Қар жауып тұр...

Далада қар жауып тұр. Ақ ұлпалар ауада қалықтап, «қысқы вальс» биіне жаттығу үстінде. Үрімшінің көше тазалықшылары мен бірінші курс студенттерінің қолына амалсыздан күрек ұстатқан бұл қардың жауғанына бір аптадай уақыт болып қалды. Пердені ысырып, терезені аштым. Менің құрқылтай ұясы секілді кішкене бөлмеме салқын желмен еріп қысқы тымық, таза ауа лебі енді. Жоқ, кешіріңіздер, таза емес. Тымық та емес. Үрімшінің ауасы бұлай суреттеуге мүлдем сәйкес келмейді… Дұрысы машина түтіні, мұнай зауыты мен металлургия зауытының түтініне жол бойы тізбектеле орналасқан ұйғыр саудагерлерінің қой еті кәуабының түтіні, одан қала бере қытай асханасынан шыққан чоу дофу (сасық сүзбе) иісі, бұрышта дүнген шал сатып отыратын қақталған тәтті картоп иісі, араласқан ауа лебі. Осы бір қысық көз қытайлар мен мұртты ұйғырлар мекендеген кішкене қалашыққа келгелі бір жылдан астам уақыт өтіп кетті. Үйренген секілдімін… Алғаш аяқ басқанда еденнің бес батпан кірін көріп жүрегім айнып енді келместей боп кері бұрылып кеткен дүнген асханасы, казыр жиі барып тұратын жеріме айналды. Тұңғыш рет ұйғыр самсасының дәмін татқанда,ішінен үлкендігі бас бармақтай құйрық май атып шыққан кезде, үш күн бойы ас атаулыны аузыма алмағаным есімде, ал қазір таңғы асқа не жеп жүр деп ойлайсыздар?.. Бірінші рет автобусқа отырып айналаны тұмшалаған қолаңса иісіне шыдамай түсіп кетіп жатақханаға дейін таксилетіп жеткенім есімде, қазір ол иіс те«моңғол әтірі» деген ресми бренд атқа ие болып, үйреншікті иістердің қатарына заңды түрде қосылды. Жаңадан келгенімде көзіме аса жабайы көріген қысы жазы басынан алуан түсті орамал (орамал неғұрлым реңкті болса соғұрлұм «сәнді») мен бұтынан гамаж тастамайтын (гамаж шамасынша қалың болу керек, оның сыртынан қара шұлық пен қызыл туфли киіп алсаңыз сізден өткен «сәнді» адам жоқ) ұйғыр бойжеткендері мен үстіне «моңғол әтірін» сепкен (ондай әтіріңіз болмаса соңғы сән үлгісінен қалып қойдым дей беріңіз, және ұйғырдың «крутой» жігіттерінің мазағына қалу қаупі бар)қиылған,қара мұртты ұйғыр бозбалалары да күнделікті күйбең тіршіліктің бір көрінісі болып кетті.Бұл қалаға енді келгенде қалыпсыз болып көрінген, түскі асын ішіп отырып, ащы бұрыштың әсерінен танауынан аққан сұйықтықты барынша қатты дауыспен шығарып тастап, ары қарай тамақтана беретін, немесе уақыт тығыз болып бара жатса, жұмысқа не оқуға кетіп бара жатып жолда тамақ жей беретін, автобуста отырып уақытты бос өткізгісі келмей қалтасынан тістеуігін шығарып тырнағын алып отыратын қытайларға да, күннің ыстық суығына қарамастан көтенінде кең жырығы бар шалбар киіп алып, асыр салып жүретін қытай бүлдіршіндеріне де, кітап дүкенінде не кітапханада тізілген кітап сөрелерінің арасында жерге отыра кетіп кітап оқитын, отырған жерінде оқулықты құшақтаған күйі қаннен қаперсіз ұйықтай беретін қытай студенттеріне де көзім үйреніп кетті.
Үйрендім… бәріне де… үйренгенім соншалықты жалығып кеттім… Күнделікті қайталана беретін көріністерден, бірізділіктен… Бірқалыпты сұрықсыз сұрқай өмірімнен… Еңсемді басқан бір ауыр нәрсе… Сағыныш сияқты… Ия шынымен сағыныш… Туған жерге сағыныш.....Қазақстанға деген сағыныш....Қанша жерден пафосты естілсе де бұл шындық…
Далада қар әлі жауып тұр. Толастайтын кейпі жоқ. Түнімен жауатын секілді…
Әрі қарай

