Блогиада #19. Қазақ эстрадасында әзіл бар ма?

Блог - patick: Блогиада #19. Қазақ эстрадасында әзіл бар ма?
Бала кезімде есімде: теледидардан «Тамаша» көрсетілсе, үлкендердің бәрі шаруаларын тастай салып, үймелеп отырып алады да экранға үңіледі. Бұл жерде "қыңқ" етіп артық дыбыс шығарған бала — әлемдегі ең жексұрын адам. Кейін кассеталы видеомагнитафон, дискілі DVD-плеер пайда болғанда да ата-аналарымыздың буыны үшін жағдай көп өзгере қойған жоқ — жинала қалып теледидарға телміреді. Осындай «басқосулардың» талай рет куәсі болдым, жанама түрде болса да өзім де қатыстым, сонда байқағаным — ешкім шек-сілесі қатып күлмейді, жер тепкілеп, көзден жас шыққанша қарқылдаған бірде-бір жанды көрмейсіз. Тек езу тартып, мырс еткен әке-шеше мен «М-м-м, дұрыс айтады», "Өй, бәлем тауып айтты", «Тапқыр-ай осылар» деген мақұлдау стиліндегі ата-әженің сөздерін ғана естисің.

Әзіл-сықақ театрлары

Ол кезде «Тамаша» мен «Бауыржан шоудың» комедия театрлары екенін мен білмеппін де, білсем де мән бермеппін. Кеше ескілеу бір видеоны тағы бір қарап шықтым. Түсінгенім — бұл жерде юмордан гөрі, астары бар сөздермен көңіл көтеруге көбірек назар бөлінетін секілді.
Сіздерді білмеймін, мен күлкілі ештеңе көрмедім. Тіпті нені сараптау керек екенімді білмей қалдым.

Жарайды, бұл ертеректе болған жағдай ғой. Қазір мүмкін өзгерген шығар? Мысал үшін, халық көп мақтайтын Нұржан Төлендиевтің қатысуымен болған скетчке назар аударайықшы:
Артықшылықтардан сахнаның безендірілуі секілді техникалық қырларын атар едім. Қойылымды бірнеше әрекетпен (телефонның екі жағындағы оқиғалар) күрделендіре түскендері ұнады. Демек, бұдан он шақты жылмен салыстырғанда аздап болса да өрлеу бар. Нұржанның харизмасы мықты, әртістігі жоғары (әзіл-сықақ театры үшін) деуге болады. Бірақ скетчте күлкі шақырар әзілдер саны 0-ге жақын.

Әзіл мүлдем жоқ деген тым артық болар. Бірақ, әлгі бала кезімізде "Ә-ә-ә, ананы қараңдар — бұтына жіберіп қойды", — деп тарқылдап күліп, әжуа еткен секілді, келемеждің деңгейінде қалып қойған. Мектептің «Алтын күзі» үшін керемет скетч болар еді, бірақ республикалық дәрежеде емес.

Менің ойымша, театр деп өздерін атағаннан кейін, LED экранмен және 3 микрофонмен шектеліп қалмай, көрнекі құралдар жұпынылығынан арылу қажет. Бұл сахнадан да, теледидардан да қарағанда қойылымның визуалды қырын ажарландырып, тартымды болуға септігін тигізеді. Екіншіден, бала деңгейіндегі әжуа, орысша араластырып сөйлеу секілді тым арзан әзілдерден арылу керек. Бұндай халтурамен балалар айналыссын. Осы тұрғыда үлгі ретінде «Уральские пельмени» шоуын мысал ретінде ұсынар едім:



Блог - patick: Блогиада #19. Қазақ эстрадасында әзіл бар ма?


Стендап

Стендап юмор саласының ең танымал форматтарының бірі. Бізде стендаптармен жарқырап жүрген Тұрсынбек Қабатовтың театры бар.
Иә, тапқыр ойлар бар. Бірақ сөздер редакцияланбаған, дайындық жоқ па? Артық сөздер, орысша қоспалар көп. Егер сол арқылы юмордың сапасын арттыруға болады деп ойласа — автор ұзаққа бармайды. 6 минуттың роликтен 2-3 рет езу тартқан шығармын. Қалғандары бастауышынан баяндауышының қандай екенін алдын ала біліп алуға болатын тым қарабайыр әзілдер.

