Муха Мухырлыч. "Мерзавец"

Осы шалды мен былай елестетуші едім: ауылда түбіреткіде күнге қыздырынып, өткен-кеткенге жөнді-жөнсіз әлей болсын, бәлей болсын деп жармасып отырады. Жүйкесі қайыстан өрілген адам аз қазір. Сондықтан біреу болмаса біреу жөніңе отыршы деуі мүмкін.
Әрі қарай

Арақ пен Адамның жекпе-жегі

Адам мен Арақтың әлемдік жекпе-жекке шығатынын естіген жұрт, сол сәтті тағатсыздана күтеді. Журналистерге берген сұхбат барысында, Адам:
— Арақтың түбіне жетемін, — дейді. Арақ болса:
— Адамның түбіне жетемін, — дейді.
Ең соңында дүйім жұрт тікелей эфирден: "-Мен Арақтың түбіне жеттім!" — деген Арақ бейнесіндегі Адамның сұхбат беріп тұрғанын көреді…

Блог - KerimAyankyzy: Арақ пен Адамның жекпе-жегі

Әрине, ол өзі айнаға өте кеш қарады.
Әрі қарай

Муха Мухырлыч. "Ублюдок"

Әуелде, имене кіріп, еңкейіп шығып жүретін. Ләббайлап, тақсырлағаны кейде жиіркенішті еді. Сосын кейде именіп, кейде еңкейетін болды. Алдында кездесіп қалатын адамның мансабына қарай. Керек жерінде тоңқая қалып, реті келсе дөң айбат көрсетіп жүріп, ақыры тік шығып, тік кіретін кісісымаққа ұқсап қалды.
Әрі қарай

Klout бізге не береді?

Фейсбукқа klout туралы әр жазғанымда постта сегіз адам, жекеде сексен сегіз адам осы туралы сұрайды. Тақырыпты жәй ғана осылай қоя салдым, ал мен бұл жазбамда klout-қа қалай тіркелу керектігін көрсетемін.

Рейтингте тезірек көріну үшін твиттер аккаунт өте маңызды! Сол үшін алдымен браузерден twitter.com ашамыз!

Блог - shota2030: Klout бізге не береді?

Егер твиттерде логиныңыз болса жоғарыдан логин және құпиясөзіңізді теріп кіресіз. Егер логиныңыз болмаса жаңадан тіркелуіңіз керек.

Шыңғысхан бауырымыздың твиттерде аккаунты жоқ екен. Осы жігітті тіркеп тастайық онда твиттерге.

Блог - shota2030: Klout бізге не береді?

Аты-жөніңізді, почтаңызды және құпиясөзді жазып «Sign up for twitter» деп басып тіркелеміз.

Блог - shota2030: Klout бізге не береді?

Ашылған парақшада «Sign up» дегенді басасыз.

Блог - shota2030: Klout бізге не береді?

Телефон номеріңізді тіркегеніңіз дұрыс немесе «Skip» деп аттап кетіңіз

Блог - shota2030: Klout бізге не береді?

Енді өзімізге твиттерде бір никнейм (псевдоним) таңдаймыз. Жұрт қызығатын немесе іздегенде оңай бір ат таңдағаныңыз дұрыс. Сосын, мүмкіндік болса бүкіл әлеуметтік желілерде бір псевдониммен жүрген дұрыс. Біз Шыңғысқа timuch1na деген атты таңдап «next» пернесіне бастық. Осылайша Шыңғысты алдымен твиттерге тіркедік.

Енді klout.com сайтын ашамыз.

Блог - shota2030: Klout бізге не береді?

Сайт ашылған соң твиттер арқылы кіреміз.

Блог - shota2030: Klout бізге не береді?

Klout бізден «Твиттер аккаунтыңызды пайдаланайық па?» деп рұқсат сұрайды. Әрине, «sign in» деп рұқсат береміз.

Блог - shota2030: Klout бізге не береді?

Бірнеше секундқа осындай ескерту шығады. Бірнеше секундтан кейін мынандай парақша ашылады.

Блог - shota2030: Klout бізге не береді?

Бос орындарға керекті мағлұматтарды жазған соң «continue» деп жалғастырамыз.

