Сенбілікке 81 мың адам қатысады

Астана жаңалықтары: Сенбілікке 81 мың адам қатысады
Сенбі күні Астана қаласында «Біз – таза қала үшін!» ұранымен жалпы қалалық сенбілігі өтеді. Оған 81 мың адам, 460 техника жұмылдырылатын болады, деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
Экологиялық айлық аясында Астанада қала аумағын санитарлық тазарту, көшелер, тротуарлар мен аудан аулаларын ретке келтіру, ағаш отырғызу, сондай-ақ Есіл өзені арналарын, Ақбұлақ пен Сарыбұлақты қоқыстардан аршу, арықтардағы кәріз жүйесін тазалау көзделген.
Жалпы қалалық экологиялық сенбілік кезінде 3300 ағаш отырғызылмақ. Оның ішінде жапырақты шегіршін, сүмбіл терек, қызыл тал, үйеңкі мен жиде ағашы бар. Сондай-ақ, мектептер, балабақшалар және медициналық ұйымдар аумағында 3000-ға жуық көшет егіледі.
Шараға қаламыздың көшелері мен аулаларын абаттандыруға ниет білдірген қала тұрғындары мен ұйым өкілдері қатыса алады.
Әрі қарай

Қала маңындағы мал ұстау жағдайлары тексерілді

Астана жаңалықтары: Қала маңындағы мал ұстау жағдайлары тексерілді
Еліміздің айнасы елордада қоғамдық тәртіптің сақталуы басты назардан түскен емес. Оған қоса, қала іргесіндегі елдімекендердің де тазалығы ұдайы бақылауда. Шаһар басшысының тапсырмасына сәйкес Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері «Астана Ветсервис» мамандарымен бірлесе отырып, қала аумағында мал ұстау ережелерін бұзу факторларының алдын алу шараларын жүргізді.

Аталмыш шара мал ауруларының туындауы мен таралуының алдын алу, үй жануарларының көшелерде, бақтарда және басқа да қоғамдық орындарда жайылуына тыйым салуға бағытталған.
Елордалық полицейлер қала ішінде орналасқан Теміржолшылар, Мичурино, Интернациональный, Көктал-1, Көктал-2, Өндіріс, Тельман, Пригородный, Ильинка елдімекендерін тексерді. Бір күннің ішінде мал иелеріне 100 мың теңгеден астам сомада айыппұл салынды.
Полиция қызметкерлері мен ветеринар мамандар тұрғындарға үй хайуанаттарын ұстау ережелері мен тазалық сақтау талаптарын түсіндірді.
Әрі қарай

Чемпиондар Лигасы 2015/2016 1-тур A,B,C,D топтары

Футбол, тек қана футбол!: Чемпиондар Лигасы 2015/2016 1-тур A,B,C,D топтары

ПСЖ (Франция) — Мальме (Швеция) — 2:0
Реал (Мадрид, Испания) — Шахтер (Украина) — 4:0
Вольфсбург (Германия) — ЦСКА (Ресей) — 1:0
ПСВ (Голландия) — Манчестер Юнайтед (Англия) — 2:1
Галатасарай (Түркия) — Атлетико (Испания) — 0:2
Бенфика (Португалия) — Астана (Қазақстан) — 2:0
Манчестер Сити (Англия) — Ювентус (Италия) — 1:2
Севилья (Испания) — Боруссия (М, Германия) — 3:0

Әрі қарай

Астана қаласындағы автобус бағдарларының жаңартылған нұсқасы

Астана жаңалықтары: Астана қаласындағы автобус бағдарларының жаңартылған нұсқасы
Сызбаны қарау

