Астанада бірнеше көшеге жаңа шамдар орнатылды

Елордада көше және оралым ішін жарықтандыру белсенді жүргізілуде. Қаланың 600 көпқабатты үйінде жарықдиодты шамдар пайда болды және ескі типті шамдарды жаңа үлгідегі шамдарға ауыстыру жұмыстары жүргізілді. М

ысалы, қосымша жарық орнату бойынша жыл басынан бері 1500 шам орнатылған, оның 700-ден астамы жарықдиодты шам. Айта кетейік, көшені жарықтандыруды аудан әкімдерінің қолдауымен «Астана калалық жарық» ЖШС жүргізеді.

Серіктестіктің мәліметі бойынша, жаңа шамдар Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында, «Заречный» тұрғын үй алаптарында және «Тельман», Агроқалашық ауданында пайда болды. Сонымен қатар, Атбасар, Иманов, Уәлиханов, Сәтбаев, Күйші Дина, Рысқұлбеков, Абылайхан, Айнакөл және Байтұрсынов көшелері бойындағы көпқабатты үйлерге шамдар орнатылған. Ал биыл Студенттер саябағында ескі бағаналар мен электр шамдарын парктік жарықтандыруды жаңа жарықдиодты шамдарға ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Сонымен қатар, «Байқоңыр» ауданы көшелерінде 270 метр кабель монтаждау жүргізілді, ал «Есіл» ауданында 1-15 қазан аралығында 116 метр кабелді желілері қалпына келтірілді. Қазіргі кезде Е 16, Ш. Айтматов көшелерінде және Қорғалжын тас жолы оралым ішін жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жыл соңына дейін «Байқоңыр» ауданындағы 53 көшеге, «Сарыарқа» ауданына қарасты Желдірме, Бесшатыр көшелеріне және Қоғалы, Маралсай тұйық көшесіне, «Шығыс Ильинка» тұрғын алабына орнату жоспарлануда.

Биыл күзде Астанада 13 мыңнан аса жаңа көшет отырғызылды

Тағы бір кезекті экологиялық айлық аяқталды. Акцияның толық кезеңінде 3522,78 тонна қалдық полигонға көму үшін жиналып, шығарылды, 13 мыңнан аса ағаш көшеті отырғызылды және 8880 тал-шілік отырғызылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Астана қаласында санитарлық тазалау, абаттандыру мен көгалдандыру бойынша 2018 жылғы 10 қыркүйек пен 10 қазан аралығында өткен экологиялық айлықта және 22 қыркүйекте өткен жалпықалалық сенбілікте 118 мыңнан астам азамат, сонымен бірге 4 180 кәсіпорын, ұйымдар мен мекемелер қатысты. Мамандандырылған техниканың 506 бірліктен астамы іске қосылды.


«Өткізілген айлықтың шеңберінде 13 307 ағаш көшеті (қызыл тал, татар үйеңкісі, қарағай, қайың, емен, пирамидалық терек, шетен, шаған, сағызқарағай, шефердия, шегіршін, қарақат, алма ағашы)  және 8880 тал-шілік отырғызылды. Айлықтың толық кезеңінде 3522,78 тонна қалдық полигонға көму үшін жиналып, шығарылды және 751 сапар жасалынды», — деді Астана қалалық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұса Танабаев.


Сондай-ақ біздің елорда халықаралық әлеуметтік-экологиялық «Дүниежүзілік тазалық күні» акциясына қосылды. Соның барысында 3,3 тонна қайталама шикізаттарды жинап, өңдеуге тапсырылды.


«Орта және шағын бизнестің қызметкерлерімен кіреберіс және ұштасқан аумақтар жинастырылды. Коммуналдық қызметтер мен мердігерлік ұйымдар ішкі орамды абаттандыруда, жол төсемі мен жаяу жүргінші өтпежолдарының бүлінген (шұңқырлы) аймақтарында ағымдық жөндеу бойынша жұмыстары және рұқсаты жоқ қоқыс үйінділерді жою жұмыстары жүргізілді», — деп түйіндеді спикер.


«Елорда Жастары Премиясы» байқауы басталды

Өтініштерді қабылдау 1 қарашаға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.


Астана әкімдігінде «Елорда Жастар Премиясы» байқауының басталуына арналған брифинг болып өтті. Аталған жастар байқауы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде өтеді.


