Өмір туралы ойыңызға өзгеріс керек болса...

Бұрын бұлай болмады білем. Қазір қарасам қоғам құруда. Мойындаңыз мұңға* мойынсұнғандаймыз. Интернетке иілдік. Ақпаратты аңдығандардың арпалысы. Жастар Желінің жетегіндегі жендеттей. Фейсбуктің фишкасы — фолловерлер, «фейковый» философтар. Твиттерде тәжірибелілер төңкеріс тұтатады. «В контакте»-де виртуалды «везунчиктер» *. Назарда — негатив. Налытады… Санаға стереотип салынған.
Осы сынды күнделікті күйбелеңнен шаршағанда, бос уақыт тауып, пайдалы позитивті пәлсапаны Пауло Коэльоның «Алхимик» кітабынан іздеп көріңіз. Автор адам өмірінің мәні неде екеніне жауап беруге тырысады. Кітаптар әлемі: Өмір туралы ойыңызға өзгеріс керек болса...Өміріңізге өзгеріс әкелері сөзсіз.

*мұң — қазіргі кездегі бұқаралық ақрапат құралдарының бұқара халыққа өміріндегі қандай жағдай болмасын кінәні өзінен іздеуіне итермелеу, соған сендіру. Әлеуметтік желілердегі «типа» философиялық сөздер, афоризмдер.
*«везунчиктер» — «жолы болғыштар». Тағы да жастар арасында кең тараған әлеуметтік желілердегі байлыққа, ақшаға, билікке «оңай» қол жеткізуге болатындығына сендіру.
Әрі қарай

Фотобайқауға: Қарағандының 80 жылдығына арналған фотосуреттер

Қарағандының 80 жылдығына арналған фотобайқауға қатысар алдында, не түсірсем екен деп көп ойландым. Қарағандының тұрғыны болғандықтан, BlogCamp-ке алыстан ат терлетіп келетін блоггерлерге, мен үшін Астанадан кем түспейтін қаламның бар әдемілігін көрсеткім келді. Сондай — ақ жайдары тұрғындарын. Ендеше, көп созбай, бастайық!!!
1. Қарағанды — өнер ордасы! Cәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театры.
Блог - PerizatKarim: Фотобайқауға: Қарағандының 80 жылдығына арналған фотосуреттер
2. Әсемдігімен Әзірет Сұлтаннан кем түспейтін мешіт.
Блог - PerizatKarim: Фотобайқауға: Қарағандының 80 жылдығына арналған фотосуреттер

3. Ақжолтай жабық мұз айдыны.
Блог - PerizatKarim: Фотобайқауға: Қарағандының 80 жылдығына арналған фотосуреттер
4. Қарағанды вокзалынан шыққан бетте қарсы алдыңызда қасқайып тұратын Қаныш Сәтбаевтың ескерткіші.
Блог - PerizatKarim: Фотобайқауға: Қарағандының 80 жылдығына арналған фотосуреттер

5. Біразға дейін шулатқан Қарағанды қонақ үйі
Блог - PerizatKarim: Фотобайқауға: Қарағандының 80 жылдығына арналған фотосуреттер
6. Қарағанды жастарының жиі бас қосатын жері — «CITY Mall» сауда орталығы.
Блог - PerizatKarim: Фотобайқауға: Қарағандының 80 жылдығына арналған фотосуреттер
7. Қара шаңырақ — ҚарМУ!
Блог - PerizatKarim: Фотобайқауға: Қарағандының 80 жылдығына арналған фотосуреттер
8. Қара көмірдің астанасы Қарағандыға шолуды аяқтайтын Тәуелсіздік монуметі
Блог - PerizatKarim: Фотобайқауға: Қарағандының 80 жылдығына арналған фотосуреттер
P.S. Қарағандыдан қытайлықтарды көрсеңіз, таң қалмаңыздар! Тек біз ғана емес, олар да Blogcamp-ті асыға күтуде…
Блог - PerizatKarim: Фотобайқауға: Қарағандының 80 жылдығына арналған фотосуреттер

Ботабек Тілегенов-"Қарағандының 80 жылдығы" видеобайқауына"

«Төрлет » сайты техникалық себептерге байланысты уақытша тоқтап тұр. Сайттағы блогы бар балалар бәйгеге дайындаған материалдарын жариялай алмай жатыр. Ботабек Тілегенов атты жігіттің видеобайқауға ұсынған дүниесін қабыл алыңыздар.
Әрі қарай

Қарағанды қаласының жаңа ғимараттары

Сәлем, блогерлер! Көптен бері блогқа жазуды қойып кетіп едім. Оқуға байланысты жоспарларым да басқаша еді. Астанадан Алматыға баратын пойыздан қалып қоюым менің блог жүргізуді қайта қолға алуыма себеп болды. Блогқұрылтайдағы байқаулар да адамға шабыт береді екен.

