Арулар қауымына ғана арналады

Осы постты жан сұлулығы мен қатар, тән сұлулығына аса мән беретің аруларға арнағым келіп отыр. Мен өзім білетін кеңестермен бөлісемін, сіздер де өздеріңіз білетін дүниелермен бөлісіп отырыңыздар. Кеңестерімнің барлығы үй жағдайында жасалынады, оңай,әрі арзан. Мейлі ол бет күтімі болсын, не дене сымбаты туралы болсын, не болмаса күнделікті жасайтың пайдалы зат болсын. Мен өзім ішіп, не болмаса жасап көрмеген заттарды сіздерге ұсынбаймын!!!
Бірдеңені түсінбей жатсаңыздар сұраңыздар, жауап беремін. Ал кеттік.
1-ші кеңес: күнде таңертеңгісін 1 стакан таза су ішіңіз. Және тамақ ішерден жарты сағат бұрыт ішсеңіз, тамағыңыз жеңіл,әрі тез қорытылады. Денсаулыққа пайдалы,әрі артық салмақпен күресуде таптырмас қүрал.
2-ші кеңес: Перекись водорода аптекада сатылады. Ол ағзаны түрлі микробтардан тазартуға көмектеседі, және біраз салмақ та тастай аласыз. Қолдану тәсілі: Тамақ ішерден 1 сағат бұрын,(ұмытып кетсеңіз тамақ ішкеннен соң 2 сағаттан кейін)күніне үш мезгіл ішесіз.1 ші күні 1 тамшы,2 ші күні 2 тамшы ..........., солай 10 тамшыға дейін. Яғни ағзаны үйрету.сосын 1 жеті демаласыз.
3-ші кеңес: Глицерин.Бұл да аптекада сатылады. Ұйықтардың алдында бетіңізге жағып, таңертеңгісін жылы сумен жуып тастаңыз. Немесе 1 сағаттан соң жуып тастаңыз. Бетіңіз жұмсақ және біргелкі болады. Өте жақсы көмектеседі.
4-ші кеңес: Мицелярная вода.Бетті түрлі микробтардан тазартуға септігін тигізеді.
5-ші кеңес:Қызыл бұрыш(перец стручковый)Шаштың түбіне, жетісіне 2 рет жақсаңыз шашыңыз қауғалап өсетің болады. Жаққаннан кейін, жумай жүре берулеріңізге болады, тек көзіңізге тигізбеңіз, ашытады.
Әлі бөлісетің дүниелер көөөп. Тек бүгінше осыларды жазып үлгердім. Басқа да пайдалы кеңестеріңізбен бөліссеңіздер жақсы болар еді. Біреу білсе, басқасы білмейді. Септігі тиеді деген ойдамын. Мен сұлулық әлемінде бір керемет білгір емеспін! Тек білгеңімен бөлісу деген ниет! Рақмет
Әрі қарай

Гоястық Давид

Бразилия… Кедейлік пен қылмыс тұнған фавелдер мекені. Бұл аудандарда туып-өскен балаларға өмірге жолдама алудың екі-ақ жолы бар: футбол және криминал.
Сондықтан да Пентакампеондардың футбол шеберлері, әдетте, кедейліктен ортасынан доп қақпақылдап шығып кетуге тырысады. Кака секілді өнегелі отбасында туып, тамаша футболшы боп кететіндер некен-саяқ.

Қысы-жазы доп тебуге қолайлы осынау елде өз мүмкіндігін күтіп жүрген мыңдаған футболшылар бар. Олар өз еліндегі деңгейі әртүрлі лигалар мен чемпионаттарда өнер көрсетіп, лажы келсе, Сингапур біріншілігі болса да тиын-тебен төлеуге әзір шетелдік лигаларға кетуді мүдде көреді.