№ 27 бағдар – теміржол вокзалынан «Стелла «Астана» аялдамасына дейін Қабанбай батыр даңғылы (көлік айрығы) бойында өзгеріссіз, әрі қарай – Тұран даңғ. – Керей және Жәнібек хандар к-сі – Қабанбай батыр даңғ., әрі қарай кері бағытта қолданыстағы қозғалыс сызбасы бойынша. Шартты соңғы аялдама «Әлемдік орталық».
№ 30 бағдар – Сусамыр к-сінен «Уәлиханов к-сі» аялдамасына дейін Уәлиханов к-сі бойында өзгеріссіз, әрі қарай Кенесары к-сінен солға қарай – Сембинов к-сі – Иманов к-сі – Уәлиханов к-сі, әрі қарай кері бағытта қолданыстағы сызба бойынша.
№ 35 бағдар – 2 бағдарға бөлінетін болады: № 35 және № 55. №35 «Қараөткел т/а – «Арнау» т/а». Қараөткел тұрғын алабынан «Есет батыр» аялдамасына кірмей Қараөткел кентіне (Ескі Илинка) Қабанбай батыр даңғылы бойындағы «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ» аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай Сарайшық к-сі – Орынбор к-сі – Хусейн бен Талал к-сі – соңғы аялдама «Арнау» т/к» («BI Village» коттеджді қалашық).
Кері қарай сәйкесінше қозғалыс сызбасы бойынша.
№ 36 бағдар –2 бағдарға бөлінетін болады: № 36 «Қараөткел т/а – Сарыарқа даңғ.» қозғалыс сызбасы: Қараөткел тұрғын алабынан «Сарыарқа даңғ.» аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай Сарыарқа даңғылы бойынша тікелей – соңғы аялдама Бөгенбай батыр ескерткішінің ауданындағы «Сарырқа даңғ.».
№ 38 бағдар – «№ 69 к-сі» аялдамасынан Алаш тас жолының бойындағы «Шарын» базарына дейінгі аймақта шектелетін болады.
№ 43 бағдар – Тұран даңғ. бойында «Шарын» базарынан «Хан Шатыр СОО» аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай Достық көшесінде солға – Қабанбай батыр даңғ. – Хусейн бен Талал к-сі – Орынбор к-сі – соңғы аялдама «Оңалту кешені» аялдамасы.
Кері қарай сәйкесінше қозғалыс сызбасы бойынша.
№ 45 бағдар – Тілендиев даңғ. бойында «Шарын» базарынан «Қамқор» ТҚС» аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай – Ақан сері к-сі – Еңлік Кебек к-сі – Болашақ к-сі – соңғы аялдама «Болашақ к-сі» 
(«Көктал-1 т/а»).
Кері қарай сәйкесінше қозғалыс сызбасы бойынша.
№ 55 бағдар бағдар № 35 бағдарды бөлу жолымен ұйымдастырылған. «Ауданаралық аурухана» аялдамасынан «Сығанақ -Қабанбай батыр даңғ. қиылысы» дейін өзгеріссіз. Әрі қарай қозғалыс айналмалы жол бойынша Қабанбай батыр көшесіне солға қарай — Зияткерлік мектеп — Тұран даңғ. — Сығанақ көш., қазіргі нұсқа бойынша кері бағытпен. Соңғы аялдама Тұран даңғ. бойындағы «Барыс-Арена» спорт кешені.
Кері қарай сәйкесінше қозғалыс сызбасы бойынша.
№ 66 бағдар – бағдар № 36 бағдарды бөлу жолымен ұйымдастырылған. «Шарын» базарынан «Кенесары к-сі» аялдамасына дейін Сарыарқа даңғ. бойымен өзгеріссіз, әрі қарай Сарыарқа даңғ. айналмалы жол бойымен қозғалыс – Шевченко к-сі – Кенесары к-сі – Сарыарқа даңғ., әрі қарай кері бағытта қолданыстағы сызба бойынша. Шартты соңғы аялдама Шевченко к-сі бойындағы «№ 4 емхана».
Сонымен бірге, ағымдағы жылдың 29 тамызынан бастап Қосшы т/а мен Жібек жолы к. бағытында қала маңы бағдарлардың ашылуымен байланысты № 52э «Ауданаралық емхана – Қосшы т/а» және № 54э «Жібек жолы т/а – Бал бала б/б» қалалық экспресс бағдарлар жұмысы тоқтатылатын болады.
Автобустар арасындағы бәйгені жою және жолаушыларға көрсетілетін қызметтің сапасын жоғарылату мақсатында, сондай-ақ қайталанатын қозғалыс сызбаларын қысқарту үшін қалалық бағдарлардың қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізілді.
№ 1 бағдар – кері бағытта «Шарын базары» аялдамасынан «Орталық базар» аялдамасына дейінгі аймағында тоқтатылды.
№ 7 бағдар –Промышленный т/а бағытындағы қозғалыс Абыай хан даңғылынан М. Төлебаев к-сіне ауыстырылды.
№ 16 бағдар – қозғалыс сызбасы екі бөлікке бөлінген. «Мясокомбинат» бастапқы пунктінен «Уәлиханов к-сі» аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай қозғалыс Уәлиханов к-сіндегі айналмалы жол бойынша жүзеге асырылады – Кенесары к-сі – Сембинов к-сі – Иманов к-сі – Уәлиханов к-сі, әрі қарай кері бағытта қолданыстағы сызба бойыша. Шартты соңғы аялдама Иманов к-сі бойындағы 
«Тараз к-сі» аялдамасы.
№ 34 бағдар – қозғалыс сызбасы екі бөлікке бөлінген. 
«Көктал-2 т/а» бастапқы пунктен «Астаналық базар» аялдамасына дейін Сейфуллин к-сі бойында өзгеріссіз, әрі қарай Сейфуллин к-сі – Уәлиханов К-сі — № 2 жол өтпесі – Алаш тас жолы бойындағы «Шарын базары» аялдамасына дейін. Кері қарай сәйкесінше қозғалыс сызбасы бойынша.
№ 39 бағдар –бағдар № 109 бағдарды бөлу жолымен ұйымдастырылған және жылжымалы құралдары үлкен сыйымдылықты автобустарға ауыстырылды. «Мясокомбинат» бастапқы пунктінен «Уәлиханов к-сі» аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай қозғалыс Уәлиханов к-сі бойындағы айналмалы жолда жүзеге асырылады – Кенесары к-сі – Сембинов к-сі – Иманов к-сі – Уәлиханов к-сі, әрі қарай кері бағытта қолданыстағы сызба бойынша. Шартты соңғы аялдама Иманов к-сі бойындағы «Тараз к-сі» аялдамасы.