Енді іске көшсек. Биылғы БҚ-да "Қарағанды қаласына 80 жыл" деген бірнеше байқау болғалы жатыр. Солардың бірнешеуіне қатысу үшін Қарағанды қаласына өз бетімізше блогтур жасадық. Білгенімізден білмегеніміз көп болды, қызықты жағдайлар да болды. "Қарағанды қаласына 80 жыл" фотобайқауына заманауи Қарағандының фотоларды ұсынып отырмын.
Әрі қарай

Мұхтар ШЕРІМ. МЕНІ АТЫП КЕТТІ...

Блог - Satira: Мұхтар ШЕРІМ. МЕНІ АТЫП КЕТТІ...Блог - Satira: Мұхтар ШЕРІМ. МЕНІ АТЫП КЕТТІ...
Естімедіңіздер ме? Мені атып кетті… Тура жүрегімнен, сосын «кәнтрөлный» деп қақ маңдайымнан атып тастады. Әуелі не үшін атқандарын сұрағым келген, үлгере алмадым, сұрауға уақытым да жоқ еді, жан тәсілім етіп бара жатырмын ғой. Бір кезде өлі денемнен Жан болып ұшып шықтым. Жеп- жеңілмін, бес грамм да шықпайтын шығармын? Мәйітімді қимай тұрып: «Е-е, бейшара қазақ, неге өлгеніңді білесің бе? Билікке жақпай қалдың. Жаңаша ойлай бастадың, жағымпаздануды білмедің, кландарға қырғи болдың, өтірік патриоттар мен ұраншылдарды әшкереледің. Ал, не болды? Өлдің де қалдың… Сауап саған!» дедім мырс-мырс күліп.
Бір қызығы, менің даусымды ешкім естімеді, ешкім мені көрмеді. Шөлдеген соң су ішіп едім, сұлбамның әр жері жыртық екен, сарылдап ағып кете берді. Қарасам, мені атып тастаған жалдамалылар қарқ-қарқ күліп, көліктерінде кетіп барады екен, ұшып барып, біреуінің басына салып қалдым. Ол «Саған не болды?» деп жанындағы қанішерден сұрады. «Өй, сен неге мұрнымның ішіндегі жүнімді жұлып жатырсың?» деп сұрады анау бұрылып. Жыным келді. Беттеріне түкіріп едім, бір-бірінен: «Неге жылап отырымыз, а?» деп сұрасты. Ұшып жүрмін. Қазақстанымды айналып. Құдайым-ау, әділетсіздіктерден көз ашпай келеді екенбіз ғой! Сотың да, финполың да, салықшың да, білім министрлігіндегі шенеуніктер де пара алып жатыр! Бәрінің қолдарын қақтым, беттерін тістедім, жүгіріп келіп теуіп жіберемін. Былқ етсейші. Енді… Мен әшейін… Жанмын ғой. Сұлбамын… О тоба, ертеңіне мен туралы газеттерде былай деп жазыпты: «Ол өзін-өзі жек көргені соншалық, өзін-өзі аямастан төрт рет атты… Тірі болғанда, өзін атқаны үшін сотталатын еді...» депті. Билікте бет жоқ екен ғой! Ішкі істер министрінің кабинетіне ұшып бардым. Министр кофе ішіп отыр екен. «Оңбағансың! Қалай ұялмайсың, а?»