Блог - shota2030: Klout бізге не береді?

Твиттермен тіркелгеніміз үшін klout бірден 10 ұпай берді. Сосын осы парақшада «Get Started» басып бастаймыз. Біз әзірге klout-қа твиттермен ғана тіркелдік. Қазір басқа әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызды да тіркеп тастаймыз.

Блог - shota2030: Klout бізге не береді?

Мына парақшада қызығатын салаларымызды белгілеуге болады бірақ біз жоғарыдағы x белгісіне басып өтіп кетейік.

Блог - shota2030: Klout бізге не береді?

Klout-тың басқы бетіне де келіп қалдық. Төмендегі баптаулар (settings) бөліміне кіреміз.

Блог - shota2030: Klout бізге не береді?

Бос жерлерді толтырамыз да баптауларды сақтаймыз (Save Changes) да сөйтіп баптаулардағы желілер (networks) бөліміне кіреміз.

Блог - shota2030: Klout бізге не береді?

Өздеріңіз де көріп тұрғандай әзірге тек қана твиттер тұр. Қазір осы бетте бүкіл әлеуметтік желілердегі аккаунттарды біртіндеп тіркейміз. Алдымен фейсбукті тіркейік. Facebook жазуының жанындағы «Connect» пернесіне басайық. Браузерімізде фейсбук ашық тұрғаны үшін бізде мынандай болып ашылды.

Блог - shota2030: Klout бізге не береді?

«Ок» дейміз де жалғастырамыз.Тағы бір терезе ашылады. Ол терезе фейсбукты қай тілде пайдаланатыңызға байланысты.

Блог - shota2030: Klout бізге не береді?

"Қазір емес" дейміз де жалғастырамыз.

Блог - shota2030: Klout бізге не береді?

Бұл жерде Х-қа басып өтіп кетеміз.

Блог - shota2030: Klout бізге не береді?

Өздеріңіз де көріп тұрғандай твиттер мен фейсбукты тіркеп тастадық. Төмендегі «View additional networks» дегенге басып клоуттағы қалған әлеуметтік желілерді де көре аламыз және қайсыларында аккаунттарыңыз болса соларды тіркейміз.

Блог - shota2030: Klout бізге не береді?

Шыңғысхан жас бала болғаны және әдемі бала болғаны үшін оның инстаграмда аккаунты бар екен. Инстаграмның жанындағы «Connect» пернесіне басамыз. Келесі парақша ашылады.

Блог - shota2030: Klout бізге не береді?

Инстаграм логин және құпиясөзімізді кірген соң «Войти» дейміз. Бұл жерде сіздің инстаграмды қай тілде пайдаланатыныңызға байланысты. Бұл жерде де мағлұматтарыңызды пайдалану үшін клоут рұқсат сұрайды.

Блог - shota2030: Klout бізге не береді?

Бұл жерде «Authorize» пернесіне басамыз.

Блог - shota2030: Klout бізге не береді?

Ашылған парақша немесе терезеде тағы да Х-ке жүгінеміз.

Шыңғысханның ютуб каналы да бар екен. Youtube-нің жанындағы «Connect» пернеге басамыз да ютубты да тіркеп тастайық.

Блог - shota2030: Klout бізге не береді?

Шыңғысхан бауырмыз ютубқа gmail.com адресімен тіркелген екен. Браузерімізде gmail.com ашық болғаны үшін мынандай парақша ашылды. «Разрешить» дейміз.

Блог - shota2030: Klout бізге не береді?

Тағы да Х пернесіне басып өтіп кетеміз. Енді Google+ тіркейміз. Ол дегеніміз де gmail.com почтамызды тіркеу деген сөз.

Блог - shota2030: Klout бізге не береді?

Тағы да «Разрешить» деп өтеміз.

Блог - shota2030: Klout бізге не береді?

Тағы да Х пернесіне басып өтіп кетеміз.

Әзірге бес әлеуметтік желідегі аккаунтымызды тіркедік. Осылайша клоутқа да тіркелдік.

Енді қазақ интернетіндегі орнымызды қалай анықтаймыз?!

Браузерден kaznet.me сайтына кіреміз. Оң жақ жоғарыдағы «Участвовать» деген жерге кіреміз.

