О, шешең...

Күн де бүгін бұлынғыр-
Сезілмеді леп мүлде.
Тынық күнгі жырым бұл-
Ғашық болам деппін бе?

Ия, ия, солай-
Ғашықпын!
Өң-түсімді білмеймін…
Сезім күйін тасыттым-
Мұңайғанға «күл» деймін.

… Сөйлемесе де ұнатам
Таза қазақ тілінде.
Ән боп шалқыр құла таң
Тау суындай үнінде!
Ия, қызы ол басқа ұлттың
Көзі үлкен… Мұрны да.
Ұнатпаудан бас тарттым
Жазғыр, мейлі, күл, жыла!

Бола берсін жаза мың
Ғашықтықтың сәні бұл.
«Жетпеді ме қазағым?»-
Десеңіз де, бәрібір…

Бұйырмағын айыпқа
Арымды алдына төсесем…
… Сүйіп қалдым,
(Лайық па?)
Шешеннің қызын!
… О, шешең!..
Бөлісу:

4 пікір