Оларға салынған айыппұл көлемі жарты миллион теңгеден асады. Естеріңізге сала кетейік, таяуда ғаламтор беттерінде Қонаев көшесі бойында қымбат көліктердің шоуы көрсетілген бейнежазба жарияланған еді. Жүргізушілер өзінше өнер шығарып, көлікті теріс қарап отырып басқарып, бірнеше мәрте көлік апаты қаупін тудырған. Тіпті, жол ортасындағы жолақтарды қиып өтіп, қарсы бағытқа шыққан. Тәртіп сақшылары бұзақыларды қолға түсіріп, қазір 9 адам жауапқа тартылып жатыр. Оның төртеуі көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сабыр Жүсіпбеков, қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары: — Барлық жүргізушілер бейнебақылау камералары арқылы анықталып, ұсталды. 9 жүргізушіге 21 әкімшілік хаттама толтырылды. Жолдың қарсы бағытына шығу, қозғалыс қатарларын бұзу, артқа жүру, автокөліктерге стробоскоптар орнату, дыбыс сигналдарын пайдалану, жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзу сияқты өрескел қателіктер жасалды. Сондай-ақ Алматының Әл-Фараби даңғылында «дрифт-шоу» ұйымдастырған екі жүргізуші де жауапкершілікке тартылды. Өзге көліктердің қозғалысын тоқтатып, кедергі келтірген азаматтардың әрекеті ғаламтор пайдаланушыларының наразылығын тудырды. «Дрифт-шоу» кезінде даңғылдың бойында кептеліс қалыптасты.
Бір тойда таныстым онымен. Құрбы қыздың ағасы шығармашылық ортаға шатысы бар ма, бір бәле әйтеуірі. Тост сөйлегендердің ең кемі үш минут бойы микрофонды босатпайды екен. Бір-бірін мақтағанда бұл дүниеде олардан асқан құрметтілер жоқ, өздері тым маңғаз. Атақтары жер жарады екен, бірақ бір қызығы, өздерін өздерінен басқа ешкім танымайтын да сияқты. Ұлы ойшыл, дана, дария ақылдың иесі, нағыз азамат, атағы дүр деп бір-бірін қолпаштағанда Абай, Мағжан, анау-мынау атақты ойшылдарың кемсеңдеп жылауы мүмкін. Сондай атақтылардың бірі менің жанымда отырды. Атауын алғаш рет естіп отырған бірбәле деген газеттің бас редакторы Мұратқали өзіне айтылған жылы лебіз сайын рахаттана щалқайып отырып, арақтан сілтеп отырды.
Жастардың жұмыссыздығы, икемі бар, оқыған мамандықтары бойынша еңбек ете алмауы қазіргі кезде шешімін таппаған өзекті мәселе. Кеше басталған «Мамандық таңдау – маңызды қадам» атты ашық есік күндері жоғары сынып оқушыларына еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарды насихаттауға және кәсіби бағыт-бағдар беруге бағытталған.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ отырысында «Жастар сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарды игеруі керек және өзі үшін, халқы үшін еңбек етуі тиіс» деп атап көрсеткен еді. Елбасының осы сөзін басшылыққа алып, Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен қалалық Жастар саясатын қолдау мемлекеттік қоры іс-шаралар кешенін ұйымдастырып келеді. Былтырғы оқу жылында өткізілген 10 ауқымды кездесу мен 20 ашық күніне 10 мыңнан аса оқушы қатысқан. Нәтижесінде кәсіби маман тапшы салаларды таңдаған түлектердің саны 12 пайызға артқан.
Астаналық оқушылар 28 қыркүйек пен 9 қазан аралығында «Мамандық таңдау – маңызды қадам» атты ашық есік күндері аясында қаладағы іргелі өндіріс орындарына экскурсияға барып, қызығы мен шыжығы мол жұмыстың тіршілігімен танысады.
Кеше №55 орта мектептің 9-сынып оқушылары «Цесна-Астық» концерніне барып, бидай өнімдерінің қалай дайындалатынына куә болды. Балаларды бастап жүрген инженер-технолог Наурыз Едірісов өндіріс орнын аралатып, ондағы әрбір технологияның жұмысын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
Күнделікті тамақтануда тұтынып жүрген макарон өнімдерінің дайындалу үдерісін жіті бақылаған оқушылардың елене бермейтін осы мамандыққа көңілі ауды. Қызығушылығы оянған олар әр жабдықтың тілін жатқа білетін шеберлерге сұрақтарын жаудырды.