-- дедім айқайлап. Естімеді. Кофесінің ішіне түсіп, шомыла бастаған едім, ол мені ішіп қойды. Кеңірдегі арқылы сырғанап, асқазанына топ етіп түстім. Асқазаны қап қараңғы екен, не свет жоқ, не газ жоқ, не теледидар жоқ, жата-жата ішім пысты. Өзінің де мемлекеттен жемеген нәрсесі жоқ екен! Асқазанының экологиясы жүдә нашар… Кеңірдегіне жабыса өрмелеп, жүрегін тыңдадым. Сөйтсем, тапсырыс алушылар тағы бір саяси тұлғаны көмекшілерімен қоса атып тастапты. Жүрегі соған қуана соғып тұр! Ол есінеп жатқанда, аузынан ұшып шықтым. «Қазақты қазақ қорлады-ау!»-- деп күйініп, шекара жаққа ұшып келсем, құдайым-ау, шекара генералы шпиондармен шәй ішіп отыр! Біз жаққа өткізгені үшін пара алды менің көзімше… Мойнынан қылғындырып едім, тамағын қасыды да қойды. Көзін шұқып едім, көзін жұмып қалғанда, саусағым кірпіктеріне қысылып қалып, айқайлап жібердім. Жаман ауырып кетті… «Құдая бетің құрысын!»-- деп ұшып кеттім. Ұшып жүрсем, көкте мен сияқты ЖАН рухтары көп екен! Жер бетіндегі жазықсыз қырылғандардың Жандары қалықтап жүр. Желтоқсан құрбандарының, Жаңаөзенде қырылған¬дар¬дың ЖАН періштелері ұшып келіп, менің атылып өлгеніме көңіл айтып жатыр. Бір кезде біреу иығымнан түртті. Жас жігіттің Жаны екен. «Аға, Америка президенті Обама әйелімен ажырасайын деп жатыр дейді, әйеліне қырындап қайтсам бола ма?» деп сұрайды. «Жындысың ба? Олар тойғаннан ажырасады, өзің неге өлдің?» деп сұрадым. «Бір байдың баласы машинасымен мыжып кетті… Бірақ сотталған жоқ...» --деді ол мұңайып. Содан жарық дүниедегі үйіне қонаққа шақырды. Үйіне барсақ, жылы өтпей жатып, әйелі көңілдесімен құшақтасып отыр екен. Жігіттің жыны келіп, әйелінің шашынан тартты. Көңілдесінің кіндігін шұқылады. Мұрнынан шертті. Олар елең қылмай, шешіне бастағанда, ұял¬ғанымнан ұшып кеттім. Ал, ұялмайтындар жер бетінде жыбырлап жүр… Әй, адамдар-ай, кейбірің адам емессіңдер ғой!
Әрі қарай

