Көңілдестерім. Клубта танысқан жігіт

Өткендегіден кейінгісі жақсы есімде. Сол былтыр бір сенбі күні бір серпілейін деп түнгі клубқа қарай бет алдым. Құрбы атаулының біразы байға тиіп кеткен. Біреулері бесік тербетіп, біреулері баласына әріп жазғызып үйретіп, біреулері ата-енесінің жылы төсегін қамдап жатқан шығар дәл қазір деп ойлап қоям. Сондықтан көңіл көтеруге жалғыз шығатын болдым. Анда-санда хабарласып тұратын бір құрбыма звондап көргем, тұтқаны көтермеді. Тағы біреуіне звондап едім, сыбырлап әрең сөйлесіп отырғанын байқап, тұтқаны қоя салдым. Клубқа келдім. Қуыршақтай жап-жас қыздардың ортасында көзге шыққан сүйелдей болып жүрмейін деп билеген жоқпын. Жігіт назарын аудару үшін қыздар барынша жалаңаштанып алған: біреуі иығын, біреуі санын, біреулері төсін…
Барға отырып алып іштім-ай келіп. Ішіп-ішіп жылағым келді ме, айқайлағым келді ме, тіпті тамырымды кескім келді ме, білмеймін, әйтеуір ішім қыжылдап, түсініксіз күйде болдым. Күннің салқындығы шығар деп өзімді жұбатып қоямын. Үстіне дастархан орап алған ба, білмедім, шатыраш суреттері бар қаудырлаған көйлек киген бір жігіт келіп, темекі сұрады. Темекіні қорабымен алдына қарай ысыра салдым. Темекісін құшырлана сорып отырып:
— А моя девушка оказывается – шлюха,-деді күрсініп. Алдындағы тұзы жаланып қойылған текиланы тартып жіберді. Жылағысы келді ме, немесе ащырқанды ма, әйтеуірі кемсеңдеп барып, бетін кері жинап алды. Үндеместен отыра бердім.
— Ал, сені күйеуің тастап кетті, иә?- деді сенімді түрде. Үндемегеніме қарап, өзін жұртты айтқызбай түсінетін психолог ретінде сезініп, біршама ақыл, нақыл сөз, мақал, философиялық ойлар айтты. Біреуін де ұқпадым. Бір қарасам менімен бірге таксиде келе жатыр екен. Шамасы өзім үйге шақырған шығармын. Жаңа ғана қызына алданып қалған бейшара түрінен айығып, жүзінде біреуге керек екенмін-ау деген маңғаздық пайда болыпты. Үйге алып келдім. Бөлменің жарығын жағып ішке кірдік. Пердесі жабылмаған балконның алдында тұрып шешіндім. Қарама-қарсы беттегі үйдегілерден біреулер ояу болса — көрсін. Еркек болса, есі ауып, тасын уқаласын, оны әйелі байқап қалып, ішін қызғаныш өртеп, шыңғырып айқайлап, көтін жыртсын, не бір ауыр сөздер айтылып, әйелі қорс-қорс етіп жылап одан әрі сүйкімсіздене түссін. Күйеуі жүрегі айнып, сыртқа шығып кетсін. Маған керегі дәл қазір сол.
Осы ойларды ойлап балконның алдында бірақ тұрып қалдым-ау деймін, артыма қарасам жігітім шешініп тастап диванда шынтақтап жатыр екен. Кіндіктен төмен жеріне көзім түсіп мырс етіп күлдім. Палау пісіргенде, саусақ ұшіндағы бірінші сызықтың көлемінде етіп су құямыз ғой. Сол судың өлшеміне дәл келеді оныкі. «Тұрғанда үлкейеді...» деді. Көрейік оны да. Арзан темекіні көп шегеді екен. Ашқылтым иісі мен дәмі ауызына сіңіп қалыпты. Сүйістен рахат ала алмадым. Төсімді сүйгендей болған, онысы бұзаудың емуіне ұқсап кетті, анда-санда мұрынымен түйіп-түйіп қояды. Қызы өзге жігітпен кетіп қалатындай жөні бар екен.
Блог - Juka: Көңілдестерім. Клубта танысқан жігітБірақ қаланың шетіндегі үйіме дейін келген еңбегі бар ғой, құр кетпесін. Сүйісті бітіріп, енді іске кіріскелі жатырғанда ыңырсып, сұлқ ете түсті. -Көптен бері болмап едім...-деді тағы да ақталып. Жарайды оны да көрейік. Әйтеуірі, көптеп-көлемдеп, асарлатып, күштеп бір іс тындырғандай болдық. Мен етпетімнен жатып, телевизор қарап жаттым, ол ақ те-көк тер болып шаруа жасап жатты.
Таң атып қалған екен. Көршілер оянбай тұрғанда үйден шығарып жіберейін деп іш киімшең есікті ашып, төсектесімді шығарып салып жатырсам, көрші үйдің есігі ашылып, Руслан да шыға келді. Маған сосын, көйлегін қаудырлата жағасын дұрыстап кетіп бара жатқан төсектесіме ұзақ қарады. Төбемнен мұздай су құйып жібергендей тұрып қалдым. Болды, бітті бәрі. Ұят болды…
Амандасқан да жоқ, баспалдақты асықпай басып төменге қарай түсіп бара жатып:
— Темекі бар ма?-деді. Әрине маған емес, тіпті өзім атын да білмейтін жаңағы төсектесіме айтты. Үйге кіріп кеттім. Ішім тағы өртенді. Сол кезең мазасызданып, жүрегімнің ауырғанының себебін түсіндім, оның себебі – көршім Руслан екен ғой. Соны сағынған екенмін, тағы да кездесуді қалап іздеген екенмін, соның құшағын аңсаған екенмін. Оны өзім де ұқпаппын. Жаңағы жүрегімнің ауырғаны екі еселенді. Бітті бәрі. Руслан мені әлі жек көретін шығар.
bk
Бөлісу:

9 пікір

MERmukhanov
біләәә, палау жайлы жерінде дауысым қатты шығып күліп жібердім. :)
Gastarbaiter
Жаңа ғана қызына алданып қалған бейшара түрінен айығып, жүзінде біреуге керек екенмін-ау деген маңғаздық пайда болыпты.
анда-санда мұрынымен түйіп-түйіп қояды
:) Бір лузердің кешін құтқарыпсың ғой, "қайырымдылық акты" деп есептегей))))
GGG
Мағжанның «Шолпаны» әйтеуір бір идеясы бар шедевр. Мұны оқыдың не, порно көрдің не бәрібір)))
Gastarbaiter
Порнода бірақ доқтырың да, мұғалімің де порножұлдыз сияқты тігісед, кескіні Бекхем, бицепсі елу, тасағы қырық сантиметр. Ал мұндағы қызық автор адамдарды подкатынан, подмахына шейін кәсібі мен өмірсалтынан хабар беретіндей суреттейтінінде.
:v
MERmukhanov
Кіндіктен төмен жеріне көзім түсіп мырс етіп күлдім

асарлатып
— мықты моменттер :)

Және терезеден көрсін өзге күйеулер деген психологиялық суреттеу де мықты. уощм, фанатыңмын.