– Астана – үлкен мүмкіндіктердің қаласы. Тіршілігі қайнаған шаһарда өсіп келе жатқан балалар кез келген шаруаға бейім болуы керек. Жастар біле бермейтін қаншама кәсіп түрлері бар. Олардың мамандық таңдауда жаңылыспаулары үшін бағыт-бағдар беру мақсатында осындай шараларды жиі ұйымдастырамыз. Бұл бастамамыз нәтижесіз болып жатқан жоқ. Қазір сұранысқа ие мамандықтарды таңдаған түлектер саны жылдан жылға өсіп келеді. Өз мамандарымыздың көбеюімен болашақта отандық өнімдеріміздің көлемі де, бағасы да арта түседі, — деді Астана қаласы Жастар саясатын қолдау мемлекеттік қорының директоры Бақытжан Жүнісбеков.
№55 мектептің мұғалімі Қаламқас Қасен оқушылар сабақтан тыс бір уақыт қаладағы назардан таса осындай өндіріс орындарының жұмысымен танысу оларға серпін беретінін айтты.
«Цесна-Астық» концернінің инженер-технологы Наурыз Едірісов мұнда макорон өнімдерін өндірерде тұтынушылардың сұранысы ескерілетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, кәсіпорында 1 сағаттың ішінде 8000 килограмм өнім дайындалса, күніне 10 тонна макарон қапталады екен. Астананы нан өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған «Цесна-Астық» тауарлары еліміздің басқа аймақтарына да таралып қоймай, ТМД және Таяу Шығыс елдеріне де экспортталады.
Австралияның шағын қалашығында орналасқан қарттар үйіндегі осы қария өмірден өткен кезде бәрі „Ол өзінің өмір жолында із қалдыра алмады„ деп ойлаған еді. Медбикелер оның бөлмесіндегі заттарды жинастырған кезде қария жазған өлең жолдарын тауып алған.
Астанада «электронды сот» пилотты жобасы іске қосылды. Жасалған бағдарлама аясында енді арызданушы мен жауап беруші, прокурор, судья арасындағы міндетті түрдегі байланыс шектеледі.
1 қазан бүкіл әлемде Халықаралық қарттар күні аталып өтеді. Астанада Қарттар күніне орай жыл сайын бірқатар мерекелік шаралар ұйымдастырылады.
Осыған орай 20 қыркүйектен 1 қазан аралығында елорданың барлық емханаларында қарттарға арналған ашық есік күндері өтеді. Егде жастағы елорда тұрғындары толық медициналық тексерістен өтуге мүмкіндік алады. Ашық есік күндері күнделікті сағат 9:00-18:00 дейін өтеді.
№10 қалалық емханада 21-30 қыркүйек аралығында ашық есік күні ұйымдастырылады. №7 қалалық емхана 26 қыркүйекте келушілерді қабылдайды. 28 қыркүйекте «Демеу» және «Киров» отбасы дәрігерлік амбулаторияда қарттарға арналған ашық есік күндері өтеді. Ал, 29 қыркүйек күні №2, 3, 6, 8 қалалық емханаларының және «Ниет» отбасы денсаулық орталығының мамандарынан кеңес алуға болады.
№5 қалалық емханада және «Шапағат» отбасы денсаулық орталығында 30 қыркүйекте қабылдау сағаттары өтеді. 1 қазан күні №1, 4, 9 қалалық емханалары мен «Салауатты Астана» ЖШС және «Достық» отбасы денсаулық орталығында ашық есік күндері өтеді.
Шара аясында дәрігерлер жүрекке және өкпеге аускультация әдісін пайдаланады, артериалдық қысым, қан қысымы мен қандағы холестерин деңгейін өлшейді.
Айта кетейік, Халықаралық қарттар күні БҰҰ Бас Ассамблеясының 1990 жылғы желтоқсанның 14-і қаулысы негізінде жыл сайын дәстүрлі түрде қазанның 1-інде аталып өтуде.