Қыз алып қашу оперециясы №1 немесе перечита

Жігіт болғаннан кейін өміріңде бір рет болса да "қыз алып қашу" операциясына қатысып көрген дұрыс. Ауыл арасындағы «сыпсың» әңгімеден "қыз алып қашудың" неше-түрлі оқиғаларын естіп жатасың. Арасында сәттісі де болады, сәтсізі де болып тұрады. Тіпті кейбірінің ісі насырға шауып, беташарға деп «буып-түйіп» отырған қаржыға үстеме қаржы қосып, қыздан зорға құтылып жататыны да болады. Мына заманда қыз алып қашуға тәуекелді тек көңіл қимас кластастарың үшін баруың мүмкін. Бірақ, бұл тәуекелді де алдыңғы жылы дәл осылай үйленген сыныптас досымның әйелінің:«Сол Амангелді деген кластастарыңды жек көретінім сонша, көргім келмейді. Қолымнан қайырып, машина салып, қанша қарсыласқаныма қарамай зорлық көрсеткен қатыгез бейнесі көз алдымда қалып қойды. Қазір қанша кешірейін десем, сол бейне көз алдымнан кетпейді» деген әңгімесі тыйғандай болатын. Оқуымды міне бітірем, 4 жыл оқытқан ата-анамның еңбегін жұмысқа орналасып, өтеймін ау деген жоспарын күл-талқан қылып, телефонмен екі-үш мәрте ғана сөйлескен кластасым өмірін басқа арнаға бұрып жіберген болатын. Қазір құдайға шүкір жақсы отбасы болып, тұрып жатыр. Менің түсінігімде "қыз алып қашу" деген, қыздың пікірімен санаспай, жеке бас бостандығына қол сұғып, адамилықтың ең төменгі дәрежесіндегі жасалатын әлеуметтік құбылыс деп қарайтынмын. Бірақ, биыл кластасымның көңілі үшін, бәріне қолымды «сілтей» отырып, "қыз алып қашу №1 оперциясына" қатыстым.
Осы жылдың басында досым бір қызбен танысқан болатын. Қыз 95 жылғы. Екінші кездесуден кейін-ақ досым алып қашамын деп қамдана бастады. Әне-міне деп жүріп айтулы күнде келді. Жоспарымыз шала-шарпы. Бастысы көздеген қыз кездесуге келісімін берген. Біз мына жақтан машина сайлап, қаланың кептелісінен діттеген орынға жетемін дегенше, досым "қызын" аялдамаға әкеліп, бірнеше мәрте телепон соғып үлгерді. Қайтсін енді қыз қайтам дейді, бұл таксимен апарып тастамақшы. Ал «таксиі» біз отырған машина. Оған отырса қызға капец. Махаббат қызық мол жылдар: Қыз алып қашу оперециясы №1 немесе перечитаАялдамаға жетпей, жол бойында тұрған досымызды көріп, машинада отырғандар бір-бірімізге қарап «жымың» ете қалдық. Алдыға өтіп барып, біз екі бала болып түсіп қалдық. Енді ішінде адамы бар таксиге, оның үстіне қаланың қақ ортасында есі дұрыс қыз отырмайды. «Таксиіміз» жолды айналып келгенше, досым бір-екі такси тоқтаып, жолкіресіне келісе алмағансып, жіберіп жатыр. Сол аралықта, біздің «такси» де келіп жетіп, досым қызды салды. Ал біз не істейміз? Хабар келгенше, бізде қаланың екінші шетіндегі шығаберіс жолға барайық деп шештік. Бастапқы минуттар осылай тыныш басталып келеді. Бір уақытта досымнан «Алаш» базарына тез жетіңдер деген