Шараның мақсаты – талантты жастарды мемлекеттік деңгейде ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметте қолдау және жастар ҮЕҰ арасында бірлесіп әрекет жасау, табысты жас қазақстандықтар идеалын қалыптастыру. 


Премияға астана тұрғыны, Қазақстан Республикасының 14 пен 29 жас аралығындағы азаматтары таласа алады. Бұдан басқа, кандидаттың түрлі салада көрнекті жетістіктері болуы керек.


Биыл жалпы номинация саны 20-ға дейін ұлғайтылды. Оның арасында: ғылым, заманауи шығармашылық, журналистика, қоғамдық қызмет, спорт, театр, кинофестиваль, эстрада, ҮЕҰ (жастар саясаты саласындағы).


Сонымен қатар әлеуметтік және өнер саласындағы жұмысшы, үздік өнеркәсіп жұмысшысы, жыл студенті, жыл волонтері, үздік мемлекеттік қызметкер, өнерге қосқан үлесі үшін жыл жаңалығы, жас кәсіпкер, үздік SMM-менеджер иегерлері анықталатын болады.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау заманауи Қазақстанның бейнесін ары қарай қалыптастыратын жас қазақстандықтарды көруге көмектеседі.


«Жастар байқауының негізгі мақсаты – өз саласындағы үздіктерді анықтау. Өткен жылы «Жыл студентіне» ең талантты студенттер бақ таласқандықтан, жеңімпазды анықтау қиынға түсті, сол себепті біз осы жылы қоғамдық онлайн дауыс беруді қостық.  Яғни кандидаттарды іріктегеннен соң біз онлайн-дауыс беруді жариялаймыз, онда кез келген адам қатысушыға дауыс бере алады», — деді «Астана жастары» КММ басшысы Үкібай Нұрпейісов.


Баспасөз конференциясында «Елорда Жастары Премиясы» байқауын ұйымдастырушылар «Астана дарыны – 2017» конкурсының былтырғы жеңімпаздарымен бірлесіп жұмыс жасап жатқаны туралы айтты.


«Бұл туралы жобаны мен біздің «Арман/Когда ангелы спят» фильмі шыққаннан кейін білдім. Маған осы конкурсқа қатысу үшін құжаттар өткізуімді ұсынды. Осы байқаудан кейін ерекше шабыт алдым. Мені түрлі жерлерге шақыра бастады. Қазір тележүргізуші болып істеймін. Меніңше бұл да жетістік. Жастарымызға үндеу жолдағым келеді. Ұялмаңыздар! Тек қана алға басыңыздар!», — деді «Астана Дарыны – 2017» байқауының «Кино» номинациясының жеңімпазы Жұлдыз Абдукаримова. 


Жеңімпаздарға сертификаттар мен бағалы сыйлықтарды қазақстандық эстрада жұлдыздары табыс етеді.


Айта кетейік, толығырақ ақпаратпен танысып және қатысуға тілек білдіргендер үшін www.elordapremiasy.kz сайтына кіріп өтініш жолдай алады. 


«100 жаңа есім» жобасына үміткерлерді таңдау 25 қазанға дейін жалғасады

Астана әкімдігінде «Қазақстанның 100 жаңа есім» жобасының ІІ кезеңіне арналған баспасөз-конференциясы өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми  сайты.


«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының мақсаты – табысты, бәсекеге қабілетті болу, прагматизм мен білім культі идеяларын Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан адамдардың тарихын үлгі ете отырып насихаттау.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның екінші кезеңіне үміткерлерді іріктеу басталған және 25 қазанға дейін жалғасады. Әр адам өзін немесе өзінің танысын жобаға қатысу үшін үміткер етіп тіркей алады. Ол үшін кәмелет жасқа толу және қоғамдық, шығармашылық еңбекте, не ғылыми қызметте жарқын жетістіктерге жетуі тиіс.  Үміткердің әр салада жеткен жетістігі қазіргі Қазақстанның бейнесін көрсетіп, елді танытуы шарт.  


Брифинг барысында республикалық жастар орталықтарының жетекшілері жобаның 2017 жылғы жеңімпаздары мен жұмыс жасап жатқандарын айтты.


«Біз жобаға студенттерді тартамыз, мысалы, біздің Иван Крепак. Ол былтыр мектеп оқушысы болған, ал қазір Назарбаев Университетінде және шетелде өзінің ғалыми жаңалықтарын таныстыруда», — деді «Қазақстан студенттер Альянсы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ілияс Түстікбаев.