№ 48 бағдар – Абылай хан даңғ. – Құдайбердіұлы даңғ. аймағындағы қозғалыс Мүсірепов к-сінен Манас к-сіне ауыстырылды.
№ 49 бағдар – бағдар № 109 бағдарды бөлу жолымен ұйымдастырылған және орта сыйымдылықты автобустар үлкен сыйымдылықты автобустарға ауыстырылды.
Железнодорожный т/а-нан «Ақжайық СҮ» аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай қозғалыс Бөгенбай батыр даңғ. бойындағы айналмалы жол бойында – Республика даңғ. – Дүкенұлы к-сі – Айманов к-сі – Бөгенбай батыр даңғ., әрі қарай кері бағытта қолданыстағы сызба бойынша.
№ 64 бағдар – бағдар № 34 бағдарды бөлу жолымен ұйымдастырылған. «Авалок-К» ЖШС» бастапқы пунктінен 
Сейфуллин к-сі мен Сарыарқа даңғ. қиылысына дейін өзгеріссіз. Әрі қарай сызба «Газмашаппарат» аялдамасына дейін Сарыарқа даңғ. – Кенесары к-сі – Дулыға к-сі сызбасы бойынша ұзартылды.
№ 70 бағдар – бағдар № 30 бағдарды бөлу жолымен ұйымдастырылған. «№ 3 перзентхана» аялдамасынан «Жасыбай» қонақ үйі» аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай қозғалыс Уәлиханов к-сіндегі айналмалы жол бойында – Бөгенбай батыр даңғ. – 
Республика даңғ. -–Дүкенұлы к-сі – Айманов к-сі – Бөгенбай батыр даңғ., кері бағытта қолданыстағы сызба бойынша.
№ 76 бағдар –бағдар № 16 бағдарды бөлу жолымен ұйымдастырылған. Промышленный т/а-нан «Ақжайық» СҮ» аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай қозғалыс Бөгенбай батыр даңғ. бойындағы орамды жол бойымен – Республика даңғ. – Дүкенұлы к-сі – Айманов к-сі – Бөгенбай батыр даңғ., әрі қарай кері бағытта қолданыстағы сызба бойынша. Шартты соңғы аялдама Дүкенұлы к-сі бойындағы «Азамат» шағынмаркет» аялдамасы.
Бастапқы пункт «№ 3 перзентхана» аялдамасынан Орынбор к-сі бойындағы «BI Village» коттеджді қалашыққа ауыстырылды.
Жолаушыларды тез арада жеткізу мақсатымен минималды көлемде аялдамалық пунктерді орната отырып жаңа қалалық экспресс бағдарлар ұйымдастырылатын болады. Жол жүру ақысы 150 теңге.
№ 100 бағдар –«т/ж вокзалы – Халықаралық әуежай» қозғалыс сызбасы: Біржан сал к-сі – Есенберлин к-сі – Бейбітшілік к-сі («Агротехникалық университет», «Бейбіишілік к-сі» аялдамалары) – Сейфуллин к-сі («БТА банкі» аялдамасы) – Республика даңғ. («Халық банкі», «Иманов к-сі», «Самал» шағын ауданы» аялдамалары) – Қабанбай батыр даңғ. («Қабанбай батыр даңғ.», «Қазмұнайгаз», «Азия парк СОО», «Астана Арена», «Назарбаев Университет» аялдамалары) – Қарқаралы тас жолы («Авиатор с/қ» аялдамасы).
№ 101 бағдар – «Ауданаралық аурухана – Жағалау т/а» қозғалыс сыбасы: Манас к-сі («Онкодиспансер» аялдамасы) – Ш, Құдайбердіұлы даңғ. («Мүсірепов к-сі» аялдамасы) – Мұстафин к-сі («Силети к-сі» аялдамасы) – Момышұлы даңғ. («Жұмабаев даңғ.», «Тұран» МК» аялдамалары) – Орынбор к-сі («Министрліктер үйі», «Орынбор к-сі» аялдамалары) – Сығанақ к-сі («Құлагер т/а» аялдамасы).
№ 102 бағдар – «Көктал-2 т/а – Оңалту кешені» қозғалыс сызбасы: Ақмола к-сі («Ақмола к-сі» аялдамасы) – Тілендиев даңғ. («Саянұр» базары», «Ақан сері к-сі» аялдамалары) – Ш. Қосшығұлұлы к-сі 
(«№ 65 мектеп», «№ 10 емхана» аялдамалары) – Сейфуллин к-сі («Хабар» аялдамасы) – Сарыарқа даңғ. («Кенесары к-сі» аялдамасы) – Тұран даңғ. («Мега Астана СОО», «Астана опера» аялдамалары) – Қонаев к-сі («КТЖ» аялдамасы) – Орынбор к-сі («Министрлітер үйі», «Орынбор к-сі», «Қаржы орталығы», «ЖПБ автошаруашылығы» аялдамалары).
№ 103 бағдар – «Шанхай базары – Қараөткел-2 т/а» қозғалыс сызбасы: Алаш тас жолы («Орталық базар» аялдамасы) – Уәлиханов к-сі («Жасыбай» қонақ үйі», «Уәлиханов к-сі», «Алматы» БО» аялдамалары) – Бараев к-сі («Бараев к-сі» аялдамасы) – Қабанбай батыр даңғ. – Қорғалжын тас жолы («Думан» СОО», «Керемет кешені», «ҚазГЗА» аялдамалары) – Қараөткел т/а («Исатай батыр к-сі», «Кейкі батыр» аялдамалары).
№ 104 бағдар – «Көктал-1 т/а – Сарайшық т/а» қозғалыс сызбасы: Болашақ к-сі – Ардагерлер к-сі («Меруерт б/б» аялдамасы) – Д. Бабатайұлы к-сі («№ 40 ОМ» аялдамасы) – Тілендиев даңғ. («Саянұр базары», «Ақан сері к-сі» аялдамалары) – Бөгенбай батыр даңғ. («Көктем СҮ» аялдамасы) – Жеңіс даңғ. («Жеңіс даңғ.» аялдамасы) – Кенесары к-сі («Конгресс холл», «Сауда-экономикалық колледж», «Спутник СҮ» аялдамалары) – Абылай хан даңғ. («Травмотология ҒЗИ» аялдамасы) – Қажымұқан к-сі («ЕҰУ» аялдамасы) – Сәтпаев к-сі («Евразия СҮ», «Тұран МК» аялдамалары) – Жұмабаев даңғ. («Балқантау к-сі» аялдамасы).
Қаланың бағдарлық желісін жаңартуға, қала шекарасы мен қала маңы аймағын бөлуге байланысты қала маңы бағдарлары ұйымдастырылатын болады.
№ 300 бағдар«Астана қ. («Азия парк» СОО) – Қараөткел к. – Қаражар к. – Ақмол к.».
Қозғалыс сызбасы: Ақмол к. – ескі шағын аудан – жаңа шағын аудан. Қаражар к., Қараөткел к. – тас жолы бойымен кірмей жүру. Қала шекарасында – Қорғалжын тас жолы (Циркке дейін) – Қабанбай батыр даңғ. – соңғы аялдама Достық к-сі бойындағы «Азия парк»СОО».
