Ей, адамдар неге сондай қаталсыңдар!!!

Ей, адамдар неге сондай қаталсыңдар,
Шалыс кетсе, өз досыңды өлтіруге дайынсыңдар.
Мазақ етіп, кейбір жанды, қатырғандай боласыңдар.
Ей, адамдар, неткен қанды, мейірімсіз адамсыңдар…

Адамдықтың мәні неде?!
Мұны дұрыс ұғыңдар,
Адамдықтың көркі неде?!
Бұған жауап табыңдар…
(Ей, адамдар, адамдар, қандайсыңдар,
Кей адамның маңдайының сорысыңдар...!!!)

Автор: С. Сансызбай
Әрі қарай

Жатарға өсиет

Махаббат ғажап сезім
Сен оны бойыңмен сезін
Біреуге ғашық болсаң
Сол сенің бақытты кезің!

Сезіне біл махаббатты қазақи
Ата бабам жырлап кеткен таза күй
Ғвшық болған екі жастың отауы
Бетон емес, кірпіш емес, Киіз үй!!!

Қазақтың қызын ғана сүй ақылың болса
алма қанша сүйсеңде, жеті атадан жақының болса,
бас екеу болмай мал да екеу болмас деген.
Үйленіңдер ей қыз жігіттер, 18 ге жасың толса!!!
Әрі қарай

Сезімім неткен менің кіршең еді

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Сезімім неткен менің кіршең еді

Сезімім неткен менің кіршең еді!
Бір жанады өзіңе, бір сөнеді.
Көзден кетсең, көңілден кететіндей,
Бұл сезім менен де өткен дүмше ме еді?..

Сезімім неткен менің кіршең еді!
Жаралаудың боп аппын шын шебері…
Өзгеге бұйырып жүр
Менің үшін
Сен жайған дастарханның күлшелері.

Дер едім жаным сенсіз мұң шегеді,
Мұң шегеді, сол мұңнан гүл семеді.
Бірақ өзім сезімге сенбей тұрсам,
Сені сүйем дегенге кім сенеді?

Дер едім уайымымның бір сен – емі.
Бірақ бұл сезім неткен кіршең еді!
Ұқпайтын сенің аппақ пейіліңді
Қабылдауың керек ал кімше мені?

Шарасыз екенімді білсең еді…
Кешірші. Сезім үнсіз тұрса – өледі.
Қайтемін, бағынбайтын дүние ғой,
Бәрінің де бар шығар бір себебі…
Әрі қарай

Мектеп директорына шағым айтсам қалай болады екен???

мен өзім көп кітап оқымаймын, бірақ та анда санда демалыс кезінде оқимын. Мұғалімнің сілтеуімен сыныптағы 15 баланың барлығы кітап алған болатын. Маған Сайын Мұратбековтың Жабайы алма кітабы түсті. Оны қатты қызығып тез тез оқып тастадым. Одан кейін Ақбілек романын оқыдым. Содан не керек жыл бойы тағы да 3 кітаптай оқыдым. Сабақтың бітуіне 1 айдай қалғанда мектеп кітапханасына кітап алайын деп бардым. Ондағы апайлар тіпті жұмыс ережесін сақтамайды:өздері тұске жақын 11 ге жақын уақытта келеді, содан саған 2 бола салысымен түскі ас ішуге кетеді. Ал бізде күніне 6-7 сабақтан болады. Таңертең барып алайын десем жабық тұрады. ал 25 минуттық үлкен қоңырауда барсам тағы да жабық тұрады. Кітапты алуға облыстық кітапханаларға барайын десем өзім қаланың шет жағында тұрамын. Содан 1 ай қалғанда барғанда кітапханашы апай сабақ соңында келіп аларсың деді. сабақ соңында барсам оқулықтарды қабылдаумен қолы босамай жатыр екен. Енді кітап алам десем бос емеспін дейді. Апай сондықтанда 1 ай бұрын келгенде соны біліп алдын ала кітап алғым келген десем кітап бермеймін деді. Қатты ашуым келді. Кітапханашылардың осындай салақтықтары үшін мектеп директорына шағындансам ба екен????
Әрі қарай

