Бір тойда таныстым онымен. Құрбы қыздың ағасы шығармашылық ортаға шатысы бар ма, бір бәле әйтеуірі. Тост сөйлегендердің ең кемі үш минут бойы микрофонды босатпайды екен. Бір-бірін мақтағанда бұл дүниеде олардан асқан құрметтілер жоқ, өздері тым маңғаз. Атақтары жер жарады екен, бірақ бір қызығы, өздерін өздерінен басқа ешкім танымайтын да сияқты. Ұлы ойшыл, дана, дария ақылдың иесі, нағыз азамат, атағы дүр деп бір-бірін қолпаштағанда Абай, Мағжан, анау-мынау атақты ойшылдарың кемсеңдеп жылауы мүмкін. Сондай атақтылардың бірі менің жанымда отырды. Атауын алғаш рет естіп отырған бірбәле деген газеттің бас редакторы Мұратқали өзіне айтылған жылы лебіз сайын рахаттана щалқайып отырып, арақтан сілтеп отырды.
— Менің газетімді оқып па едің?-деп қояды.
— Пәленшиев туралы құнды материалды алғаш жариялаған біз болатынбыз. Ана жылы болған оқиғаның кейіпкері туралы да жан-жақты талқылаған біз болатынбыз,-деп әбден мазамды алды. Қылқындыра тағып қойған галстугын әлсін-әлсін қозғап, бір жөткірініп алып, сөйлей береді екен өзі. Даңғарадай атағына, қос қолдап келіп амандасатын адамдардың көптігіне қарап, бір осал адам емес шығар деп те пайымдадым. Той тарқай бере:
— Құдаша, үйге жүр! Таныс адамды үйден дәм татқызбай жібермеймін,-деп қоймаған соң бірге баруыма тура келді.
Еңселі дарбазаның алдына келдік. Дарбазаның есігін ашып, қош кедің дегендей ишарат жасап әуелі мені кіргізді. Екі қабатты әдемі үйге беттеп бара жатсам:
— Құдаша, былай жүріңіз,-деп екі қабатты зәулім үйдің жанында терең күрсінсе қирап кетердей шөгіп тұрған ескілеу кішкене үйге қарай жетеледі. Сым шынжырынан босап кетердей долдана үріп тұрған ауызы алты қарыс алабай итке «Тыссс… ақырын» деп қояды өзі. Шамасы үй иелерін оятып алмайын деген сақтығы болар. Атағы дүл-дүл редакторың біреудің шалашын жалдап тұрады екен. Сыры кеткен ағаш есік еріне ыңырсып ашылды. Үй іші жұтаң… Кіріп келіп аяқ киім шеше салысымен екі аттап барып, тамақ іше салуыңа болады. Үш аттап, барып төсекке жантая кетуіңе болады сосын. Кішкене жер үстелде шала кемірілген, еті кеберсіп қата бастаған сіңірі сарғыш омыртқа, жартысы тістелген кәмпит, қара шайдың бояуы сіңген үлкен кесе, көтенін күйе шалған шәйнек… Үйге ертіп әкелгеніне енді өзі де ыңғайсызданғандай, көзі жасаурап, ебедейсіз күліп:
— Төрге шық,- деді. Аяқ киімімді шеше сала бес аттап төріне де отырдым. Тойдағы паңдық, маңғаздық үйге кіре салысымен сыртта қалып қойғандай екен.
— Ееее, өмір солай,-деді күрсініп.
— Бір жылу іздеп жүрмін...-деді тағы да күрісініп. Иығымнан құшақтап өзіне тартқандай болды. Не үшін, кім үшін келгенімді өзім түсінбей аң-таң болып ұзақ отырдым да:
— Қой, жақсы үйге кетейін,-деп бұл жолы адымымды кең ашып, үш аттап барып аяқ киімімді кидім де, шығып кеттім. Шынжырда абалай бастаған итке жерден кесек алып лақтырдым да, аула ішін азан-қазан шуға толтырып, үйге кеттім.
Кешеден бері Жуканың фаны болып алдым, әлгі, анадай әңгіме жазатындығынан ғана емес, ондай әңгімелер толып тұр ғой. Жүкеңдікі басқаша, адамның мінін көре қалғышы, юморы, суреттеуі… жаза берші
Жуканың ең үздік жазбасы деп ойлаймын. мәселе сексте емес, адамдарды, эмоцияларды, ойларды, құбылыстарды керемет суреттейді. Бақытгүл Сәрмектің жазбаларынан ғана байқайтынмын бұрын мұндайды.
айтпақшы Мұратқали деген стильдегі аттар Орал, Атырау жақтарда кездеседі
Ұнады. Шығыстың стилі ғо, бірақ, Аршат. Қайдағы Атырау)
Жука аудиториясының тек ғана он үш жасар полюция өкілдерінен тұрмайтынын алдыңғы жазбада-ақ ұға бастаған ед.
Осы жолы таза ересектерге арнапты.
Сыртқысынан үміт үзіп, "ішкі әлемі маңызды" деп бұтақ жейтін қатындарға және оған құлағы салпиып сенетін әлжуаздарға декорацияның күшін (теріс күшін) толық сезінуге мүмкіндік беретін контрастілі душ екен.
«Сұрдың елу сұрқы» мен «Он бір минут» тағы еуро антураждарға бұтын уқалайтын романтик ұл-қыздардың да қиялына ащы шапалақ дер едім.
Негізі мына құсықты сендерге бейсаналы түрде ұнатып тұрған нәрсе, ол — Сатыбалдының Жукаға берген батасы. Қалай Сатыбалды "ұнады" деді, солай басқалар да ұната бастады)))
Дедукция)))) мына постарды жазып жүрген өзіміздің Сатыпалды ағай. Журналистерді ол кісі ешқашан ұнатпайтын.Журик деп) тіпті әңгімеде де бәрімен жата салатын қызды олардан аяды.
*lol*
бір үтірдің өзі кейіпкер характерін анықтап беріп тұр ғой.
рас, рас
айтпақшы Мұратқали деген стильдегі аттар Орал, Атырау жақтарда кездеседі
Жука аудиториясының тек ғана он үш жасар полюция өкілдерінен тұрмайтынын алдыңғы жазбада-ақ ұға бастаған ед.
Осы жолы таза ересектерге арнапты.
Сыртқысынан үміт үзіп, "ішкі әлемі маңызды" деп бұтақ жейтін қатындарға және оған құлағы салпиып сенетін әлжуаздарға декорацияның күшін (теріс күшін) толық сезінуге мүмкіндік беретін контрастілі душ екен.
«Сұрдың елу сұрқы» мен «Он бір минут» тағы еуро антураждарға бұтын уқалайтын романтик ұл-қыздардың да қиялына ащы шапалақ дер едім.
аха, аха :)
*lol*