"Қазақстан" қонақ үйі - біз білмейтін қызықтар!

Білесіз бе, Алматының қала берді еліміздің символына айналған "Қазақстан" қонақ үйінің іргетасы 1973 жылы қаланып, 1978 жылы қолданылуға берілген. Бұл сәулет өнерінің ғажайып туындысының салынуына тікелей Д.А.Қонаев мұрындық болған! Мәскеудегі басшылар ол кезде мейманхананың 25 қабат болуына үзілді-кесілді қарсы болған. Алайда, Қонаевтың күшщ салуы арқасында 26 қабатты зәулім ғимарат салынған.

Иә, иә дәл солай, 25 қабатты саналатын "Қазақстан" қонақ үйінде 26 қабат және төбесіндегі алтын тәжіне көтерілу үшін тағы бірнеше қабатқа баспалдақ арқылы көтерілесіз.

Төбесіндегі «Алтын тәж» демекші ол тәжге ешкімнің табаны тимеген екен, алайда бір фототілші (ресейлік екен) парашют арқылы рұқсатсыз мейманхана төбесінен бірнеше суреттер түсірген көрінеді. Содан кейін, бұл тәжге көтерілген 7-шлде күні арнайы пресс-турға қатысқан бірнеше журналист-блогер қауым болды!

Сіз-білесіз бе, қазір "Қазақстан" қонақ үйінің иесі Зияддин атты түрік. Ал бұрынғы иесінің ұлты орыс болыпты.

Біле-білсеңіз қазіргі әйгілі "Қазақстан" қонақ үйі «4 жұлдызды». Алайда, қызмет көрсету сдеңгейі және орналасқан жері мен ұсынатын қызметтері «5 жұлдыздыдан» еш кем емес.

Ал, "Қазақстан" қонақ үйінің салтанат залына тойға барып көргендеріңіз бар ма?! Онда барғандаарманда, бармаған арманда. Өйткені, ол залға жаұында ғана миллион долларға күрделі жөндеу жүргізілген. Керегесі былғарымен қапталып, қазақтың ойын-өрнегімен әдіптелген мұндай той залын сіз тіпті көрмеген де боларсыз!)) Ең бастысы ол зал атшаптырым қазақтың кәдімгі киіз үйін елестетеді. дөңгелек пішінді залдың төбесінен әдемі шаңырақты көресіз.

Сіз білесіз ба "Қазақстан" қонақ үйінде 360 нөмір бар. Мұнда 400 адам қызмет көрсетеді. Қызметкерлердің басым көпшілігі жергілікті азаматтар.

Қонақ үйдің ішкі ауласында әдемі фонтан бар. Оның қасындағы әдемі терассадан кешкі салқында ас ішудің өзі бірғажап.

Сіз білесіз ба, мұндағы мейрамханадан күнне адам басына 1700 теңгеден бизнес-ланч ұйымдастырылады. Ал, ауыз ашар жасағыңыз келе адам басына 3,500 теңгеден, мархабат!!!

Сіз білесіз түрік ағайындардың қолына өткенге дейін мұнда тіпті стриптиз шоуы бар клуб болған екен. Қазір оны жауып орнына караоке бар ашқан.

Ең бастысы болашақта сіз осынау дғимараттың басындағы алтын тәжінде бассейнге түсіп рахаттану мүмкіндігіне ие болуыңыз ғажап емес. Өйткені, қазіргі басшылық осындай жобаны қолға алмақ!!!

Қазақстан қонақ үйі туралы өзге де ақпараттарды #Қазақстанқонақүйі, #Kazakhstan_hotels; #Түркітілдесжурналистерқоры, #Әйелжурналистерклубы хэштегтері бойынша ғаламтордан таба аласыздар
Әрі қарай

«Нұр Отан» елдігімізді нығайтар игі істерге қоғамды жұмылдыруға барынша ықпал етіп келеді - Бауыржан Байбек

Елбасымыз, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» V республикалық турнирі финалының ашылуы рәсімінде сөйлеген сөзінде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Б.Байбек ұлттық спорт пен өнерге, оның ішінде көкпарға, айтысқа, аламан бәйгеге, қазақ күресіне, басқа да шараларға жүйелі қолдау көрсету бүгінде партия қызметінің ажырамас бөлігіне айналғанын атап өтті.

