Сағыныш

Жампозым мен Жігерімнің Ақтөбеге кеткеніне бір апта болды. Сағындым, шынымды айтсам. Тіпті түнде ұйықтай алмайтынды шығардым. Бір жақсысы — енді тек бір күн шыдау керек. Ертең келеді.
Әрі қарай

Limonade және оның өзге де қасиеттері

Лимонад XVII ғасырда пайда болған сусын. Оның негізгі құрамы лимон шырыны мен судан тұрады. Осыған байланысты бұл сусын Limonade, яғни Lemon added – лимон қосылған деп аталған.

Лимонад алғаш рет Францияда, Людовик І-дің тұсында пайда болған. Аңыз бойынша патша нөкері оған шарап алып баруы керек болған екен. Алайда ол байқаусыздан шарап пен шырын сақталған бөшкелерді шатастырып алады. Қателігін патшаның алдына келгенде бірақ байқаған нөкер, патшаға байқатпай лимон шырынына су қосып жіберіп, өзі де бұл қателігі үшін өмірімен қош айтысуға дайындалып тұрады. Бірақ бұл сусын патшаның көңілінен шығып, кейінінен әлемге танымал сусындардың біріне айналды.

Ал лимонадтың өндіріске шығуы 1767 жылы ағылшын химигі Джозеф Пристлидің сыра ашытқанда су газдайтын насос ойлап табуымен байланыстырылады. Бұл жаңа дүниені Якобб Швепп деген кісі газдалған сусындар жасауда пайдаланып, бір уақытта газдалған сусынға лимон шырынын қосып, халыққа ұсынады. Сөйтіп, 1833 жылы лимонад әлем бойынша ең танымал сусынға айналады.

Алайда бүгінгі күні технологиялар дамып, табиғи өнімді алмастырғыштар, бояуыштардың пайда болуы лимонадтың пайдасынан зиянын көп етуде. Сондықтан да балаларымызды кішкентайынан зиянды сусындарға емес, өзіміздің үйден дайындаған пайдалы сусындарды ішуге үйреткеніміз абзал. Оның үстіне лимонадты үй жағдайында жасаудан оңай тек қана Yupi -ді суға қосу ғана шығар…

Блог - rakisheva: Limonade және оның өзге де қасиеттері
Үй жағдайында лимонад жасау үшін сізге лимон, ыстық су және тәтті дәм беру үшін қант қажет болады.
Алдымен лимонды сығып, лимонды фреш жасап аламыз. Оған қалауыңызша қант қосып үстіне қайнап тұрған ыстық су құямыз.
Блог - rakisheva: Limonade және оның өзге де қасиеттері
Дайын лимонадты суытып, әбдан салқындағанда іше беруіңізге болады.
Блог - rakisheva: Limonade және оның өзге де қасиеттері
Лимонад ішсеңіз ол тек қана шөліңізді ғана қандырып қоймай, ағзаңыз С дәруменіне байытады.

Блог - rakisheva: Limonade және оның өзге де қасиеттері


Limonade ішіп, шөлдеріңізді бір қандырған шығарсыздар
Енді осы «Limonade» -тың лимон қосылған судың тағы да басқа қасиеттерімен бөліскім келеді

Алма қараймайды
Блог - rakisheva: Limonade және оның өзге де қасиеттері
Егер алма қарайып кетпесін десеңіз оған лимон шырыны жағып қою керек дегенді естіген болатынмын. Бүгін «сусындар» тапсырмасы осы аңыздың қаншалықты шындық екендігін тексеріп көруге мүмкіндік берді. Сөйтіп мен бүтін алманы екіге бөліп, бір бөлігіне Limonade жағып қойдым да, екінші бөлігін жәй қалдырдым.
Блог - rakisheva: Limonade және оның өзге де қасиеттері
Жарты сағат өткеннен кейін… Алманың лимон жағылған бөлігі еш құртылмастан жаңа ғана кесіліп қойылған алма сияқты тұрса, өзге бөлігі солып, өңін жоғалта бастағандығы көреміз.