Блог - shota2030: Klout бізге не береді?

Өз қаламызды таңдап «Войти через твиттер» дейміз.

Блог - shota2030: Klout бізге не береді?

Әдеттегідей рұқсат сұрайды және біз «sing in» арқылы рұқсат береміз.

Блог - shota2030: Klout бізге не береді?

Мынандай бір ескерту шығады. Яғни 10 минут ішінде тізімде пайда боласыз. Жоғарыдағы «Рейтинг» дегенге басып өзіміздің тізімде пайда болып болмағанымызды тексеруге болады.

Блог - shota2030: Klout бізге не береді?

Жоғарыдағы бос орынға твиттер аккаунтыңызды жазып «Искать» деп іздейміз. Шыңғысхан твиттер арқылы тіркелгені үшін ол тізімде бірден пайда болды.

Блог - shota2030: Klout бізге не береді?

Өздеріңіз де көріп тұрғандай Шыңғысхан Әбдіразақ 3460 орыннан кіріп келді. Қорықпай тұра тұрыңыз, бұл басы ғана өйткені клоут сіздің әлеуметтік желілердегі белсенділігіңізді есептеу үшін 48-72 сағатты қажет етеді.

Жарайды, мен сонда да «Klout бізге не береді?» сұрағына 1-2 сөйлеммен жауап беруге тырысайын.

Клоут Қазақстанға енді келіп жатыр. Жарнама берушілер сіздің клоуттағы ұпайыңызға қарап жарнама беруі мүмкін немесе кафе-ресторандар сізге жеңілдік беруі мүмкін. Мысалға сіз Көксарай мейрамханасынан check-in жасасаңыз сіздің оқырмандарыңызға ол кішігірім жарнама ;)

Клоут туралы кейінірек тағы да толығырақ жазармын, бұл постымда қалай тіркелу керектігі туралы ғана жаздым. Соңына дейін шыдағандарыңыз үшін рахмет! Клоутты күндерде жолыққанша!
Әрі қарай

16 қыз - жаңа романтикалық комедия 03 наурызда!

Киностан: 16 қыз - жаңа романтикалық комедия 03 наурызда!

Нұржан мен Сәлиманың арманы — немерелі болу. Бірақ Бауыржан сүйген қызына үйленгісі келеді. Оның үстіне, ата-анасы «бел құда» салтымен айттырып қойған қалыңдығы Айжанның ұнатқан жігіті бар. Егер Күләш тәтейге тон қажет болмағанда бұл әрекеттен түкшықпас еді. Ару қыздар байқауы, үндістермен айқас, жол бойындағы шытырман – осынау әдемі тон үшін кейіпкерлеріміз қандай қиындықты бастан кешпейді дейсің!

Әрі қарай

Тормоз жігіт

Бір әңгіме жазуды жөн көрдім.

Бәленше деген қаладағы өзінше әдемі келген бір қыз бір ұлды дүниедегі «Тормыздың тормызыыыыыы, тормызы болғанда, ееееееең тормозы „ деп санап жүріпті.

Блог - KerimAyankyzy: Тормоз жігіт

Бір күні қыз, әлгі жігітттің “Үйленіп кеткендігі» жайлы хабарды естиді…
Әрі қарай

Муха Мухырлыч. "Сволочь"

Әбілді кабель өлтірді.

Иә. Сөйтіпті. Қараусыз жататын, араны әлдеқашан ашылған апаннан, аспанға шапшып барып қатып қалған әбжылан тәрізді қарашұбар кабель, бір сорлықаззақтың түбіне жетті. Мыс-мырышы, болмағанда қалайысы бар деп ойлап, өршелене арши бастаған Әбілді кабель аспандатып тұрып лақтырып, апанның айналасында тұратын — құрылысы әлде басталмаған, әлде бітпеген үйлердің бірінің жарқабағына етбетінен жапсырыпты.