Астана қаласындағы аралық аялдамалар: «ҚазГЗА», «Керемет» кешені.
Жол жүру құны:
Астана қ. – Ақмол к. – 260 теңге.
Астана қ. – Қаражар к., Қараөткел к. – 120 теңге.
Қаражар к., Қараөткел к. – Ақмол к. – 140 теңге.
№ 301 бағдар «Астана қ. («Азия парк» СОО) – Қосшы к. («Лесная поляна» т/а).
Қозғалыс сызбасы: Лесная поляна т/а — № 27 және № 43 қалалық бағдарлардың бұрынғыи қозғалыс сызбасы бойынша. Қала шеңберінде – Қабанбай батыр даңғ. – соңғы аялдама Достық к-сі бойындағы «Азия парк» СОО».
Астана қаласындағы аралық аялдамалар: «Астана – Арена» Стандионы», «Назарбаев университеті», «Қазанат» ипподром.
Жол жүру құны – 100 теңге.
№ 302 бағдар «Астана қ. («Азия парк» СОО) – Лесная поляна т/а – Қосшы к. – Тайтөбе к.
Қозғалыс сызбасы: Қосшы кентіне Асенбай Қалқаманұлы к-сі бойымен – Набережная к-сі – Республика к-сіне Лесная поляна т/а кіре отырып № 27 және № 43 қалалық бағдарлардың бұрынғы қозғалыс сызбасы бойынша. Қала шеңберінде – Қабанбай батыр даңғ. – соңғы аялдама Достық к-сі бойындағы «Азия парк» СОО».
Астана қаласындағы аралық аялдамалар: «Астана –Арена» Стадионы», «Назарбаев университеті», «Қазанат» иппподром.
Жол жүру құны:
Астана қ. – Тайтөбе к. – 150 теңге
Астана қ. – Лесная поляна т/а – 100 теңге
Лесная поляна т/а, Қосшы к. – Тайтөбе к. – 50 теңге.
№ 303 бағдар « Астана қ. («Азия парк» СОО) – Лесная поляна т/а – Қосшы к. (Республика к-сі).
Қозғалыс сызбасы: Қосшы к. және Лесная поляна кентіне  — № 27 және № 43 қалалық бағдарлардың бұрынға қозғалыс сызбасы бойынша. Қала шеңберінде – Қабанбай батыр даңғ. – соңғы аялдама Достық к-сі бойындағы «Азия парк» СОО» аялдамасы.
Астана қаласындағы аралық аялдамалар: «Астана –Арена» Стадионы», «Назарбаев университеті», «Қазанат» иппподром.
Жол жүру құны:
Астана қ. – Қосшы к. – 130 теңге
Астана қ. – Лесная поляна т/а – 100 теңге
Лесная поляна т/а – Қосшы к. – 30 теңге
№ 304 бағдар «Астана қ. (Ауданаралық аурухана) – 41 разъезд – Жібек жолы к.».
Қозғалыс сызбасы: Жібек жолы кентінде № 54э бұрынғы қалалық бағдардың қозғалыс сызбасы бойынша. № 41 разъезд Аршалы тас жолы бойымен кірмей. Қала шеңберінде – Абылай хан даңғ. – Манас к-сі – соңғы аялдама «Ауданаралық аурухана».
Астана қаласындағы аралық аялдамалар: «Жібек жолы СҮ».
Жол жүру құны:
Астана қ. – Жібек жолы к. – 160 теңге
Астана қ. – № 41 разъезд – 110 теңге
№ 41 разъезд – Жібек жолы – 50 теңге.
№ 305 бағдар «Астана қ. («Азия парк» СОО) – Қараөткел к.»
Қозғалыс сызбасы: Қараөткел кентінде – ЖПБ посты жағынан кіру – мектеп – Грейдер бойынша айналып өту – соңғы аялдама «Есет батыр к-сі». Қала шеңберінде – Қорғалжын тас жолы (Циркке дейін) – Қабанбай батыр даңғ. – соңғы аялдама Достық к-сі бойындағы «Азия парк» СОО» аялдамасы.
Астана қаласындағы аралық аялдамалар: «ҚазГЗА», «Керемет» кешені.
Жол жүру құны:
Астана қ. – Астана қ. – 150 теңге.
№ 306 бағдар «Астана қ. («Astra» СҮ) – Талапкер к.».
Қозғалыс сызбасы: Талапкер кентінде № 45 бұрынңы қалалық бағдардың қозғалыс сызбасы бойынша. Қала шеңберінде – Тілендиев даңғ. – соңғы аялдама «Astra» СҮ («Рахмет» СҮ).
Жол жүру құны:
Астана қ. – Талапкер к. – 120 теңге.
№ 307 бағдар «Астана қ. («Шарын» базары) – Қоянды к.».
Қозғалыс сызбасы: Қоянды к. — № 38 бұрынғы қалалық бағдардың қозғалыс сызбасы бойынша, қала шеңберінде – Алаш тас жолы – соңғы аялдама «Шарын» базары», қала шеңберінде аралық аялдамаларсыз.
Жол жүру құны:
Астана қ. – Қоянды к. – 100 теңге.
№ 308 бағдар «Астана қ. («Азия парк» СОО) – Қызылжар к. – Қабанбай батыр к.»
Қозғалыс сызбасы: қала шеңберінде – Қабанбай батыр даңғ. – соңғы аялдама Достық к-сі бойындағы «Азия парк» СОО» аялдамасы.
Астана қаласындағы аралық аялдамалар: «Астана –Арена» Стадионы», «Назарбаев университеті», «Қазанат» иппподром.
Жол жүру құны:
Астана қ. – Қабанбай батыр к., Қызылжар к. – 210 теңге
№ 309 бағдар «Астана қ. («Азия парк» СОО) – Қызылжар к. – Қабанбай батыр к. – Р. Қошқарбаев к.».
Қозғалыс сызбасы: Қызылжар кентіне трасса бойымен кірмей, қала шеңберінде – Қабанбай батыр даңғ. – соңғы аялдама Достық к-сі бойындағы «Азия парк» СОО» аялдамасы.
Астана қаласындағы аралық аялдамалар: «Астана –Арена» Стадионы», «Назарбаев университеті», «Қазанат» иппподром.
Жол жүру құны:
Астана қ. – Р. Қошқарбаев к. – 260 теңге
Астана қ. – Қызылжар к. – 210 теңге
Қабанбай батыр к. – Р. Қошқарбаев к. – 50 теңге.
№ 310 бағдар «Астана қ. («Аstra» СҮ) – Талапкер к. – Қажымұқан к. – Максимовка к.».
Қозғалыс сызбасы: Қажымұқан к., Талапкер К. кірмей, аялдама автотрасса ойында. Қала шеңберінде – Тілендиев даңғ. – соңғы аялдама «Аstra» СҮ» аялдамасы.
Астана қаласында аралық аялдамалар жоқ.
Жол жүру құны:
Астана қ. – Максимовка к. – 210 теңге
Астана қ. – Талапкер к. – 120 теңге
Талапкер к. – Қажымұқан к. – 30 теңге
Қажымұқан к. – Максимовка к. – 60 теңге.
Әрі қарай

