Астана - әлеуметтік-экономикалық даму бойынша өңірлер арасында көш бастады

Астана жаңалықтары: Астана - әлеуметтік-экономикалық даму бойынша өңірлер арасында көш бастады
2016 жылғы 24 ақпанда Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков халыққа есеп беру кездесуінде қаланың 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларымен таныстырып, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Әлемде орын алған күрделі экономикалық жағдайлар елімізде де сезілді. Мемлекет басшысы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, дағдарысқа қарсы бағдарламалық құжаттар түбегейлі өзгерістердің болуына, соның ішінде қала экономикасында да өзгерістердің болуына жол бермейді. Астана дамудың кезекті кезеңінде барлық бағыттар бойынша айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді.

«Елбасының жетекшілігімен жаһандық сынақтан сүрінбей өтетінімізге сенімдімін. Тек күш-жігерімізді біріктіру керек», — деді Ә. Жақсыбеков. Қала басшысы өткен жылғы даму қорытындысы Астананың одан әрі өсуге әлеуеті бар екендігін көрсететінін атап өтті.

Жыл сайын барлық бағыттар бойынша көрсеткіштерін жақсарта отырып, 2015 жылы Астана әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша өңірлер арасында көш бастады. 2015 жылы жалпы өңірлік өнім өткен жылмен салыстырғанда 5%-ға артты. Оның республикалық көлемдегі үлесі – 10% немесе 4,5 трлн. теңгені құрады. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ республика бойынша орташа көрсеткіштен 2 есеге артық – 5,2 млн. теңге.

Бүгінде Астананың өзіндік кірістері 200 млрд.теңгені құрайды. Өткен жылдан бері Астана төрт республикалық бюджет донорының біріне айналды. Мемлекеттік бюджетке түскен түсімдер көлемі 850 млрд. теңгені құрады, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 11% артық. Бұл ретте республикалық бюджетке келіп түскен жоспардан тыс түсімдердің үштен бір бөлігіне жуығы біздің қаламызға тиесілі.

Көп жағдайда сәтті индустриалды-инновациялық даму оң көрсеткіштерге септігін тигізді. Өткен жылы инвестициялар көлемі 773 млрд. теңгені құрады. Бұл алдыңғы жылдың көрсеткіштеріне қарағанда 15% артық. 2015 жылы Индустриалды паркте 28 жаңа жоғары технологиялық өндіріс іске қосылды, 800 жұмыс орны ашылды. Жалпы, №1 Индустриалды парк аумағында инвестициялар көлемі 187,5 млрд. теңгені құрайтын 62 инвестициялық жоба іске асырылуда. Осы кәсіпорындар бюджетке төлеген салықтардың есебінен парк инфрақұрылымының құрылысына жұмсалған қаржы толығымен ақталды.

Қала әкімдігі қызметінің басты бағыттарының бірі кәсіпкерлікті дамыту болып табылады. Бүгінде шағын және орта бизнестің Астананың жалпы өңірлік өніміндегі үлесі 61% құрады. Бұл еліміздің өңірлерінің ішіндегі ең үздік көрсеткіш. Осы бағыттағы елорда кәсіпкерлер мүдделерінің бастаушысы Астана қаласы кәсіпкерлер Палатасының жұмысы зор. Қазіргі кезде өңірлік кәсіпкерлер Палатасы мен елорда әкімдігінің арасындағы бірлескен жұмыстың барлық салалардағы ықпалдастықтың тиімді форматы қалыптасқан болатын.

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қызмет ететін ШОБ субъектілерінің саны 99,2 мыңға дейін артқан. 2010 жылдан осы күнге дейін «БЖК-2020» Бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жалпы құны 84,7 млрд. теңгені құрайтын 480 жобаға қолдау көрсетілді, соның ішінде 2015 жылы құны 12,1 млрд. теңгенің 67 жобасы мақұлданды. Қазіргі кезде көше саудасын ұйымдастыру үшін 1000 орынды анықтау бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде, бұл елордада шағын бизнесті дамытуға қосымша серпін бермек.

Астана жалпыға ортақ еңбек қаласына айналды. 2015 жылы 18 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, жоғары кәсіби кадрлар жұмыс істейді, елордада жұмыссыздық деңгейі 4,6% дейін төмендеді, бұл орташа республикалық көрсеткіштен төмен. Жұмыссыз жүргендер ретінде 1895 адам тіркелген. Бұл ретте тіркелген бос орындар саны — 2315.