МұхШЕР. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ, ҚАШЫП КЕЛДІ!

Блог - Satira: МұхШЕР. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ, ҚАШЫП КЕЛДІ!Көршімнің көздері алақандай, көзінің қарашығы тарақандай болып, үйге жүгіріп келді:
--Кеше кеткен қызым күйеуінен қашып келе жатыр, енді қайттім? Масқара болдым ғой!—деді. Далаға шығып, көшеге көзімді «қыдыртып» жіберсем, келе жатқан көршімнің қызы емес, өзімнің өгіздей қызым! Қуанып кеткен көршім, «Қателескеніме шүкір! Қызың қашып келді, құтты болсын!»-- деді де, кетіп қалды. Шынында, қызымның байдан қашып келгені рас болып шықты.
--Қайта шапқан қабан жаман, қайтып келген қыз жаман. Ия, неге қаштың?—деп сұрадым мен.
--Ұя бейеді..--деді қызым.
--Кім?
--Жекеменшік байым…
--Ойпырмой, біздің шықпаған жанымыз-ай! Осы әкең ай сайын ұрып тұрмаса, ұнжырғам ұн болып, арқам құрысып кетуші еді. Сонда не дейді?
--Шақаушың дейді…
--Бір балалы болғанша үндеме дедім ғой! Сақау екеніңді қалай білдіріп қойдың ойбай?
--Өжі ғой…
--Немене, өжі ғой?
--Той өткен соң төшек сал дейді…
--Е, салмадың ба?
--Бұйын ейкектің қашына кім жатип көйіпті? Би түйлі қойқып, енемнің қойнына қойып кеттім…
--Күйеуің күтірлетіп жеп қояды деп пе едің?
--Ұйқышы жама-ан. Түнде қойылдайды. Тула тлактл шияқты…
--Күйеуің ұрса, қаматып қоймайсың ба? Сондай заң шықты ғой!
--Ұйғанын дәлелдей аймаймын ғой.
--Неге?
--Жатқыжып қойып, табанымнан тебеді…
--О, оңбаған күйеубала! Жарайды, ұрыпты мейлі… Ұрса қашып келе бересің бе?
--Өжі ғой.
--Немене өжі, өжі?
--«Жұмитқа жұтып алғаншың ба, не? Неге үндемейшің?» деп башымнан шалып қалды. Мен бетін тинап алдым! «Аптиамайт, атаңа нәлет!» дедім.
--Жүдә қатырыпсың!—дедім қызымның басына салып қалып. Артынша көрші әйел жүгіріп келді:
--Құт… құттықтаймын көрші, тағы бір қызың қашып келді!
Шынында рас екен, Алматыда тұратын ортаншы қызым сүмірейіп келіп тұр. Көрші әйел: «Ойбу-у, нан ашытып қойып едім!» деп кетіп қалды.
--Әй, сен неге қашып келдің?—деп сұрадым мен.
--Өжі ғой...—деді қызым бұртиып. Бұл да сақау болатын.
--Немене өжі?
--Дебалбашия басталды, банкиот бойдым деп мені ұя бейеді.
--Ойбай, теңгенің құнсыздануына сенің қандай қатысың бар?
--Ұйттық банктің баштығы Кейімбетивті неге жақтайшың дейді. Сол теңгені өлтиген дейді. Екеуміз ұйшып қалдық.
--Бәләйдық, бәләйдық! Күйебала да жетісіп тұр ма еді? Кекеш еді ғой… «Елдегі аштыққа, қымбатшылыққа менің қандай қатысым бар?» демейсің бе?
--Өжі ғой.
--Немене өжі?
--«Жұйттың бәйі митингіге шығып жатыл, жүй кеттік!»дейді. Баймайм десем "қойқақ қатын екенсің!«деп бетіме түкиіп-түкиіп жібейді!
--Бетін тинап алмадың ба?—деп қалды үлкен қызым.
--Сен тыныш отыр! Бет тырнағышын! Не, оның беті қотыр ма еді, қасып беретін!—деп болғанымша, көрші әйел жүгіріп келді:
--Көрші, құт… құт…
--Әй, аузыңдағы құртыңды алып барып сөйлеші!—дедім мен.
--Кіші қызың қашып келе жатыр, құтты болсын!
--Табалап тұрмысың? Жоғал әрі!—дедім мен қалшылдап. Шынымен рас екен, кіші қызым қорсылдап, жылай кірді. Даусын-ай, әнебір әнші бар еді ғой? Витас сияқ¬ты сызылтады келіп…
--Әй, не болды сендерге бүгін?—деп сұрадым мен апалы-сіңіліліер бір-бірімен құшақтасып көрісіп жатқанда.
----Өжі ғой...—деді кіші қызым сыңсылап. Ол да сақау еді, құдай-ай…
--Немене өжі?
--Түнде байып, бажайды өйтеді де, қашып кетті…
--Қайда ойбай?
--Бимейм.
--Базарды өртеген байың неге өртеніп кетпейді ойбай! Жоғалыңдар! Көздеріме көрінбеңдер! Теңгеден бұрын сендер құнсызданып кеткенсіңдер! Ұятсыздар!—деп жер тепкілеп тұрсам, қасымда ешкім жоқ. Қыздарым қашып кетіпті. Бір кезде көршім кіріп келе жатыр…
--Қ-қашып келді...—деді ол.
--Кім ойбай?
— Білмеймін, күйеуің бір топ полициядан қашып келеді!
Мен не дерімді білмедім. Бар болғаны әндете, қолдарымды көкке жайдым:
--О, жасаған, қыздарымның бәрі бәрі қашаған… Алматыда митингі, не демейді, аш адам…
Әрі қарай

Мұхтар ШЕРІМ. ЫРЫМ-ЖЫРЫМДАР...