Солардың бірі Венделл Лира есімді шабуылшы — «Гояс» клубының түлегі. «Спартакта» ойнаған Веллитонды білесіздер ме? Ол да сол мектептің жігіті.
Қазір Венделл «Вила Нова» клубында ойнайды.Соккер соққыр: Гоястық Давид
Жалпы, обалы нешік, Венделл талант атаулыдан құр алақан емес. «Гоястың» ең дарынды шәкірттерінің бірі. Бір кездері 20 жасқа дейінгі Бразилия жастар құрамасына шақырту алып, Виллиан мен Патомен бірге доп тебеді. 2007 жылы Бразилия жастар біріншілігінде 7 гол салып (өзі 8-ақ ойын), сұрмерген атанады. Бұл жетістік «Сантостың», сонан соң «Миланның» назарын аудартады.
— Италиялық клуб 6 миллион реал ұсынып еді, «Гоястың» мені сатуға ықтияры болмады. Бірер жылдан соң әлдеқайда қымбатқа етеді деп ойласа керек. Басқа да клубтарға бас иген жоқ. Бұған 5 жылдық келісім-шартқа отырып қойғаным себеп болды
Ақыры «Гояспен» келісе алмаған «Милан» Алешандро Патоны сатып алды.

Қырсық десеңші! Келесі маусымда Венделл ауыр жарақат алып, 10 айға лазаретке жатып қалады. Ақыры өзінің бабына ене алмай, үнемі бұлшықеттеріне байланысты жарақаттар алып қала берді. 2010 жылы оны «Форталезе» клубына жалға беріп жіберді.
Ол жерде Лира тағы да сол жарақатына үстеме зақым алады. «Екі отадан кейін бұрынға бабыма келе алмадым» дейді футболшы.

Венделл футболды серік еткенімен… спорттық жолдың үнемі жарқын еместігі талай тағдырды мұқалтқан да секілді. Бұл жігіт спорттық карьерасының спортпен қош айтысуға шақ қалады. Сөйтіп, бір кафеге анасымен бірге даяшы болып жалданып, азын-аулақ ақша жинап жүреді. Оның бәрі — тойдың қамы. Дегенмен, дәл болашақ жары оны спортты тастамауға үгіттеп шығады.

Сөйтіп, осынау үш жыл ішінде ол Гояния мен Сан-Паулу штаттарының небір ортаңқол клубтарын шарлап шығады. Сөйтіп, 2015 жылдың 11 наурызы келеді.

Бразилияның 4-дивизионындағы 389 адам жиылған матчта оған тәуір гол соғудың сәті түсті. Бұл ойында сатылған билеттерден 740 доллардан сәл астам қаражат түсті.

Гол, әрине, әдемі. Бірақ… егер төменгі лигаларды қазбаласақ, мұндай голдардың кемі он шақтысын тауып алуға болар еді. Сондықтан голды бірінші болып Youtube-ке салған адамға да алғыс айтудың жөні бар.

Ақыры голы «Жылдың үздік голы», яки Пушкаш атындағы сыйлыққа үміткерлердің үздік үштігіне енгенде, телефон шалмаған таныстары кем де кем шығар. «Мұндай өмірде болуы мүмкін бе өзі?»
— Түнгі 12-де анамның үйінен шығып келе жатсам, бір жігіт жолымды бөгеді. Қазір атып кететін не тонайтын шығар десем, суретке түсуімізді сұрады.
Номинанттар қатарында залда болу үшін Гояния — Цюрих арасындағы жолға 2,7 мың доллар қажет еді. Матчтан түскен 740 долларды жол-пұлға пайдаландық деп санасақ, эконом-класстың жарты құнын да шығарып бере алмай тұр.

Швейцарияға ұшатын сәтте Венделл ұшаққа тұңғыш рет мінді. Мен өзім бұл дерекке күмәндімін, мүмкін Сан-Паулуда жүргенде қарапайым ұшақтарға мінген шығар?

Сыйлықты ұтқанға дейін Венделл айына 3-4 мың реал (740-980 доллар) табатын. Қазір жалақысы сәл де болса өсіпті. Рәсімнен соң Лира келіншегімен ата-анасының үйіне қайтып оралды. Футболшының өз үйі жоқ
— Мен екі футболшының фанатымын. Роналду мен Марсело. Роналду — идеал ойыншы. Ал Марсело үнемі көңілді. ешқашан мұңаймайды. Бұл маған үлгі болар алар еді. Неймар — сыпайы және білімді. Месси қарапайым, аз-ақ қана сөйлесіп үлгердік. Ал Криштианумен суреттке түстім. Арман орындалды!
Соккер соққыр: Гоястық ДавидСол Цюрих кешінде Венделл отандасы Неймармен аз-маз базарласып үлгерді. Басқа да ең үздіктермен сөйлесті.