Сосын, әзіл-сықақ театрларында ұжымның фронтмені шығып, концерттің алдында 5-10 минут сөйлейтін дәстүр бар. Әдетте, олар да аса бір тапқырлықпен ерекшелене қоймайды. Қол шапалақтауға тұрарлық бірнеше әдемі ой айтылады, бірақ бұларды әзілден гөрі халықтың көкейінде жүрген бір мәселені дөп басып айтуға балар едім. Театрлардыкі қаншалықты стендап, оны нақты анықтау да қиын.

Маған ТНТ арнасының «Stand Up» шоуы ұнайды. Жалпы стендап болсын, басқа жанр болсын, әзіл айтқанда өзіңе күле білу қажет деп ойлаймын:
Стендаптың ең басты қағидасы мынау екен: «Алғашқы он секундта күлдірте алмасаң — сен комик емессің». Бізде осы талапқа сай комик бар ма? Мен кездестірмеппін.


Блог - patick: Блогиада #19. Қазақ эстрадасында әзіл бар ма?


КВН

Өз заманында атақты командалардың бірі болған «ТехАС» көрсеткен мына үзіндіге назар аударайықшы:
Қойылымдары әзіл-сықақ театры мен көңілді тапқырлардың гибриді істетті. «Тамашизмге» тән театрландырылған детальдар (киім-кешек, басқа да атрибуттар) мен КВН-ға тән әзілдер бар. Бірақ бәрібір таза әзілден гөрі, клоунада көп: бет-аузын қисайту, әжуалау. Жұрт қыран-топан әйтеуір, оған да рахмет.

Қазақ КВН қазір қалай әзілдейді екен:

КВН-нің форматының ерекшелігі сол — әр айтылған ойдың соңы міндетті түрде күлкіге немесе тапқырлыққа алып келуі тиіс. Мен басқа да видеоларды қарап шықтым және бұл тұрғыда алға ілгерілеушіліктер бар секілді. Дегенмен, даурыға айқайлап сөйлеу, бір сөзді немесе сөз тіркесін бірнеше рет қайталап айту секілді кемшіліктер әлі де қалмапты. Неге екенін білмеймін, тартымдылығынан гөрі, көрерменді кері итеріп тұратын бірдеңесі бар: мүмкін атмфосферасы, мүмкін басқа да көркемдік ерекшеліктер. Езу тартқаным болмаса, есте қаларлық бір мықты әзілдер кездестірмедім. Кейбір айтылған сөздер мүлдем түсініксіз. Мүмкін, телевизиялық нұсқасы әдемі шығуы үшін техникалық моменттеріне (дыбыс, көрініс) көбірек көңіл бөлу керек шығар.

Экранға шығып жүрген осы бағдарламалардың бәріне ортақ бір нәрсені байқадым — барлығы әлеуметтік, отбасы төңірегіндегі әзілдерден әрі аса алмайды. Жоғары интеллектуалды, ақылды юморлар жоқ. Мысалы былай:


Юмор — жай адамдардың көңілін көтеріп қана қоймай, тәрбиелегіш, эрудициясын өсіру сипатына да ие болуы керек деп есептеймін. Қазақтың әзіл саласындағы кәсіпқойлар әзірге бұндай міндетті атқармақ түгілі, өздері жетілдіруді көп қажет ететін сияқты. Бір өкініштісі сол, мысалы жаңадан әзіл-сықақ театры ашылса, бұрынғылардан өзгеше болуды, ерекше бір жаңалық алып келуді мақсат етпейді. Шоу жасауға талпынбайды. Үйреншікті болып кеткен — бір қойылым, бір ән формасынан ауытқуды қажет деп санамайды. Мәселелердің ең бастысы да осыған келіп тірелетін тәрізді.

P.S. Мынау неге Ресейдің бағдарламаларын үлгі етіп отыр деп сөкпеңіздер, ана тілімнен бөлек тек орысша ғана түсінеді екенмін.


Блог - patick: Блогиада #19. Қазақ эстрадасында әзіл бар ма?

Әрі қарай

О, шешең...

Күн де бүгін бұлынғыр-
Сезілмеді леп мүлде.
Тынық күнгі жырым бұл-
Ғашық болам деппін бе?

Ия, ия, солай-
Ғашықпын!
Өң-түсімді білмеймін…
Сезім күйін тасыттым-
Мұңайғанға «күл» деймін.