Тиын жылтырайды
Блог - rakisheva: Limonade және оның өзге де қасиеттері
Егер лимон шырына уксус құйып оған тиынды салып қойсаңыз ол жылтырап шыға келеді дейді. Осыны тексеру үшін дайын тұрған лимонадқа аздап уксус құйып ішіне тиын салып қойдым.
Блог - rakisheva: Limonade және оның өзге де қасиеттері
5-10 минуттан кейінгі нәтиже.


Шар үрленеді

Блог - rakisheva: Limonade және оның өзге де қасиеттері
Алдыңғы эксперименттерімнің барлығы нәтижелі болып шығып жатқанымен дәл осы шардың үрленетініне күмәнді едім. Сөйттімде не болса да жасап көруге бел будым.
Алдымен бөтелкедегі кәдімгі суға сода қосып, ал шыныға лимон шырыны мен уксусты қосып дайындап қоямыз. Сөйтіп, лимон шырыны бар кеседегі сұйықтықты суы бар бөтелкеге қосып, тез шарды бөтелкеге кигізіп, оны «скотчпен» айналдырып байлап тастаймыз.
Блог - rakisheva: Limonade және оның өзге де қасиеттері
Фокус-покус, шар үрленді, эксперимент орындалды


Бояудың түсін күшейтеді
Блог - rakisheva: Limonade және оның өзге де қасиеттері
Лимон шырыны кез-келген түске қосылса оның түсін күшейтеді дейді. Соны тексеру үшін қызылшаны суға езіп түсін шығарып, оны үш кесеге бөліп құйдым.
Блог - rakisheva: Limonade және оның өзге де қасиеттері
Біреуіне лимон шырынын, екіншісіне уксус, үшіншісіне сода қостым. Сол кезде лимон шырыны қосылған кеседегі сусынның түсі қатты қанық, уксус қосылған су ашық, ал сода қосылған су күңгірт қызыл болғандығын көреміз. Түрлі сусындар, тәттілерге крем жасағанда оларға түсті қалай беруге болатындығын енді білесіз


Құпия хат жазуға болады

Блог - rakisheva: Limonade және оның өзге де қасиеттері
Алдында «сүт» тақырыбы берілгенде Патик Лениннің сүтпен құпия хаттар жазғандығы туралы мәліметтер айтқан еді. Ол құпия хатты лимонадпен де жазуға болатындығын естіген болатынмын. Соны тексеріп көрмек болып жазып көрдім.
Блог - rakisheva: Limonade және оның өзге де қасиеттері
Қағаз әбдан кепкен кезде, оны жылуға жақындатамыз. Сонда жазуы пайда болады. Мұнда BlogiadaKz деген жазу жазылған. Үйдің жарығының дұрыс болмауынан фотоаппаратқа жазу анық шықпады.


Лимонадты тек ішіп күш-қуат қана жинап қоймай, тұрмыста да қолданып тұрыңыздар
Әрі қарай

Ол, "Олар", "Үшіншілер"