Төселген қызыл алаша үстінде одан өмірінде бірінші рет қолтаңба сұрады.

Хидетоси Наката оның жеңімпаз екенін атаған кезде Венделл сенер-сенбесін білмеді. Түсініксіз сөз, алғыс айту, жасаураған көз.
Кейбір жігіттер өз әлемімен саясат деп жатса да, футбол — ғажайыпқа сендіретін үміт оты болып қала алғаны да жақсы.

Ол — Криштиану Роналдудың фанаты. Өзінің бір арманы — Криштиану Роналдумен кездесу болса, бұл арман жүзеге асты.

Дани Алвес оған сөз сөйлеген кезде жылап қалмауға кеңес берді. Дегенмен… Сөз сөйлеп келіп, орнына отырғанда, Венделл өкіріп жылап отыр еді.
— Давид пен Голиаф жайлы хикая менің өміріме қатысы бар. Өзімді Давидке теңемесем де, бала күнімнен кәсіби футболшы болу арманым үшін күрестім. Мен өте арық, 52-ақ келі болдым ғой.Денсаулығым да сыр беретін. Ата-анам футбол ойнағаным үшін ұрсатын. Барлық мәселелерді шеше бергенде, жаңа қиындықтар күтіп тұратын. Дегенмен, Давид хикаясы тек мен үшін үлгі болып қалмайды деп ойлаймын.


ESPN, GloboEsporte, «Советский спорт», .euro-football.ru, sports.ru, sport-xl.org, sports.uz
Әрі қарай

Аттан түскен қазақтың рухы сөніп, жігері құм болды ма?