Блог - Abylaikhan_Kalnazarov: «Нұр Отан» елдігімізді нығайтар игі істерге қоғамды жұмылдыруға барынша ықпал етіп келеді - Бауыржан Байбек

«Осылардың арасында халқымыздың өршіл рухын жаһанға танытып, айбатын асырған Қазақ күресінің даму тарихы халқымыздың шежіресімен тұтасып жатыр. Ұлттық брендіміз іспетті осынау бұқаралық спорт түрімен кезінде Елбасымыз да шұғылданғаны белгілі» — деді Бауыржан Байбек.
Айта кетейік, биыл қатарынан бесінші рет ұйымдастырылған «Қазақстан Барысы» турниріне еліміздің әр аймағынан іріктелген 32 балуан мен былтырғы жылғы жарыстың жеңімпазы Мұхит Тұрсынов жолдама алған болатын. Іріктеу жарысы наурыз айынан бастап, мамыр айына дейін үш кезең бойынша жүргізілді.
Ақтық жекпе-жек қорытындысы бойынша, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сыйлығын және «Қазақстан Барысы» деген атақты 2012 жылғы жеңімпаз Бейбіт Ыстыбаев осымен екінші рет иеленген.
Әрі қарай

Жеңіл көлікті 30 секундта айдап әкету

Жеңіл авто. Біреуі бетінен сүйсе, біреуі шанын сүртсе, үшіншісі ішінен түскісі келсе де түсетін мүмкіндігі жоқ. Әр бір автоәуесқой автосына пар, ажырамас жұп. Үйреншікті, ым-жымдары бір. Әкеуін бір-бірінен ажыратса не болады?
Бірде бір шофр, автоуәсқой авто иесі автосының есігін ашалмапты.
Иесі! Автосының ішіне кіре алмай рульге алақанын, педальға табанын тигізуге мүмкіндігіне жетпегенде ше. Әп-сәтте күйзеліске ұшырап, жылап жібере жаздаған.
Иесі өз автосының қасына тақап келіп, жай ғана қарап тұрудан басқа қолынан келері жоғын қалайша мойындасын. Автосын оң бағыт бойынша, одан кейін сол жақ қолын тигізіп әр бағытта бір неше рет айналып шығады. Ондағысы (әрекеті) ішіне енетін есік іздегені.
Мұндайды басынан кешіктірген автоәуесқой бір-бірін жақсы түсінетін шығар.
-Біреу багаж есігінен, яғни бесінші есіктен салонға еніпті деседі.
-Неліктен?
-Неліктен болсын. Сондықтан. Есік тұтқасын ұстап есікті ашса автосы есігін ашпайды.
-Иесі не болып қалды бұған, -деп авто терезесінен сығалап, ішіне қараса қос кілт жолаушының орындығының үстінде. Көргенде маңдайын бірнеше рет терезеге соғыпты. Мәссаған. Кілт автода, шофр авто сыртында. Авто есігін ашу үшін кілт керек. Кілт болса авто ішінде.
Енді не істейді? Есікті бұзып ашу қажет. Ең алғашқы ой:
-Темір сойыл, монтировка қайда?
Монтировканы есік ернеуіне салып жіберіп босағадан жұлып алса, жоқ болмайды, есік қаңылтыр болғанмен әдемі қаңылтыр. Есікті бұзып ашқанда бетіндегі жылтыр мөлдір қабығы бұзылады.
Біреудің дегенде өз басыңа соның өткергені дәл келгенде желкеңді қасып ойып жіберердей қасисың, қышығандықтан емес.
Газеттегі хабарландыру еске түсті: «Автоңыздың есігі ашылмаса отыз секундта ашамыз. Өте тез ашамыз, бұзып ашылған ізін көрсетпейміз».
-Отыз секунд. Жарты сағатта машинаны шыр айналып жүргенде есік ашылмағанда бір-екі, отызға дейін санағанда ашылатын есік емес. Көрейік.
Телефон нөмірін жинап:
-Алло.
-Алло.
-Алло, автоның есігі ашылмайды.
-Түсінікті. Біз барлық автоның есігін аша бермейміз автоныздың маркасы?
-Тайотта.
-Нешінші жылғы?
-Теуіп жүргеніме 5 жыл, жаңа.
-Ойланайық.
-Сонымен не болды?
-Авто кілті, құжаттары ішінде ме?
-Ішінде, өзімнің де жеке куәлігімде ішінде құжаттармен бірге қалыпты.
-Авто иесі сіз боласыз ба?
-Иә.
-Біз тек түнде келеміз, қала сыртында жүрміз жұмыстармен. Жарап жатырма солай істесек.
-Жарап жатыр. Есікті ашып жатсаңыз қызметтеріңізге қанша аласыз?
Телефон арғы жағынан сәл үзілістен.
-Бес мың теңге. Автоғыз қайсы жерде тұр, мекен-жайын айтып жіберсеңіз?
-Мөлтекауданы, бәленші….
-Түсінікті. Автоңыздың мемлекеттік нөмірі қанша?
-Ол сендерге не керек?
-Басқа авто маңына жолап кетсек шу шықпайды ма?
-Түсінікті, түсінікті жазып алыңыз нөмірін….
-Тапсырысыңызды қабылдадық. Тосыңыз. Келгенде телефон соғамыз.
Сағат кешкі сегіз, тоғыз, он, он бір, он екі телефон соққан еш кім жоқ. Автоның иесі тоса, тоса шаршап ұйқыға кетті.
Түннің бір уақытында кіші дәреті қатты қысып ұйқыдан тұрғызады. Тектен-тек қыспапты. Дәретханаға бармастан терезеден автосына көз салмақшы болып қайрай бергенде автосы отыз секундта айдалып кеткенін түсініпті.
Әрі қарай

