Ұрланған "Студенттік жылдарымның естелігі"

Осыдан үш жарым жылдай бұрын сыртында «Студенттік жылдарымның естелігі» деген жазуы бар, кітап сияқты, қызыл қоңыр түсті күнделігім болатын. Бірінші курсқа келіп жатқанда, көп жиынның бiрiнде өзімше желпініп сұраққа жауап беріп алғанмын.:m Қатты ұнады. Университетіміздің өз баспасынан шыққан. Толып қалса да сақтап қоймақшы болғам. Бірінші курстың қыркүйегінен бастап жазылған бұл күнделікте небір естеліктер бар еді. Үйді сағынғандағы, бірінші рет  Көктөбеге барғандағы, тұңғыш рет аралық бақылау (рубежный) тапсырғандағы, алғаш рет сессия қиыншылығының дәмін татқандағы сезімдер, бұдан басқа да тәтті естеліктер, ешкімге айта алмаған сырлар, ұйқаспаса да шын көңілмен жазылған, өзім үшін керемет өлең жолдары, қаншама қияли жазбалар, :j тіпті ең алғашқы екі айлығы бірге түскен өз ақшамды (шәкіртақы) қайда жарататыным,:P не алатыным туралы тізім – осының бәрі сол күнделіктің әдемі, ақ парақтарына түсіп жатушы еді. Толық екі жыл ұстадым. Өзінің сия тимеген, таза парағы да қалмады-ау. Сол керемет күнделігімді 2- курсты аяқтап, 3- курсты бастаймын деп отырғанда жоғалтып алдым. Сөмкемді ұрлатып алғанда ішінде кетті. Үлкен сөмке болғанға ішінде толған байлық бар деп ойлады ма екен, білмедім. Аздаған ақша мен банк картасы болған, сосын күнделігім. Картаны бірден жаптырып тастадық. Әншейінде пысықсынып жүретін, сол кезде не қара басқанын!? Ең iшiм ашыған, қимаған дүние күнделігiм болды. Кейіндері есіме түссе, өз-өзімнен ұялып, күлетін де болдым- ана ұры ханымың күнделігімді оқып алып, iшiн ұстап сүйкімсіздене қарқ- қарқ етіп, арасында «ойбууй» деп бетін шымшып отырғанын елестетіп. Тағы бір ойым айтады: «сөмкені ашқан кезде- ақ қоқысқа тастай салған болар»  деп. Не істеді екен!?:J Жақын күндері 4- курсты да аяқтаймыз. Расында, «Студенттік жылдарымның естелігінде» студенттік жылдарымның бірааз естелігі кетті.  Қазір сол жазғандарымды қайта оқып шығуға қарсы болмас едiм. Одан кейін жазған күнделіктерiм де бар. Бірақ, бастапқы беттері жыртылып қалған кітап сияқты...:(
Блог - BalausaOspan: Ұрланған Студенттік жылдарымның естелігі
Әрі қарай

Мақала жазу тәсілдері

Бір сұрақ: Мақала жазу тәсілдері
Бүгін мақала жазудың әдіс-тәсілдерімен бөліскім келді. Журфакқа түскен жас-журналист оқытушыдан мақала жаз деген тапсырма алып, не жазу керек, қалай бастау керектігін білмей, мұңға батып, қиналып жүреді. Келесі пункттерді кезекпен қадағалау арқылы мақаланы тез, әрі сапалы жазуды үйренесіз.

Негізгі әдістермен таныс болыңыз.

Мақалаңыздың тақырыбын нақтылаңыз. Бір мақала тек бір тақырыпты ашуы тиістігін ұмытпаңыз. Бірнеше нәрсені қозғап, негізгі тақырыптан ауытқып кетуіңіз мүмкін. Ал бұл өз жолында мәтініңізді түсініксіз етеді. Бір мақала — бір мағына, бір тақырып.
Тақырып қойыңыз. Тақырыбыңыз оқырман аудиториясын бір қарағаннан-ақ қызықтыруы тиіс. Тақырып қою шеберлігі болса тіпті керемет. Себебі, тақырып — мақаланың құрылымынан да маңызды. Тақырыпты ашатын қысқаша үш-төрт сөйлем жазыңыз. Бұл тақырып таңдаудан кейінгі маңызды қадам — лид.
Мақалаңыздың негізгі фактілерін белгілеңіз. Факт, ой, мағына. Осының бәрін парақшаға сөздермен түсіріп, жоспар құрыңыз. Сөйлеммен емес, сөзбен. Енді жоспарыңызды оқып шығыңыз. Егер ол тақырыбыңызға сай болып, мағынасын ашып тұрса, мақала жазуға кірісіңіз.
Әр сөздеріңізге(факт, ой, мағына) бір абзацтан арнаңыз. Барлық абзацтың қалыңдығы(ұзақтығы) бірдей болған жөн. Себебі, оқырман мұндай құрылымды тез әрі жеңіл қабылдайды.
Мақаланың құрылымы жайлы ұмытпаңыз — Кіріспе (негізгі ойға қысқаша тоқталу)
Негізгі бөлім
Қорытынды(негізгі ойларыңызды қорытындылаңыз)
5. Мәтіннен бос сөздерді алып тастаңыз. Сөйлемдер бастауыш пен баяндауыштан басталғаны дұрыс. Түсінксіз сөйлемдерді ауыстырыңыз. Бір сөйлем 6-7 сөзден тұруы керек.