Блог - Zhan: Ол, Олар, ҮшіншілерБлог - Zhan: Ол, Олар, Үшіншілер
Ол!
Ол қазіргі жаңа технологияларды жақсы меңгерген. (Компьютер, ұялы байланыстың түр-түрі, планшет, ноутбук, т.б.) Ол өзіне дәл қазіргі таңда не керектігін біледі. Уақытын босқа сарп етпейді, алдына қойған мақсаттарына жұмсай алады. Ылғи да жаңа идеялар тауып, ескінің орнын алмастырып отыруға құштар. Үнемі ізденісте жүреді. Көпшіліктің ойын дөп басады. Әрдайым белсенді, ортасына ұнамды. Негативін жасырып, позитивін жарқырататын жеке тұлға. Ұлы төңкеріс жасау қажет емес, бастысы, еткен еңбегіңнен ләззат ала білу жетістік деп санайды. Ұйымдастырушылық қабілетке ие, соңынан біраз адамды ерте алады, әжептәуір командасы бар. Командаға мүшелер де осал емес, кіл алғырлар. Өзіңізді осы санаттанмын деп танысаңыз, сіз үшін не істейміз? Әрине, қуанамыз да
Блог - Zhan: Ол, Олар, Үшіншілер
«Олар»
«Олар» ылғи да өзге планетадан келгендей кейіп кешіп жүреді. Бәріне күйіп-пісіп жаны ашиды. Ұлт тағдыры, адам тағдыры, қоғам тағдыры, адамзат һәм қала берді жан-жануарларға дейін жаны ашығыш. Бірақ, қолдарынан келер дәрмен жоқ, тек ыстық эмоцияға бейім тұратындар. Лаулап жанатын «олар» шынтуайтында қаншалықты патриот, қаншалықты ұлтын сүйгіш екенін еш жерден өлшеп көрмеген және өлшеп беретін орын да жоқ. Ол «орынның» жоқтығы да қандай жақсы болған. «Оларды» «Ол» санатына жататындар аса ұната бермейді, «оларға» псевдопатриоттар деп күле де, мүсіркей де қарайды. Өзінің сол топтан емес екеніне кәміл сенімді. Бұлардың да «өз» көсемдері, «беткеұстарлары» бар. Жалауша берсең топ бастайды. Бірақ, «олардың» әлеуметтік эмоциясы қаншалықты сауатты және қаншалықты мән-мағынаға ие? Негізі «оларды» онша ұната бермейтініміз рас, иә?  Өз басым мойындаймын.
Блог - Zhan: Ол, Олар, ҮшіншілерБлог - Zhan: Ол, Олар, ҮшіншілерБлог - Zhan: Ол, Олар, Үшіншілер
«Үшінші топ»
О, оларға бәрібір. Күн не, түн не, әйтеуір өтіп жатқан уақыт. Тек «үшіншілердің тынышын ешкім алмаса болды. Тойын жасайды, құдалығын аман-есен атқарып, келін түсіріп, шетел асып, сауда жасап, басқа да күйкі шаруалармен басы қатып дегендей… Оған саясатыңның да, ақыл-ойыңның да, әдебиет-мәдениетіңнің де қажеті шамалы. Тіршілік есебі түгел, көк көйлегі бүтін, қарны тоқ болса болды. «Үшіншілерге» анау пәленше деген классик өлді ме, жоқ тіріліп келді ме я болмаса бір алпауыт мемлекеттің басшысына «бірдеңе» болып қалды ма, бәрібір. Бәрібір болмағанда немене, именно сол барып тоқтату, оның да, «Олардың» да, біздің де, жалпы ешкімнің де шаруасы емес. Сонымен, тұжырсақ, «үшіншілердің» ештеңемен шаруасы жоқ. Шаруасы бола қалған күннің өзінде оларға біздер таңырқап қалуымыз мүмкін, «саяси сауаты» ашылып кеткен бе?» деп. Бұл топты кінәлауға менің ешқандай құқым да, қақым да жоқ және өте орынсыз. Мойындау-2.
Блог - Zhan: Ол, Олар, Үшіншілер
… «Ал, сен өзіңді қай топқа жатқызасың?» — деп сұрағыңыз келіп тұрса, жазғандарымнан жобалай беруіңізге болады. Тапсаңыз әрине хихихи Айтпақшы, әнеубір суретке бола мені сөкпессіздер)))
Әрі қарай

ӘУЕЗОВ КІМДІ ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ?

Өзбек ғалымы не бүлдірді? Әуезовтің бір ауыз сөзі...

