Өмір аялдамасы!
ӨМІР АЯЛДАМАСЫ
…Таңертең автобусқа міндім. Түсетін аялдамам «БАҚЫТ» деп аталады. Бұл автобусқа алғаш мініп отырғандықтан, жүргізушісіне қай аялдамадан түсетінімді айтып, ескерттім.
Кетіп барамыз…!
— «БАЛАЛЫҚ» аялдамасы. Бұл жерде көптеген қызықты сәттерім қалды…! Бірақ, керегі бұл емес! Сонда да, қимастықпен сол аялдамаға қарап өттім…!
— «ҚЫЗ БЕН ЖІГІТ» аялдамасы. Шынымды айтсам, бұл аялдамаға талай жігіт қызымен, талай қыз жігітімен келгенін көрдім. Өзім де, осы жерде алғашқы махаббатымды кездестірдім, бірақ қазір ол мені, мені оны ұмытып кетіппін…!
— «НАМАЗ» аялдамасы. Бұл аялдама туралы айтатындар көп. Бірақ, дәл тауып барғандар аз екен…!
— «МАХАББАТ» аялдамасы. Ооо… Осы жерден түсіп қалғым келеді. Бірақ, маған «Бақыт» аялдамасы қажет…!
— «ҚЫЗҒАНЫШ» аялдамасы. Иәә…! Мұнда талай қызықтар мен қорқынышты оқиғалар болды. Қайтып келуді қаламас едім…!
— «МЕШІТ» аялдамасы. Өте таза аялдама, бірақ қазір уақытым жоқ…! Жүрегім таза, бұл аялдаманың қазірше керегі жоқ.
— Ооо «КЛУБ» аялдамасы. Әттең, түскім-ақ келіп тұр…!
— «НАМАЗ» аялдамасы. Хмм… Тағы ма…?!
— «САБЫР» аялдамасы. Хмм…
— «БАЙЛЫҚ ПЕН ТӘКАППАРЛЫҚ» аялдамаларында көп қыдырған едім кезінде…
— Аа…?! Автобуста адам қалмады ма?!
…Жүргізушінің алдына бардым. «Бақыт» аялдамасы қайда?!
— Қарындасым-ау…! Ол үшін сіз «Намаз» бен «Мешіт» аялдамаларынан түсіп қалуыңыз керек еді ғой…! Біз енді артқа қайталмаймыз, автобус бұзылып қалды.
— Ме…меен… артқа қайтайықшы…… Өтінем сізден…!
…Ал сіз қай аялдамадан түсер едіңіз?! Қазірден біліп алыңыз…! Кейін кеш болып, өкініп қалмаңыз…!
Әрі қарай

Әлемдегі ең ірі діндердің бірі исламды ұстанушылар аптаның дәл осы күнін ерекше қастерлейді. Себебі бұл күннің қасиеті туралы құран кәрімнің «Жұма» сүресінде: «Ей, мүминдер! Жұма күні жұма намазына азан шақырылса, Алланы еске алуға асығып, өздерің барыңдар. Сауданы тоқтата тұрыңдар. Біле-білсеңдер сендерге сол жақсы» — делінген. Сонымен қатар Мұхамет Мұстафа (с.ғ.с): «Егер мүмин, жұма күні жамағатпен намаз оқып, имамға ұйыса оның екі жұма арасында жасаған күнәсі кешіріледі» — деп өсиет еткен. Осыны негізге алған мұсылмандардың көпшілігі аптаның бесінші күнінде кәсібін тастап мешітке ағылады. Кейбір ірі қалаларда тіпті жұма күндері мешіт орналасқан көшелер бірер сағатқа жабылып та қалады. Мешітке симаған жұрт, бай-кедей деп бөлінбей, көшеде тұрып та сап түзеп, намаз оқиды. Осы арқылы күнәларынан арылып, ана дүниеге сауап жинап қалмақ. Қарап отырсаң адамдар теңдігі, демократия дегеннің нақ көрінісі осы жерде байқалады емес пе?