6. Мақаланы дауыстап оқып шығыңыз. Стилистикалық қателер мен теріп жатқан кезде кеткен қателерді жөндеңіз. Қайталанатын сөздерді алып тастап, орнын синоним сөздермен толықтырыңыз!

Міне енді мақалаңыз дайын. Басты ережені ұмытпаңыз, мақала жазудың шебері болу үшін — күнделікті мақала жазып жүрген абзал.
Әрі қарай

Псиxологиялық тест

Бұл тест сіздің зеректілігіңіз бен байқағыштығыңызды дамытады. Сондықтан бір рет емес, бірнеше рет қайталап көрсеңіз болады.
Өте қызықты. Менің уақытым 14 минут)))
Ережесі: 1-90-ға дейінгі сандарды суреттен қарап санап шығуларыңыз керек… уақытты санаймыз… кеттік:)

Егерде 1-90-ға дейін санау барысында сізге:

10 минутқа дейін уақыт кетсе, – сіз өте зерек және байқампаз адамсыз.
10 – 15 мин, — сіздің зеректілігіңіз бен байқағыштығыңыз жақсы.
15 – 20 минут, — сіздің байқағыштығыңыз бен зеректілігіңіз орташа.
20 минутан көп уақыт кетсе, —сіздің зеректілігіңіз бен байқағыштығыңыз төмен, бірақ сіздің сабырлылығыңыз бен шыдамдылылығыңызға қызығуға болады.
Блог - alya: Псиxологиялық тест
Пы.Сы. Суреттің жоғарғысында тұрған 5 саналмайды.))
Әрі қарай

Алтын ордам - Балқашым!


Өзімнің туып өскен жерім, қасиетті мекенім Балқаш қаласы жайлы ой-өрбітейін деп отырмын. Қарағанды облысынан 380 км шақырымда орналасқан. Ең алғаш 1931 жылы Прибалхашстрой кенті ретінде қаланған. Кейін 1937 жылдан бастап Балқаш қаласы деген статусқа өзгертілді.
Балқаш қаласы несімен ерекшеленеді? Әрине, ең алдымен көз алдымызға мөлдір-таза көлі елестейді.Блог - Sarsembekovna: Алтын ордам - Балқашым!Балқаш көлі — Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі, оңтүстік-шығысында орналасқан. Аумағы жағынан Каспий, Арал теңіздерінен кейін үшінші орында. Орташа тереңдігі 5,8 метр, ең терең жері 26 м. Батыс бөлігіне Іле, шығыс бөлігіне Қаратал, Ақсу өзендері құяды. Жаз айында еліміздің түкпір-түкпірінен, тіпті Ресейден, Қытайдан туристер келіп демалады. Қаламыз мұнысымен ғана шектелмейді. Блог - Sarsembekovna: Алтын ордам - Балқашым!Оңтүстік-шығысында 60 км жерде Әулиетау деп аталатын тау желісі бар. Бірақ қала тұрғындары «Бектау ата» деп атайды. Оның жанында Ұраңқай деген шоқы бар. Таудың шыңы 1000 метрге дейін жетеді, ал ұзындығы 4000 га, оның аумағында түрлі атқалдар мен құздар орналасқан. Блог - Sarsembekovna: Алтын ордам - Балқашым!Бектау ата тауының күн батыс жағында "Әулие" деп саналатын үңгір бар. Үңгірдің жалпы ұзындығы 45-48 метрге дейін жетеді. Суы мөлдір, таза, өте салқын және түбі лай болып келеді. Кезінде Бектау ата үңгіріне ауру адамдар, бала көтере алмайтын әйелдер басына түнеп, құрбан шалып, Құдайдан тілеген тілектерінің орындалуын сұрайтын қасиетті орын болған. Ал, қазіргі уақытта бұл жан-жақтан келетін туристердің қызығушылығын тудыратын табиғат әлемінің ерекше бір туындысы болып қалыптасты. Және де мұнда балалар демалатын жазғы лагерлер жұмыс істейді. Блог - Sarsembekovna: Алтын ордам - Балқашым!Сонымен қатар, шаһарымызда «Балқаш кен-металлургия» комбинаты бар. Мұнда алтын, күміс, платина және т.б. түсті металдар шығарылады. 1997 жылдан бастап "Қазақмыс" корпорациясының құрамына кірді. Аймақтан мыс кенін шығаратын 4 кеніш жұмыс істейді. Олар: Қоңырат, Саяқ-1,2,3. Бұлардан басты пайдалы компонент — мыс, молибден, алтын өндіреді.
Қаламызда 20 шақты білім ордасы, денсаулық сақтау орталығы, кітапханалар, мұражайлар және де жастарымыз бос уақыттарын тиімді пайдалануға арналған "Өнер мектебі", «Спорт кешені», «Оқушылар сарайы», бассейндер бар. Блог - Sarsembekovna: Алтын ордам - Балқашым!Ал, орталық алаңында Ағыбай батыр ескерткіші орналасқан, сонымен қатар Мұхтар Мағауин атындағы мәдениет сарайы бар. Қаламызды қай жағынан алып қарасаң да мақтауға тұрарлық. Бірақ, ең басты деп саналатын киелі жерлері туралы жаздым. Оқып отырғанның өзінде көз алдыңызға бейнесі елестейтіні хақ. Қаламыз жылдан-жылға дамып, өсіп-өркендеп жатыр. Еліміздің үлкен бір алып қаласына айналатына сенемін.