1997 жылы қыркүйектің 10-20 аралығында Ташкентте Әуезов күндері өткізілді. Оны Өзбекстан Жазушылар одағы, Өзбекстан қазақтарының мәдени орталығы, «Нұрлы жол» газетінің редакциясы ұйымдастырды. Бұған Қазақстаннан Қалубек Тұрсынқұлов бастаған делегация, құрамында Шерхан Мұртаза, Тіней Оразайдың Мұртазасының Файзолласы, Зейнолла Серікқалиев қатысты.
Блог - qonyrbai: ӘУЕЗОВ КІМДІ ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ?Блог - qonyrbai: ӘУЕЗОВ КІМДІ ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ?
Осы жолы өзбек ғалымы, академигі, жазушы-драматург Иззат Атаханұлы Сұлтановпен Тіней Оразайдың Мұртазасының Файзолласы ұзақ әңгімелесті. «Заман-Қазақстан» газетінің №33 (206) санындағы мақалаға енбей қалған деректі Иззат Сұлтанов өзі ауызбен айтады.

Елуінші жылдардағы дүрбелеңнен сытылып, Мәскеуге бардық. ССРО халықтары әдебиетінен екеуіміз де дәріс оқып жүрдік. Бір жолы филология факультетінде студенттермен кездесу жиыны өтті. Бір қыз бала маған сұрақ қойды: «Иззат Атаханович, сіздің пьесаңыз бойынша қойылған «Навои» спектаклі мемлекеттік сыйлық алды. Сіздің сценариіңіз бойынша түсірілген фильм мемлекеттік сыйлық алды. Ал сізге автор ретінде неге сыйлық берілмеді?» – деді.

– Оны сыйлық беретін кісіден сұраңыз. Жалпы, сыйлықты кімге бергеніне қарай сыйлық берушінің де кім екенін тануға болады, – деп қалдым.

Жиын тарқады. Ертеңіне СССР Халықтар әдебиеті кафедрасының мәжілісі болды. Күн тәртібінде бір мәселе. Ол – менің кешегі жауабым.

– Сыйлық беретін Иосиф Виссарионович.
– Иззат Атахановичтің студентті Сталинге жұмсауы барып тұрған…
– Жолдастар, бұл саяси сауатсыздық. Мұнда саяси астар бар.


Саяси қателескен айыпкер болып шыға келдім. Біразы «Мұхтар Омарханович, сіз не айтасыз» дегендей Әуезовке қарайды. Мұхтар Омарханович қашанғы әдетінше асықпайды. Елдің ең соңынан сөйледі.
Блог - qonyrbai: ӘУЕЗОВ КІМДІ ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ?– Иззат Атаханович! Вы не педагогично поступили, – деді.

Басқа түк айтқан жоқ. Орнына отырды. Әлгі гуілдеп-шуылдап отырғандар: «Иә-иә, бұл педагогикаға жат. Бұлай айтуға болмайды. Қатты ескертілсін Иззат Атахановичке!» – деді.

Мәжіліс тарқады. Мен КГБ-ның тырнағына ілікпей «не педагогичный» болып тірі қалдым. Мұхтар Омарханович мені күтіп тұрған үлкен жазадан осылай бір ауыз сөзбен құтқарды.

Мақала: («Әуезов мені құтқарып қалды». Қазақ үні, 1997 жыл. №9 (316), қыркүйек)

Қосымша:

Тәшкентте 1930 жылы 17 қыркүйекте Мұхтар Әуезов тұтқынға алынды.

«Нұрлы жол» газеті – Өзбекстандағы қазақтардың төл газеті. Бас редакторы – Рысбай Анарбеков. Газеттің тұңғыш саны 1991 жылдың 10 қаңтарында «Достық туы» атымен жарық көрген. Ал 1993 жылдың 20 ақпанынан бастап газет атауы «Нұрлы жол» деп өзгертілді.
Блог - qonyrbai: ӘУЕЗОВ КІМДІ ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ?
Шерхан Мұртаза мен Тіней Оразайдың Мұртазасының Файзолласы.

Зейнолла Серікқалиев (1938 жылы 10 ақпанда дүниеге келген) – қазақтың тамаша әдебиет сыншысы. «Ойлар, толғаныстар», «Жылдар сазы», «Ақыл таразысы», «Дүниетану даналығы», «Тағдыр және Біз», «Сын кітабы. Таңдамалы» еңбектерін жазып қалдырды.