Бесқарагер

Әбіләкімнің  ауылы: БесқарагерӘн тақырыбында тыңнан түрен салу қиынының қиыны. «Ән» сөзін түрліше ойнатып, жапырақ сыбдырынан да, боранның уілінен де ән тауып, әңгімеге арқау етуге болады. Дегенмен, табиғатыма жақын дәстүрлі ән төңірегінде әңгіме қозғауды жөн санадым.
Ән… Ән жайлы таңды-таңға ұрып әңгіме айта беруге болады. Әрине, егер айтушысын, орындаушысын таба алсаңыз. «Әннің де естісі бар, есері бар» дегендей, есті әндердің орындаушысы айтқан әңгімеден де, орындаған әнінен де ләззат ала аласыз.
Кезінде халық композиторларының әндері ел ішінде керемет танымалдыққа ие болып, ауыздан-ауызға көшіп, бүгінгі бізге келіп жетті. Әлемді таңқалдырамыз десек ұлттық бағыттағы өнерімізбен ғана таңқалдыра алатын шығармыз. Сөзімізге дәлел ретінде Әміре Қашаубаевтың Парижде ән шырқап, қазақ халқының әнін әлемге паш еткенін айта аламыз. Стөлді жағалай отырған он адамнның барлығы Әміренің Париж сахнасында ән салғанын білуі мүмкін. Сол онның ішінен бір адам Әміренің қандай әндерді орындағанын білсе мен ол адамның алдында бас киімімді шешер едім. Иә, Әміре Парижде бірнеше әндерді орындады. «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Қос балапан», тағы басқа әндерді орындап екінші орын алып, күміс медаль иемденеді. «Париж апталығы» газеті мен «Ле мюзикль» журналы Әміре Қашаубаевтың сирек кездесетін талант екенін жазса, Сарбонна университетінің профессоры Перно фонографқа Әміренің орындауында бірнеше ән жазып алған. Осылайша Әміре Қашаубаев шет елде өнер көрсетіп қазақ елін танытқан тұңғыш әнші болды.» — деп жазыпты Қазақпарат (Кейінірек жазған ғой. Ол кезде «ҚазАқпарат» болмаған).
Міне, осы жерде аты аталмаған, көпшілік біле бермейтін бір-екі ән бар. Соның бірі «Бесқарагер» әні. Қарағанды облысы аумағында жеке концертін беріп жүрген республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты, президент стипендиясының иегері, әнші Ерлан Құжиманов ағамыздан осынау әнді орындап беруін өтінген едім. Тамашалап, бағасын беріңіздер.

Бонус
-Ереке, бір отырғанда қанша ән айтып тастай аласыз?
-Қазір 15-17 ән айтып жүрмін. Жеке концерттерімде көбіне осы шамадағы әндерді орындаймын. Халық жалықпасын деп арасына бірер әнші-күйшіні қосып қоятын болып жүрміз ғой қазіргі күні. Жасырақ кезімізде, отырыстарда қызды-қыздымен 3 жарым сағаттай ән орындаған кездеріміз болды.
-«Ән айтыс» деген болған екен кезінде. Сол жайлы бір айтып өтсеңіз.
-1921 жылдары «Ес-Аймақ» деген ағартушылық ұйым құрылған екен. Бұған біраз әншілер де мүше болса керекті. Нақты қай жерде екені есіме түспей тұр. Әйтеуір осы клуб аясында Манарбек Ержанов пен Жүсіпбек Елебеков айтысыпты деседі. Әрқайсысы 100 ән шамасында орындаған деп жатады. Бұл дегеніңіз 4 сағаттан артық ән орындау деген сөз.
Әрі қарай

Islam.kz сайты шағын әңгімелерге бәйге жариялайды

Құрметті қаламгерлер!

Islam.kz порталы жазушылар арасында шағын әңгімелерге шығармашылық байқау жариялайды. Әдебиет – ар мен адамгершілік, иман мен ізгілік құралы, бүгінгі күннің айнасы. Ыбырай Алтынсарин, Бейімбет Майлиндер секілді шағын әңгіме жазудың шеберлері өз заманының ащы шындығын, қатпар-қатпар көрінісін көркемсөзбен төгілте суреттеген болатын. Бүгінгі күннің бейнесі де қазіргі жазушыларымыздың қаламынан туып, әңгімеге арқау болып жатса құба-құп. Бәйгеге түсер шағын әңгіме аз сөзбен көп ой айтса, қазақы мінезді сомдаса, ататанымымызды өзек етсе, жастардың жігерін жанып, жан дүниесін адамгершілікке баулыса, елін, жерін, дінін, ділін сүюге үндесе, жаманшылықтан жирентсе, тіпті қоғамда көрініс тауып жүрген қате діни түсініктерді түзесе деген үмітіміз бар. Әңгіме мазмұнының тікелей діни сарында болуы шарт емес. Өмірден алынған, ғибратты оқиға желісімен жазылған, тіпті қиялдан қиылған ақиқатқа айна болатын көркем әдеби дүниелерді күтеміз.

Бас жүлде – 300 000 теңге

Толығырақ...
Әрі қарай

Махаббатқа мас болдым...

Махаббат… Махаббат бұл өмірде жоқ емес, ол бар… Махаббат біздің басымызға түсіп, сезіміне бөлеп, тұрақты бола алмай, кете баратын болғандықтан, кейбіріміз оны жоқ деп есептедік. Мағанда осылай жасап кетседе, мен оны бар деп есептедім, себебі оның дәмін таттым. Мүмкін әлі махаббат сезімінің дәмін тата алмай жүргендер жоқ деп есептейтін де шығар, бірақ бұл сезімді бастан өткермегендер кемде-кем.