хабар жетті. Таксимен жеделдетіп бізде жеттік, оларда келді. Мен алдыңғы есік жағынан кірмекші болып есікті аша бергенде, артқы есікті ашып жолдың ортасына қыз шығып кетсе болама… "Ұста, ұста" деген досымның жан дауысымен екінші сыныптасым жалма-жан қыздың жанына жетіп барып, қолынан сүйреп әкеп, машинаға сүңгітіп жіберді. Дәл осы сәттерде өзінің алып қашу "құрбандығына" ұшырағанын білген қыз жанұшыра айқай салып, машинаның ішінде аласапыран басталды да кетті. Қаланың ортасы. Ойпырмай, "қыздың жаны қысылғанда бір жігітке әл бермейді деген" рас екен ау. Жұлқынып келіп есікті бір тепкенде, есік ашылып кетіп жатты. Шопыр жігіт жүрісінен жаңылмай келе жатыр әзірге. Қыз алып қашушы досым мен «сыбайлас» досым қыздың екі қолынан қапсыра ұстап алған. Қолын қоя беріп, ол қызда екі аяғымен күшене тепкенде шопырдың рөлі тайып, жолдан ауып кете жаздадық. «Аяқтан ұстасай» деген шопырдың дауысынан кейін барып, есімді жинап, менде әрекетке көше бастадым. Бірақ, қаладан ашыққа шығу үшін әлі 4-5 км қашықтық бар. Оның үстіне қаланың шыға берісінде әшейінде жалмаңдап тұратын «гаишниктерді» ойлағанда зәрем зәр түбіне кетіп жатыр. «Неге келістім екен еййй» деген ақкөңіл пейілімді осы жерде жеккөріп баражатырмын. Қырсыққанда, аэропортқа бұрылатын жолдың қиылысында кептеліс болып жатыр екен. Бір ғана қатармен қозғалыс болып жатыр екен. Біздің қатарымыздағы бір жеңіл көлікті тоқтатып, тексеріп тұрған патрульді мащинаны көріп, біткен жеріміз осы шығар деп ойладым. Әлі кеш батып, қараңғы түсе қоймаған уақыт. Тонировкада тым әлсіз сияқты ма? Іштегі "ұрлықтың" бәрі сыртқа айшықты сияқты. Кептелісте тұрмыз. Қыз бұл уақытта күшейіп, бар дауысымен "Құтқар" деп шыңғыруда. Бұл дауысты тек, барынша зор дауысымен ән шырқап тұрған мафон ғана бөлуде. Әупірімдеп жүріп шопыр жігіт бірінші қатарға өтті. Дәл патрульдің жанынан өтіп бара жатқанда қыздың «Полиция» деген бар дауысымен шыңғырған үні құлақтың түбінен біраз уақыт жаңғырып жүрген шығар. Қайран, қыздық дәурен десей. Жан бере салу оңай емес екен. Қалып қоюдың үлкен үмітін "Ұмыт оны, ұмыт" деген әннің ырғағы колонкамен зорайып шығып, қыз дауысын сыртқа шығармай тастауымен, үзіп тастады. Алдымызда кептеліссіз жол шыққанда «уф» деп орнына түскен көңілді «жаңа күдіктер» торуылдай бастады. Қыз енді қалып кетудің басқа амалдарына көше бастады. «Айдооооос мен саған тимеймін» деген жанайқайының ендігі жерде пайдасыз екенін түсінгендей. "Қолымды жібер, екеуміз жеке сөйлесейік" деп бастады келесі амалын. Бұл уақытта қаладан шығып үлгердік. «Кінәлі» досым тоқтатпа, ұра бер деп шопырға бұйыра айтты. Бұл жерде бізге қарағанда шопыр жігіт опытныйлау екен. Өйткені бұл оның №1 оперциясы емес. Менің ішім алай-түлей. Қазір апарып алдық