Алдамшы дәурен

Әлеуметтік желілердегі таныстығымыз реалға ұласты. Былайша тәуір көреміз бір бірімізді. Емешегіміз езіліп тұрады онлайнда. Бір күні жұмыстан шығып, оның жұмысына бардым. Жобалау институтында жоба менеджері екен. Күтпеген жағдай болды ол үшін. Бірден паркке тарттық.
Дендропарктегі кассадан ақшаны төлеп, кіру билетін алуым сол екен, шар алып алдымнан атып шықты. Құдды кішкентай. Алдымда еркелеп мәз болып келеді. Еркенің еркесі енді…
Бірақ өзіме ұнайды. Қатал өскендіктен, қылықтарын кішкентай балаға ұқсатамын. Газельде, автобуста отырғанда, басқа қыздарға қарауым мұң екен, бұртия қалады. Менің назарымды толық иемденгісі келеді. Тәлпішім-ай!!!) Осылай күндер өте берді. Қыдыру да қыдыру.
Оқиға күтпеген жерден болды. Бұрынғы «махаббатсымағы» пайда болыпты. Ресепшнде жұмыстан шығатын уақытта күтіп отырғам, қасыма бір жігіт келіп ырсылдап отыра кетті. БІр кезде телефонымен сөйлесіп келе жатқан еркемнің даусы шығып келе жатты. Қасымдағы жігіт менен де тез орнынан қарғып тұрды. Қайтер екен десем, қасына жетіп барып, бетінен сүйіп амандасып қал жағдайды сұрап барады. Түсінбей состиып біраз тұрдым. Керегім жоқ сияқты. Біраздан соң маған бүгін бірге қыдыра алмайтынын айтып, ана жігітпен кете барды. Пайдаланылып, сол жерде қала бердім…
Бөлісу:

6 пікір

dindar
қатырған екен сізді) «перед носом», қызық жағдай
MamaAya
))) ұқсас жағдай,,, мен де біреумен дос болатынмын, ни больше,,, тек жақсы достар,,, маған ол тек уақыт бірге қызық өтетін адам,,, бірақ ол мені сыртымнан қызым деп таныстырып жүрген)))) алдымыздан сол айтқаны шыққанда қатты ренжіскенбіз!))) сол кезде мені ұнататынын айтқан!!! мүмкін өзіме айтқанда жүрер мек ек??? ол тек қасымда сумкамды көтеріп,,, күлдіретін де жүретін ғой))) басқаша ұнатат деп ойламаппын да!)))
neoaskar

Мүмкін, келесіде, қыздардан бірден сұрап алшы, жігітің бар ма деп, бар десе, оған басқалай шығынданудың қажеті жоқ. бәрібір дәл осындай жағдай болады.
neoaskar
Күндердің бір күнінде, сенбінің сол кешінде, бір жап жас қызбен жүріп жүргенмін. Шақыртусыз үйіне барып (ол кезде кв жалдап тұрып жатқан). барсам үйінде екен, отырып шәй іштік, әңгіме құрдық. бір кезде далаға шығып кетті. өзім тв қарап отырғанмын. қой деп, шәйдің кайфімен көп ішім қойсам керек, далаға шығып келейін деп жалғыз есікті 1,5х1 болатын мәдениет сарайына барып қайтайын деп, үйден шықсам, сол қыздың өзімен шамалас, (негізі мен одан 8 жас үлкен едім де) үш жігіт тұр, көршілері ғой деймін, үстеріне кигендері алыстан емес, үйден жаңа шыққан адамдарға ұқсап тұр, сөйлесіп тұр екен. бір мәдениет сарайынан шығып келсем әлгілерім «фыр» етіп жоқ болып кетіпті. әлгім үйде отыр.
қой дедім, мен келгенде басқалармен сөйлесіп жүрген адам, мен жоқта басқалай болар деген оймен, қарамды батырғанмын содан кейін…