Б.Байбек: Айтыста айтылған мәселелерді шешуге тырысамыз

Өткен сенбіде «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Астана күніне орай өткізілген «Бөрілі байрақ» атты республикалық ақындар айтысы мәресіне жетті.

Блог - Abylaikhan_Kalnazarov: Б.Байбек: Айтыста айтылған мәселелерді шешуге тырысамызЕкі күнге созылып, 16 айтыскер бақ сынаған сөз сайысының Бас жүлдесін көпшілікке кеңінен танымал ақын Ринат Зайытов жеңіп алды.
Бас жүлде қорын және «Нұр Отан» партиясының марапатын табыстаған партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қазылар алқасы тарапынан әділ және ашық шешім болғанын атап өтті.
«Ринат Зайытов бауырымызға халық өз бағасын берді. Қолдап жатыр. Керемет! Жақсы сөздер айтылды. Біз «Нұр Отан» партиясы өкілдері осында – айтыста айтылған мәселелерді шешуге тырысамыз. Халық үшін. Мемлекет үшін...», — деп өз жүрекжарды тілегімен бөлісті ол.
Сондай-ақ, саясаткер мұның бәрінің Елбасының сындарлы саясаты мен ел бірлігінің арқасында мүмкін болып отырғанын айта келе, арнайы сыйлықтың «Нұр Отан» партиясы мен халықтың атынан табысталып отырғанын жеткізді.
Бұл орайда, Р.Зайытов өзінің сахыналық көңіл-күйін келесідей жыр шумағымен түйіндеді:
«Қуантып қаумалаған қарашаны,
Екі күн жасай білдік тамашаны.
Биліктегі ағалар беттен алмай,
Сөзімізді тыңдай білсе, жарасады.
Ақындармен «Нұр Отан» бірге болса,
Қазақтың жаман болмас, болашағы!».
Айта кетейік, бірінші орынды Иран¬ Ғайып Күзембаев, екінші орынды Қалижан Білдәшев пен Айбек Қалиев, үшінші орында Серікзат Дүйсенғазы және Ершат Қайболдин иеленді.
Елдік сананы ұлықтаған айтыс – дауылпаз ақындардың ақындық пен орындаушылық шеберлігінің шыңдала түсуіне және бірлік идеясын, қоғамдық келісім мен ынтымақты дәріптеу, байрақты тарихымыз бен ежелгі хандықтардан мирас болған саяси сабақтастықты жырлауға арналды.
Әрі қарай

«Бөрілі байрақ» атты республикалық ақындар айтысы мәресіне жетті

Елордамызда Астана күніне орай «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» көшпелілер өркениеті дәстүрлі фестивалі аясында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Астана қаласы әкімдігі ұйымдастырған «Бөрілі байрақ» атты республикалық ақындар айтысы болып өтті.