Сол мезетте Әбілдің бойынан кем дегенде үш жүз ампер тоқ жүріп өтті дейді білгіштер. Қаззақ өлсе, білгіштердің есеп-қисабы дайын ғой әйтеуір. Мысалы, "қаззақ құлап өлді" деші. Қайыр айтудан бұрын есеп-қисабын айтады саған білгіштер. «Осы жылы барлығы жүз елу қаззақ құлап өлді» дер еді саған. «Марқұмың көптің бірі болады да» деп жұбатқанының кескіні ғой. Өмір онымен тоқтап қалған жоқ деген ишарасы. Қайтеді енді. Жоқтауға қосыла кетсе тағы болмайды. Жоқтауға қосыла кетсе, қаззақты түгендеуге де қосылуына тура келер еді. Бірақ ондай қауқар қайда білгіштерде. Сондықтан, Жәбірейілдің қасына есепші болып орналасып алған. Өлің-өлің, ал біздің есебіне жауаптымыз олар.

«Жүз қаззақ пәледен көз жұмды» десең де осы. Білеміз деп жамырар еді білгіштеріміз. «Жүз емес, жүз он екі!» деп, өзіңді түзетіп жіберуі де кәдік. Жүз марқұмның атына — ең болмаса жылы сөз естимін деп жүріп, қалған он екісін білмегеніңе өзің ұялып тынасың. Әнеки дер еді білгіштер сонда, біздің жұмыс ауыр, біздің жұмыс неблагодарный. Бұлтартпас сандәйек айтсақ та, бізді Сволочь деуден тайынбайсыңдар түге деп, көздері бұлауланар еді.

Жалпы осы Сволочьтар, қаззақ қоғамына қашан тұтқиылдан шауып еніп алғанын түсініп болмайсың. Өлім-жітімге деген сан-сапалық тұрғыдағы көзқарас — бізге жат, әйтеуір он бесінші мен жиырмасыншы ғасыр арасындағы я ғадабиятта, я тарихнамада тіпті кездеспейді. Өзің елестетші, ауылға шауып келген хабаршыны. Осындай бір білгіш хан шатырына шауып келіп, иекем де биекем, жорықтан жеттік, он төрт-ақ кісімізден айырылдық, сен саспа, демала бер деп көрсін. Алатын жазасының ең төмені төрттағандап бұтын айыру болмаса де. Не деп көкіп тұрсың ит дер еді. Он төрттің әрқайсысы кітапқа татитын өмірхаят иесі емес пе, сайып келгенде — кісінің жай ғана — киесі, обалы қайда, «он төртағың» не сенің дер еді. Әйтеуір өлім-жітімді қазіргілерше сау еткізіп айта салу сірә болмаған замандар ғой.

Содан ойлаймын, бұл қаззақ кісі өлімін бармақпен санап есеп беруге кешегі қызыл күндерде бейімделіп, кейін ұстаздан озған болса керек. «Биылға қорытындымыз: мың пұт кәртөшке, жүз пұт ет, халық болса мың қаралы кісіге азайды» деп есеп берген ғой кезінде, қазіргі білгіштердің аталары. Есепті тыңдап тұрған Мәкеудегі біресе қараторы, біресе шикілсары, біресе түкті, біресе тазбас Құдайлары дүрсе қоя беретін болған. «Етті кәртөшкемен теңестіруге тырысыңдар» деп ақырады екен. Бір емес екі, екі емес үш, үш емес төрт рет осылайша есік жағалағасын, Сволочьтардың кісі өліміне еті өліп кеткен. Адамның обалы мен киесі деген түсінігі суалып, әдірем қалған. Келесі есеп беруге барғанда, Сволочьтар әккіленеді. «Короче, короче!» деп есіріп тұрған жаналғыштарына короче жеткізу үшін, кісі өлім-жітімін айтпай-ақ қояды. «Екі мың пұт кәртөшке мен екі мың пұт ет өндірдік!» дейді де қояды Сволочь. «Молодцы, — дейді сонда жаналғыштары, — ет пен кәртөшке өндірісі теңесіпті, ай да молодцы!». Сволочымыздың кескіні мәз, арты шелек. Галоппен би биленіп, арақ та ішілуі мүмкін. «Елдегі кісіні ойлағанша, кәртөшке мен етті ойласақ нетті!» деп жаңалық ашады Сволочь сонда өзіне. Әйтпесе, былайғы жылдары мыңдап-жүз мыңдап қырылатын қаззақ — төсіне орден әкелмеп еді. Енді әнеки, бар ынта-жігеріңді ішіп-жемге аударғанда қандай қошеметке бөлендің!