Жекпе-жектен халықаралық турнир басталды

Астана жаңалықтары: Жекпе-жектен халықаралық турнир басталды
Бүгін «Дәулет» спорт кешенінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған күш-қуат құрылымдары командалары арасында жекпе-жектен халықаралық турнирдің салтанатты ашылуы өтті.

ҚР Ұлттың ұланы Бас қолбасшысының Кубогы үшін күш сынасатын сайысты ұйымдастыруға еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру комитетінің күнтізбелік жоспарына сәйкес ҚР Ұлттық ұланы мен Қоян-қолтық ұрыстан бүкілқазақстандық ассоциациясы ұйытқы болды.
– Екінші рет өткізіліп отырған, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған турнирге Ресейдің, Қырғызстанның командалары мен еліміздің 20 спорт командасы қатысуда. Жекпе-жек – нағыз жігіттер айналысатын спорт түрі. Бұл сарбаздардың жауынгерлік өнерін дамытуға да үлкен әсерін тигізеді, — деп ҚР Ұлттың ұланы Бас қолбасшысы Руслан Жақсылықов доданы салтанатты түрде ашып берді.
Кілең мықтылар сайысқа түскен додада ел наысын жекпе-жектен әлем чемпионы Айбек Хырыхбай, кикбоксингтен Азия чемпионы Медет Саметаев, кикбоксингтен өткен «Қызылжар» турнирінің жеңімпазы Әлкен Төлегенов және басқа да сайыпқыран спортшылар қорғайды.
Сайысқа жалпы 167 спортшы қатысады. Турнирдің жартылай финалы мен ақтық сыны ертең өтеді.
Әрі қарай

Астанада 40 тоннаға жуық астық жиналды

Астана жаңалықтары: Астанада 40 тоннаға жуық астық жиналды
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйектегі жағдайы бойынша Астана қаласының астық нарығына қатысушылардың қамбасындағы астық – 39 815 тонна. Жиналған астықтың барлығы дерлік азық-түлікке жіберілді, деп хабарлады қалалық Статистика департаменті.