Жарығын жақпай келе жатқан, «стоп линияға» тоқтамаған бір мәшинені қала сыртындағы бекетте МАИ тоқтатыпты. «Ақсақал, заңды өрескел бұзып келе жатырсыз. Құжаттарыңызды көрсетіңіз, қазір сізге айыппұл саламыз, барлығын заңды түрде толтырамыз» деп не үшін тоқтатқанын түсіндіріп жатқан МАИ-ға шал:
-Әй, балам, толтырсаң толтыр. Төлермін. Бірақ бір шартым бар. Мен саған бір жұмбақ жасырамын. Шеше алсаң толтыр, жауабын таба алмасаң жібере саласың-депті.
Шалдың бұл ұсынысына қызығып кеткен МАИ келісімін беріпті. Шал бір қолымен трикосының ау ұсын ашып, «Мынау неге қап-қара мынау неге аппақ» деп бір қолымен шашын көрсетіпті. МАИ ойланып-ойланып таба алмапты.
-Таппадым ақсақал,. Міне, құжаттарыңыз, жацуабын айтыңызшыдепті.
-Соны да білмейсің бе? Мынау мынадан 15 жас кіші ғой- деген шал құжаттарын алып, әрі қарай жөніне кете барыпты. Осындай оңай нәрсені таба алмағанына өкінген МАИ келесі бекеттегі жігіттерге звандайды. "Қазір сендерге мынандай нөмірі бар ескі жигули беттеп бара жатыр. Рөлде бір ақсақал кісі. соны бірдеңе қылып тоқтатыңдар. Ол сендерге шарт қояды. Шартына келісіңдер. Мынандай жұмбақ жасырады, жауабы мынандай" деп ескертіп қояды.
Не керек, біздің басты кейіпкеріміз келесі бекетке жетеді. МАИ жігітке шал өз жұмбағын жасырады.
-Ой, ақсақал, баланың сұрағын қойдыңыз ғой. Мынау мынадан 15 жас кіші ғой. Құжаттарыңызды әкеліңіз, айыппұл төлейсіз-деген жігітке шал
-Әй, баламысың деген. Жауабын таппадың. Мынада бір-ақ проблема, мынада мың проблема деп басын көрсетіп өз жөніне тайқып отырыпты.
«Абай» операсы – жаңа көзқараспен. «Астана-Опера» сахнасында әйгілі қойылым көрерменге тағы да жол тартты. Туындыны түрлендірген қоюшы режиссер Джанкарло дель Монако аянып қалмағаны көрініп тұр. Мәселен, сахнаны безендіру үшін 33 тонна түрлі материал жұмсалған. Ал астаналық шеберлер әртістерге арнап жүзге тарта жаңа киім тігіпті. Заманауи техникамен жабдықталған сахна әп сәтте түрленіп шыға келді. Басты партияны Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер Сүндет Байғожин мен Париждегі «Гранд Операның» жезтаңдай әншісі Майра Мұхамедқызы орындады. Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі -Біздің мақсатымыз — осы операда қазақ халқының рухани байлығын кеңінен көрсету. Джанкарло дель Монако, қоюшы режиссер -Мен осындағы мамандармен ақылдаса отырып, қойылымды барынша сәтті шығуын қадағаладым. Абай қазақ үшін өте маңызды тұлға екендігін ескере отырып, қандай да бір олқылық кетпесін деп тынбай еңбек еттік. Бұл туындыны Еуропа елдеріне насихаттау керек деп санаймын.
Соғыс бізден тым қашық сияқты. Бірақ соғыс дәл қасымызда. Сіздің көшеде, сіздің үйде, тіпті сіздің пәтеріңізде де жүріп жатыр. Бұл – ақпараттық соғыс. Оңтайландырылған ақпаратпен адам арасына от тастауға, мемлекеттерді құлатуға, әлемдік соғыс бастауға болатыны бұған дейін де талай айтылды. Бірақ тақырыптың ауқымы мен өзектілігін ескерсек, айтылмақ әңгіме әлі көп. Бұл жолы журналистік қызмет барысында кездескен сарапшылар мен олардың қызықты пікірлері арқылы экстремизм мен терроризмнің насихаты қалай жүріп жатқанына тоқталып көрейін.