дейік, ертең ол арыз жазса "құрыдық қой" деп қоям. Жұмыс орны, әні міні деп отырған жаңа «жылы» орынмен іштей қош айтыса бастағам. Бір жағы болары болды, енді аяғына шейін жүрем дейм. Ана сыбайлас досымда "үн" жоқ. Тілден кеткен мүлдем. Оның жағдайын көріп, күлкім келді ау :)))))). Осылай ой арпалысында келе жатқан, «Пышақты ұста, қолын ұста, жіберме» деген дауыстан артқа жалт қарасам, қыздың қолында жаппалы шаппа жүр. Шаппаның сабынан ұстап, өзіме тартып қалып ем, қыздың алақанының дап даласы шықты. Өзіміздің қайғымыз аздай, мынау енді төбемізді ойып жіберетін жағдай болды. Не істедік? Қызға дәсторамалымызды беріп, саулаған алақанын сыртынан түйіп әлекпіз. Солай жүріп, Бадамнан астық ау деген уақытта, қыздың қарқыны басылып, сабасына келе бастады. Осыны пайдаланып, шопырда әңгімесін бастады:«Айналайын қарындас, Айдос жаман жігіт емес, енді осы жерде араларыңды жақсылап шешіп алыңдар. Мен бұл жерде тек көлік жүргізуші ғанамын. Ертең маған зияның тиіп кетпесін» деп қызға сөз берді. Досым«жаным, күнімдеп» өліп барады. Қайтсін, ауылдың дайындалып, бәрі күтіп отыр. Қызда"қалаға апарып тастасаңыз, мен тіпті қолымның қанағанына шейін ешкімге айтпаймын. Бәрін түк болмағандай қабылдаймын" деді. Оған көнетін досым жоқ, оның үстіне қыздың дауысының бәсеңсігенін бізде байқап отырмыз. «Тарт ауылға» дедік үшеуміз бір ауыздан. Уже, батылданып алғанбыз))). Ары қарай үнсіз жүріп отырып, Арысқа жеттік. Арыстың шыға берісінде қыздың болашақ абысыны, досымның жеңешесі артымыздан жеткен машинадан ауысып, бізге отырды. Досымның жеңгесі не айтқанын білмим, біздің жаңадан бері жанымызды шүберекке түйген "қалыңдығымыз" сол сәттен-ақ күлімсіреп сала берді. Мұны көріп іштей «терең» демалғансың ғой. Соткаға келген қоңырауларға енді еркін отырып, жауап қата беруге болатын сияқты. Ауылға бара жолда, сырдарияға салынға көпірде ауылдағы бүкіл кластастарымыз күтіп отыр. Сонымен, түн ауасын қақ жарып, бипілдетіп ауылға кіріп бардық. Осылайша "қыз алып қашу" операциясының соңы ауылдың қарапайым гулянкасына ұласты. «Перешита» деген ән құлақтан кіріп, бойды алып бара жатты. ауылдағы гулянка немесе перешита жыла не жылама бұл алып қашу сәби
Жаңағы қорқыныштан титтей де белгі қалмай барады. «Енді қыз алып қашуға қатыспаспын» деп қоям бір жағы :))))
пысы: Өмірінде бір рет болсада қыз алып қашуға қатысу еркектің басынан өтуге тиісті нәрсе сияқты маған. Өзіңе сенімді болсаң әрине. Айтуға оңай ғой, бірақ, алып қашу құрбаны болған қыздың басындағы жағдайды әркімнің басына бермесін. Өз теңін тауып, Ата-ана разылығын алып тұрмыс құрғанға не жетсін! Қызды зорлықпен әкелудің бір көрінісі мына жерде. Қазір сол досым жап-жақсы отбасы болып кетті. Күзде тойына бардық.
Әрі қарай