Құртқанда, адамның кәсіпқойлығы ұрпақ сайын шыңдала беретін қасиеті бар. Зергер зерлей түссе, мерген мерген бола түссе айыбы жоқ қасиет былай. Бірақ Сволочьтар да шыңдалады ғой. Бар қасірет осында. Кісі хақын — жалғандық ішіп-жем, кебін-тебеннің барлығын тізіп болған соң — ең соңғы еске алу әуелде таңсық болғанымен, кейін қанға сіңген әдетке айналды Сволочьтарға. Енді осы, кісінің өмірі — есеп-қисапта салпылдап-салпаңдап жүрген, «настроениені түсіретін» құйыршық-көрсеткіш. Реті келсе айтпай-ақ қояр ма еді. Бірақ былайғы жұрт сұрап, қоятын түрі жоқ. «Биыл қанша қаззақ өлді?» — деп анталайды жұрт. «Есесіне астық мың пұт, ет жүз пұт!» — деп қипақтап көреді Сволочь әуелде. Онысының жөні бар. Себебі, астық пен еттің молдығын естіп, жаны байыз табатын жұрт та жеткілікті. Мұндай дәйектен соң жұрттың — қарын қамы реттелген бөлігі кетіп қалады. Сосын қалғандарына құрғақ санды естірте салуға болады. Себебі, астық пен еттің молдығын естігендер енді Сволочьты — қаззақтың жоғын жоқтап келгендерге шоқытпайды. Ұрғызбайды. «Он мың қаззақтың жол апатында өлгені сөз боп па! — деп басу айтады енді олар Сволочьқа жақтасып, — Бангладеште өзеннің бер жағынан ар жағына жүзіп өтемін деп миллиондар өліп жатыр керек десең!». Итше көбейетін халық пен әр баласын әулеті алақайлап күтіп алатын халықты салыстырып тұрғандары санасына да кірмейді. Оны олар «погрешность, минус-плюс 10 процентов» дер еді. Ашу шақырып келген қауымда қапелімде есеп-қисапқа қағілездік қайдан пайда болсын.

Сволочьтар ендігәрі — бес адамның ындынын бес мың адамның құлқы қылуға әккіленіп алды. «Сен хошиісті жалбыз сабынымен жуынғанды жақсы көресің деймін!» — деп әлек Сволочьтар. Себебі, бес адамнан сұрапты. Ол бесеу ләм деместен бас шұлғысыпты. Ал енді жақсы көрмей көр. Хошиісті жалбыз сабынды. Себебі үйреншікті өз бұзаушығың дүкеннен жоқ боп кетеді.

Не деп түйіндесек бұл әңгімені? Өй, қойшы соларды десем де болып тұр. Сволочьтармен күресіп опа таппасымды, таппасыңды білемін. Бауыр-бүйрегің аман болса, маған жаман ба? Әсілі, Сволочьтан бақ тайған күнді күтіп, қапыда пышақ ұрамыз деп жүрген осы күніміз дұрыс…
Енді, Ублюдок жайында...
Әрі қарай

Сайлаудағы саяси жүріс...

Біздің журналистерге рейтинг болса болды ғой шіркін! Өзі түсінбей отырған халықты "Қайрат Нұртас пен Жанар Дұғалова депутат болады" деген тақырыптармен одан сайын шулатып қойды.

Біріншіден, кандидат болды деген мандат алып депутат болды деген сөз емес. Әзірше олар жай ғана тізімге енді.
Екіншіден, бұл деген саяси жүріс. Яғни, танымал адамдарды тізімге енгізе отырып халықтың сайлауға деген көңілін бөліп, көбірек дауысын жинау. Уақыты келген кезде сол «вид» үшін жүрген әртістер өздерінің дауысын лайықты деген немесе билік айтқан үміткерге беріп шетке жылжи салады. Бұл жерде олар өздерінің жас екендерін, ағаларға сенетіндерін айтып халықтың алдында тағы бір мәрте беделдерін көтеріп қалады. Жақсы емес па?

