Болар бала боғынан!

«Raw» — фильмінен үзінді:


Балаңыз, ініңіз немесе жиеніңіз кішкентай кезінен бастап анекдотты жақсы айта бастаса, оған «заңгер немесе экономист бол!» деп айтудың қажеті шамалы шығар, өйткені ол не комик, не президент болады)))

P.S. Қазақша субтитрін қосқыңыз келсе, ютуб терезесінің астындағы «СС» содан кейін «вкл» дегендерге басыңыз.
Әрі қарай

Мұқағалиға хат...

Әлемдік махаббат, отан шығармалырының дәрежесімен санасатындай өшпес өлең, поэмалардың авторы, қазақ поэзиясына өшпес із қалдырған шығармалар иесі, ақиық ақын Мұқағали аға сәлеметсізбе? Ең алдымен хәл-жағдайыңызды, тұрмыс-тіршілігіңізді сұрар едім. Бірақ, Алла мұндай мүмкіншілікті менің маңдайыма жазбапты.
Сіз туылғанда қазақ әдебиеті бір сатыға көтеріліп, аспан әлемінде жарық сәуле шашқан жұлдыз пайда болды. Бойыңыздағы қазақтың, Нарынқол жерінің ақындық қасиеті дарығанына қуанғанда шығарсыз. Осы күнде сіздің шығармаларыңызды оқып, өсіп- өніп жүргенім бар. Сіздің өлеңдеріңізді оқи отырып, ақындық қасиетіңізді Пикассо, Леонардо Да Винчи қолындағы қылқаламдай елестетемін. Өлеңдеріңізді оқып отырып әлемдік суретшілер түсірген бояулардың, шығармалардың кескін- келбетін көріп отырғандай әсерде боламын.
Мұқағали аға сіз туылғанда пайда болған жұлдыз әлі күнге дейін жарығын шашуда. Ол жарық біреулерге ем, біреулерге отанға деген сүйіспеншілік, басқасына махаббат, ғашықтық сезім таратуда. Өз заманыңызда лайық бола алмасаңызда қазірде сіздің мәртебеңізді биік, ақиық ақын деп тануда.
Мұқағали аға, сіздің жұлдызыңыз мәңгі биік болып қалады…
Блог - beka95: Мұқағалиға хат...
Әрі қарай

Нуртас Абиловтын өлендері

Қуанышты емес, кеудемде әліде мұң,

Неге мұңнан арылмаймын мен бір күн.

Бақытсызбын сірә,өмірде шыныменен

Бақытсыз бір жан өмірде сізді ойлап,

Жыр жазып ұйықысыз, шықты түніменен.

Үмітімді таңғы тағы, жұлдызша сөндіріп,

Кірпігіме сансыз көз жасымды толтырып,

Арпалыстым жалғыз мендегі жүрекпенен,

Сірә менен мықты ғой рас, менің жүрегім,

Бұны көтерген, бақытсызбын шыныменен.

Өз өзімен жалғыздықта жаным сөйлесіп,

Ішім дауыл сыртым әтең жайдарлы көктем.

Тыныш жатқан қайран жүрегімді тулатып,

Бейтаныс жан, ұрлап кетің асем жүректі,

Сезімнің тартып жүрмін ащы азаптарын,

Сенсіз күндерім боста екен, қазірде мұң,

Саусақтарым ақ параққыда шыймайлап,

Сүйіп алып тағыда міне саған хат жаздым.
Жеке сайты nurtas0.webnode.ru/products/bejtanys-aru/
Әрі қарай

Нуртас Абиловтын өлендері

Мен сені бәріненде,қызғанамын,
Көрдін бе? жүрегім, сыздағанын.
Әлсіреп, жаным құрып бара жатыр!
Кызғанумен бүгінде, сансыз ойым!
Жүрекке де, жыйналып ап! ашылмады,
Құлыптаулы қайран сенің жүрегіңді?
Мендегі-ау?қызғаныштар бұзалмады.

Мен сені бәріненде,қызғанамын,
Анау ұшқан,қанатты құстан да?
Мынау құлпырып шықан гүлден де?
Тозыпта,қорланып болған жүрегім!
Кызғаныпта бәрінен жылап өртенді…

Мен сені бәріненде,қызғанамын,
Білемін менен басқа, жандар барын,
Мыңдаған милиондаған ұлдар барын,
Уайымдауға шамам жоқ,қыздар жанын!
Себебі өзіңді барінен қызғанамын!