Блог - Satira: Мұхтар ШЕРІМ. ЫРЫМ-ЖЫРЫМДАР...--Қыздарға мың үйден тиым… Өйткені, қазіргі қыздардың аяқтары емес, ауыздары жүреді…
--Келіншектердің талтайып тұруына болмайды… Жабыстырып киген шалбар-ла¬ры айырылып кетеді.
--Әйел қойдың басын мүжімейді, мүжісе күйеуінің басын мүжіп кетеді…
--Өз құдығыңа түкірме, көршің де түкіріп кетеді…
--Банкті айналып жүгірме… Бәрібір несиеңді кешірмейді.
--Алқаштарға қолыңды шошайтпа… Ақша сұрайды.
--Парақор әкімнің қолын алма, «парақорлық вирусы» жұғып кетеді…
--Саясатқа барма, саясат сайқал, жүргіш. Көңілшек қыздар сияқты бұзылып ке¬те¬сің.
--Өз желкеңді өзің тістеме… Аузың созылып кетеді…
--Халықтың нанын тартып жеме, оқ атпа, Украйнаның сұм президенті сияқты қашып жүресің, аяғыңды әр жерден басып жүресің…
--Қазақстанның керегесін керме, табалдырығына тышпа… Геморой боласың.
--Шпион көрсең, шәй берме… Шекараңды тіліп кетеді.
--Екіқабат әйелге теңге ұстатпайды. Ұстатса, теңге құнсызданып кетеді…
--Билікте жүріп ысқырма… Ресейге елші болып кетесің…
--Түнгі көбелек қыздарды құшақтама, оларды айналып жүгірме… Шайтан ұрады.
--Бастығыңның бетіне үрлеме, тырнағын тістеме… Кісілік жұғады.
--Жұрт алдында мұрныңды тазалама, ышқырыңды қасыма, аспанға түкірме, тіліңді сумаңдатып, шығара берме… Жындыханада жатқаныңды біліп қояды.
--Қыздар, жігіттерге сұқ саусағыңды шошайтпа, күйеуге тимей қаласың…
--Түнде « Водаканалға» барма...(суға) Баға қымбаттап кетеді.
--Қымбатшылыққа басыңды шайқама, таңдайыңды тақылдатпа, жындыбас боласың.
--Депутаттарға күлме, тіл тигізбе… Өз басыңа келеді…
--Билік желіне қарсы түкірме, билік дауылына қарсы дәрет сындырма… Өзіңе шашырайды.
--Жексұрын бастығыңның қасында жел шығарма… Бірге иістенесің…
--Қазақ тіліне ерніңді шығарма, боқтама. Ернің жырық болады.
--Табаныңды қасыма, жемқор болып, шетелге қашып кетесің.
--Министрдің қойдың миын жеуге болмайды. Мисыз, миғұла министр болып кетеді…
--Таяққа сүйенбе, күйеуіңе сүйен. Күйеуің сонда тоқал алмайды.
--Әйеліңді ұрма, қолың сал болып қалады…
--Ұйықтап жатқан енеңді аттап өтпе. Енеңе қарай жүгірме. Тентексің бе не?
--Әйелдер мерекесі қарсаңында ақша санама… Кедей боласың.
--Қазақ қыздарының алдын негр кесіп өтсе, жолы болмайды. Оған тигенмен, бақытсыз боласың.
--Бензин колонкасына қарап тырқылдап күлме, мұнайлы ел болсаң да бензин қымбаттап кетеді.
--Депутат болсаң, жағыңды таянып отырма, тістерің түсіп қалады.
Мен шығарған ырымдар мен жырымдар осындай. Сіз өзі ырымға сенесіз бе, әлде халыққа өтірік есеп беретін әкімге сенесіз бе?
Әрі қарай

Мұхтар ШЕРІМ. ҚАҒЫНҒАН ҚАНДЕН...