Блог - Abylaikhan_Kalnazarov: «Бөрілі байрақ» атты республикалық ақындар айтысы мәресіне жетті

Екі күнге созылған сөз сайысында 16 айтыскер бақ сынады. Атап айтқанда, көпшілікке кеңінен танымал – Серікзат Дүйсенғазы (Астана), Айбек Қалиев (Арқалық), Бауыржан Халиолла (Орал), Жарқынбек Наушабеков (ОҚО), Ринат Зайытов (Алматы), Иран¬ Ғайып Күзембаев (Астана), Зура Шәйдімұратқызы (Алматы), Қалижан Білдәшев (Шымкент), Ботагөз Мұхиденқызы (Астана), Ершат Қайболдин (Ақтөбе) және айтыс сахнасына жаңадан көтеріліп келе жатқан Хазірет Бердіхан (Алматы облысы), Шұғайып Сезімхан (Түркістан), Данияр Алдабергенов (Астана), Саят Әбенов (Қостанай), Дархан Әбдіманат (Тараз), Бек Шмат (Астана) секілді жас жүйріктер өнер көрсетті.
Бас жүлдені Ринат Зайытов, бірінші орынды Иран¬ Ғайып Күзембаев, екінші орынды Қалижан Білдәшев пен Айбек Қалиев, үшінші орында Серікзат Дүйсенғазы және Ершат Қайболдин жеңіп алды.
Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының басты басымдығы – ұлттық құндылықтарды басшылыққа алу, дамыған ел болу жолында ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұраларды көздің қарашығындай сақтау, келешек ұрпаққа аманаттау. Осы міндеттің аясында, қазақ айтыс өнерінің дамуына атсалысу күн тәртібіндегі мәселе.
Елдік сананы ұлықтаған айтыс шарасы – дауылпаз ақындардың ақындық пен орындаушылық шеберлігінің шыңдала түсіп, көпшілікке танымалдығының артуына және бірлік идеясын, қоғамдық келісім мен ынтымақты дәріптеу, байрақты тарихымыз бен ежелгі хандықтардан мирас болған саяси сабақтастықты жырлауға, сондай-ақ, сол арқылы жас ұрпақты ерлікке, отансүйгіштік қасиеттерге тәрбиелеуге арналды.
Айтыс жеңімпаздарын марапаттау сәтінде сөз сөйлеген «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек осыны кеңінен айта келе, партияның Саяси доктринасында ұлттық мәдениет пен дәстүрді дамытуға стратегиялық тұрғыда мән берілгенін атап өтті.
«Айтыс – халықтық өнер. Ежелден ұлтымызбен бірге жасап келе жатқан рухани мұра. Осынау киелі де қастерлі өнердің ел ынтымағын арттырып, мемлекетіміздегі іргелі өзгерістерді насихаттау мен жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы рөлі зор. Сондықтан да, «Нұр Отан» партиясы айтыскерлерге де, айтыс шараларының көптеп өтуіне де қолдау білдіріп келеді және игілікті істің бұдан әріде жалғасуына атсалысады», — деді Б.Байбек.
Партияның қолдау білдіруімен өткен жылы оннан астам халықаралық және республикалық деңгейдегі ақындар айтысы ұйымдастырылса, жыл басынан бергі уақытта алты айтыс өткізілді. Көкшетау қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Береке мен бірліктің жерұйығы» атты халықаралық ақындар айтысын, Атырау қаласында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!» атты республикалық ақындар айтысын және «Мәңгілік ел» тақырыбындағы Алматы, Ақтау, Атырау және Талдықорған қалаларында өткен ақындар айтыстарын атап өткен жөн.
Екі күнге созылған жыр додасын белгілі ақын, жыршы Ақан Әбдуәлиев жүргізді.
Шараға «Айтыс ақындар мен жыршы-термешілер» одағының басқарма төрағасы, қоғам қайраткері, ақын Жүрсін Ерман бастаған, құрамында Еуразия Ұлттық университетінің проректоры, ф.ғ.д., профессор Дихан Қамзабекұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дәулескер күйші, композитор Секен Тұрысбеков, ақын, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі Дәулеткерей Кәпұлы, ақын, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Серік Қалиев бар қазылар алқасы қазылық етті.
Әрі қарай

Қазақстандағы "Өлі көл", демалу тегін!))

Блог - vebred: Қазақстандағы Өлі көл, демалу тегін!))