Мен сені бәріненде,қызғанамын,
Білемін,қызғаныштар жаман деген.
Себепсіз баріенде,қызғана берем!
Себебі, сені бәрінен артық көрем!
Мен өзіңді басқалардан қызғанамын.
Қызғанышып өшпей жатыр, көкте жаным!
Өзіңмен арпалыспадым бекер жаным!
Ақымақ дейгөрме,қорлама мені жаным!
Себебі қызғанышыды баса да алмадым!
Себеп, басқаларды жүрегіме қаламадым!

Мен сені бәріненде,қызғанамын,
Қызғанамын мына түнгі, айдан да?
Түні бойы бір өзіңеде,қарайтұғын.
Терезеңнен сығалапта, саған жаным!
Маған емес, сен айға сырыңды айтып!
Мемнен емес, аймен сен сырласасың!
Сондықтан сені олардан қызғанамын!

Мен сені бәріненде,қызғанамын,
Қызғанып жүріп, саған ан арнадым!
Ноталарын жазуды да, білмесемде?
Қара сөзбен өрнектеп, саған жаным!
Құс қанатына байладым, апарсын деп,
Қызғаныштан шықан мынау мұңымды.

Қызғанамын жайнап шықан гүлден де?
Түсіп ажарыңа,өлмейтұғын күнен де!
Жыламсырап төкен мынау, жаңбырлар,
Қызғанышқа да, айналды ғой, көзжасым!
Сорғалап ақан, көзжасымда жанардан,
Кетпеші сен деумен саған жылады.

Мен сені бәріненде,қызғанамын,
Қызартып шашып қойған қызғалдағым!
Еске алумен сендегі, мұңдарды жаным!
Жүрегім сен деп ойлап қатып қалған!
Мен қызғанбай!қайтемін айтшы жаным..!?

Жеке сайтынан қарай аласындар nurtas0.webnode.ru/
Әрі қарай

Оқып көр, ой салар...(7) "Біз ішпеген у бар ма?"

Бұл жазбам осыдан бірнеше ай бұрын жазылған еді. Десе де, назарларыңызға ұсынуды жөн көріп отырмын!
Біз ішпеген у бар ма?