Блог - Satira: Мұхтар ШЕРІМ. ҚАҒЫНҒАН ҚАНДЕН...Қандекеңді бәріңіз білетін шығарсыздар? Қанден итті айтамын да? Анаған да, мынаған да үре беретін ше? Көлеңке көрінсе де, шәуілдей беретін… Ресей думасының депутаты Владимир Жириновский, ия, ия Жырындовский Алла тағаланың құдыретімен… астапыралла, таңертең көзін тырнап ашқаны сол, қойнында қасынып жатқан қатыны қарғып тұрып:
--Мама—а-а! Ит… Итпісің?—деп сұрады қалшылдап.
--Итің не ей? Владимирмін, байыңмын...—деп есінеді ол.
--Айнаға қарашы, басың иттің басына айналып кетіпті!
Жындыбас атып тұрып айнаға қараған, тік тұрған шашы да, өзі де шалқа-сы¬нан түсті. Әйелі айқайлап жылап жүр:
--Айттым ғой саған, қазақтарға тиіспе, киесі ұрады деп! Енді не болды? Ит бас болдың!
--Боже мой! Маған не болған?
--Ит болдың! Қанден күшік болдың! Овчарка болсаң да мейлі ғой!
--Мен Қазақстан туралы не деп едім?—деп сұрады Жырындовский.
--Анау Лимонов деген есалаңға қосылып, сен де үрдің. Бұрыннан үріп келесің ғой! «Қазақстанды тарату керек, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан обшым Орта Азия Ресейдің округтары болуы керек, орталығы-- Верный қаласы! Алматы сөзін қазақтар шығарып алған...» дедің бе, дедің! Украйнаны да бөліп алғың келе қалды! Не болды саған, итім-ау… ой извени, жаным-ау?»--деген әйелі отыра қалып жылап жатқан. Бірте-бірте қанден күшікке тұтас айналған Жырындовский пәтерінен шығып кетті… Қыңсылап анда барды, мұнда барды. Қоқыстың жанына келіп, бір аяғын көтеріп, дәрет сындырып тұр еді. Орыстың бір алқашы құйрығына бір тепті. Бұл қыңсылай қашты. Жырындовский екенін қайдан білсін ол? Содан вокзалға келді. Қарын аш, іші ұлып барады. «Шіркін-ай, бір үзім нан болса… Оттап жүргенімнің бәрі тоқшылықтың арқасында екен ғой...» деп ойлады қанден күшік. Бір әйелге ілесіп пойызға отырғаны есінде. Ұйықтап тұрса, Алматыда, өзінше айтсақ, «Верныйда» жүр екен, құйрығын бұтына қысып. Аш… Сілекейі шұбырып, кафеге кірді. Тамақтанайын деп. Бірақ иттерге мұнда орын жоқ қой. Сүмірейіп тұрған. Даяшы келіншек:
--Кет! Пошел вон!—деді. Бұл мүләйімсіп қарады.
--Кешіріңіз, мадам, бір тілім нан беріңізші маған...—деді жәй ғана.
--Ойбай! Мына күшік қазақша сөйлеп тұр! Ит те сөйлейді екен!—деп аң-таң қалды даяшы. Өзгелер де жетіп келді.
--Сен кімнің итісің?—деп сұрады даяшы келіншек.
--Путиннің…
Бірақ тамашалап тұрғандар сенбеді.
--Ақырзаманның иті ғой бұл! Итке дейін сөйлеп кетті!—десті олар.
--Аты-жөнің кім?—деп сұрады тағы бір кісі.
--Жириновский…
Жұрт қыран-топан күлкіге батты. Сөйлейтін итті естіп, вокзал бастығы келді. Жырындовскийді қөтеріп, басынан сипады. Басынан сипағанда бар ғой, көңілі босап кетті… Бір кездері қазақтың нанын жегені есіне түсті. «Бұл енді біздің үйдің иті болады!» деген бастық Жырындовскийді алып кетті. Бір айдың ішінде семіріп, тығыншықтай болды. Енді ол иесіне: «Ей, қазақ, Лимоновша айтсам, сендерде бұрын қала болмаған, сендер көшпелі қазақсыңдар!» дейтінді, шәуілдеп үретінді шығарды. Ашуланған вокзал бастығы қанден күшікті бір теуіп көшеге шығарып тастады. Бір кезде біреу алдына нан лақтырды. Қараса, көзі қысық кәріс жігіттері тұр екен…
Әрі қарай

Мұхтар ШЕРІМ. БІЗГЕ «ЖЫНДЫ» КЕРЕК...