Алтын мекен

Сусындатқан білімнің нәріменен,
Әркез биік мақсатқа жетелеген.
Ғылым, білім, тәрбие арнасына,
Бір өзін тоғыстырған алтын мекен.

Келешек жас ұрпақты мәпелеуде,
Үлкен бейнет бақытты бастан кешкен.
Алқанға аялап анашымдай,
Өзінен қанат қағып өсіп келем.

Мөлдіріндей таза тұнық бұлақтың,
Мерейлі мерекене арнау етем.
Сезімімнің бүршігінде тілек екен,
Шабытымның асқаралы сен деп білем.

Сен менің өмірімнің мәні болсан,
Ал, мен сенің бір жанұя бағын дерем.
Сағынғандай туған жерді алыстан,
Түйсігімнің шынжырына байлап келем.

Жыл сайын жаңарып сәбидейсін,
Нұрлы үміт бақытқа жетелейсін.
Біздерге Аллам бұйыртпаған,
Қасқайып талай жылды көз көргенсін.

Бойында бірнеше адам күші бардай,
Тік тұрған қабырғалар бізге панай.
Мерейлі тойға тағы келіп жатсақ,
Менімде бақ жұлдызым жанғандай-ай.
Әрі қарай

Латын әліпбиіне оқырмандық көзқарас

1.1Бүгінгі таңда қазақ оқырмандарының назарын аударып отырған өзекті пікірталастың бірі – қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру идеясына қатысты. Ұлтымыздың рухани әлемі үшін маңызды болып табылатын осынау өзекті мәселеге байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында түрлі ұсыныстар, ой-пікірлер тасқыны үздіксіз орын алуда.
Күн тәртібінде тұрған осынау өзекті тақырыпты одан әрі дамытып, латын әліпбиіне көшудің тиімді жақтары мен зиянды тұстарын талдап көрсетіп жазылған мақалалар қатары күн сайын толыға түсуде. Әліпбиіміздің өзгеруі, яғни қалыптасқан дәстүрді бұзып, кириллицадан латын әрпіне көшуді қарапайым халық қолдай ма, әлде қарсы ма, мұнымен санасып жатқан ешкім жоқ.Қазақстан халқы өз тәуелсіздігін жариялағаннан бері, бүгінгі қолданыста жүрген кириллицадан латын алфавитіне көшу мәселесі жөнінде пікірлер жиі, жиі айтылып келеді. Қазіргі қолданыстағы кириллица – қазақ тарихындағы төртінші алфавит екені бәрімізге мәлім. Сонау сақ дәуірі, түркі дәуірі кезеңіндегі ата-бабалаларымыз өздері ойлап тауып, енгізген, құрастырған алфавиттен басқалары бодандықтың кебімен күштеп енгізілді. Түркі заманынан мұра болып қалған осынау құндылық «руно» жазуы еді. Латын және кириллицаны Кеңес үкіметі енгізді. Мақсат – алфавитке көшу арқылы қазақ халқымызды рухани есеңгіретіп, халықтық болмыс, ұстанымдарынан айырып, мәңгүрт етіп алдарына салып айдап, өз дегендерін жүзеге асыру еді. «Ресей тілін, дінін, жазу-сызуын орысқа аударса, үкіметке онан артық іс болмас» деген Ахмет Байтұрсынұлының 1914 жылы жарық көрген «Қазақ» газетіндегі жанайқайы бекер емес-ті. Президентіміз әліпбиіміздің толықтай латын тіліне көшуін 2025 жылға қарай жүзеге асыруды көздеп отыр. Бірақ бұл мәселеге кейбір азаматтарымыз наразылығын танытуда. Мұхтар Шаханов ағамыздың өзі: «Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқын екіге бөледі» деп, халқымыздың болашағы үшін шыбын жаны қиналып, шырылдап жүр. Айтқан сөзінің де жаны бар, астарында ақиқат жатқаны рас. Бұл мәселе елде қарама-қайшы пікірлі екі таптың пайда болуына әкеп соқтырады.