Зиянсыз болса, зымырандар неге құлайды?
Блог - daryn: Оқып көр, ой салар...(7) Біз ішпеген у бар ма?
Азаттық таңының астында тағы да жарылыс. Кезекті рет көкке көршіміздің зымыраны емес, халқымыздың үрейі ұшты. Қазақтың Жер- Анасының жүзіне тағы әжім түсті…
Маусымның 2 күні Астана уақыты бойынша сағат 8.30-да ұшуы тиіс болған «Протон-М» зырмыран- тасығыш ғарыш айлағынан 60 км жерге түсіп жарылды. Қоғамда қызу толғаныс тудырған осы бір оқиғаның айналасында дау көп. Билік өкілдері «қауіптенетін дәнеңе жоқ, бұл жәй ғана жарылыс» деді. Бұқпантай болмыс оңай ма? Үш жыл сайын жеріне ракета құлап жатса, «үш күнде көрге де үйренесің» дейтін қазақ, көнбегенде қайтеді?!..
Рас, бұл бірінші рет орын алып отырған жағдай емес. 2005 жылы Қармақшы ауданына, 2007 жылы Жезқазған қаласының маңына, биыл Байқоңырға орыс ракеталары құлады. «Байқоңырды жалға бердік» екен деп, жат жұртты желкемізге мінгізгеніміз қалай?..
Байқоңырдың зымыраны қазіргідей озық техниканың дәуірі орнамай тұрғанның өзінде түзу ұшпап па еді? Енді, көгіміз азат, көкбайрағымыз жел біреген заман да жалға берген ғарыш айлағымыздан бір емес, қатарынан үш зымыранның құлдилап, қазақтың даласы мен ауасын аяусыз улауын қалай түсінуге болады?..
Кешегі төріне шығарғанымен, төбесіне шығармайтын қазақ халқы қайда? Жәнібектің жаугершілігнен, Абылайдың айбарынан, Кенесарының намысынан, Махамбеттің жүректілігінен сау-тамтық та қалмағаны ма?.. Шыдамның да шегі болмаушы ма еді?.. Неге бағзы заманнан ұрпақтан- ұрпаққа мирасқа қалған қасиетті қазақ жері жарылыстың мекеніне айналуға тиіс?..
Қазақ елі Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаевтың пайымдауынша, бұл «Ресейдің ішкі проблемасы екен», оған біздің бас қатыруымыздың қажеті шамалы көрінеді. Сонда жарылыс қазақтың жерін е болса, бұл қалайша көршіміздің жеке мәселесіне айналады?..
Сөйтсек, о баста, 2006 жылы келісім-шартқа солай деп қол қойылған екен. Бірде танымал бір тұлғаның: «Біздің биліктегілерге саяси сауаттылық жетіспейді» дегені бар еді. Бұл саяси сауатсыздықтың кесірі ме, әлде, мәңгүрттіктің жемісі ме – дөп басып айту қиын.
Қалай десек те, еркіндік алған егемен ел үшін, даласы текті тұлғалар мен білекті батырларға бай қасиетті қазақ үшін «өз жеріңде өзгенің әмірі жүрді» дегеннен асқан қорлық бар ма?..
Айталық, әгәрдәкім, оқиға мүлдем керісінше өрбігенде, мысалы, қазақтың ұшырған зымыраны Ресей аумағында жарылғанда, өздерін аюға телитін көршіміздің – әлемге айқайлап, байбалам салары шығар күндей шындық болған болар еді. Сондықтан, қазаққа көлеңкенің бәрі – сая емес екендігін ұғынатын уақыт жетті…
Жарылыстан депутаттардың дегбірі қашты ма? Тек қана сена¬тор Мұрат Бақтиярұлынан басқасы ізім-ғайып тығылып, інінен шығар емес. Бетін аулық қылсын, алпауыт апат жағдайында немесе ұлтқа қауіп төнгенде «халық қалаулырының» сиырқұйымшақтыққа салынатын жөні жоқ қой. Қайсар атамыз Бауыржан Момышұлының: «Сатып алған жауынгер майдан болса, ешқашан жанын салып соғыспайды» деген жігерлі сөзі еріксіз ойға оралады. Амал қанша…
«Орын алған шығынды Ресей Федерациясы өтеп береді» дейді, біздің билік. Осыған дейін далаңда мыңғырған киігіңді, бүлінген топырағыңды, уланған жайылымдарыңды, қырылған малыңды, ең бастысы, жыл сайын дүние есігін кемтар кейіпте ашып жатқан қарагөз іні-қарындастарымыздың тағдырын қайдағы бір жасыл қағаз қалпына келтіреді дегеніне кім сенеді?!.. Әлі күнге дейін қоңыртөбел күй кешіп жатқанымен қазақ қараңғы халық емес…
«Байқоңырдағы жарылыс нәтижесінде барлық химиялық заттар жанып, түтіні бұлтқа айналды, енді қауіп жоқ» делінді. Бірақ, бұлттың да түбінде – жерге қайтадан жауын болып түсері анық қой. Улы жауыннан кейін төрт түлік мал мен төл табиғатымыздың қауқары қалай болар екен?!..
«Кигенде алаңсыз кепті,
Қартым-ай, ретің сынар:
«Гептильді залалсыз депті,
Өкімет білетін шығар» – деп жазып еді ақын Ғалым Жайлыбай.
Гептильдың адам баласына тигізетін зияны орасан зор. Ол көздің жиі жасаурауына, тыныс мүшелерінің тарылуына, жүйке жүйесінің жұқаруына, ең сорақысы, адам баласының миының ағып кетуіне дейінгі дәрежеде залал келтіреді.
«Бір жамандықтың – бір жақсылығы болады» деген ата-бабамыздың пәлсапасына сүйенсек, орын алған апатты жағдайдың – қазақтың туған топырақ, өскен жерін жат қолға жалға бермеу керектігін санасына нықтап сіңіріп, ащы сабақ болғаны айқын. Тарихтан тағылым алмаған елдің болашағы бұлыңғыр тартады. «Ақша» деп жүргенімізде – бақшамыз жеміссіз қалатын түрі бар…
Тарихымызды тереңнен тартқан жалынды жазушымыз Ілияс Есенберлин: «Қазақтың кеңпейілділігі, ақкөңілділігі сондай – жауының құшағында тұрғанпышағын аңғармайды» деген екен. Көрші көріп, көңіліне қарап, кім көрінгенді құшағымызға аламыз деп жүріп, пышағына ілініп қалмасақ дейміз. Әйтпесе, зиянсыз болса, зымырандар неге құлайды?.. Данышпан Абайға ұқсатып айтсақ: «Біз ішпеген у бар ма?..»
Әрі қарай