Иззат Атаханұлы Сұлтанов 1910 жылы 16 маусымда Ош қаласында дүниеге келген. 1964 жылы Өзбек КСР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері, ал 1966 жылы Өзбек КСР-ның Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі атанды. 1944 жылдан бастап Коммунистер партиясының мүшесі болды. Ал 1934 жылы Тәшкенттегі педагогикалық институтты бітірген. 1945-1948 жылдары Өзбек КСР-ның Халық Комиссары төрағасының орынбасары қызметін атқарды. ««Мезонул авзон» және оның сындық мәтіні» (1947 жылы), «Пушкин және өзбек әдебиеті» (1949 жылы), «Абдулла Қадыр шығармашылығы» (1958 жылы), «Жаңа кезеңдегі өзбек советтік әдебиеті» (1981 жылы) еңбектерін жазған. Драматург ретінде «Қыранның ұшуын» (1939 жылы), Уйгунмен бірігіп «Әлішер Науаиды» (1940 жылы), «Белгісіз» (1963 жылы), «Сенімі бар адамдар» (1960 жылы) пьесаларын жазып қалдырған. 1970 жылы Бируни атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды.
Әрі қарай

Сусындау...

Басқа-басқа өзімнің «Сусын» деп есептейтін сусындарымның ішінде қатып қалып, басқасын жиып қойып, талғап жүріп ішетін сусыным жоқ екен. Әйтеуір спиртті ішімдік болмаса болды. Сусынның қадірін алыс жолға шыққанда білесің. Шіліңгір шілдеде, болмаса тамылжыған тамызда қаларалық автобусқа сусынсыз міну өз-өзіңді азапты өлімге қиюмен тең дүниенің бірі. Бұндайда мөлшерсіз көп сусынды да ала алмайсың. Көліктің келесі тоқтайтын нүктесіне дейін жететін сусын алып алып, соны ептеп ұртап отыруды әдетте айналдырғанмын. Менің қалааралық автобусқа сирек те болса мініп тұрған кездерде баратын екі нүктем бар. Бірі Балқаш, екіншісі Жаңаарқа. Біріншісі Қарғанадыдан 400 шақырымдай жерде, екіншісі 200 шақырым мұғдарында. Жолға шығарда әрбір ұсақ-үйекке мән беріп, «Ананы ұмытқан жоқсың ба, салып қойдың ба ?» деп келіншегін мазалай беретін жанның бірімін. Жолдан бір күн бұрын ұйықтай алмаймын. Жолда ұйықтағанды ұнатамын. Бейтаныс жерге бара жатпаған соң жолды басқаша қалай қысқартасың?!
Құлағыма «Емпүшімнің» құлақтығын тағып алып ойға шомамын. Иә, иә, жаңылыс оқыған жоқсыздар. Музыка тыңдай отырып ойға шомамын. Қаланың кранынан тамған суды ішіп отырып, жайлаудағы Тасбұлақтың суын армандайтын мен, алыс жолдарға арнайы музыкалар жазып аламын…
… Саржайлауым менің,
Жан жайлауым менің,
Ән – жайлауым менің.
Беу-беу, Сарыарқа!
Аққу аңсап қонған
Ақ маңдай көлдер.
Сал самалы саумалдай болған
Мақпалдай белдер.
Бал бұлағы есіліп аққан-оу, Сарыарқа,
Арғымағы көсіліп шапқан-оу,
Аңыз дала, Абыз дала,
Қобыз дала, Сарыарқа!