Азық-түлікке жіберілген негізгі өнім бидай жалпы астық көлемінің 93,7%-ын құрады. Дәнді дақылдардың басым бөлігі, дәлірек айтқанда, 91,6%-ы қаладағы элеваторларда жинақталған. Қаланың ұн тарту комбинаттарында қайта өңделетін 2390 тонна бидай бар. Сондай-ақ, астық нарығына қатысушылардың қолында 2088 тонна арпа және 439 тонна қарабидай бар.
Ал, былтыр 1 қыркүйектегі көрсеткіш бойынша Астана қаласының астық нарығында 30 822 тонна астық болды.
Әрі қарай

Жұмыс уақытын өзгерту жол кептелісін жеңілдетеді

Астана жаңалықтары: Жұмыс уақытын өзгерту жол кептелісін жеңілдетеді
Кейінгі кезде Астанада мекемелердің жұмыс уақытын өзгерту көлік кептелісін азайтуға септігін тигізеді деген мәселе көтерілуде. Осыған байланысты мектептерде сабақтың сағат 7.40-та басталуына тұрғындар наразылық танытқан еді. Қалалық әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында осы жағдайлар талқыланды.

– Жол бойындағы көлік тығыздығын шешуге байланысты түрлі шаралар қолданылғанымен, аталған жағдайдың әлі де түйіні тарқамаған. Біз қалаладағы әрбір мекемелерді тыңғылықты зерттедік. Егер жұмыс уақытын өзгертетін болсақ, діттеген жерімізге 15-20 минутта жету мүмкін болмақ. Бұл тек мектептерге ғана емес, сондай-ақ денсаулық сақтау нысандары мен мемлекеттік органдарға да қатысты. Әрине, алдымен қалалық әкімдіктің уақыты өзгереді, ұлттық компаниялар мен орталық билік органдарына да осындай ұсыныс жасалды, — деді «Астана LRT» ЖШС басшысы Талғат Ардан.
Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиева бұл өзгерістердің жалпы білім беру мекемелерінің бірінші сынып оқушыларына қатысы жоқтығын атап өтті.
– Студенттерді қоспағанда 200 мыңнан астам бала оқуды сағат 8.00-ден бастайды. Біз қазір әлеуметтік зерттеу жүргізіп жатқанымызды тағы да айтып кетейін. Оқу уақытын өзгерту үшін заңға тиісті өзгертулер енгізілуі тиіс, типтік бағдарламаларға да. Соған сәйкес өзгертулер жасалады. Барлығы заң аясында іске асырылады, — деді Э. Суxанбердиева.
«Астана қаласында жаңа көлік жүйесін» енгізу мақсатында «Астана LRT» ЖШС «TYPSA» халықаралық компаниясымен бірлесе отырып, мониторинг жүргізіп, елорданың жүктеме көп түсетін кейбір көше-жолдарын анықтады. Сол себептен қалалық мекемелер мен кәсіпорындарда жұмыс тәртібін өзгерту қажет болып отыр.
Әрі қарай

Көңілдестерім. Клубта танысқан жігіт

Өткендегіден кейінгісі жақсы есімде. Сол былтыр бір сенбі күні бір серпілейін деп түнгі клубқа қарай бет алдым. Құрбы атаулының біразы байға тиіп кеткен. Біреулері бесік тербетіп, біреулері баласына әріп жазғызып үйретіп, біреулері ата-енесінің жылы
Әрі қарай

БОСҚЫНДАР

Блог - AnuarEskara: БОСҚЫНДАР
Бейбітшілігі баянсыз мемлекетте береке болмайды. Соңғы уақытта ел мүддесі деп, өзгенің сойылын соққан халқымен берекесі безген кейбір мемлекеттердегі саяси ахуалдар әлем назарын аудартып, үрей тудырып отыр. Әсіресе, Таяу Шығыс елдері шимайланған саяси шиеленіспен қарулы қақтығыстан көз ашпай отыр. Тынышы қашқан елден түн жамылып қашқан халқы бүгінде шартарапты шарлап, бас сауғалап босқындап кетті. Олар Отанында жоқ бейбітшілікті іздеп, өз атамекендерінен безінуге мәжбүр.