Сұлы ботқасын таңғы асымызға айналдырайық

Таңертең міндетті түрде тамақтануды асқазаным ауырғалы күн тәртібіне айналдырғанмын. Қызымның да ботқаларды сүйіп жейтініне қуанамын. Бүгін сұлы жайында жақсы бір бейнені көріп, қызық мәліметтерді оқыдым.
Түсінгенім бойынша, сұлы ботқасы (овсяная каша) басқа ботқалармен салыстырғанда ең пайдалысы. Сұлы ботқасы шотландықтардың ұлттық тамағына айналып, голливуд жұлдыздарында әйгілі, кеңінен тараған ас болып табылады екен.
Сұлы — астық тұқымдас дәнді дақылдарға жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Дәнінің құрамында ақуыз, май, крахмал, жасұнық, В1, В2, РР, Е дәрумендері, марганец, кремний, кальций, фосфор бар. Сұлы ішектерді артық шлактардан тазартып, іш ауырып, кебінгенде қолданылады. Ішек-қарын жолын ынталандырып, гастрит, асқазан жарасы, қатерлі ісіктің дамуын тежейді. Сұлы биотин дәруменіне бай болғандықтан теріге пайдалы, дерматит ауруына шалдықтыртпайды. Беттің барқыт тәрізді жұмсақ болуы үшін жағатын маскалар да дайындауға болады.
Сұлыдан буланған дәні бүтін және жаншылған жарма дайындайды. Сондай-ақ геркулес үлпегі мен талқан жасалады. Буланып, уатылмаған сұлы жармасын түктеу арқылы дайындайды. Жаншылған сұлы жармасы жеңіл сіңеді, әрі тез піседі. Геркулес үлпегін буланып, жаншылған және кептірілген жоғары сортты түктелген сұлы жармасынан алады. Ол оңай әрі тез піседі. Талқан — сұлы дәнін арнайы өңдеуден өткізіп алынатын жоғары сапалы нәрлі тағам. Талқаннан диеталық және балалар тағамдарын дайындауға болады.
1) Сұйық және жабысқақ ботқаларды көбіне жармалардан суға, сүтке пісіреді. Жабысқақ ботқаларды сонымен бірге жарма котлет, биточки, запеканка жасау үшін пайдаланады.
2) Сусымалы ботқаларды суға немесе сорпаға қайнатып пісіреді, оны уатылмаған жармалардан пісірген тиімді. Сусымалы ботқаны өз алдына тамақ ретінде жеуге де, сондай-ақ еттен жасалған тағамдарға гарнир ретінде қосып беруге де болады.
Ботқа дәмді әрі балалар үшін жеуге қызықты болуы үшін жеміс-жидек, даршын (корица) қосып пісіруге болады.
Бірақ дүкен сөрелерінде тізіліп тұрған тез арада дайындалатын сұлы ботқасының пайдасынан зияны көп екен. Себебі оның құрамына дәм бергіштер мен хош иістендіргіш қосылып өңделіп, пайдалы қасиетін жоғалтады. Сонымен бірге сұлы ботқасын тым көп және күнде жеуге болмайды. Оның құрамында фитин қышқылы болғандықтан, кальцийдің сіңуіне тосқауыл болады.
Блог - dindar: Сұлы ботқасын таңғы асымызға айналдырайық
Әрі қарай

Алдамшы дәурен

Әлеуметтік желілердегі таныстығымыз реалға ұласты. Былайша тәуір көреміз бір бірімізді. Емешегіміз езіліп тұрады онлайнда. Бір күні жұмыстан шығып, оның жұмысына бардым. Жобалау институтында жоба менеджері екен. Күтпеген жағдай болды ол үшін. Бірден паркке тарттық.
Дендропарктегі кассадан ақшаны төлеп, кіру билетін алуым сол екен, шар алып алдымнан атып шықты. Құдды кішкентай. Алдымда еркелеп мәз болып келеді. Еркенің еркесі енді…
Бірақ өзіме ұнайды. Қатал өскендіктен, қылықтарын кішкентай балаға ұқсатамын. Газельде, автобуста отырғанда, басқа қыздарға қарауым мұң екен, бұртия қалады. Менің назарымды толық иемденгісі келеді. Тәлпішім-ай!!!) Осылай күндер өте берді. Қыдыру да қыдыру.
Оқиға күтпеген жерден болды. Бұрынғы «махаббатсымағы» пайда болыпты. Ресепшнде жұмыстан шығатын уақытта күтіп отырғам, қасыма бір жігіт келіп ырсылдап отыра кетті. БІр кезде телефонымен сөйлесіп келе жатқан еркемнің даусы шығып келе жатты. Қасымдағы жігіт менен де тез орнынан қарғып тұрды. Қайтер екен десем, қасына жетіп барып, бетінен сүйіп амандасып қал жағдайды сұрап барады. Түсінбей состиып біраз тұрдым. Керегім жоқ сияқты. Біраздан соң маған бүгін бірге қыдыра алмайтынын айтып, ана жігітпен кете барды. Пайдаланылып, сол жерде қала бердім…
Әрі қарай