«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының өткен жылғы жеңімпаздары өздерінің өмірлерінің қалай өзгергені туралы айтып берді. Қазақстанның волейболдан паралимпиялық жастар құрамасының капитаны Серік Есматовтың айтуынша, ол өмірдің қиындығына тап болған жандарға әрқашан көмек беруге тырысады.  


«Бұл үлкен жүректі бірақ аяғы жоқ жанның еңбегі. Мен мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларға жиі қатыстым. Өзім сияқты тағдыры қиын жандарға көмек беруге тырыстым. Жобаға қатысқаннан соң менің өмірім өзгерді, менің әр айтқан сөзім, ісім салмақ ала бастады»,  -дейді Серік Есматов.


Ал, Голливудты бағындырушы жас режиссер Айдие Айдарбеков, бұл жобаға қатысуы  мүлдем күтпеген жағдай болды дейді.


«Мен бұл жобаға ойламаған жерден келдім. Жобада дауыс беру басталған шақта мен АҚШ-та оқуда едім. Жобаға қатысайын деген ой болмады. Ал біраз уақыттан соң адамдар «саған дауыс бердім» деп жазатын болды. Басында түсінбей жүрдім. Мен ауылдың баласымен Жақсы деген ауыл. Ауылымның адамдары мені осы жобаға қатысуға лайық депті де, сайтқа құжаттарды толтырып суретімді іліпті. Осылай күтпеген жерден. Бұл коммерциялық емес имидждік жоба.  Мемлекет сені ақшалай емес елге таныстыру арқылы қолдау білдіруде және өзгелерге үлгі ретінде алып отыр. Менің ойымша бұл өте дұрыс және алға ұмтылуға, жетістіктерге жетуіне құлшыныс береді», — дейді жас режиссер.


Айта кетейік, жобамен толық танысып және қатысуға өтініш қалдыру 100esim.el.kz сайты арқылы. Ұйымдастырушылар қазірдің өзінде жобаға қатысу үшін 50 өтініш түскенін айтты. Осы жылдың мақсаты – 120 жаңа есімді елге таныстыру.  


Астанада қыс маусымына 1800 бірлік арнайы техника дайын

Қаланың коммуналдық қызметі алдағы қысқа дайын. Қаланың көшелерін қардан тазартуға 2 мыңнан жоғары бірлік мамандандырылған техника дайындалды. Сондай-ақ қаланы тазалау жұмыстарына 2500 жұмысшы қатысады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Бүгінде Астана еліміздегі ауланың территориясын тазалайтын ПИК емес аудан әкімдігі айналысатын бірден бір қала. Сонымен қалаға 94 мердігерлік ұйым қызмет көрсетеді, осы қысқа 1824 мамандандырылған техника дайындалды. Қаланы 2503 жұмысшы тазалайтын болады.


Сондай-ақ, «Алматы» ауданында 578 бірлік техника, «Байқоңыр» ауданында – 283 бірлік техника, «Есіл» ауданында – 526 бірлік техника, «Сарыарқа» ауданында – 437 арнайы техника дайындалды.


Оның ішінде қар тазалау бойынша жұмыстардың біраз бөлігін екі ірі мердігерлік ұйым ұйымдастырады, бірі «Астана Тазалық» ЖШС, «Астана Зеленстрой» АҚ. Екі компанияның да паркінде 400-ден аса мамандандырылған техника бар. Астана Тазалық баспасөз қызметі хабарлағандай, қаланы қардан тазалаумен 500 жұмысшы айналысады және 256 техника жұмылдырылады. Бұдан басқа, кәсіпорынның қызметкерлері құм мен тұз араласқан көлемі 20 мың текше метр (таяу арада тағы да 8 мың текше метр дайындалады) және көктайғаққа қарсы реагент дайындады.  


Көбінесе қарды тазартуға сыпырғыш-жинағыш машиналар, тротуар тазалайтын техника, құм себуші, шнекороторлар, автогрейдер, қар тасымалдайтын жүк көліктері, фронтальді жүк тиегіш және самосвалдар.


Айта кетейік, қар жинау жұмыстары кезінде әлеуметтік объектілер, ішкі кварталдың территорияларын, үйлер мен аулаларға кіре берісті тазалауға көбірек көңіл бөлінеді. 