Біздің елге бір «жынды» керек болып тұр. Жынды болғанда, «нәрмәлні» жын¬ды… Бостан босқа тамағы жыртылып, айқайлағанда, аузынан албастылар секіріп түсетін «жынды» емес, оқыған, бірдеңені шоқыған, «ұлтым, жерім, елім» дегенді көкірегіне тоқыған, тап-тұйнақтай тақылдаған «жынды» керек. «Ойпырмай!» министрлігі жанынан осындай бір департамент ашылды. Департамент бастығы орнына хабарландыру жарияланғаны сол еді, еліміздің тең жартысы жындылар екен, бәрі министрлікке ағылды. Араларында шынымен жынды, жасанды жынды, жағымпаз жынды, парақор жынды дейсіз бе… ажырату қиын.
--Қашаннан бері жындысыз?—деп сұрады министр.
--Есектің миына пісірілген каша жегелі бері…
--Есектің миын жеп неңіз бар?
--«Срочно» жынды болайын деп…
--Бізге ақылды жынды керек. Ресей депутаты Жириновский секілді. Лимоновы секілді. Кез-келген жиында, кез-келген ортада, теле көпірлерде сөзден сарай тұрғызып, сосын оны өзі қирата салатын…
--Мен академик жындымын!—деген ақымақтың жолы бомады. Келесі бір «жынды» кабинетке әндете кірді.
--«Басында Қамажайдың бір тал үкі, айырылып, тілімізден болдым күлкі. Болдым күлкі… Ахау, хайли-ләйлім...»
--Кешіріңіз, «ахау хайлиләйлім» мырза,--деді министр қолын көтеріп,--оқығансыз ба?
--Жындылар университетінің «Ноқаты кемдер» факультетін бітірдім.
--Қай жерден айлық алдыңыз?
--Кассир қыздан.
--Жоқ, қай жерде қызмет істедіңіз деймін?
--Е, мен тышпаған төбе қалды ма? Бәріне тышып келемін. Енді сізді де бір төбе деп…
--Тоқтат! Барыңыз!
Келесі «жынды» кеңкілдей күліп кірді.
--Неге күлесіз?
--Жәй әшейін. Біздің елде күлмейтін не қалды?..
--Саяси жынды болғыңыз келеді ме?
--Кешіріңіз, қарамағымда қанша «жынды» болады?
--350 «жынды». Оларды ұстау үшін мемлекет бюджетінен үш миллиард теңге бөлінеді. Әр облыста филиалдарыңыз және бар.
--Айлығы…
Министрге бұл «жынды» да жақпады. Қуып шықты. Келесі «жынды» кабинетке айқайлап кірді.
--Сіз неғып отырсыз? Шығыңыз!—деді салған жерден.
--Неге? Неменеге айқайлайсыз?
--Тәуелсіздігімізге қауіп төніп тұр! Жан-жағымыздан үргіш иттер көбейді! Ал, сіз кабинетіңізде отырып алып, жілік мүжіп отырсыз! Осы жілікпен басыңызға бір ұрайын ба?—деген ол министрдің қолынан тоқпан жілікті жұлып алып, ұрайын, ұрайын деп қалды да, өзі мүжи бастады.
--Сорпа ішесіз бе?—деп сұрады министр әдейі.
--Сорпада басыңыз қалсын! Еліміз, тәуелсіздігіміз аман болса, сорпаның ішінде шомыламыз әлі! Бассейн іші тола сорпа болады! Сол сорпаның ішінде жүзіп жүріп, туралған ет жейміз! Жасасын, Қазақ елі! Ей, Жириновский, мұрныңды ет турағыштан өткізейін бе?--деген «таза жынды» шалбарын шешіп жіберіп, құйрығын шапаттады. Министрге мына жынды ұнап қалып, дереу «Ақылды жындылар» департаментінің бастығы етіп тағайындап жіберді. Бірақ «ақылды жындымыз» бір ай өтпей жатып, Жириновскийден пара алып жатқан жерінде финполға ұсталып қалды… Кешіріңіздер, араларыңызда «нәрмәлні» жынды жоқ па, а?
Әрі қарай

Мұхтар ШЕРІМ.«ӘЙЕЛІҢМЕН ҚЫДЫРЫП КЕЛЕЙІНШІ...»

