жалған мейірімпаздық
Бір қызық жайт, Парижде болған терактыдан соң бүткіл мейірімсымақтар осы белгіні таратып жан қайғысымен бөлісті (себебі бұл сол кезде мода). Ал Анкарадағы терактыдан соң ешкімнен үн жоқ. Біз өімізге қатыгезбіз ғой. Біз деп отырғаным: 1. Мұсулман бауырлар, 2. Туысқан түркі жұрты. Әділетсіздік деген осы. Құдай біледі ресейде бірдеме болатын болса, көшеге шығып жылайтындарда табылатын шығар?
Әрі қарай




Қыста үп еткен жел тұрса бітті, ауылға кіріп-шығуыңыз оңайға соқпайды. Қыста жиі естейтін сөздеріңіз: «Тоқылдақта қалып қоймаңдар», «Тоқылдақ ашық па екен?» «Тоқылдақта қалып қойыпты», «Тоқылдақтан өтіп алсақ болды». Елдің уайымы — осы. Күрек, тағы басқа заттар оңайлықпен көмектеспейді. Бір УАЗ-дың өзі әзер сүйреп шығарады. Осы Тоқылдақта небір оқиғалар болды. Боран болса ауылдағылар жолға шықпайды, ал бері келе жатқан жолаушының келгенін ешкім байқамайды. Себебі, түпте орналасқандықтан басқа көліктер өтпейді, сеть атаулы ұстамайды. Ол жерде үсіп-қатып бірнеше сағат, 24 сағат та қалып қойған жолаушылар жетерлік. Бір жақсысы Қарқаралыға шыққан 5-6 көлік болса бірінің соңында бірі, бір-бірін итеріп, күреп жанталасып жүреді. Сондай жақсылық жасалынып жатқан дүниені көргенде жүрегін елжіреп кетеді.) Ауылдың басты проблемасы — жолды үнемі тазартып отыру.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының сайлауына байланысты прокуратура органдары конституциялық өкілеттіктеріне сәйкес барлық сайлау процесінің қатысушыларымен сайлау туралы заңнаманың дәл және бірыңғай қолданылуына жоғарғы қадағалауды жүзеге асыратынын мәлімдейді.