Құрдастарға

Құрдастарым ақ көңілді аң жарқын,
Ойлап жүрер қамтып жүрер алды артын.
Сендерге ұқсап әжуалап кім мені,
Сендерге ұқсап ақ көңілден алдар кім.

Алыс жүрсем бір көруге сағынам,
Іздесеңдер қастарыңнан табылам.
Қатарларың сиремесін әрдайым,
Жатсам тұрсам жаратқанға жалынам.

Сендерге ұқсап мазақтайды кім мені,
Сендерге ұқсап ардақтайды кім мені.
Өздеріңді көп ойлайтын боп алдым,
Үлкендіктің қорасына кіргелі.

Құрдастарым аман болсын жан жағың,
Қызық көріп орындалсын арманың.
Қыр астынан кәрілік кеп жетсе де,
Ажал шіркін сала алмасын қармағын…
Әрі қарай

Көңілдегі көп ойлар

Осы бір жағдай сіздің де өміріңізден орын алған шығар, сірә. Демалыс күндері үйге керек-жарақ алайын деп көк базарға бара қалсаңыз болды, үсті-басы кір-қожалақ ер азаматтарымыз бен қаракөз қандастарымыз алдыңыздан шығып, алақан жайып, қайыр сұрай бастайды. «Алла үшін садақа бер, жолың болады...» деп жаттап алған ұрандарындай қазақшалап сайрай жөнеледі. Жанына қатты бататыны – солардың көбісі өзіміздің егде жасқа толмаған аға-апаларымыз. Амалссыздан қалтамыздағы барымызды беруімізге тура келеді. Мән бермей, елемегенсіп өте шықсаң, «жолың болмасын, құдай ұрсын ...» деп қарғыс сөздерін жаудыртып, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығады. Бұл тек бір базардан орын алса хош деңіз. Жаяу жүрер болсаң, көше бойында аяқ алып жүре алмайсыз. Бір аялдамадан екінші аялдамаға дейін кейде екі-үшеуін кезіктіресің. «Берерімді беріп кеттім» десең ашуланып: «Неге бересің? Бұл менің тұрағым ғой» деп жаны шығады. Байқауымызша, әркімнің өзінің тұратын орны болады екен… «Жалқаудың жаны тәтті, еңбектің наны тәтті» демей ме!? Құмырсқа жәндігінің өзі тапқан-таянғанын өз илеуіне жеткізу үшін күндіз-түні адал еңбектенеді. Қайыршылап, алақан жайып тапқан табыстан – маңдай термен еткен адал еңбегің мың есе артық емес пе!? Қайыршысыз өмір сүрген көк бөрінің тұқымы – қазақ едік… ТЕКТІ ЕЛДІҢ ТҰҚЫМЫ ӨЗ ОТАНЫНДА ТЫШҚАНШАЛАП ҚАЙЫР СҰРАП ЖҮРГЕНІ ҚАЛАЙ?...
Әрі қарай