… Сөйлемесе де ұнатам
Таза қазақ тілінде.
Ән боп шалқыр құла таң
Тау суындай үнінде!
Ия, қызы ол басқа ұлттың
Көзі үлкен… Мұрны да.
Ұнатпаудан бас тарттым
Жазғыр, мейлі, күл, жыла!

Бола берсін жаза мың
Ғашықтықтың сәні бұл.
«Жетпеді ме қазағым?»-
Десеңіз де, бәрібір…

Бұйырмағын айыпқа
Арымды алдына төсесем…
… Сүйіп қалдым,
(Лайық па?)
Шешеннің қызын!
… О, шешең!..
Әрі қарай

Кәсіпқой фотографтан смартфонмен шедевр фото түсіру сабақтары



Америкалық фотограф Лоренц Холдердің «Смартфонмен фото түсірудің 7 трюгі атты» видеосы 5 күнде 2 миллиондай қаралым жинады. Фотограф 3 минуттық видеода смартфонды фото үшін қолданудың қызықты 7 амалын көрсетеді.

Панорама түсіру, көлік ішіндегі түсірілім, бинокль және су тамшысы арқылы макротүсірім, картон штатив және құлақтық арқылы селфи, жасанды көлеңке қолдану, су асты түсіру сияқты қызық әдістерді үйренуге болады.
Әрі қарай

Бейталант суретшіден шұғыл шарж сабақтары

Біз сияқты қаратабан тоғышарлар «фотоприкол», «ентерлет мем» һәм демотиваторларды өзіне жаңалық етіп ашпас бұрын, қалам ұстаған интеллигенттер бір-біріне карикатураның «шарж» деген түрін жиі қолданған екен. Анықтамасында оны "дос-жаран, құрбы-құрдасқа әзіл-қағытпа ретінде салынатын портрет" немесе "танымал тұлғаға арнап салынған сурет түріндегі жеңіл әжуа " деп береді. Шарж адамды зілді кекесінмен тұқыртып, саяси карикатура сияқты сынамайды, кемшілігін бейнелі түрде бетіне басып, табаламайды. Шарж мақсаты — кейіпкерінің кейбір ерекшеліктерін еселеу арқылы жылы жымиту. Сондықтан, оны «мейірімді карикатура» деуге де болады.
Әрі қарай

АЛҒАШҚЫ ВАЛЬС. ОҚУШЫЛЫҚ ӨМІР ЕСТЕЛІКТЕРІ

— Дискотекада 88-дің қыздары болады ма? –дедім, кроссовкамның бауын байлап жатып.
— Болатын шығар. Жаңа мен үйден шыққанда Ақгүл көршіміз әпкесінің шұбатылған белдемшесін киіп, ынғайсыз майысып кетіп бара жатқан еді.
Теміртайдың жауабы көңілімнен шыққасын, қырлы шалбарымды қаққылап жіберіп, үстімде «адидас» спорттық киімін ілдім де, үйден шыға жөнелдік. Жолда Сырмағамбет шал екі сиырын айдап келе жатыр екен, бізді көріп айқайға басты:
-Ей, сендер де жігіт болып қалғансыңдар ма, не иіссу сасып барасыңдар?
— Ей, шал, дискотекага бара жатқан адам иіссу сасымағанда, боқ саси ма?!- дедік те, жүгіріп мектептің спорт залына кіріп бардық. Келсек, «ди джей Була», яғни, Болатбай құрдасымыз «Руки вверхтің» хиттарын енді ғана қосып жатыр екен. Адам көп жиналыпты. 8-інші кластағы Жамал да жүр. Оны көргенде менің жүрегім «дір» ете қалды. Ұзамай би басталды. Әр класс бір-бір шеңбер жасап алды. Бірақ билеп тұрған тек қыздар. Тұран мен Пәтсөн 85-тің қыздарын жағалап жүр. Бұл екеуі біздің жігіттердің ішіндегі ең «шострилары» болатын. Біз секілді бір-екі жас кіші қыздарға емес, төстері тостағандай болып үлгерген үлкен қыздармен жүргенді кәйіп көреді. Сөйте тұра біздерді мазақ ететіндерін қайтерсің: «Жүріндер сол, атшауларын атша тулап! Кішкентай қыздардың не ернінен сүймей, не белінен құшпай...» Екі мачосымақтың осы сөздері есіме түскені сол еді, бойымда бір батылдық пайда бола кетті. Дәл сол уақытта «ди джей Була» да жәй әуен қоса қойған екен, манғаздана жүріп барып, Жамалды биге шақырдым. Ол ұзын кірпіктерін дір-дір еткізіп бетіме қарады. Көздерінен «Мына қалқан құлақ тіріліпті ғой» дегенді оқыдым. Бірақ ол менімен билеуге келісті. Екі қолыммен белінен ұстап, әдемі әуенге ере айналып билей бастадық. («2000-ыншы жылдары қайдағы әдемі әуен?» дейсіңдер бе? Пішту, «Титатик» фильмінің әніне сол кездегі қыздар жылайтын,әнәссс… ) Сонымен не керек, Жамалмен билеп, өзімше мәз боп жүрмін. Бір-екі рет оның аяғын басып кеткеніме де ұялған жоқпын. Бір кезде қыз төсіне кеудем тигенін сездім. Сездім де… Айтуға да ұят екен, «неге биледімге» қалдым. Денесіне денем тигеніне мәз боп жүрген ем, енді кейін шегіншектей бердім. Уфф! Әйтеуір ән де бітті-ау! Ешкім өң бойыма бажайлап қарамай тұрғанда қарамды батырайын дедім де, далаға зып бердім…
Бұл жайттан кейін де талай дискотеканы көрдік қой. Бірақ, сол бір алғашқы вальс билеген сәтімді ұмыта алмаймын, енессттің…
Ал, сенің алғашқы вальсің есіңде ме, бырат?
Әрі қарай