Үшіншіден, жылына 2,5 миллион доллар табатын Қайрат Нұртас 500- ақ мың үшін әншілігін қойып депутат болады дегенге сенбеймін) Сондықтан-да сабыр сақтайық!

Өзім, қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан ағамыз депутаттықтан үміткер болғанына шынымен қуандым! Сәттілік аға! Мүмкін Сіз, мандатқа мұқтаж емес шығарсыз. Бірақ, Ел Сіздей депутатқа мұқтаж!
Әрі қарай

Қорқынышты әңгімелер. Қара кемпір

Маған жеткізушінің айтуына қарас ам, бұл шамамен 1970-80 жылдардың арасында болған оқиға екен.

Қорқынышы әңгімелер: Қорқынышты әңгімелер. Қара кемпір

Маман да, адам да қат жүз шақты түтіні бар ауылға шүйкедей қара кемпір көшіп келгенде — ешкім кет демепті. Ақкөңіл де көпшіл ауыл халқының жастар жағы — енді әжеміз болады десіп; кемпір-сампырлар шүйіркелесетін құрбы таптық десе, қуақы шалдар — кекетіп-мұқататын тағы бір қубас кемпір артық болмайды депті.

Қара кемпіріңе ауыл өмірі таныс сияқты. Келе сала қараусыз тұрған үйлердің бірін әктеп кіріп алып, жұрт жинаған жылудан келген сиыр, қой-ешкі, тауық-үндікті кәнігі ауыл адамынша бағып-қағып әкете алыпты. Әйтеуір, бірер айдан соң жергіліктілерден айырмашылығы болмай қалыпты.

Бар уайым-қайғысы — жем-шөп пен өндірістік жарыстағы орын болған ауылға, бәле үш айдан кейін келеді. Еңгезердей, елдің алдындағы тепсе темір үзетін азаматтар бірінен соң бірі төсек тартып жығылса, қариялардың есі ауысып («алжып»), дел-құлы болады да қалады. Бураны жығатын балуан жігіттерге дейін көз алдында семіп бара жатады. Кешегі тойлы ауыл бірер айда қара жамылады.

Мұндай жағдайда ауыл не істейді? Жөн-жоралғы, дін-жоралғының барлығын жасайды, бірақ ештеңе көмектеспейді. Енді ауылды қойып, белгісіз кесел осы ауылдан шыққан адамдарды да жалмай бастайды. Бірінің оқудағы баласы, бірінің қызметтегі ағасының шаруалары насырға шауып, оңбауға қарайды. Таңы да, кеші де әнмен басталатын ауыл осылайша күйреген жылы шашымның жартысы ағарып, кісі болдым дейді жеткізуші аға.

Тоқетері, жем-шөп науқанында шөпті артық бастырып, қалғанын көрші аудандарға сататын бір кездегі шіріген бай кент — сол жылы қалт-құлт еткен тақыр кедейге айналып шыға келеді. Мұндай көрсеткіш үшін басың кететін заман екен. Буыншақ-түйіншегін сайлап, осы кеткеннен шатылмай-сотталмай қайтсам жақсы деп, совхоз директоры түнделетіп аудан орталығына жолға шығады. Ауылдан отыз шақырымдай ұзаған кезде жолға әлдекім жүгіріп шығып, бастықтың машинасын тоқтатады. Қараса… бұрынғы почтальон екен…
***

Почтальон совхоз бастығын өзі тұратын жеркепеге алып барып, ауылдағы оқиғалар мен өзінің жоғалу себебін айта бастайды.

— Алғашқы күдігім әлі ешкім ауырмаған кезде-ақ пайда болды. Білесіз бе, анау қубас қара кемпірдің пенсиясы — 350 сом! Ондай пенсия тек қана дербес пенсионерде ғана болады! Енді қараңыз: кім өлетін шағында сонау қаладан, ыстық-салқын суы ағып тұрған үйін тастап, бір күн от жақпасаң қатырып тастайын ауылға келеді? Кім өзі? Мақсаты не?

