Өмірзая

Блог - Janasil: Өмірзая

Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен түсірілген, ортасында өзіміздің Нұрберген жүрген Өмірзая сериалының толық нұсқасын қараңыздар. Біраз жыл бұрын Атырауды (елімізді) шулатқан жарылыстардың негізі қалай қаланғанын түсінесіз.

«Өмірзая» көркем фильмінде қазіргі қазақ отбасындағы дәстүрлі емес теріс діни ағымдардың кесірінен болып жатқан трагедия бейнеленеді. Атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық салт-дәстүрді, ұлттық құндылықтарды насихаттайды.

Өзіме сақалдылардың басшысының рөлінде болған ақидың ойыны ұнады! Осындай шынайы өмірге жақын, тәрбиесі бар кинолар көбейе берсін.









Соңы:

Әрі қарай

Астанада ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр

Астана жаңалықтары: Астанада ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында 2015 жылдың қыркүйек айының 5-6 күндері Б. Момышұлы көшесі мекенжайы бойынша орналасқан Оқушылар сарайының жанында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңке қыркүйек айының әр сенбі-жексенбі күндері сағат 09.00-18-00 аралығында жалғасады.

Астана қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, жәрмеңкеге Астана мен Ақмола өңірінің тауар өндірушілері өз өнімдерін халыққа ұсынады. Аталмыш жәрмеңке елорданың үш ауданында да өтеді. «Алматы» ауданында Абылай хан даңғылы, «Есіл» ауданында Сауран көшесінде ХҚКО маңында, «Сарыарқа» ауданында Бөгенбай даңғылындағы «Көктем» СО жанында ұйымдастырылады.

Айта кетейік, 2015 жылдың 2 кыркүйегіне дейін 45 жәрмеңке ұйымдастырылып, оған 102 тауар өндіруші қатысты. Жәрмеңкедегі тауарлар нарықтық бағадан 10-12 пайызға арзан сатылады.

astana.gov.kz
Әрі қарай

Елордада үш ауысымдық мектептер мәселесі түбегейлі шешілді

Астана жаңалықтары: Елордада үш ауысымдық мектептер мәселесі түбегейлі шешілді

Астанада 115 мың оқушы үшін 2015-2016 жж. жаңа оқу жылы басталды. Биыл 15 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа аяқ басты.

Былтыр (2014-2015 жж.) екі мектепте сабақтар үш ауысыммен өткізілген болатын. Үстіміздегі жылы үш жаңа мектеп қолданысқа берілген соң үш ауысымдық оқу жүйесі жойылды. Бүгінде Астанада 80 мемлекеттік мектепте балалар екі ауысыммен білім алады.

astana.gov.kz
Әрі қарай

Белоруссияның Брест қаласы Астанамен серіктестік орнатуға мүдделі

Астана жаңалықтары: Белоруссияның Брест қаласы Астанамен серіктестік орнатуға мүдделі

Елорда әкімдігінде Астана мен Беларусия арасындағы екіжақты құрылыс және инфрақұрылым салаларын дамыту мәселелері талқыланды.

Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун Брест облысы атқарушы комитетінің төрағасы Виктор Саковскиймен кездесіп, бірқатар маңызды сұрақтар бойынша келіссөздер өткізді.

С. Хорошун Еуразиялық экономикалық одақтың жаңа мүмкіндіктерін ескере отырып, аталмыш кездесудің маңызды екенін атап өтті.

— Астана қаласы әкімдігі Қазақстан мен Белоруссияның ортақ жобаларына ерекше көңіл бөледі. Қазіргі уақытта МАЗ автокөлік техника зауытының құрылысы жүріп жатыр, — деді ол.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің арасындағы серіктестікті одан әрі арттыруға дайын екендіктерін мәлімдеді.

astana.gov.kz
Әрі қарай

Көңілдестерім. Көршім Руслан

Соңғы күндердегі қарбалас әбден жалықтырып жіберді. Жұмыстың көптігінен мойын бұратын уақыт жоқ. Жүзеге аспай жатқан күрделі жобалар үшін күйіп-піскен Жәрмен бастықтың алдына бикинимен келіп, бұралаңдап билесең де назар аударар түрі жоқ:
— Әй,
Әрі қарай

Астанада "100 нақты қадам" бағдарламасын іске асырудағы жастар ролі талқыланды

Астана жаңалықтары: Астанада 100 нақты қадам бағдарламасын іске асырудағы жастар ролі талқыланды

Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ офисінің конференц-залында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті және Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы бірлесіп этномәдени бірлестіктердің жастар қанаты өкілдерімен «100 нақты қадам» бағдарламасын іске асырудағы жастар ролі» тақырыбында кездесу өткізді.