Біз латын қарпіне көше қалған жағдайда туындайтын проблемалар қатары мынандай болуы мүмкін:
1) қазақ тіліндегі ғылыми әдебиеттің осы уақытқа шейін тұтастай дерлік тек кирилл графикасында жазылуы; 2) жаңа әліпби бойынша мұғалімдер дайындау; 3) жекеменшік мекемелердің бұрынғыша кирилл әріптерімен жұмыс істей беруі; 4) латын әліпбиімен шығатын ұлттық баспасөзге деген сұраныстың азайып кетуі; 5) қазақтардың бұрыннан да кириллицамен оқитын тобы әліпби екіге бөлінгеннен кейін, латын шрифтісімен жазылғандарды мүлде қолға алмай кету ықтималдылығы және т.б.
Қазақстанда латын әліпбиі ресми түрде қолданысқа еніп, қазақ мектептері осы әліпбимен оқытыла бастаған уақытта қазақтардың арасынан балаларын орыс сыныптарына берушілер қатары одан ары көбейе түсуі ғажап емес. А.Айталының болжауынша, «...қазақ тілінің болашағына сенбейтін қазақтар оқулықтары, ғылыми әдебиеттері, дайындығы мол мұғалімдері бар орыс мектептеріне балаларын беріп жатса, оған ешкімнің қарсылық жасауы мүмкін емес»
Автордың тағы бір қауіптенетіні – орыс және қазақ тілді болып екіге бөлініп кеткен қазақ ұлты енді екі түрлі әліпбиді қолдана бастағанда, ара жіктері тіпті ашылып, бұдан әрі тереңдей түсуі мүмкін екендігі. Сөйтіп айналып келгенде, Амангелді Айталы латын әліпбиіне көшу реформасын асықтырмай, сақтыққа шақыру жағын қолдайды
Әрі қарай

Samsung Galaxy Note Edge

Қолыңдағы ұялы байланыстың адамдарға атқарып отырған қызыметі орасан зорғой. Біздер талғампаз болып барамыз. Ұялы байланыс ішінен армандарымызді іздейтіндей өзімізге ыңғайлысын қараймыз, шұқшиамыз сондай бағдарлама болса екен дейміз әйтеу. Бірақ “армандар” орындалып жатыр. Мен төмендегі Samsung Galaxy Note Edge есімді ұялы байланысқа байланыстымда қалдым. Қысқасы ұнады, бөлістім.
Сонымен…

Samsung Galaxy Note Edge
Блог - KhanagatNurbol: Samsung Galaxy Note Edge
Бұл ұялы байланыстың экран бетінің оң жағы төмен түскен дегені болмаса, сырт пішіні Galaxy Note 4-ке ұқсас келеді. Экран бетінің орналасуы мен пішіні керемет ыңғайлы етіліп жасалынған.
Алдымен не бар, не жоқ екен көрейік.

Пішіні мен айырмашылықтары.



Аталмыш құралдың оң жақ тұсына қарай жіберген экранын сарқырама су (тірі суреттке келтіргенғой) і спеттес келтірілген. Мұнысы адамға бір жақсы көңіл күй сыйлайтындығында… Ал пішіні мен сапалық құрамдары Note 4 пен ұқсас материалдардан жасаған.
Блог - KhanagatNurbol: Samsung Galaxy Note Edge
Алайда екеуінің өзара айырмашылығы Note Edge-інің экран көлемі 5,6 инч болса Note 4-тікі 5,7 инч. Сонымен қатар аралық айырмашылықтары Note 4-ден 2 грамм жеңіл, 2мм қысқа және 160 пикселмен артық дейді. Жұрттың бәрі ұнататын камера пикселі 16 МР болса, алдыңғы камеранның пикселі 3,7 МР.