Синоптиктердің соңғы болжамы бойынша, биыл қыс Қазақстанға ерте түседі және қарлы болады.


Астанада жаңадан ашылған онкологиялық орталықта 8 мыңға жуық адам ем қабылдай алады

Елбасы осы жылғы Жолдауында Денсаулық сақтау министріне Астанада Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық құруды тапсырған болатын. Онда онкологиялық ауруды емдеудің ең үздік методикасы еңгізіледі.

«Біз Америкада, Кореяда, Түркияда, Еуропада оқып, үлкен аудит жүргіздік, осы елдердің негізгі клиникаларының тәжірибесін қолдана отырып жаңа онкологиялық орталық тұжырымдамасын құрдық. Онда еліміздің барлық өңірлерінде енгізуге келмейтін әдістемелер кіріп отыр», — деді ОКҚ өткен брифингте Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының ди⁠ректоры Диляра Қайдарова.

Әңгіме, бірінші кезекте, сәулелік, лазерлік терапия, оның ішінде киберпышақта, Қазақстанда тұңғыш протонды орталық құру, диагностика және иммундық-емдеу.

«Елімізде онкологиялық ауруға шалдыққандарды емдеу тегін жүреді. Қазір қосымша зерттеулер жүргізу үшін 5 жылға қосымша 35 млрд теңге бөлінді. Компьютерлік томография және МРТ-дан бөлек молекулалық, генетикалық және иммуногистохимиялық зерттеулер жүреді. Сондай-ақ, телемедицинаны және телепатология дамыту қаладық. Енді шетелге барып тексеріліп, емделіп қажет емес ондай тексеру мен емдеуді біздің институтта да қолға алдық және пациенттерге аурудың қандай ауыр түрі болса да кеңес береміз. Оның бәріне қаражат қаралған, пациенттерге бәрі тегін болады. Сонымен қатар, жаңа онкологиялық орталықта 8 мың адамды емдеу көзделіп отыр, бәрі тегін емделеді. Тек шетел азаматтарына ақылы болмақ», — деді еліміздің бас онкологы.

Елордалық кәсіпкерлер «Кедергісіз Қазақстан» акциясына қосылуда

«Кедергісіз Қазақстан» акциясы Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттары еліміздің әлеуметтік саясаты, халықтың белсенділігін арттыру және меценаттық қағидаттарын ілгерілету мақсатында өткізілуде.

«Q Group», «Ғажайып Evrikum» саябағы және «Chaplin Cinemas» компаниялар тобы Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын құп алып, осы идеяларды ілгерілету бойынша жұмыстарын жалғастыруда.

Астаналық оқушылар жол жүру картасы арқылы мектепке кіреді және асханада төлем жасай алады

Қалалық білім басқармасы оқушыға арналған жол жүру картасы арқылы тамаққа және мектепке кіруге рұқсатнама беретін пилоттық жоба дайындауда, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Цифрландыру аясында білім басқармасы жүктемесі ауыр мектептерде тамақ үшін жол жүру картасын пайдалану пилоттық жобасын қолға алмақ.

Қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозиннің айтуынша, әр оқушыда мектепке кіруге арналған карточка бар, ол турникеттен өткенде оның мектепке келгені белгіленеді. Оқушылар сол карта арқылы мектеп асханасында және жол жүру ақысын төлейтін болады. Осылайша ата-ана баласының қай кезде не сатып алғанын бақылай алады.

«Терминал немесе онлайн түрде ата-ана жол жүру картасын толықтыра алады және балаға жеуге болмайтын тағам түрлеріне шектеу қою мүмкіндігі бар, яғни бала асханада ата-анасы шектеу қойған тағам түрлерін сатып ала алмайды. Төлем картадағы баланстан алынады, картадағы бірлік шешілген кезде ата-анаға хабарлама келеді. Асханада қолма қол ақшалай төлеу кезек тудырады, сол себепті де осы жүйе мектепке де, ата-анаға да ыңғайлы», — дейді Ә. Жанғозин.

Білім басқармасының ақпараты бойынша бұл пилоттық жоба қаладағы 27, 54, 59 мектептерінде бірер апта бұрын басталған. Ал бұл жобаны басқа да мектептерге енгізу мәселесі екінші тоқсаннан кейін шешіледі.