Төрт түлік малдың ішінде ерекшесі — жылқы малы. Себебі біздің ұлтымызда әкеден балаға мирас ретінде жылқы малы ерекше орын алады. Атам Сейсен жылқы бағып, ат үстінде өмір сүрсе, әкемде мал шарушылығы саласының мамандығын игеріп, ат тізгінің қолынан босатқан емес. Ал туған ағам Нұрсұлтан әкемнің ісін жалғастырып, ақыл-кеңесін тыңдап, бәйгі ат ұстап, жылқы малына ерекше көңіл бөлуде.
Ата-бабамыз өткен дәуірде көшпенді халық болғандықтан, қолға үйреткен жануарлардың ішінде жылқы басты рөл атқарады. Жылқы малы өзінің көз тартарлық сұлу бейнесімен және күштілігімен адамдардың негізгі серігі болып, тарихта ерекше орын алып келген. Ата-бабамыз жылқыны қолға үйретіп, шартарап, ұлан-байтақ жерімізге иелік етті. Қазақ халқы жылқыны ерекше бағалап, тарихи-этнографиялық деректердің таусылмас көзі — фольклорлық материялдар, атап айтқанда батырлар жыры, аңыз — әңгімелерге арқау қылған. Абайдың, Махамбеттің өлеңдері сонымен қатар І.Жансүгіровтың "Құлагер" поэмасы, С.Жүнісовтің Ақан-сері романындағы жылқыға байланысты сан алуан мәліметтер кездескен. Әрине бұл мәліметтер өткен ғасырдың еншісінде. Ал қазіргі таңда жылқы туралы көзқарасымыз қалай? Нарықтық жүйеде өмір сүргеннен кейін экономикалық тұрғыда жылқыдан алынатын өнімге көңіл бөлеміз. Салт — дәстүріміз де өзгеріп барады. Сары қымыз сапырып, дастархан жайып, келген қонаққа мырзалық танытудың орнына, күбі толы қымызды келген қонаққа бергенше қалаға апарып сатудың жолын іздейміз. Ер — тұрман сәндеп, ат мінудің орнына, тай — құнанды бордақылап сатуды да кәсіпке айналдырдық. Мәселен, Қазақстан туберкулезге шалдыққандардың көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарға ытқып шықты. Әр жыл сайын елімізде адамдар осы дерттін салдарынан көз жұмса, індетке бой алдырғандардың саны 20 мыңның шамасында. Ал осы дерттің емі не? Оның шипасы — қымыз. Мұны қазір бүкіл ел мойындаған. Қымыздың қасиеті бұдан да өзге талай дертке дауа болған. Қазіргі кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында қымыздың потентің Албания иеленген деген жансақ пікір бар. Ал менің ойымша Албания азаматы өзінің өндірілген өніміне рұқсаттама алған, жалпы қымызға иеленіп отырған жоқ. Дегенмен уақыт өз дегенің орындатады. Тек айтарым қазақ халқының ұстанымы, салт-дәстүрі жылқы малымен тығыз байланысты.
Кекілін күн сүйіп, жалын жел тараған жылқының басына төнген нәубет сонау кеңестік үкімет кезіңде басталды. 1928 жылы қазақ байларын кәмпескелеп, қолдарындағы малдарын тартып алды. Соның салдарынан отаршылыққа үйренбеген, егіншілікпен шұғылданбаған, малынан айырылған қазақтар 1932 жылы жаппай ашаршылыққа тап болып қазақтың 70% өлім-жетімге ұшырады. Бұл сол кездегі үкімет басында отырған Голощекин сияқты жауыздардың ісі еді. Ат үстіндегі қазақтың ешкімге бағынбасын білгендіктен қолындағы малын сыпырып, жаяу қалдырды. Аттан түскен қазақтың рухы сөніп, жігері құм болды. Сондықтан қазақ пен жылқы бір тұтас. Дегенмен соңғы жылдары Қамбар ата түлігі санының қайта көтерілгені аңғарылды. Ғалымдардың есебіне сенсек, қазір Қазақстандағы жылқы саны 1,5 миллионға жеткен. Бұл бәлендей көп болмағанымен, ТМД елдерімен салыстырғанда, әжептәуір жоғарғы көрсеткіш. Қазақ жылқысының тұқымдарының қалыпына келтіруіне Алматы агро университетінің профессоры И.Нечаев зор үлес қосуда.
Кеңестік кезеңде бірқатар жылқы зауыттары жұмыс істеген. Соның ішінде Қостанай және Жамбыл облысындағы Луговой асыл тұқымды жылқы зауыты жұмыс жасап, Көшім, Мұғалжар тұқымдары шығарылған. Негізінен қазақтың жылқылары мініске төзімді келген, бұл өмірде дәлелденген. Алтайдан Атырауға дейінгі кең байтақ жерімізді ат тұяғының дүбірімен, бабалардың білек күшімен қорғап қалған. Қазақтың жылқысының мықтылығына сырт елде қызығушылық білдіріп, кен игеруге келген ағылшындар жеріміздің қазына байлықтыры мен қоса жылқы малын да көптеп сатып алып кеткен. Содан қазанат жылқы тұқымы жойылудың азақ алдында, ал қазір шаруашылықтар да еттік бағыттағы тебінге төзімді жабы тұқымдас жылқылар өсірілуде.
Блог - alya: Аттан түскен қазақтың рухы сөніп, жігері құм болды ма?
Ата — бабаны еске алып, ас берсек, ат жүгіртетін бәйгі береміз. Сондай бәйгілерде жүлделі орынға ие болу үшін жүйрік ат ұстауға тура келеді. Биылғы жылы Дербісал батырдың 300 — жылдығына орай ұрпақтары ас беріп, аламан бәйгі ұйымдастырып, бірінші келген атқа автокөлік тарту етті. Ағам Нұрсұлтанның жаратып қосқан қаракөк аты бірінші келіп, автокөлікті иеленді. Мәселе ұтып алған жүлдеде емес, аттың оза шауып, алдынғы қатарда келіп, иесінің мерейінің үстем етуі. Бүкіл ауыл болып қуанды. «Ақбастау ауылының аты бірінші келді » — деп бір — бірінен сүйінші сұрасуы өте жарасымды. Халықты шаттыққа бөлеп жатқан ат туралы неге айтпасқа, қолдан келсе домбыраға қосып неге ән шырқамасқа?
Өкінішке қарай қазіргі таңда әдеби туынды жоқтың қасы. Жылқы туралы жазылып жатқан кітаптар негізінен экономикалық бағытта.
Сондықтан жылқы туралы әдеби тұрғыда жаңаша ой қозғауымыз қажет. Соның дәлелі таяуда ғана көгілдір экраннан көрсетілген қысқа метражды ұлттық туынды ″Сұңқар″ фильмі. Режиссері А.Сатаев қазіргі таңдағы қазақ жастарының жылқыға деген қызығушылығын орынды келтірген. Келешекте жылқы малының қасиетін сомдайтын әдеби негіздегі материалдар көптеп жарияланады деген сенімдемін.
П.С: Орталық Қазақстан газетіне жарияланған мақалам, 2015жыл
Әрі қарай

Төрлеттім Керекинфоға!!!