Толғағы қысқан әйелді қасқырлар босандырып алыпты

Блог - berkut: Толғағы қысқан әйелді қасқырлар босандырып алыптыТағы да бір адам сенбес оқиға. Американдық Мэри Краник есімді бір әйелді айдалада қасқырлар босандырып алыпты. Күтпеген жерден толғағы қысып, талып қалған әйелдің сәбиін аман-есен дүние есігінен аттатқан көк бөрілер боранда қалған панасыз жандарды құтқарушылар келгенше араларына алып жылытып отырған.

«Массагет» сайтының жазуынша, оқиға осыдан бірнеше жыл болған. Жүктіліктің сегізінші айында жүрген әйел жолға шыққан ғой. Күтпеген жерден алай-дүлей боран соғып, көлігі қарға омалып қалады. Амалы таусылған әйел жолдан көлік кезігер деген ойман машинадан түсіп, жаяу жүре бастайды. Шамалы жүрген соң толғақ қыса бастайды. Біраздан соң есінен танып қалады. Краник ханымның өзі оқиғаны былай есіне алады: «Бірнеше минуттан кейін есімді жидым. Менің басым алып қасқырдың белінде жатыр, бұл үйірдің басшысы секілді. Қалған қасқырлар мені желдің суығынан сақтау үшін дөңгелек жасап тұр екен. Олардың саны тоғызға жуық болды. Қорқуға да үлгермедім, толғақ жанымды көзіме көрсетті. 20 минуттан кейін сәбиді дүниеге әкелдім. Бір қаншық қасқыр абайлап қана кіндікті кесті де, жанындағы құрбысы екеуі сәбиді жалай бастады. Басқа қасқырлар мені жылытпақ болып одан сайын жақындай түсті». (сөзбе-сөз массагет сайтынан алынды)

Көп ұзамай Мэри Краниктің туыстары келіп тауып алады. Ал адам сенгісіз әрекетке барған қасқырлар үйірі бала мен анасын сол жерден алып кеткенше алыстан бақылап тұрған.

Мэри Краник күні кеше ғана тілшілерге сұхбат беріп, кішкентай Билл (қасқырлар босандырған ұлы) екеуінің бір үйір қасқырды іздеуге шығатындығын мәлімдеген.
Әрі қарай

Қармақшылық тұрғын қандай тылсымның бұйрығын орындап жүр?

Блог - berkut: Қармақшылық тұрғын қандай тылсымның бұйрығын орындап жүр?Кешелі-бері БАҚ бетінде Қызылорда облысы Қармақшы ауданының бір тұрғыны туралы ақпарат тарап жатыр. Рас болса ол он төрт жылдан бері өзге түгілі өзі де түсінейтін белгісіз белгілерді жазады екен.

Жұмбақ жазудың иесі Бауыржан Орынбаев. 31 жаста. Түініксіз жазуларды 17 жасынан бастап жаза бастаған. Бүгінде құпия жазбаларының саны 41 қалың дәптерді толтырып үлгеріпті. «Бауыржаннан өзі жазып-сызған белгілерді оқып беруін сұрай қалсаңыз ол еш мүдірместен зуылдата жөнеледі. Алайда Бауыржан жазған-сызғандарының мән-мағынасын ашып айтып бере алмайды. Ол оқып жатқанда құдды бір қисса-дастанды жатқа айтып жатқандай әсерге енеді. Бауыржан айтқан сөздерді ести қалсаңыз не араб, не парсы халықтарының көне тілі ме деп қаларыңыз анық. Себебі, әр сөздің дыбыс-ырғағы араб-парсы тіліне өте ұқсас келетінін аңғарасыз. Ал оған белгісіз бір дауыс «осыны жаз-сыз!» деп бұйыратындай», – деп жазады басылымдар.

Бір қызығы Бауыржан өз жазбаларын дін өкілдері мен ғалымдарға көрсеткенімен, әзірге бұл тылсым күш, белгісіз құпияның сырын аша алмапты. Сіз қалай ойлайсыз? Ол не болуы мүмкін?
Әрі қарай