Тілегім бар

-Қымбат автокөлік алмаңдар, доллар қымбаттайды, -т.с.с. сөздерді жақтамаймын.
Дегенмен, соңғы екі жылдағы бағаның көтерілуі алаңдатады. Автобус бағасы 50% бірден көтерілді, 40 теңгеге 20 тенге қосылды. Доллар бір күнде 20 теңгеге қымбаттап құны 185-ке теңесті.
Қарапайым арифметика. Түсінікті натурал сандар.
Жақсы автокөлікті немесе соңғы үлгідегі смартфонды т.с.с. сапалы аяқ киімді, өмірлік маңызы бар дәрі-дәрімектерді –қысқасы: елде жоқ тауарды сатып алуына тиым жасай алмайсың.
Экономикалық саралауымды тоқтатайын.
Сонымен не айтқым келеді дейсіздер?
Теңгеміз тәуелсіз болса ғой. Оған деген сенім берік болса, ақша құны туралы сәл ұмытсақ, ісімізде оң болар еді.
Утопиялық идеялар түбінде рационал идеялар әкеледі демекшімін. Утопияның ішінен рационал шешім іздейік. Теңгеміз туралы идеям -бірінші утопиялық идеям болсын.
Әрі қарай

Қазақша Firefox және Libreoffice

IT маманның кеңестері: Қазақша Firefox және Libreoffice
Қайырлы күн!
Араларыңызда компьютерді қазақ тілінде қолданам дейтіндерін бар ма, бар болса, сіздерге төмендегі жаңалық пайдалы болады деген ойым бар. Кеңінен қолданылатын веб браузері Mozilla Firefox-тың қазақша нұсқасы бар болғаны туралы бұрынғыдан да білетін шығарсыздар. Кейбіреулерін оны біраз қолданып та көрген шығар.
Енді қазақ тілінде еркін бағдарламалар қатарына Libreoffice те қосылды. Бұрында болған (OpenOffice заманынан қалған) аудармасы кетірілді, және нөлден бастап жасалды. Міне, жүктеп алу сілтемесі. Орнату кезінде қазақ тілін таңдау керек болады.
LibreOffice және Firefox қазақша аудармалары стиль жағынан бірдей. Біреуіне үйренсеңіз, екіншісін де қолдана аласыз.
Ұсыныстар, түзетулер не басқа пікірлеріңіз болса, біздің форумда қалдыруға болады.
Айпақшы, қазақша емлені тексерудің жаңа сөздігі жасалып жатыр.

Скриншоты кат астында.
Әрі қарай

Эстафеталық есеп беру. 1-ші күн

Жазатын дым жоқ ©

Керектің статистика агенттігі: Эстафеталық есеп беру. 1-ші күн

Керектің алтын тарихына алюминий әріптермен жазылатын кезекті эстафетаның ақырғы демі шығып, Аид патшалығына жүріп кетуіне біраз минуттар қалғанда Айым есімді Шымкенттің келіні Жебірейіл періштенің кейпіне еніп, құтқарып қалды. Осы жерді аз-мұз болса да бір серпілту үшін жасалған бұл эстафета өзінің миссиясын сәтті орындап жатқан секілді. Талай-талай қызықты да бұзық, қиқар да қисық сұрақтардың, орынды да мәнді жауаптардың куәсі болғандарыңызға, болатынымызға күмәнім жоқ. Кезіндегі админ ағамыздың таныстырулары, кейінгі түрлі-түрлі блиц-сұхбаттардың жалғасы боларлықтай осы керектің құрметті қолданушыларын танып-білуге мүмкіндік беретін бұл эстафетаны өзімше қорытындылауға тырысып бақтым. Енді сол сөзімнің дәлелі болсын деп осы эстафета арқылы: не білдік, не ұқтық және нендей қызықтар болды?! сол жайлы айтпақшымын, яғни жазбақшымын.
Әрі қарай

Сегіз қырлы, бір сырлы декреттегі әйел

Декреттегі әйел жан-жақты болуға үйренеді. Өзіне хобби табады, бұрында қолы тимей, ойластырған істерді қолына алып, сурет салады, тоқып, тігінмен айналысады, тіпті би билеп үйреніп, дауысы шығып, сыңғырлап ән айтады. Көршілермен араласып, жаңа мамашалармен танысады. Шабыттанады, қиялданады, эксперимент жасайды. Бұдан артық қандай бақыт керек!
Ең бастысы қорықпай, уақыттың жеткеніне байланысты қызығушылық тудыратын барлық істі бастап, осындай қолайлы кезеңде үйреніп алған жөн деп ойлаймын.
Кей әйелдердің үйде баламен отырып шаршадым, миым ашып, жынданып кететін болдым дегені бар. Мүмкін оларды түсінуім үшін декреттен шықпай жатып қайта декретке бірнеше мәрте шығуым керек шығар.)))
Төменде менің қызыма арналып жасалған дүниелердің бірі.

Блог - dindar: Сегіз қырлы, бір сырлы декреттегі әйел
Әрі қарай

Айтатын қалмады сөзім

Ғалымжан Молданазардың «Жылайды жүрек» әуенімен
Айтатын қалмады сөзім,
Шыдайтын қалмады төзім.
Құны жоқ жалған бұл ақша,
Жетті ғой сенің де көзің.

Қан жылап жүрек қалған -ай,
Тұнжырап жұртым солған-ай,
Ұзамай ұлттық теңгенің
Қанаты талып қалған-ай.