Сенің ажалыңа адамзат кінәлі
Жуырда отандық бұқаралық ақпарат құралдарында 3 жастағы босқын сәбидің өлімі Еуропаны дүр сілкіндіргендігі айтылды. Алайда бұл жағдай тек қана Еуропаны ғана емес, өзгелерді де алаңдатпай қоймады. Адамзаттың қатыгездігінен көз жұмған бейкүнә сәби Сириядағы берекесіздіктен безіп, Грекияға қашпақ болған кезде суға кеткен босқын отбасының бір мүшесі еді. Оның жансыз денесі түріктердің Бодрум қаласына жақын жағажайдан табылған. Reuters агенттігінің фотографы Нилуфер Демирдің үш жастағы Айлан Курдиді түсірген суреті Еуроодақтағы көші-қон проблемасы жайлы пікірталасты одан әрі өршітті. Тіпті бұл сурет Еуропа елдерінің билік басындағылардан өз еліндегі азаматтық соғыстан қашқан сириялықтарға көмек көрсетуді талап еткен белсенділер мен құқық қорғаушылардың ашу-ызасын туғызды. Ал Сириядағы ахуалды сырттан бақылап отырған кейбір жандардың бұл оқиға жанына қатты батты.

Босқындар саны жағынан Сирия алдынғы орында
Жаратқанның жер бетіндегі жұмыр басты пендесінің бір-біріне деген мейірімсіздігінен, тіпті мұсылман бола тұра, мұсылманға қастық қылған қатыгездік іс-әрекеттерінің салдарынан қазір қаншама жазықсыз жандар жапа шегуде. KAZAKH.TV-нің ақпаратына сүйенсек, БҰҰ әлемдегі босқындар саны рекордтық көрсеткішке жетті деп хабарлайды. Тіпті ұйымның хабарламасы бойынша қарулы қақтығыстар мен қудалаудан қашып, өз үйлерін тастап, бас сауғалаған жандардың саны адамзат тарихындағы ең жоғары көрсеткішке жетіп отыр. Соңғы мәліметтерге сәйкес, өткен жылы әлемде 60 млн-ға жуық босқын тіркелген, олардың жартысынан астамы – балалар. Бас сауғалап жүргендердің басым көпшілігі – сириялықтар. Өйткені, бір ғана Сириядан 9 млн. босқын кеткен-мыс. Тіпті жақын аралықта сириялықтар әлемдегі босқындар саны жөнінен бірінші орынға шығуы ықтимал деген де мәлімет бар. Кейбір ақпарат көздеріне сүйенсек, 2 млн. сириялық босқын Мысыр, Ирак, Иордания, Ливанға қашып кетсе, 1,7 млн. адамы Түркияда бас сауғалап жүр. Сондай-ақ, әлі де болса Сирия аумағынан шыға алмай жатқандар бар көрінеді. Ал Lenta.ru сайтының таратқан хабарына сүйенген республикалық «Егемен Қазақстан» газеті үстіміздегі жылдың шілде айындағы санында ондағы босқындар саны 4 млн-нан асты деп жариялады. Жалпы Сирия халқы дүниежүзілік қауымдастықтың қолдауына мұқтаж. Қазіргі таңда елінен қашуға мәжбүр болған босқындарды кейбір елдер қабылдауға ниет білдіріп отыр. Германия 30 мың, Норвегия – 1500, Франция – 500, Нидерланд – 250, Белгия – 150 босқынды қабылдауға дайын болса, Австралия тағы да 12 мың босқынды қабыдауға дайын екендіктерін айтады.
Еске сала кетейік, Сириядағы азаматтық соғыс (бүгінде осылай аталып кетті) 2011 жылдың наурыз айынан бері жалғасып келеді. Тунис пен Египеттегі билікті құлатқан «Араб көктемінен» әсерленген шерушілер сол жылдың наурыз айында Дамаск, Деръа, Хамс, Аллепо сияқты қалаларда президент Башар Асадтың үкіметіне қарсы шығудан бастаған болатын. Арада бес жыл уақыт өтсе де, бұл елде әлі күнге дейін қарулы қақтығыстар жалғасып келеді. Ғаламтордағы кейбір мәлімет көздеріне сүйенсек, елдегі қақтығыстардың салдарынан 230 мыңнан астам адам қаза болған.

Босқындар мәселесі — дағдарыстың төбе көрсетуіне себеп
Bag.kz хабарлағандай, соңғы уақытта Таяу Шығыс пен Африкадан қашқан босқындар Италия, Греция, Франция, Венгрия сынды Еуропа елдеріне мыңдап ағылуда. Осыған орай, Франция, Италия және Германияның сыртқы істер министрлері Еуроодақтан босқындардың жүріп-тұруы туралы ережені қайта қарауды талап етіп отыр.Олар мигранттарға баспана беру және босқындардың ЕО аумағында қозғалуын реттеу керектігін алға тартуда.
БҰҰ-ның мәліметінше, жыл басынан бері Жерорта теңізін кесіп өткен мигранттар саны 264 мың адамнан асып жығылған. Босқындардың ең көп барып жатқан – Германия болып отыр. Жыл соңына дейін бұл елден баспана сұрап өтінім берген босқындар саны 800 мыңға жетеді деп күтілуде.
Еуропаға қарай бас сауғалап кеткен босқындардың дені Германияға жетуге асығады. Ал Германия билігі оларды қалай орналастыруын білмей дал. Тіпті босқындарды бос тұрған банк, әуежай, конгресс ғимараттарында жайғастырғанымен, оның өзі жеткіліксіз болып отыр. Бұл мәселені шешу үшін қазір шатыр қалашығының құрылысын қолға алған. Сондай-ақ, Берлинде босқындарды тіркейтін жаңа орындар ашылып, ол аптасына жеті күн істейді.
Бейбіт өмір іздеген босқындардың әлем кезіп былайша босып жүруі әлемдегі өзге елдердің экономикасына да әсер етері сөзсіз. Мамандардың айтуынша, әлемдік дағдарыстың орын алуына мұның да бір жақты әсері бар көрінеді. Айталық, жапа-тармағай неміс жеріне асыққан босқындардың салдарынан Германия федералды жерлерінің бюджетінде айтарлықтай проблемалар туындауда. Үстіміздегі жылы ондағы шығындардың көлемі екі есеге ұлғайған. Мәселен, өткен жылы шығынның мөлшері 2,2 млрд еуромен шектелсе, биыл 5 млрд еуроға жеткен.