Пайдалануы


Блог - KhanagatNurbol: Samsung Galaxy Note Edge
Адамдар қолындағы ұялы байланысының ұстауға ыңғайлы болуын ойлайды. Тез әрі жылдам қызмет ететін құрылғыны бәріде қажетсінеді. Бастысы Note Edge-дің оң жақ қабырасына қарай түскен экраны бағдарламаларды тиімді әрі жылдам пайдалануына септігін тигізетіндігі. Себебі оң жақ бөлігі қосымша экран болып бөлінеді. Сіз кино немесе интернет бетінде отырсаңыз қосымша хабарлама жазып бірнеше бағдарламаларды пайдалана аласыз. Әдетте адамдар ұялы байланысты оң қолына ұстап пайдаланады. Оң жаққа қарай жіберілген экран сіздің екі саусағыңыздыда қимылдадып тез жұмыс жасауыңызға ыңғайлы.
Блог - KhanagatNurbol: Samsung Galaxy Note Edge
Қажет еткен бағдарламаны қосымша экранға қоя аласыз. Егер менің әйелім тәрізді солақай адамдар мұны ұстаймын десе қолдана алмайды деп ойламаңыз.
Солақай қолдың басқару тетігін қосса сол жақ бөлігіне бағдарламалар ыңғайлы етіп орналаса қалады екен. Қысқасы ыңғайлы, тез әрі жылдам қолданатын жақсы құрал екен. Ұнатып қалып, несиеге болсын алам демеңізші.
Бағасы 199,990 теңге деп ренжітіп тұр.
Блог - KhanagatNurbol: Samsung Galaxy Note Edge
Әлқисса бұл Самсунгінің жарнамасы емес. Менікі мақтауым өз көзқарасым…
Әрі қарай

Қайырымдылық жасай жүріңіз!

«Дыбыссыз режимнің» қатысушылары ұтып алған 100 000 теңгелерін өздері алып қана қоймай, қайырымдылық қорына аударады.

Адам, Ринат Малцагов, Дерик Байназаров, Альбина Оганесян, Диас Шеризатов, Диас Алтынбеков сияқты әншілерден тұратын команда барлық тапсырманы орындап, 100 мың теңгені ұтып алды. Және ол ақшаны ауыр сырқатқа шалдыққан 4 жасар балақайға аударды. Мұндай жанашыр жандардың көп екені қатты қуантады. Ал, ерлік жасаған команданың ойынын мына жерден көре аласыздар :)

Әрі қарай

Айқын жолға апарар

Ізденіп ғылым жаққа жақындалық,
Бос жүріп бекер іске шашылмалық.
Еліміз ашып жатыр түрлі өнер,
Не керек бейқам жатып, қапыл қалып.
Болғанда білім -дария, ақыл –қайық,
Мініп ап етек, женді батырмалық.
Парасат, білім, ғылым, тәртіптік өрнек,
Осыдан басқаларға шатылмалық….
Әрі қарай

Дыбыссыз режим. 2 шығарылым.

«Дыбыссыз режим» көрермендерге ұсынылғалы бері жақсы пікірлер оқудамыз. Бұл — біздің команда үшін үлкен жетістік.

Сіздерге де ұнапқалатын шығар деген үмітпен назарларыңызға жобаның екінші шығарылымын ұсынып отырмыз. Дыбыссыз режимнің бірінші шығарылымына Жайдарманшылар қатысса, екінші шығарылымында 7 арнаның журналистері ойнады.

Өте қызық болды. Көріңіз, күліңіз! :)

Әрі қарай