Шараға Астана қаласы ҚХА Хатшылығы қызметкерлері, астаналық этномәдени бірлестіктер басшылары және жастар қанаты көшбасшылары қатысты.

Департамент өкілдерімен «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» бірінші институционалдық реформа шеңберінде іске асырылып жатқан жобаларға аса мән берілді.

Департамент өкілдері бірінші институционалдық реформа шеңберінде, мемлекеттік қызметке алғаш келуші үміткерлер үш кезеңдік іріктеуден өтіп, кәсіби қызметін тек төменгі лауазымдардан бастауды қамтитын мемлекеттік қызметтің мансаптық моделіне ауысу жобасы туралы түсініктеме берді. Сонымен қатар, 2016 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлер еңбекақысын мемлекеттік қызметкерлердің нақты жұмыс жүктемесін және олардың жалпы мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесі ескерілетін факторлық-балдық шкала бойынша төлеуге көшетіндігі туралы тоқталды. Жалпы болашақ реформалар жастардың мемлекеттік қызметке келуіне және білімі мен біліктілігін көрсетуге жаңа мүмкіндіктер ашатындығы айтылды.

Шара барысында мемлекеттік қызметке түсу, жас мамандарға төленетін еңбекақы мөлшері сияқты сұрақтар жастар өкілдері арасында қызығушылық тудырды.

astana.gov.kz
Әрі қарай

Елорданың тұрғын алабында тағы бір аула клубы ашылды

Астана жаңалықтары: Елорданың тұрғын алабында тағы бір аула клубы ашылды

Астана қаласында 5 жыл көлемінде «Аула клубтары» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда. Соның нәтижесінде елорда аумағында бірқатар аула клубтары ашылып, жастар мен балалардың бос уақыттарын пайдалы өткізуді ұйымдастыру шаралары нәтижесін беруде.

Бүгін Астана қаласының «Мичурино» тұрғын алабында «Мирас» аула клубының салтанатты ашылуы өтті.

— Бүгін Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Мичурино» тұрғын алабында жаңа аула клубы өз есігін ашып отыр. Қазірдің өзінде мұнда 200 бала тіркеліп үлгерді, — дейді Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Талғат Рахманберді.

Бүгінгі таңда аталмыш басқарма 15 аула клубын ашып үлгерді. Мұндай клубтар жастар үшін көп функционалды мәдени-спорттық орталықтардың рөлін атқарады. Қазіргі кезде жаңа клубта бірқатар музыкалық, спорттық үйірмелер жұмысын бастап кетті.

«Мичурино» тұрғын алабында ашылған аула клубында жасөспірімдер мен балалардың бос уақыттарын тиімді өткізулері үшін барлық жағдай жасалған.

astana.gov.kz
Әрі қарай

Дағдарыс дауасы - «Силициум-Казахстан»

Осыдан тұп-тура екі ай бұрын бір кездері елімізде салтанатты түрде Ресеймен бірлесе ашылған «Силициум-Казахстан» кремний зауытының қайта жандануы мүмкін деген сыбыс шығып, ол туралы мен де бірдеңе деген едім. Зауыт ашылғанда басшы ретінде тағайындалып, кейін істі болған Михаил Сутягинский «Ведомости» газетіндегі сұхбатында қазақстандық компаниялармен альянсқа қайта дайын екендігін айтқан болатын.