..-Бекболат ағамның орындауындағы Ақселеу атамыздың осыбір әнімен сусындап отырып әрнені ойлап кетемін. Өзімнің балалығым қалған Сарыарқаның бір пұшпағы Жаңаарқаның Қарасу жайлауында өткен балалығым көз алдымнан зуылдап өтеді. Расымен де мен осы жайлаудың төсіндегі әр бұлақтың суына сусындап өстім. Суын ұрттасаң миыңды аузыңа түсірер тастай суы бар, таудың етек жағындағы тастардың арасынан ағып жатқан Тасбұлақтың, қанша ұртасаңда шөлің қанбайтын, таңдайыңа сіңіп кете беретін әнебір төскейдегі Төсбұлақтың, болмаса Қарасу бойындағы құдықтағы қара суды сіміріп ішер ме еді… Арғымақпен көсіліп шапқанда тұяқ астында дөңгелеп, артыңда бұлдырап қала беретін белдерге тағы бір мәрте барып, дәл солай көсіліп шапқың келіп кетеді… Бірақ, автобус бір ыршып секірген кезде өзіңнің қалааралық автобуста келе жатқаныңды, қолыңда бұлақтың емес, қайдан құйылып алынғалы белгісіз газсыз сусыныңның бар екені есіңе еріксіз түседі. Ол кезде өзімнің «Блогиадаға» қатысатынымнан хабарым жоқ, сондай-ақ әйтеуір бір турдың тақырыбы «Сусын» болатынынан да бейхабар болсам да бүйірінде «Tassay» деп жазылған сусынымнан бір ұртап қойып, шөлімді бір басып алып, халық әндерінен сусындауды әрі қарай жалғастырып кетемін…
… Айбозым, айхай бозым, даңғыл бозым,
Ел шалғай, жүре алмадым, жалғыз өзім-
деп Біржан шау тартқан кезінде бір егілген екен. Осыбір әнді бала кезімде атамның қара радиосынан сан рет тыңдадым. Мағынасын жете түсіне алмаған едім. Түсінгенім автордың атымен сырласып отырғаны ғана. Менің балалығым өткен жайлауда свет, тоқ деген атымен жоқ. Өзім құралпылас балалар да жоқ. Мен де астыма мінген атыма «Тайбуырылым менің, қазір ауылға шауып барып келе қойсақ ешкім біліп қоймайды ма? Сенің неге ертегідегідей «Астыңғы ернің қыбырламайды, үстіңгі ернің неге жыбырламайды? Кластастарымның не істеп жатқанын бірге көріп келе алар ма едік?» деп өзімше сырымды айтып жүретінмін. Қызық. Қой, әділқазылар сусын туралы жазба емес деп жүрер, осы жерде «Тассайдан» тағы бір мәрте ұрттап алайық. «Тассайдың» жақсы суысын екені рас, бірақ, ішкен сайын кезенем кебе береді ме қызық…
… Бір жағы Алматының Талғар, Түрген
Сыйласып жақсы емес пе бірге жүрген, бүлдірген
Қандай жақсы құрбылармен бір жүрген...
-әнді орындаушы Нартуева Әйгеріммен таныстығым бар. 2009 жылы Жүсіпбек Елебеков атындағы дәстүрлі әндерді орындаушылар конкурсына келген еді. Әрбір әріпін анық айтатын, құлағыңның құрышын қандыра орындайтын әнші. Осындай әншілердің орындауындағы әндерді жалықпай тыңдай беруге болады. Өзі күйеуге тиді ме екен? Әйгерім жайлы ойлағандікі ме, әлде, күннің аптабынан ба, әйтеуір аузымның кеуіп кеткенін аңғардым. Сусыннан тағы бүр ұрттауға тура келді…
«Сусын» тақырыбындағы жазбам сіздердің сусындарыңызды қандырар, қандырмасынан хабарым жоқ. Осы жазбамды Қайрат ағамыздың орындауындағы «Бір келіншек» әнінің орындалуы кезінде аяқтаппын. Ия, қазылар не дер екен, қазылар алқасындағы бір келіншек не дер екен…
Әрі қарай

