменiң ненi бастан кешiргенi түсiнiк­сiз. Дыбыстық жазбада мықты атмосфералық разрядтар естi­ледi. Ал кеме жүрiп өткен жерде мұндай құбылыстың болуы мүмкiн емес.
Сот кезiнде кеме капитаны Таккер бұл уақытта өздерiне теңiз қарақшылары шабуыл жасағанын мәлiмдедi. Айтуын­ша, өздерiне шабуылдаған кеменiң түр‑түсi мүлде бөлек, көне үлгiде көрiнедi. Әрi көтерген туы да өмiрде жоқ мем­лекеттiкi. Оның үстiне ұлты белгiсiз теңiз қарақшылары ауыр қылыш асынған. Қолында қаруы бар экипаж мүшелерi қарақшыларға тойтарыс берген. Тiптi бiрiн өлтiрген көрiне­дi. Артынша Таккер қарақшылардан қалған кейбiр киiм­дердi ғалымдарға көрсеттi. Зерттеушiлер бұл киiмдердiң XVI ғасырға жататынын анықтады. Ал “Милена” кемесiнен табылған қан iздерiн идентификациялау мүмкiн болмай шықты.
Бұл құбылысты түсiндiре алмаған ғалымдар кеме өзге уақыт кеңiстiгiне кiрiп кеткен болуы мүмкiн деген болжам жасады. Альберт Эйнштейннiң монографияларында өзге уақыт кеңiстiктерi туралы жазылған.
Қызығы, бүгiнде зерттеу­шiлер Эйнштейн жасаған кейбiр тұжырымдарды қайта қарастыра бастады. Мәселен, ұлы ғалым “ғаламның ешбiр бөлшегi жарық жылдамдығынан артық жылдамдықпен қозғала алмайтынын” дәлелдеген. Швейцариялық ЦЕРН-де тәжiрибе жасаған ғалымдар нейтрино бөлшектерiнiң қозғалысы жарық жылдамдығынан алпыс наносекундқа артық екенiн анықтады. Бұл – болмашы көрсеткiш. Дегенмен осы тұжырым дәлелденсе, осы алпыс наносекундтың өзi көп нәрсенi өзгерте алады. Жарық жылдамдығын басып озған нейтринолар кеңiстiктi жүрiп өткен кезде өткен шақ пен келер шаққа саяхаттауға жол ашылатынын сол кезде түсiндiре алар едiк.
Әрі қарай

Любка

«Любка» атты фильмді аяқ астынан тауып, көріп шықтым. Фильм өмір шындығын көрсеткен. Операторлық жұмыстар жоғары деңгейде, елуінші жылдардың ақ-қара түсін, кейіпкерлердің киімін, шаш үлгісін, әуенін жақсы әшкерелеген.
Фильмнің басты кейіпкерлері ретінде екі қыздың өмірі алынған. Бірі еврейдің зиялы отбасынан шыққан жас дәрігер Ирина енді туылған қызы мен анасы үшеуі Мәскеуден кішкентай қалашыққа жұмыспен жіберіледі. Көп ұзамай анасы көз жұмып, дәрігер қыз бүлдіршініне қарайтын адам іздейді. Бірақ металлургиялық қоныстың басты контингенті ерікті жалдамалы жұмысшылар мен түрмеге отырып шыққандар болғандықтан, тиісті бала бағушы табу қиынға соғады. Және екіншісі бала бағушы ретінде жұмысқа алынған — Любка. Ирина ата-анасының алақанында бағып-қағылған қыз болса, Любка — өмірдің қаталдығы мен тағдырдың тауқыметін көріп өскен, өте өжет, батыл, адамдарды ажырата білетін адам.
Қарап отырсақ, сол кездегідей қиын заман болмағанда, мұндай екі түрлі жан бір-бірімен осы өмірде өте сирек жолығу керек секілді. Алайда, жан-жақтағы ел түрмеден шыққан қыз деп шулағанымен, Ирина Любкаға сеніп, екеуі бірге қиыншылықтарға төтеп берді. Шын мәнінде де, жанашыр жақын адамға деген ықыласқа, ыстық ұяға өмір бойы шөлдеп келген жетім көңілге Ирина бір үлкен тірек болып көрінді. Ал нәзік жанды дәрігер қызды еврейсің деп жұмыстан шығарып, елдің қысымын көріп, қайғы жұтып, сағы сынған кезде, Любка тіреуіші болып, бойына әжептәуір қуат қосып, еңсесін тіктеп алады. Сөйтіп екеуі біріне-бірі қамқор болады. Фильмнің соңында екі кейіпкердің жолдары бөлек кетеді. Тағы да осы өмірде кездеседі ме, белгісіз…
Актерлер өз рөлдерін тамаша сомдап шықты. Любканың рөлінде ойнаған Елена Лядова актриса ретінде қатты ұнады. Қоңыр, жуан дауысы өзіне сондай жарасымды. Бұл фильмнен кейін, осы актрисаның басқа да «Везучая» атты фильмін көрдім.

Киностан: Любка
Әрі қарай

Жаңа шоу - "Шулама"

1 ақпан, сағат кешкі сегізде НТК арнасында жаңа ойын-шоудың тұсауы кесіледі. Бұл Қазақстанда бұрын-соңды көрсетілмеген жаңа формат. Осы уақытқа дейін тек Жапония және Сингапур елдерінде көрсетілген. Франшиза иесі — жапондар.
Әрі қарай

Еркебұлан Жолдасов: Адамның психикалық жан-дүниесін ашып көрсетуге тырыстық

Киностан: Еркебұлан Жолдасов: Адамның психикалық жан-дүниесін ашып көрсетуге тырыстық

Ақпан айының 20-сында қазақстандық кинопрокатқа «Фуга. Дорога в никуда» атты көркемсуретті фильм шығады. Киностан жобаның сценарий авторы Еркебұлан Жолдасовтан алынған сұхбатты сіздердің назарларыңызға ұсынады.
Әрі қарай

№ 5 эстафета: Өлеңді аудар

Бұл кімнің өлеңі екенін білесіңдер барлығың. Барлығын аудара алмасақ та, үзіндісін болса да, көрейік тырысып.
Если друг оказался вдруг
И не друг, и не враг, а — так,
Если сразу не разберешь,
Плох он или хорош,-
Парня в горы тяни — рискни!
Не бросай одного его,
Пусть он в связке в одной с тобой — Там поймешь, кто такой.

Если парень в горах — не ах,
Если сразу раскис и — вниз,
Шаг ступил на ледник и — сник,
Оступился — и в крик,-
Значит, рядом с тобой — чужой,
Ты его не брани — гони:
Вверх таких не берут, и тут
Про таких не поют.

Если ж он не скулил, не ныл,
Пусть он хмур был и зол, но — шел,
А когда ты упал со скал,
Он стонал, но — держал,
Если шел за тобой, как в бой,
На вершине стоял хмельной,-
Значит, как на себя самого,
Положись на него.
Әрі қарай