Екінші күдігім. Жеңіс күніне берілетін премияны апарғам. Есігі ашық тұр екен, апеке құтты болсын деп, айғайлап тұрып кіріп барып едім, кемпір үстелден бірдеңелерді тез-тез жинаймын деп, шашып алды. Қарасам — отыз шақты біп-бірдей фото, сосын барлығы да — бір адамның суреті! Кемпір сонда маған жаман қарады, баяғы біз қарсы алатын момын кемпірдің табы да қалған жоқ. Содан кейін әлгі жайсыз оқиғалар да басталды. Кесірі тиер деп, сізге апыл-ғұпыл арыз жазып, қаладағы ағама тайып отырдым. Бірақ мазам кетіп, бей-жай жүре алмадым. Аңшылар артеліне жалданып алып, өзім осылай — ауылды сыртынан бақылап жүрмін.

— Мәссаған! — дейді сонда ауыл директоры, — енді есіме түсті! Жаздыгүндері: "үйде бір солдаттың суреті жатыр, қайдан келген өзі?" деп жүрген бір-екі адамды көргем, мән бермеппін! Сонда ол не болуы мүмкін?

***
Ауданға бармай, ауылға қайтып келген почтальон мен директор таң ата машинаның дабылымен жұртты дүрліктіріп оятады да, алаңға жиналуларын сұрайды.

Мұндай төтенше жиналыс күнде болмағасын, халық тез жиналады. Директор мен поштальон білетіндерін тәптіштеп айтып береді. Сол-ақ екен, әйелдер жағы шулап қоя береді. Бірінен соң бірі барып, үйлерінен табылған солдаттың фотосын алып келеді. Үйдегі альбомдардың бірінен түсіп қалған фото деп, мән бермепті. Байқаса, солдаттың фотосы — қабырғада ілулі фотолардың артына қыстырылып кеткен екен! Және қабырғадағы сурет кімдікі болса — сол бірден төсекке жығылатынға ұқсайды.

Ашулы халық бірден қара кемпірдің үйіне қарай беттейді. Амал не, кемпір жаяулатып тайып отырыпты дала жаққа. 3-4 күннен соң үсіп өлген күйі табылыпты ен далада.

Кейін анықталғандай, әлгі фотодағы солдат — қара кемпірдің жалғыз ұлы екен. Соғысқа осы ауылдан аттанған. Және кемпірдің өзі де осы ауылдың адамы болған екен кезінде. Бұл ауыл — соғыста бір-ақ адам қаза болған бақытымен белгілі ауыл екен. Ал қаза тапқан «бір-ақ» адам — әлгі кемпірдің ұлы екен. Құсадан әбден жынданып кеткен кемпірді бір кездері облыс орталығына алып кеткен. Кемпір одан соң есін жиып, тіпті табысты қызметте де болғанға ұқсайды. Өлген кісінің фотосымен кесел жіберу — сығандарда бар екен. Ендеше кемпірің құзғындықты қалада солардан көрген ғой. Кейін зейнетке шығады. Іші пысады, сосын «тек қана осының ұлын алған» құдай мен ауылда кеткен кегі есіне түседі. Құсасы қайта меңдейді. Кегін алған түрі шығар. Енді біз білмейміз.

Білетініміз, ауылда кемпірдің үйін өртеп, оған бүкіл ауылдағы үйлерде қабырғада ілулі тұрған фотолардың барлығы тасталғаны. Артында солдаттың фотосы бар-жоғына қарамастан. Содан-ақ салдар айығып, шаруа оңала бастапты. «Байқасаң, біздің ауылдағы үйлерде қабырғаға фото ілмейді және біреулерге альбом көрсетуге сараң, — дейді жеткізуші маған күліп, — және, қазіргілер ол хикаятты білмейді де. Жәй, балаларға фото ілуге болмайды деген тәрбие бергенбіз, солай кеткенбіз...».
Әрі қарай

Қара киімді «аға»

Бұл оқиға* осыдан бірнеше жыл бұрын сіңілім әлі мектепке бармай тұрғанда болған еді.
Түнгі ауысымда жұмыста отырғам, ұялы телефоныма сіңілім хабарласты:
— Әпке, үйдің айналасын қап-қара киініп алған бір аға торуылдап жүрген сияқты.
Әрі қарай