Терезе

Бүгін оның ауырып жатқанына алтыншы күн. Далаға шықпағалы алты күн. Күн мен түннің ауысып, ауа райын болжауға мүмкіндік беретін жалғыз терезе ғана. Содан басқа алданыш жоқ. Терезенің бер жағында тыныштық болса, ар жағында күйбең тіршілік өз қарқынымен жүріп жатыр. Терезе ол үшін құдды бір теледидар тәрізді. Алайда бұл телидардың бір кемшілігі бар. Ол — оның дауысының жоқтығы. Сондықтан терезеден көрген бейнелерге ол өз ойынан тіл бітіреді.
Бүгін де оянысымен бірден терезеге үңілді. Күн шығып, қар себелеп, боран соғып тұр. Адамдар бірі жұмысқа, енді бірі мектепке, балабақша не басқа да жерлерге асығуда. Осы таңертеңгі көрініс күнде қайталанады. Түс ауа күн жылынғандай болып аурухана маңындағы саябаққа адамдар біртіндеп келе бастады. Әне, күндегі қос ғашық бүгін де қол ұстасып қыдырып жүр. Ол сол екі ғашыққа қызыға қарайтын. Оларға қарап өзі де махаббатын кездестіруді аңсайтын. Алайда бұл мүмкін емес…
Ол назарын қос ғашықтан орындықта отырған қызға аударды. Бұл бойжеткен де саябаққа күнде келеді. Бар назары қос ғашықта. Ол сы үш адамды кейіпкер етіп, күнде бір сюжет құрастыруды әдет қылып алған. Орындықта отыратын қыз жігіттің бұрынғы сүйіктісі. Жігіт оны ұмытып, басқа қазір кездесіп жүрген қызына ғашық болған. Ал қыз оны әлі күнге шейін ұмыта алмай жүр. Оны көрмесе, тұра алмайды. Ал жігіт қазіргі сүйіктісінен басқа ешкімді көрмейді, тек соны ғана сүйеді. Осы тәрізді ойлар келеді оның басына. Сценарий күнде өзгеріп отырады. Терезеден басқа ермек жоқ…
Міне, тағы бір күн өтіп, жетінші күн басталды. Ол әдеттегідей терезеге үңілді. Терезеде бір өзгеріс байқалғандай. О, ғажап, терезеде хат ілініп тұр. Бұл не қылған хат екен? Ол терезені ашып, хатты алды. Хатта: «Сәлеметсіз бе?! Сізбен таныссам бола ма?» деп жазылған екен. Ол жауап жазып, хатты жіпке іліп, тартып еді, хат ғайып болды. Осы күннен бастап олар терезе арқылы хат жазысатын болды. Хат жоғарғы қабаттағы бір жаннан екен.
Күн артынан күн өтіп, хат жазысқалы екі аптаның жүзі болды. Бұл күнде оның халі нашарлаған. Туғандары үйге алып кетпек болған, алайда ол келіспеді. Келіспеу себебі осы хаттар еді. Хат тасушы – жіп, куәгер – терезе.
Бүгін де оның күні осы хаттардан басталды. Түнде түсіне апасы кіріп шықты. Бұны өзіне шақырды, бірақ ол әзірше бармады. Қолына қаламын алғанмен, бүгін бірінші рет не жазарын білмеді. Екі аптаның ішінде жүзін ешқашан көрмеген жан бұның ең жақын адамы болып кеткендей. Ақ парақ әлі сол ақ күйінде. Бір кезде ақ бетке сия тамып, маржандай жазу жазылды. «Мен сені басқа дүниеде күтемін...». Хат жіпке ілініп, иесіне тартты. Ол осы күндер ішінде бұған алданыш, демеу болған терезеге соңғы рет үңіліп, іштей алғысын айтты.
Әрі қарай

"Болашақ телевидениенікі" келісесіз бе?

Орысшадан аударғам, жобасы солай сияқты))
— Ал сіз телевиденияда бұрыннан бері жұмыс істейсіз бе?
— Екі жыл.
— Бәлкім, өте қызықты шығар?
— Өте. Жалпы сіз білесіз бе? Түптің түбінде тв бүкіл адамзаттың өмірін өзгертеді. Ештеңе де болмайды. Кино да, театр да, кітап та, газет те. Тек жаппай телевидения.
— Сіз қызбалыққа беріліп кеттіңіз. Театр, бұнымен келісемін, шынымен де жойылуы мүмкін. Бірақ, кіно, кітап ше?
— Жиырма жылдан кейін менің сөзімді еске алатын боласыз!
«Мәскеу көз жасына сенбейді» («Москва слезам не верит») фильмінен.
Шыны керек қазіргі өсіп келе жатқан жасөспірімдер театрдан көрі киноны, кітаптін орнына ғаламторды таңдайды. Тіпті көк жәшікті көретіндері де шамалы. Әрине, көпке топырақ шашпаймын…
1. Ал сіз соңғы рет театрға (қойылымның аты) қашан бардыныз? 2. Соңғы оқыған немесе оқып жатқан кітабініз (кітаптін аты) қандай? 3. Жаңалықты теледидардан көресіз бе? Әлде әлеуметтік желіден оқып, біліп аласыз ба?
Бөлісе отырыңыздар!
Әрі қарай