Сонау Нарынқолдың Қарасаз ауылынан ары 10 шақырым жерде «Тұзкөл» аталатын шағын көл бар.
Жағрафиялық немесе «саяхатшылар» тілімен айтсақ, ол Алматының оңтүстік -шығысында шамамен 310 шақырым қашықтықта орналасқан.

Бұл еліміздегі құрамында тұзы ең мол көл. Оның тұздылығы Израильдегі "Өлі көлдің" тұзымен шамалас.

Ғалымдар тіпті бұл көлді: "Әлемдік топан судың болғандығын дәлелдейтін бірден-бір айғақ" деп отыр. Мүмкін, болса-болар!
Сонымен, көлдің ерекшелігі неде?

Біріншіден: ол суға шомылсаңыз батпайсыз, тіпті сүңгу де қиын, өйткені судың құрамы тым тығыз. Көлге шілде, тамыз айларында ғана шомылуға болады. Өйткені су салқын.

Екіншіден — емдік қасиеті. Денеңіздегі түрлі жарақаттардан тез айығасыз.
Үшіншіден — "Өлі көлдің" құрамымен шамалас бұл көлден Израильге барғандай әсер алмасаңыз да, "Өлі көлге шомылғандай" қуат аласыз!

Төртіншіден- батпағы. Алматы маңындағы санаторийлердің барлығы да осы көлдің батпағын емделушілеріне ұсынады.
Жарнамасын асырдым деп айта алмаймын, дегенмен жазғы демалыста салқын әрі тыныш жерде бір-екі күн жүргіңіз келсе таптырмас орын!

Айтпақша, күн ашық күндері, сонадайдан «Хан Тәңірі» мен мұндалап анық көрініп тұрады!

Барғыңыз келсе, жекеге хабарласыңыз! Жатын орын, тамақ, қымызбен қамтамасыз етуге көмектесем, әрине қосымша ақыға)))

Қосымша мәлімет, мына тұста: maxala.org/kazahstan/33045-v-yuzhno-kazahstanskih-gorah-issleduyut-unikalnoe-solenoe-dopotopnoe-ozero-tuzkol.html#.VZX2CPntmko
Әрі қарай

Көктем деген - бір сенің қолыңдағы ғұмырым ба?..

Көктем деген кім өзі?

Өзің бе екен,

Өзіме қадалатын көзің бе екен,

Даланың кеудесінен сен гүл үзіп,

Еркелейтін, ұялшақ кезім бе екен.

Бұл дауыс па?

Дүниеде бармын деген,

Қараңдаршы жүректе жандым деген,

Аялаңдар, жоғалтып алмаңдаршы

Қар сияқты,

Енді мен қармын деген.

Көктем деген көк майса шалғын ба екен,

Бүр атарын білемін талдың неден…

Жаңбыр салды бейнесін әйнектерге,

Сен мені жүрегіңе салдың ба екен?!..

Шымшықтарды үркітіп, сай жағалап,

Бөліп ап енесінен тайды аралап

Бұл, әлде, бейқам бала шағымыз ба —

Жұлдызды қызықтайтын, айды алалап

Апам да шалын түртіп назданатын,

Атамыз жер иісіне мас болатын

Бұл — біздің ақпейіл ме,

Жаңбыр төксе,

Жаңбырға шомылып ап мәз болатын.

Көктем деген кім өзі?

Өзім бе екен,

Сәттерім бе бақытты сезінбеген…

Айдың жарығындағы, түсімдегі

Саған айтамын деген сөзім бе екен?!

Әлде, өрімін тарқатқан бұрымым ба,

Далада ойнақтаған құлыным ба?

Желмен бірге жүйткіген,

Көктем деген –

Бір сенің қолыңдағы ғұмырым ба?!

Жұлдыз БЕЙСЕКОВА.
Әрі қарай

Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңес іске кірісті

Кеше Астанада «Нұр Отан» партиясы жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Кеңес отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін көтеру жөнінде тұжырымдамалық ұсыныстарды әзірлеу үшін сұхбаттасу алаңы болуды көздейді.