Бұл өмірдің заңы бойынша шын сүйіп, ғашық болғандардың көпшілігі қосыла бермейтін секілді. Қосылғандар бар, бірақ қосыла алмай, айырылысып кеткендерге қарағанда аз. Бәрін болжайсың, елестетесің, қиялға батып сүйгеніңмен болашаққа шарлайсың, шешіп қоясың… Бірақ, шіркін, әттеген-ай, тағдырыңда сүйгеніңмен, ғашығыңмен бірге бола алмау ғана жазылған екен. Тағдыр екіге айырады, өмірің біршама уақытқа созылған қасіретке айналады.

Алғашқы махаббатым сәтсіз, баянсыз болса да, мен одан көп нәрсе үйрендім. Сүюді, сүйгенім үшін жылауды, бірте-бірте оған үйреніп, бауыр басып, жүрегіме орналастыра отырып ғашық болуды үйрендім. Ол үшін жанымды да қиярдай, бір сәтте онсыз шыдай алмастай, өлердей ғашық болдымда. Ол менің жан дүниемнің, ішкі түкпірімнің, жүрегімнің қорегі, азығы еді.

Бұл тек маған жолыққан алғашқы махаббатым ғана болып қойған жоқ, сонымен қатар ол, махаббатқа әбден мас қылдырды, ғашықтық сезімінен қалағанымша дәм татқызды. Ғашықтыққа мас болған адам — белгілі бір аурумен ауырған адам секілді немесе ақыл есінен айырылған жынды адамға ұқсайды. Ол ешкімді тыңдамайды, ешкім оны ғашығының жолында тоқтата алмайды. Оны сүйгені ғана тоқтата алады, айтқанын істете алады. Ләйлінің Мәжнүнін бекерден бекер Мәжнүн демесе керек, себебі араб тілінде Мәжнүн — жынды деген сөз екен.

Мен осылайша бұл өмірде махаббат әлемінің жұмағында жүргендей күй кештім. Эх, егер бұл ғашықтыққа мас болу мәңгілікке созылар болса, онда бұл шексіз рахат іспеттес. Ал егер аяқталар уақыты болса, махаббат осы ғашықтықтан айырып жарты жолдан тастап кетер болса, онда сен сүйгеніңнен айырылғаныңа жүрегің шыдай алмай бұл өмірмен қош айтысасың немесе бұған жүрегің төтеп беретін болса, онда ұзақ уақыт оны ұмытумен азапта, қиналумен өмір сүресің. Жүректе қалған жара болып, ескі түскенде ол жара тырналып, ауыртып уақыт өте береді.

Біз өткізген алты ай уақыттың ешбір күні, бір-бірімізді іздемеусіз, хабарласпаусыз өткен емес. Бір күн онымен тілдесе алмай қалар болсам, сол күнгі ауамды жұта алмай, тамағымды, суымды іше алмай қалғандай күйді кешер едім. Оның дауысы тіптен нәзік, жіңішке еді, ешбір қыздың дауысына ұқсамаған, қасында тұрып естігенде жаным тынышталып, рахаттанғандай күй кешетін едім. Ол жанның бойынан басқа қасиеттерін айтпағанда, дауысының өзі оған ғашық болуыма жеткілікті еді. Ол мен үшін теңдесі жоқ, баға жетпес болды. Оның өткен өмірінде кім болған мені қызықтырмады. Мен одан, маған жеткіліктінің бәрін үйрендім. Бірақ… Ол енді ешқашан келмейді…
Ол бұл өмірде бар, бірақ біз енді ешқашан қосыла алмаймыз, тіпті оның дауысында ести алмаймын. Ол бұны қаламаса да, оның таңдауы осы болды. Міне тағдыр осылай өліп-талып, жанын қиярдай болып ғашық болғандарды түрлі айла-тәсілдерімен айыра салады екен. Қайта ғашық болғым да келеді, бірақ қорқамында, тағы қайталанар болса өмірімнің мәні кетіп, азапқа айналуынан. Енді ғашықтыққа жақындамай, тек шынайы ғана сүйіп, жүрегімнің, екі өмірімнің бақыты болады деген адаммен ғұмыр кешкім келеді…

Ұмыту керек адамыңды ұмытуға кейде уақытта көмек бере алмай қалады. Өйткені қанша уақыт өтсе де ұмытылмайтындай сезім қалдырған адамдар бар. Қатты ұмытқың келіп бара жатса, тек өз күшіңмен ғана ұмыта аласың, — деп ой түйдім.

Сіздерге махаббатта тек сәттілік, екі дүние бақытын, рахатын тілеймін!
Әрі қарай