Алаштың арқа сүйер алтыннан ардақты қазақ жұртым, амансыздар ма?! Ең алдымен өзімді таныстырып өтейін. Мен, Гүлзат Сəрсембекқызы Қарағанды облысы Балқаш қаласында туып өстім.
Қазақта «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең» — деген сөз бар емес пе?! Шынында да арманның өзі өнер ғой. Өмірде 2 нəрсені таңдауда қателеспеу керек: біреуі — мамандық болса, екіншісі — жар таңдау. Өзімнің жүрек қалауымен таңдаған мамандығым — журналистика. Осы саланы таңдағаныма еш өкінбеймін. Осыдан 3 жыл бұрын Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетіне құжатымды тапсырып, бісміллə деп журналистикаға аяқ бастым.
Керекинфоға көкейімде жүрген сын — жазбаларымды жазып жəне де жазу стилімді қалыптастырып, жетілдіргім келеді.

Сәлем әлем!

Сәлеметсіздер ме?! Қал жағдайларыңыз қалай? Мен алғаш рет тіркеліп отырғандықтан әлі көп нәрсені түсінбей, білмей отырмын. Дегенмен, қалам тербеп талай дүние жазуға тырысамын) Білмегеніңді кісіден сұра, Үлкен болмаса, кішіден сұра демекші өз тәжірибелеріңізден жинаған дүниелеріңізді үйрете отырыңыздар)))
Әрі қарай

Сәлем КерекИнфо әлем

Сәлеметсіздерме! Қалдарыңыз қалай? Мен де енді осындамын! Дос болайық, танысып, білісіп отырайық. Енді кіргендіктен ба көп нәрсені түсінбей отырмын,өз білетін дүниелеріңізбен бөлісе отырсаңыздар. Алдын ала рақмет.
Әрі қарай

Қызығушылық неден басталды ?!

Менің қызығушылығым қалай және қашан басталды? Мен бесінші сыныпта оқып жүргенде ауылда менің апам кішкене мойыншақтан бір адамның аты жазылған білекке тағатын бұйым жасап отыр екен. Қарап отырмын қалай жасайтының. Ешкімге көрсетпей өзім жасап көрдім басында шықпады солай біраз нәрсені бүлдіргенім бар, анам тігінші болғандықтан кеткен жіпті ойлап отырған мен жоқ. сол кезден бастап қызығушылық басталды. Алдына мақсат қойсан, мақсатына жетеді екенсін. Әкем рұқсат бермейтін көзінді құртасын деп, сондада тығылып отырып жасайтынмын. Қазірде жасаған бұйымдарыма қарап таңқалып отырады. Мына суреттегі браслет менде жүреніне 10 жылдан асқан шығар, бұл менің ең алғашқы жұмысымның бірі! (менің естелігім блог үшін алып шықтым). Апама рақмет менің осындай бойымдағы дарынды ашуға септігін тигізген. Келесі постта менің кішкентай сіңілімнің жасаған заттарын жариялаймын!
Әрі қарай

Дінін өзгерткен жұлдыздар

Біз қазақ мұсылман болғандықтан әлемге танымал адамдар исламға өтсе, төбеміз көкке жете қуанамыз. Бұл жазбам дәл сондай сезімде болған индуизм, сайентология, буддизм, каббала және православ діні өкілдері жайлы болмақ )
Әрі қарай

Алғашқы жазбам

Сəлем беріп бастайын сөзімді, өзім жайлы айтайын! Туып өскен жерім Сатбаев қаласы, мектепті <Менделеев шәкірті> наминациясымен тәмамдап, білім қуып Қарағанды Мемлекеттік Университетіне оқуға түстім. Қолөнермен айналысқанды ұнатамын сол себепті де мен осы салада блог жазып, жасампаз оқырмандарымды қуантып отыруға тырысамын. Болашақ мамандығым журналист болғандықтан тек қана қолөнер емес көптеген еркін тақырыптарда жазбалар жазамын деген ойдамын.