Блог - Abylaikhan_Kalnazarov: Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңес іске кірісті

Отандық кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі «Нұр Отан» партиясының, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, бизнестің, қоғамдық бірлестіктер мен меморгандардың күш-жігерін біріктіру Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің міндеті болады.
Отырыс барысында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Нұр Отан» партиясының жеке меншікке қол сұқпауды, ашық бәсекелестікті, қолайлы инвестициялық ахуал құруды, өңірлердің үйлестірілген дамуын, инновация мен экспортты ынталандыруды, экономиканы диверсификациялауды, инфрақұрылымды дамытуды жақтайтынын атап өтті.
«Бизнес экономикалық дамудың қозғаушы күші, инновацияның негізгі бастаушысы болып табылады. Бизнес орта таптың негізі мен азаматтық қоғамның тірегі бола отырып, жұмыспен қамту бойынша маңызды әлеуметтік миссияны атқарады. Сондықтан «Нұр Отан» отандық бизнесті жан-жақты қолдауды қуаттайды. Билеуші партия ретіндегі біздің мақсатымыз отандық бизнес пен кәсіпкерлік рухты күшейтуге ықпал ету, ұлттық бизнес үшін қолайлы жағдай жасау, сол арқылы ұлттық экономиканы дамыту», — деп атап өтті Бауыржан Байбек.
Қазақстан ЕАЭО пен ДСҰ интеграциялық бірлестіктеріне кіру жағдайында отандық бизнес үшін жағдайлар түбегейлі өзгерді. Бірігудің арқасында қазақстандық кәсіпкерлерге ЕАЭО-ның 170 миллиондық нарығы, ал бүгінгі күні — ДСҰ мүше 160 елдің нарығы ашылды. Алайда ішкі нарықтың ашылуымен бәсекелестік күшеюде, бұл отандық бизнес үшін күрделі сынақ болып отыр.
Партияның Сайлауалды тұғырнамасының мониторингін іске асыру үшін құрылған «Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау» сарапшылар тобы, Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес болып өзгерді. Аталған Кеңеске сарапшылар тобының жұмысын жемісті басқарып келген ҚР Парламенті Мәжілісіндегі партия фракциясының мүшесі Айгүл Соловьева басшылық етеді. Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің құрамына Парламент депутаттары, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығы, бизнес-қоғамдастықтың, мемлекеттік органдардың және белгілі сарапшылардың өкілдері кірді.
«Нұр Отан» партиясының жанындағы кәсіпкерлікті қолдау бойынша Республикалық қоғамдық кеңестің жұмысы Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен тығыз ынтымақтастық негізінде құрылған. Бүгінгі күні ынтымақтастықты нығайту туралы меморандумның шеңберінде партия мен ҰКП арасында тиімді жұмыс жүргізілуде, «Мықты бизнес – Қуатты мемлекет» жобасы іске асырылуда.

Анықтама үшін:
«Нұр Отан» партиясының жанында депутаттардың, Мәжілістегі фракция мүшелерінің басшылығымен әрекет ететін үш республикалық қоғамдық кеңес бар. Мәселен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес (СЖҚКРК), төрағасы – Қайырбек Сүлейменов, құқықтық мәселелерді шешуге бағытталған Құқықтық кеңес, басшысы – Нұрлан Әбдіров, мәдениет пен өнерді дамыту мәселелелері жөніндегі «Мирас» қоғамдық кеңес, төрағасы – Мәулен Әшімбаев, жұмыс істейді. Республикалық кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің қызметін құру барысында аталған қоғамдық кеңестердің оң тәжірибесі ескерілетін болады.
Әрі қарай

Ұмыттың ба?

Өзіңді іздеп ағады жұлдыз жерге
Көктемнен де сұрадым, қыс, күзден де
Жазды күн жусан иісін жұтып тұрып,
Мені есіңе алдың ба гүлді үзгенде.

Ақша бұлттар толқытып көңілімді,
Кеудемдегі оятса елігімді
Сені ойладым,
Ал сен ше, ойладың ба,
Жаңбыр сүйіп алғанда ерініңді

Бейнеңді сап айға наз, қылық — құмға,
Кірпігін көтереді үміт мұнда
Көктем сенің шерткенде терезеңді
Мені есіңе алдың ба?
Ұмыттың ба?

Қарашығы көзімнің тұнып мұңға,
Жұбатамын жүректі жуып жырға
Хабарыңды тосамын күннен, түннен
Ұмыттың ба сен мені
Ұмыттың ба?

Жұлдыз БЕЙСЕКОВА.
Әрі қарай