Блог - Satira: Мұхтар ШЕРІМ.«ӘЙЕЛІҢМЕН ҚЫДЫРЫП КЕЛЕЙІНШІ...»Тал түсте тарпа бас салмасам да, көршімді көріп, тұра жүгірдім, қағып кете жаздап, қаңғалақтай озып барып, табан тіредім де, қайта жүгіріп келіп, қолын қос қолдап алдым. Әйтпесе, үйіне кіріп кетсе, күзетшісі жібермейді.
--Аға, Наурыз мерекеңізбен құттықтап тұрып құшақтайыншы!
--Желпініп жәйша жүрсің бе, көрші? Не болды?—деп сұрады ол менің құшағымнан құтылып болған соң.
--Бір нәрсе сұрайын деп едім…
--Екі нәрсе сұра, үйге кірсеңші…
--Сіздің үй мен біздің үй… Біздікі сіздің «времянкаңызға» да жарамайды… Сіз… сіз депутатсыз, бизнесменсіз, миллионерсіз…
--Ал, жарайды, сұрай ғой, не сұрайын деп едің?
--Негізі...—деп қипақтадым мен,--ол сізде де бар, менде де бар… Бірақ…
--Көршіден аяғанды ит жесін, айта бер.
--Ит жемесін енді… Бересіз ғой?
--Беремін дедім ғой.
--Сіз сондай ақ көңіл, сондай мейірімді миллионерсіз аға. Басқалар сияқты халықтың қанын, жанын сорып, байып жатқан жоқсыз. Өз еңбегіңізбен…
--Ия?
--Аға, не ғой… Бүгін кешке әйеліңізбен қыдырып келейінші…
Осы сөзді сорғалатып, екпінімді жорғалатып, жылдам айтқанмын, басымды көтеріп, бетіне қарасам… Билеп кеткен көздері мен, көрпешедей жиналған маңдайын көрген жоқпын, қайта сондай жылы-ы жымиып тұр. Сұрарымды сұрап тұрсам да, ішімнен: «Мына кісі жынды ма? Әйелін бере салғаны несі?» деп ойланып қалдым.
--Әйеліммен?—деп сұрады ол.
--Ия… жеңгеймен…
--Пожалыста,--дегенде бар ғой, шалқамнан түстім, көзім қарауытып кетті. Осындай да демеуші, осындай да қамқоршы болады екен-ау! Мен байғұс битімді сығып, қанын жалап отырғанымда, мына сөзі сай-сүйегімді балқытып жіберді. Жайылған қамырдай, былқ-сылқ еттім де қалдым.
--Не үшін сұрап тұрғанымды сұрамайсыз ба?—деппін сасқанымнан тұрып жатып.
--Ағаң халық үшін қызмет етуден қашқан емес. Бір басымда төрт әйелім бар. Қайсысын қалайсың?
--Ж-жоға, осы үйдегі жеңешем жетеді. Өзіңіз білесіз, жағдайым жын-шайтандарды күтіп жіберуге де жарамайды. Несиемді өлгенше төлейтінім тағы бар…
--Жеңшеңді ала ғой. Басы бүтін...—деп көршім күлімсірегенде бар ғой, тағы да шалқамнан түстім.
--Жерге жата бермеші, не болды сізге?—деп сұрады ол.
--Кешіріңіз, Наурыз мерекеңізбен!—деппін аузыма сөз түспей.
--Әйелімді қайтармасаңыз да болады…
--Жо-жоқ, үш-төрт сағатқа қана керек еді… Қайтып әкеп беремін. Былай ғой… сіз мені дұрыс түсініңіз, Наурыз мерекесіне байланысты біздің мекемеде кеш өтетін еді. Бәрі әйелдерімен барады… Ал, менің әйелім… Сорылған кәмпит сияқты арық… Мерекеге киетін көйлегі де жоқ… Наурыз көжеге тиын таппай отырғанда… Айтайын дегенім, сіздің әйеліңізбен қыдырып барсам, жұрт таң қалар еді! «Байғұс бар тапқанын әйеліне жұмсайды екен ғой!» деп бас шайқар еді… Өмірімде бір рет шенеуніктердей шіреніп жүргім келіп еді…
Мұндай көңілшек көршіден айналмайсың ба? Берді! Жеңгей де қуанып кетті. Той-думан дегенде домалай жөнеледі екен! «Екі-үш сағатқа ғана көршінің уақытша әйелі болып қайтасың!» деген күйеуінің ескертпесін есікке қыстыра салды… Наурыз мерекесі кешінде жүрміз, қолтықтасып. Жұрттың бәрі маған басын иіп, көңілді сәлемдесетінді шығарды. «Бүгінгі дұшпан төплиіңе емес, әйеліңе қарайды» деген сөз рас екен-ау! Бәрінен де жеңешемнің қылығы қытықтап өлтірді! Мойнымнан иіскейді, бірақ тиіспейді… Содан үйге қайттым. Өз әйелім төркінінде болатын, түннің бір уағында телефон шыр ете қалды. Тұтқаны көтерсем, көршім «кісінеп» тұр:
--Адам емес екенсің ғой, әйелімді қайтармайсың ба?—дейді. Сасқанымнан:
--Ойбуу, кешіріңіз, ұмытып кетіппін ғой!—дедім. Жылағым келіп, жеңешеме қарасам: «Үш күндесім бар ғой, өлмейді! «Жоғалтып алдым!» дей салшы! –де-еп жатыр… Құдайым-ай, бір пәлеге душар болмасам еді, енді қайттім?
Әрі қарай