Блогиада #6: Спорт сусындары

Блог - patick: Блогиада #6: Спорт сусындарыКәсіпқой спортшылар мен жаттығу залына тұрақты барып тұратындарға арналған сусындар: протеин коктейлдері, гейнерлер, аминқышқылдары, жаттығу кезіндегі кешен, энергетикалық сусындар болып бөлінеді. Бұндай сусындар ұнтақ түрінде болады және өңдірісі сәбилерге арналған қоспалар шығару технологиясына ұқсас.
Әрі қарай

Жапония аралындағы мысықтар жұмағы

Ит, мысығын жазатындар еріккендер демекші, мен де сол еріккендердің бірімін. Біз көшпелі қазақ пәтер ауыстырып, басқа жерге қоныс аударғандықтан ба, күн тәртібіміз бұзылып, түні бойы жүріп алуды шығардық. Ұйқысыз жүрген кішкентай шуламасыншы, «мяу, мяу» деп мяулап мысыққа дейін айналдық. Пайғамбарымыздың (с.а.с) ең сүйікті үй жануары болғанымен, мен ұнатпайтын (қорыққанымнан шығар) мысықтардың суреттерін көрумен болдық. Жапонияда мысықтардың отанына айналған Фукуока деген арал бар екен. Бұл жердің мысықтары балықшылардың қолынан тамақтанып, үйді-үйге емін-еркін кіріп-шығып, көшелерінде рахаттанып жүрсе керек. Саны жағынан сол даладағы мысықтардан да аз тұрғылықты халқы оларды қатты жақсы көреді екен. Бұл махаббатты жапондық фотографтарының түсірген суреттерінен де аңғаруға болады. Fubirai деген фотограф бес жыл бойы осы аралдың жартылай жабайы мысықтарын суретке түсірумен айналысқан екен.
Блог - dindar: Жапония аралындағы мысықтар жұмағы
Блог - dindar: Жапония аралындағы мысықтар жұмағы
Блог - dindar: Жапония аралындағы мысықтар жұмағы
Блог - dindar: Жапония аралындағы мысықтар жұмағы
Блог - dindar: Жапония аралындағы мысықтар жұмағы
Блог - dindar: Жапония аралындағы мысықтар жұмағы
Әрі қарай

«TAARE ZAMEEN PAR» КИНОСЫН КӨРДІҢІЗ БЕ?

Бұл қай кино деп ойлайсыз? Әлбетте, сіз бұл киноны көрген де боларсыз. Алайда ресми атауына мән бермеген шығарсыз. Негізі, тақырыпта орысша атауын жазайын деген едім, бірақ орыстардың киносы болмаған соң негізгі атауын жаздым. Бір жағынан, осы киноны жарыққа шығарған ұжымға деген құрметім де себеп шығар.
Блог - qonyrbai: «TAARE ZAMEEN PAR» КИНОСЫН КӨРДІҢІЗ БЕ?
Бұл – «Звездочки на Земле» деген Әмірхан (Aamir Hussain Khan) түсірген үндінің киносы. Бұл кинодан Шах Рукх Кханның жылағанын, махаббат сезімін көрмейсіз. Керісінше, Болливудтың басқа да маңызды адамзаттық тақырыптарға кино түсіре алатынына көзіңізді жеткізесіз. Кино 2007 жылы 21 желтоқсанда, мен тоғызыншы класты бітірген кезімде, түсірілген екен. Интернетім болмады ғой сол жылдары. Бұл киноның сценариін Amol Gupte жазған. Мен бұл кісіні әйел адам деп ойлағам. Сөйтсем, еркек екен ғой.Неге сценаристі (screenwriter) бірінші кезекте жаздыңыз десеңіз, кез келген кино сценари(й)ден басталады. Әрине, сценарий идеядан басталады дейтін боларсыз. Бірақ идея сценарий боп жазылмаса, ешқандай да кино түсірілмейді ғой. Киноның режиссері (director) Aamir Khan. Оны үндінің басқа да киноларынан көрдіңіздер, танисыздар. Тағы айтатыным, продюсерден (producer) не пайда киноны түсіретін режиссері болмаса?! Зіл әзіл ғой, продюсері де осы жігіт. Бұл кинода Әмірхан басты рөлде ойнайды. Сондықтан екінші кезектегі режиссер Amol Gupte болады. Әлбетте, бұл киноны түсірген ұжымда операторы, суретшісі, монтаждаушысы, композиторы бар. Олардың есімдерін жазатын болсам, өмірбаянын іздеп, блогқа жазуыма тура келеді.