Пайдалы кеңес

Дәруменнің қай түрі сіздің ағзанызға жетіспейді
1) А витамині
Жетіспеушілік салдары:
— бетіңізге безеу (прыщи) жиі шықса;
— асқа деген тәбетіңіздің төмендеуі;
— уақыт өте көзіңіздің нашар көруі;
— тұмаумен жиі ауырсаңыз.
Не істеу керек: Өз рационынызға сары-қызғылт жемістер мен көкеністерді, скумбрия және басқа да майлы балық; май, сүт өнімдерін қосыңыз.
Күнделікті мөлшері: 1000 мкг.
2) В витамині
Жетіспеушілік салдары:
— ұйқысыздық;
— бас ауруы;
— іш ауруы;
— депрессия;
— қайызғақ пайда болу;
— ауыздан жағымсыз иістің шығуы.
Не істеу керек: ұннан жасалған тағамдар; көкеністер мен жаңғақтар жеу қажет. В12 дәрумені сиыр етінде (шошқа еті), сүтте; В3 тауық етінде, балықта, бұршақ пен бидай жармасында көп кездеседі.
Күнделікті мөлшері: В1-1,5 мг; В2-1,3 мг; В5-4-7 мг; В6-1,6 мг; В12-2 мг.
3) С витамині
Жетіспеушілік салдары:
— тез шаршау;
— темекі шегу;
— диета ұстасанызда артық салмақ қосу;
— тырнап алған жеріңіз ұзақ уақыт жазылмайды.
Не істеу керек: цитрусты жемістер ( аллергиясы барлар жемегені дұрыс), киви, брокколи, шпинат, сироп және итмұрын тұндырмасы.
Күнделікті мөлшері: 60 мг.
4) D витамині
Жетіспеушілік салдары:
— ашуланшақтық;
— тістің бүлінуі;
— буын қақсау.
Не істеу керек: жиі серуенге шығу; жұмыртқаның сарысы, бауыр және теңіз өнімдерін жеу қажет.
Күнделікті мөлшері: 2,5 мкг.
5) К витамині
Жетіспеушілік салдары:
— ұзақ уақыт бойы қанның тоқтамауы (кесіп алған жағдайда);
— қант диабет белгілерінің пайда болуы.
Не істеу керек: газдалған сусындардан бас тарту; шпинат, салат және брюссель қырыққабатымен мәзіріңізді толықтыру. Сондай-ақ зәйтүн майында, кейбір жемістерде (банан, авокадо, киви), жармада осы дәрумен түрі кездеседі.
Күнделікті мөлшері: 60-140 мкг.
6) U витамині:
Жетіспеушілік салдары:
— тамақтан соң қыжылдың (изжога) пайда болуы;
— асқазанның жиі ауруы;
— күнделікті жеп жүрген тағамға аллергия пайда болу.
Не істеу керек: тәтті бұрыш, пияз, банан жеу қажет. Сондай-ақ жаңа піскен қызанақ, желкек (петрушка), балдыркок (сельдерей), шалқан (репка), қырыққабат (капуста).
Күнделікті мөлшері: 100-300 мг.
Пы.Сы. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Сол себептен де дәрумендерді жиі қабылдап, денсаулықтарыңызды жақсылап күтіңіздер. " Дені саудың жаны сау" деп бекер айтпаған.
Әрі қарай

жалған мейірімпаздық

Бір қызық жайт, Парижде болған терактыдан соң бүткіл мейірімсымақтар осы белгіні таратып жан қайғысымен бөлісті (себебі бұл сол кезде мода). Ал Анкарадағы терактыдан соң ешкімнен үн жоқ. Біз өімізге қатыгезбіз ғой. Біз деп отырғаным: 1. Мұсулман бауырлар, 2. Туысқан түркі жұрты. Әділетсіздік деген осы. Құдай біледі ресейде бірдеме болатын болса, көшеге шығып жылайтындарда табылатын шығар?
Әрі қарай