Сыздайды жүрек
Жинағым жүдеп,
Қинайды мені
Кеудемді кернеп.
Зулайды доллар
Өзекті өртеп,
Күйіп барады
Жинаған теңгем.
Әрі қарай

17 ақпан күні «31 арнада» «Сен келерсің» атты жаңа телехикая көрерменге жол тартады

Бұл – бір отбасының тағдырын суреттеу арқылы Үндістандағы күллі мұсылмандар өмірін бейнелейтін ерекше оқиғаға толы фильм. Хикаяда қаншама қиындықты бастан кешірсе де мойымай, жауласқан екі отбасын татуластыра алған, анасының өлімінің құпиясын анықтап, әкесін және махаббатын тапқан өжет қыздың басынан өткендері баяндалады.
Блог - 31arna: 17 ақпан күні «31 арнада» «Сен келерсің» атты жаңа телехикая көрерменге жол тартады
Өмірлік құндылықтарды ұлықтайтын адал жандар туралы баян. Үндінің драмалық телехикаясының басты кейіпкерлері – сенім мен махаббатты ту етіп көтерген жандар. Олар Алланың ақ жолында түсіп, өзара түсіністік пен татулықта өмір кешкісі келеді. Ұзақ жылдар бойы тағдырдың жазуымен бөлек тұруға мәжбүр болған ағайынды Асад пен Аян – бұл фильмнің басты кейіпкерлерінің бірі. Алшақ өмір сүргенмен жүректері бірін-бірі аңсайтын екі бауырды ешкім ажырата алмайды. Жалғандық пен сатқындыққа жаны қас, сүйкімді қыз Зояның тағдыры бұл хикаяға арқау болған. Зоя қаншалықты ауыр екеніне қарамастан, бірін-бірі өмірлік дұшпан санайтын екі отбасын біріктіру міндетін өз мойнына алады.
Бхопале – әйел басшыларымен аты шыққан Үндістанның шағын қаласы. Ағайынды Асад пен Аян осы қалада тұрады. Әкелері бір болғанымен, шешелері бөлек. Әкелері бірінші некеде бақытты болмаған екі бауырдың қарым-қатынасына ағайын-туыстың алауыздығы үнемі сызат түсіріп отырады. Бірақ соның бәріне қарамастан Асад пен Аян жасырын кездесіп, бірге өседі. Бір күні ағайынды екі жігіт мешітке барып, сұлулығы көз сүріндірер Зояны көріп қалады. Той көйлек киіп алған, бірақ өмірге ренішті бойжеткенмен кездесу олардың алдағы тағдырларын түбегейлі өзгертеді. Одан әрі екі жігіттің болашақ өмірі мешітте кездескен бейтаныс ару — Зоямен тығыз байланыста өрбиді.
Зоя өткен өмірінің құпиясын ашу үшін Америкадан Үндістанға келеді. Нью-Йоркте өмір сүрген мұсылман қыз Америка мәдениетін бойына сіңіріп, өз пікірінен танбайтын, табанды болып өскен. Туыстары қызды күштеп тұрмысқа беруге тырысқанымен, қыз әкесін тауып, анасының қалай өлгенін анықтап білу мақсатында өз тойынан қашып кетеді. Бірнеше күннен кейін Зоя ағайынды екі жігіттің үлкенінің көршісі атанады. Ал кішісі жұмбақ бойжеткенмен телефон арқылы танысып, ұзақ уақыт кездесе алмай жүреді. Нәтижесінде Зоя Асадты күнде көреді де, ал Аянмен («Робертпен») Мона болып тек қана телефон арқылы тілдеседі.
Блог - 31arna: 17 ақпан күні «31 арнада» «Сен келерсің» атты жаңа телехикая көрерменге жол тартады

Асад пен Аянның туысқан екенін білмейтін Зоя кездейсоқ олардың әкесімен танысады да, оған Асадтың анасы, бірінші әйелімен татуласуға көмектескісі келеді. Әкесін іздеп жүрген бойжеткенді іздеудің соңы Рашидтің үйіне алып келіп, анасының өліміне себепші болған «қуыршақ фабрикасының» өртіне қатысты қылмысты ашуға көмектеседі. Рашид отбасымен бірге тұратын Разия Сидики қыздың нағыз әкесі өліп қалғанын, ол үшін Үндістанда қалудың керегі жоқ екенін айтып, Зояны елден кетуге көндіруге тырысып жүрсе, бір жағынан жеке өмірінде Танвир атты бейтаныс қыз оның бақталасына айналады.
Фильмде, сондай-ақ, әр түрлі елде туып-өскен (Үндістан мен АҚШ) мұсылмандардың діни дәстүр-салтына жаһандану үдерісінің әсері, миграция мәселелері, қазіргі үнді қоғамындағы діни көзқарастарға тәуелсіз орын алып жатқан құбылыстар көрініс тапқан. Мәселен, нәсілі мен терісінің түсіне қарай шеттету, полицияның билігін асыра пайдалануы сияқты жайттар фильмде жиі кездеседі.

17 ақпаннан бастап «31 арнада»! Дүйсенбі мен жұма аралығында 21:00-де!
Әрі қарай

Құштарлық

Мақпал түндер жұлдыздарын жаққанда,
Мен ұқсаймын бақытымды тапқанға.
Бүгінімді ертеңіме жалғаған,
Құштар жаным арайланған ақ таңға.
Әрі қарай

Қазақстан Vs Қазақ елі.

Президенттін Қазақстан атауын өзгерту туралы айтып қалды. Халықтың пікір білу үшін www.kazakeli.kz/ деген саитта ашылды. Казахстан атауын өзгертуге қарсы болып жатқандардың көбісі орыстілді, қолдайтындардың көбісі қазақтілді екені интернетте айқын байқалады. Мен озім vk.com/mambi4kz саитында жүремін ондағылардын көбісі қарсы. Сіздер Қазақстан атауын Қазақ елі деп өзгертуге қалай қарайсыздар?

Блог - alex: Қазақстан Vs Қазақ елі.
Әрі қарай