«Taare Zameen Par» («Звездочки на Земле») АҚШ-та 1 223 869 долларды жинаса, әлем бойынша 20 673 504 доллар жинаған екен. Бұл киноны көруге 165 минут уақытыңыз кетеді. Қысқаша мазмұны былай: 8 жасар Ишан Авасти «біртүрлі» боп туылған. Басқа балалардың ешбір қиындықсыз жасайтын нәрселерін бұл бала оңайлықпен жасай алмайды. Мектебінде үшінші рет орнында қалып, келесі класқа өтпейді. Содан қатал әкесі ашуланып, Ишанды мектеп-интернатқа жібереді. Интернаттың өмірі бәрімізге жақсы таныс қой. Сөйтіп, Ишан әке-шешесіне қатты ренжіп, өкпелеп қалады. Тіптен, ешкіммен сөйлеспей қояды. Бір күні сурет сабағынан қызметке уақытша орналасқан жас мұғалім Рам Никум келеді де, баланың түсінігін, өмірін өзгертуге себепкер болады. Әлбетте, ешқандай да сиқыр, 3D эффект, фантастика жоқ.

Енді осы киноның режиссері мен продюсері жөнінде жазатын болсам, Әмірхан (Aamir Khan) 1965 жылы Бомбейде туылған. Әкесі Tahir Hussain продюсер әрі ақын болған. Көкесі Nasir Hussain де режиссер болған екен. Әулеттен Әбіл Қалам Азат деген саясаткер, ғалым шыққан екен. 1947-1958 жылдары Үндістанның білім министрі болған. Әмірханға осы кісінің себі көп тиген-ді. Әмірхан үндінің көптеген киноларында ойнаған. 2001 жылы «Lagaan: Once Upon a Time in India», 2008 жылы «Jaane Tu», 2009 жылы «Delhi Belly», ал 2010 жылы «Peepli Live» киноларының продюсері болған. Тек бір киноның ғана сценариін 1993 жылы жазған екен: «Hum Hain Rahi Pyar Ke».
Блог - qonyrbai: «TAARE ZAMEEN PAR» КИНОСЫН КӨРДІҢІЗ БЕ?
Ал Amol Gupte үндінің сценаристі, актері, режиссері екен. Байқаған адам біледі, Болливудта актерлардың көбісі режиссер, продюсер, сценарист болып келеді. Мен сөз етіп отырған киноның сценариін әйелі Deepa Bhatiaмен бірге жазған екен. Қазіргі кезде Amol Gupte Үндістанның балалар кино ұйымының директоры болып қызмет етеді.
Блог - qonyrbai: «TAARE ZAMEEN PAR» КИНОСЫН КӨРДІҢІЗ БЕ?
Қорыта айтсам, бұл кино маған өте қатты ұнады. Осыған ұқсас киноны ешбір жерден көрмеппін. Әлбетте, киноның ішіне кіріп кеткен адам емеспін. Сондықтан осы киноға ұқсас кинолар бар шығар. Кино десе асын да ішпейтін адамдар білетін шығар. Бұл киноны кешегі жылы шықты деп жүрсем, «баяғы заманда» шығып қойыпты. Бәлкім, бұл киноны көрген де боларсыз. Көрмеген болсаңыз, қарап көріңіз. Айтқандай, киноның айтар сөзі: «Әрбір баланың өзінше қабілеті бар». Балаларға ұрыса беруге де болмайды. Балаңызды құшақтап, ойнатып, еркелетіп, дұрыс тәрбие беріңіз. Балалар мейірімге мұқтаж жандар ғой.
Әрі қарай