Құдайдың жоқтан бар жасайтын құдіретінің дәлелі ретінде осыдан 2015 жыл бұрын жер бетіне Иса пайғамбар түсірілген. Ол айналасындағы жұртқа бірғана құдайдың бар екенін және оның алдында барлық адам тең екенін насихаттай бастайды. Бұл сол кездегі Иудей дін басыларына ұнамай қалған. Олар Исаның аз уақыттың ішінде танымал болып, соңына жұртты ертіп алғанынан қорқып, оны тоқтату туралы шешімге келеді. Өздерінің күші жетпейтін болғандықтан биліктегілерге арыз жаудыра бастады. Ал ол заманда қазіргі Израиль жері Рим империясының бодандығында еді. Сондықтан иудей дінбасылары Римнен келген прокурор Понти Пилатқа шағым түсіріп, жалған пайғамбарлығы және өзін патша жариялағаны үшін Исаны өлтіруді сұрайды. Олардың тілегін қабыл алған прокурор Иса Мәсіхті айқышқа керіп өлтіру туралы бұйрық шығарады. Бұйрық жұма күні орындалған. Арада үш күн өткен соң тіріліп, көкке ұшып кетеді. Содан бері ол салған жолмен жүрушілер аптаның екі күнінде шіркеуде құдайға жалбарыну өткізеді. Біріншісі, жұма күні "құдайдың" (Исаны құдайға балайды) жарық дүниеден өткенін, ал жексенбі күні тіріліп келгеніне байланысты…
Жұманы тақуалар сауап жинау үшін асыға күтсе, қайыршылар тиынға қалтасын толтыру үшін күтеді. Бұл күні мешіт айналасы адамға толатындығын жоғарыда айтып өттім. Ал дінде садақа беру үлкен сауап әкелетін амал. Осыны білетін әккі қайыршылар жұртпен бірге мешітке қарай ағылады. Ел тәрізді намаз оқып, сауап жинау үшін емес алақан жайып, тиын жинау мақсатында.
Жұманы асыға күтетіндер қарапайым жұмысшылар, мына сіз бен біз. Расқой? Дүйсенбі басталмай жатып елдің көбі жұманың келуін аңсайды. Сағынады… Неге? Себебі ертең жұмыс деп алаңдамай, түнімен отырып тв көруге немесе қыдыруға болады. Қонаққа бара қалсаңыз, ұйқым қанбай қалып, таңертең көзім іседі деп алаңдаймсыз. Алда бақандай екі күн демалысыңыз күтіп тұр. Осыны білген соң көңіліңіз де орнында болады. Ал жексенбі керсінше жұрт жақтырмайтын күн. Ертең аптаның алғашқы күні, жұмыс күні екені есіңізге түсіп, еңсе көтертпейді.
Ағылышындық танымал жазушы Даниэл Дефоның қаламынан шыққан «Робинзон Крузо» романын оқығансыз ба? Онда әлемді саяхаттауға құмар болған ағылышын жігітінің кеме апатына ұшырап, елсіз аралда қалып қойғаны суреттеледі. Робинзон өркениеттен жырақта 28 жыл ғұмыр кешкен. Алғашқы жылдары жалғыз өзі болады. Үй салып, егін егіп, ешкі асырайды. осы жұмыстарды толық ыңғайлап болған соң аралды толық зерттеуге көшкен. Арада біраз уақыт өткен соң аралдан адам ізін табады. Бұл адам жегіш жабайлыр болатын. Олармен алғашқы кездесуі аптаның жұма күнінде орын алған. Дәл сол күні жабайлыр тұзағынан өзіне серік болуға жарайтын жігітті құтқарып алады. Жабайыға тіл үйретіп, өркениетке баулыған соң тапқан күннің құрметіне «Жұма» деп атау берген.