Бізде заңда бар, босқында бар
Қазақстанда “Босқындар туралы» заң 2010 жылдың қаңтарында күшіне енді. Бұл заң төңірегінде бірқатар жұмыстар да атқарылып жатыр. Себебі, Қазақстанға да ара-тұра әр түрлі себептерді желеу етіп, бас сауғалап келушілер төбе көрсетеді. 24.kz хабарында Страсбургте өткен Еуропарламент отырысында Еурокомиссия төрағасы Жан-Клод Юнкер:
— Еуроодаққа мүше елдер бірлесе отырып әрекет етулері қажет. Бұл жерде адам өмірінен өзге маңызды еш нәрсе болмауы тиіс. Қақтығыстар жүріп жатқан аймақтардан келген келімсектердің басым бөлігін, яғни 31,4 мың адамды Германия, Франция – 24 мың және Испания шамамен 15 мың босқынды қабылдауы тиіс. Алайда Еуропа барлық қашқынды қабылдай алмайтынын алдын ала ескертемін, — дегені бар.
Әзірге Еуроодаққа мүше елдерге алдағы екі жылда Таяу Шығыс пен Африкадан қашқан 160 мыңға жуық келімсекті қабылдау ұсынылып отыр.
P.S. Әлемде жаға ұстатар жайттар жетерлік. Бұл мүдделер соғысы екені анық. Ал халық бейбітшілікті көксейді.
Әрі қарай

Тісім сынды

Тісім сынды
Қашып келем. Зәре-құтым қалмай зытып келемін. Екі алақаныммен ауызымды тас қылып жауып келемін. Әлгінде ғана қатты соққыдан тісім сынып қалған. Мұрнымнан да қан сауғалап, ізінен қалмай еріп келеді. Сонау алжыған Аңғарбайдың ауласынан бері қарай менімен жарысып келеді.
...Әдеттегідей бейқам күйде карта ойнап отырғанбыз. Құрдас шал-шауқанның барлығының жиналып алып ермек ететін кәсібіміз ғой бұл. Әрі әр түрлі тақырыптарда өсекті өкіртеміз. Бүгін әңгімеміздің ауа-жайы қыз-қырқынды төңіректеп кеткен сол еді, табан астынан әлгі арамыздағы үлкеніміз, сексеннің бесеуіне келген Аңғарбай селкілдеді де қалды. Ойламаған жерден көршісінің жесір қалған келіншегін алам деп ойран салды. Өзінің кемпірін о дүниеге аттандырып жібергелі қашан. Енді сол кемпірінің артынан «жолдама» алып кетер шағында оның мұндай өнеріне қайран қалыстық.
Рас айтамын, оның бұл қылығын әзіл деп түсіндік. Сөйтікте әжуалай бастадық. Сексендегі сезімін онсызда жеткізе алмай булығып жүрген Аңғарбай бізден сірә, жәрдем күтсе керек. Алайда оның бұл алдамшы ойы өзін алдап соқты.
Ақыры жан-жағынан әзілмен түртпектеген біздің қылығымызды көтере алмай шәйтан түртіп, ашуланып кетті. Ең бірінші оң жағында отырған Оңғарбайды отырған орнынан оңдырмай түсірді. Қарсы отырған Шалқарбайды шалқасынан түсірді. Қалған бес шал болып ашуын баспақ болып едік, сексендегі селкілдеген шалың әлі де болса қуатты болып шықты. Төртеуін төрт жаққа лақтырып, бесінше менің көзіме от ойнатты. Тұмсықтан жұдырықпен түрткені сол еді аузыбасымды алақаныммен жауып алжып мен кеттім. Естерімізді жия сала жеті шал болып жеті жаққа қаштық. Қалғанын қайдам, әйтеуір өзім қорқанымнан шарбақтан секіріп, айналада қарқылдап тұрған балаларыммен жасты жастардың қасын көк шаң етіп табанымды жалтыраттым.
Жар жолға жете берген де білдім. Ауызымдағы екі тісім сыныпты. Үнемі өсек айтқан кезде сол екі тісім ерекше жарқырап тұратын еді. Ал енді екеуі сол енді бармастай болған Аңғарбайдың ауласында қалды. Бұдан кейін өсек айтпаймын, уәде беремін. Өйткені, тісім сынды, сәні кетті, сабақ болды.
Әрі қарай