PhD мемуарлары: Дағдарыс дауасы - «Силициум-Казахстан»

Сол кездегі пікірлерге қарап мәселе дегенмен оңынан шешілетіндей көрінген. Дегенмен іс әлі де бір орыннан жылжымай тұрған секілді. Ғаламтордағы материалдарды шолсақ, «Силициум-Казахстан» кремний зауытына иелік еткісі келетіндер (Титан және БРК) әлі соттасып жатыр.
Ал бір кездері Сутягинскийге үкім шығарған қазақстандық сот өкілі енді өз шешімінен өзі айнып отырған сыңайы бар. Ресей болса өз кезегінде Сутягиннің Қазақстанда іске аспай қалған басқа да жобаларын мемлекеттік деңгейде қаржыландыруды жоспарлап отыр. Бұл дегенің «Титанның» кремнийсіз де тұралап қалмайтынының бір мысалы.

PhD мемуарлары: Дағдарыс дауасы - «Силициум-Казахстан»

Істің ақ-қарасы әлі де бұлыңғыр. Дегенмен бір ойым былай дейді: ақыры көршілес әрі экономикалық тәуелді елдер екенбіз. Неге шынында зауытты қайта іске қоспасқа? Девальвациялы дағдарыс кезінде ең болмаса халыққа жұмыс болар еді. Кремнийдің шикізат ретіндегі зор пайдасын қайталамай-ақ қояйын…
Әрі қарай

Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ғылыми конференция өтті

Астана жаңалықтары: Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ғылыми конференция өтті

Астанадағы ҚР Ұлттық мұражайында Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орайластырылған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға елімізге белгілі қоғам қайраткерлері, халық қалаулылары, тарихшылар мен ғалымдар қатысты.

Конференцияның ашылу салтанатында сөз алған Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев жиналған қауымды атаулы мерекемен шын жүректен құттықтады.

Ермек Аманшаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары:

— Қазақ хандығының мерейтойын тойлау елдігіміз бен бірлігіміздің одан әрі нығаюына септік жасайды. Қазақ хандығы Орта Азиядағы ең алғашқы болып құрылған спецификалық мемлекет.

Конференцияның басты мақсаты — өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесіне көңіл бөлу, ұлы даланың ұлағатты тарихын дәріптеу болып табылады. Шара аясында осы тақырыпты толық қамтыған ірі баяндамалар мен кең зерттеулер оқылды.

astana.gov.kz
Әрі қарай

Астанада елордалық тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау мәселелері талқыланды

Астана жаңалықтары: Астанада елордалық тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау мәселелері талқыланды

Астанада елордада орналасқан Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Астана қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов төрағалық ететін комиссия мүшелері тарихи-мәдени мұра нысандарының жағдайын сөз етіп, оларды сақтау мәселелерін қарастырды.

Жыл сайын қалада тарихи және мәдени нысандардың, түрлі монументтердің саны артып келеді. Бүгінгі таңда елордада 46, соның ішінде екі республикалық маңызды тарихи және мәдени ескерткіш бар.

— Тарихи және мәдени ескерткіштерді пайдалану көп жұмысты қажет етеді. Осы міндетті атқару үшін Қазіргі заманғы өнер мұражайының базасында «Ескерткіштер мен тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтауды қамтамасыз ету дирекциясы» құрылды. Оған ғылыми жұмыстардан басқа барлық шаруашылық функциялар, соның ішінде қажет болған жағдайларда реставрация да жүктелді, – деді Болат Мажағұлов комиссия отырысында сөйлеген сөзінде.

Әрине, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі қарсаңында тарихи ескерткіштердің жағдайына ерекше назар аудару керек. Қазірден бастап шетелдік делегациялар мен туристер үшін экскурсиялар дайындап жатқан түрлі мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінен өтінімдер түсіп жатыр.

Көптеген тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандар ондаған жылдар бойы пайдаланылып келеді, олардың бәрі де аса құнды, өйткені бұл – Қазақстанның тарихы, сондай-ақ, еліміздің өсімі мен жетістіктерінің белгісі болып табылады.

Астана қаласының тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия консультативтік-кеңестік орган болып табылады, оның құзыреттілігіне тарихи және мәдени нысандарды ескерткіштер деп тану, осы мәртебеден айыру, сонымен қатар оларды пайдалану, қорғау, есепке алу жатады.

astana.gov.kz
Әрі қарай