15-21 қазан аралығында өтетін мәдени шаралар кестесі

Қала тұрғындары мен қонақтары 15 мен 21 қазан аралығында сағат 10:00-18:00 Тәуелсіздік сарайында Асқар Нұрболаттың «Өмір» атты жеке көркем көрмесі, «Ақанаевтар әулеті» атты жеке көркем көрмесі, Еуразиялық дизайнерлер Одағының мүшесі Е.С. Асылхановтың жеке көрмесін тамашалай алады.

15-30 қазан сағат 10:00-18:00-де Бейбітшілік және Келісім сарайында «Рухани жаңғыру: Карлаг, «АЛЖИР» — Қазақстанның естелік орындары», «КАРЛАГ: қапастағылар қаламынан» — «КАРЛАГ: творчество в неволе».

15 қазан сағат 18:00-де Казмедиа орталығында «Newton tour» тобының концерті.

16 қазан сағат 11:00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Е. Шварц «Күлше қыз», ертегісі, 17 қазан сағат 18:30-да Р. Отарбаев «Көлеңкесіз жолаушы» психологиялық драмасы, 18 қазан сағат 18:30-да С. Балғабаев «Ең жақсы еркек» комедиясы, 19 қазан сағат 18:30-да М. Байжиев «Тіл табыскандар» комедиясы, 21 қазан сағат 18:30-да Ш. Айтматов «Қызыл орамалды шынарым» лирикалық драмасы қойылады.

16 қазан сағат 19:00-де «Астана Опера» МОБТ (Камералық зал) «Бег времени» симфониялық музыкалық кеші, 17 қазан сағат 19:00-де «Романтика по немецки» концерті, 19 қазан сағат 19:00-де «Астана Опера» МОБТ (Камералық зал) «ТЮРКСОЙ» жастар камералық қорының концерті өтеді.

16 қазан сағат 19:30-да «Астана» концерт залында Симфониялық оркестрдің концерті, 17 қазан сағат 19:00-де Халық әні бөлімінің жеке орындаушылары, «Сарыарқа» халық музыкасы ансамблі, «Шалқыма» халық биі ансамблінің «Әсерлі ән сал домбыра» атты концерті, 20 қазан сағат 17:00-де Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясы эстрадалық би ансамблінің «Ән шырқайық, би билеп» атты концерті өтеді.

20 қазан сағат 15:00-де, 21 қазан сағат 18:00-де «Қазақстан» ОКЗ «Жыр арқауы — Астана» халықаралық ақындар айтысы тамашалай аласыздар.

21 қазан сағат 18:00-де М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры А. Цагарели «Ханума» музыкалық комедия қойылымы.

"Аймақ Тауда" жастарға көмек беретін орталық ашылды

«Артем» базарынан алыс емес, «Аймақ тау» сауда үйінен тағы да бір Жастарға көмек беру орталығы ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Онда қала жастары Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы, денсаулық сақтау және Жұмыспен қамту орталығының өкілдеріне өздерін мазалаған сұрақты қоя алады. Мұнда сонымен қатар тұрғын үй басқармасы, Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі, Халыққа қызмет көрсету орталығы және «ДАМУ» қорының өкілдері де жұмыс істейді.


Орталықтың негізі мақсаты – жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқаны туралы ақпараттандыру және қала тұрғындары үшін арнайы бөлек консультациялық көмек көрсетіледі.


«Орталық «Аймақ Тау» СҮ № 300 бутигінде орналасқан. Ол тұрақты түрде жұмыс істейтін болады. Мұнда жұмыс пен баспана туралы сауалдарды дүйсенбі мен сейсенбіден басқа күндердің барлығында келіп сұрауға болады. Яғни жұмыс кестесін біз сенбі, жексенбі күні де жұмыс істейтін қылып қойдық. Орталықтың заңгері мен психологы құқық бойынша және жеке сауалдармен өтемсіз түрде кеңес ала алады және басқа маманға жолдайды әрі соңғы нәтиже шыққанша сүйемелдеп жүреді», — Астана қаласы әкімдігінің «Астана Жастары» жұмысқа орналастыру және мамандыққа бейімдеу бөлімінің басшысы Айдана Мұсатаева.  


Оның айтуынша орталыққа бірінші күні 80-ге жуық адам келген. Көпшілігін жұмысқа орналасу, бизнес ашу, «7-20-25» бағдарламасы бойынша үй алу мәселесі қызықтырған.