СЫКЫРЛАУЫК КЕРЕУЕТ

Бул омир коп сынады сан баланы
Тирлигиме менин де журт тан калады.
Биик уйдин жетинши кабатында
Турып жаттым патерде жалдамалы.

Корши уйдин де жайы жок, сыйкы нашар
Иеси орыс, аты Дима, бейкуна шал…
… Ал, жогаргы кабатта жесир айел
Кереуетти сыкыр-сыкыр, уйкы кашар…

Елитип, еликтирип жас баланы,
Тунги 1-2лерде басталады.
Жаланаш тани келсе коз алдыма
Кирпиктерим жумылуга жасканады…

Кей кездери подьезге бирге енемиз
Шашы – алтын, мандайы кунмен егиз…
«… Кереуетин мен де онын сыкырлатсам...»
Киялым ушин мени кундемениз.

Жесир айел, жасы отыз бес, кырыктарда
Берген оган сымбат пен кылыкты Алла.
Мен де оны тунимен ойлап жатам
Сезимди адам ишинде кулыптар ма?

Тирликтин тепериши, хакы ботен,
Мен де омирден оз таттимиди татып отем.
Кеше тагы масайрап, ести жыйсам,
Сыкырлауык сол тосекте жатыр екем!

Уйкысыз тундер ушин ош аларым
Белгили еди,
«Тирликтен» босамадым.
Шыртиган белдемшесин белге ысырып
Бултиган кыса тустим кос анарын…

Лагыл лаззатпен тун ауады
Напси ширкин курбандыгын куалады…
Мына ески кереуеттин сыкырынын
Тек осы тун жаныма унаганы…

Р:S.Осы ма екен, о, Кудай, куна мани?!..
Әрі қарай

Біздің заман

Блог - bake: Біздің заман
Өткенде аксиома болып, дәлелдеу міндет болмағаны қазір қайта-қайта дәлелін табуға қажет теорема. Басынан бастап аяғына дейін бұл жағдай жаратылысқа кері-қағыс. Өткінші, бір себептің қажеттілігінен аяқ астынан туындаған кері-қағыс ой -көп ұзамай бағалы болып көрінген құндылығын тез жоғалтады.
Әрі қарай

Мерейлі отбасы - Берлібековтер отбасы

Отбасының ұйытқысы ана ғана емес, әке мен балада да үлкен жауапкершілік бар. сондықтан «келісіп пішкен тон келте болмайды».

Елімізде үлгілі отбасыны шынында үлгі тұту мақсатында «Мерейлі отбасы» атты үлкен жоба іске асып жатыр. Сол жобаға біз де ат салысуды жөн көрдік.

Ғалимұрат Әбдіманапов деген өте дарынды, әнші баламыздың отбасымен кездесіп, әңгімелесіп, шәй ішіп қайтқан болатынбыз.

Әрі қарай