Елорданың тыныс-тіршілігінің барлық салаларына инновациялар белсенді түрде енгізілуде. Астанада білім, денсаулық сақтау, мәдениет, көлік жүйесі салаларында «ақылды қала» пилоттық жобалары, сондай-ақ, қаланың тіршілігін кешенді қамтамасыз ету жүйесі — ТКҚЖ жүзеге асырылуда. ТКҚЖ мақсаты елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздік деңгейін арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қаладағы жағдайға нақты уақыт режимінде мониторинг жүргізу болып табылады.

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі елорданың тұтастай экономикалық дамуына серпін бермек, көрмеге дайындық толық қарқынмен жүргізілі жатыр. «ЭКСПО қала үшін ең маңызды емтихан болып табылады, сондай-ақ, елорданың тыныс-тіршілігінің барлық салаларына қосымша серпін бермек» — деп атап өтті қала әкімі.

Есеп беру кездесуінің негізгі бөлігінен кейін Ә. Жақсыбеков азаматтарды жеке өзі қабылдай бастады. Бұл күні Конгресс-Холлда қала тұрғындары елорда әкіміне және оның орынбасарларына өз сауалдарын жолдай алады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10016
Әрі қарай

Бұл өмір -жалған өмір.

Келме маған қуанышты кезімде,
Жоламағын, жамандықты кезінбе.
Қайғысынан отбасымның қорқамын
Өзге жанның жылағанын сездім де.
Аждаһа ажал алыс жүрші келмегін,
Шайтандардың бесіктерін тербегін.
Менен және менің жақындарымнан
Аулақ кеткін, уытыңды бермегін.
Ұзақ жүріп, құлшылығын жасасын,
Алма ажал, пенделердің мазасын.
Жақсы жанды сезесің бе әйтеуір
Көбейтпесін дейсің бе әлде жазасын.
Өмір сүйсең өлімді әсте жат көрме,
Біреу кетсе, дұға тіле бөгелме.
Сенде бір күн, менде бір күн кетермін
Жалған өмір, бір-біріңе кектенбе.
Подробности

Үйсіз мысық

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Үйсіз мысық
Үйсіз мысык. © Абылай Шаймерденұлы.

Шулы коше, мазасыз шақ болатын
Әне адам жерге қойды пакетті.
Әлі ұйқыда жатқан мысық баласын,
Осы жерге қалдыруға әкепті.

Ал оянған мысык тұрды мияулап,
Сезгендей ме енді жалғыз қалғанын.
Жаутаңдайды бөтендерге таяулап,
Қайда кеттін ием менін арманым?

“Қарашы бір көздеріме қожайын,
Көзіңдегі мейірімге қанайын.
Мені өзіңмен ала кетші қожайын,
Пыр пыр етіп ерке әніме салайын.

Маңызды емес ата тегің, кім едің,
Сипап өтші болды сенін досыңмын.
Анам барда еш алаңсыз жүр едім,
Бүгін міне жабайыға қосылдым!”

Естілмеді адамдарға жанайқай,
Бұлай адам болғандарың бар болсын.
Қарамайды: “Асығыспын балақай,
Ал өзіңе жаратқаның жар болсын”

Иттер қуды, байғұс суға былғанды,
Тағдырынан алған қатал жарлықты.
Бұрын жүріп көрмеген ғой бұл маңды,
Шырылдаумен әлсіз даусы қарлықты…

Ащы сабақ, оған да жоқ таласым,
Адамдарға суытқан көз қарасын.
Ол көңілді марғау емес ендігі,
Қасқыр еді жалап жазған жарасын…
Әрі қарай

Бір ағай

Студенттік өмір қызық қой. Аузың аңқайып келіп, үйренісе алмай жүрген кез ең қызығы.Жаңа таныстық, жаңа орта. Өзім ауылда өскен соң, артық қылтың-сылтыңды білмейтінмін. Қыздардың тым үлкен кісілермен әуйі болуы, үйленбей тұрып бірге тұру немесе еркектердің артық сөздір ерісі көрінетін. Бірақ нешеме адамдар, сан қырлы қылықтар мен мінездер мені таңқадыруын тез тоқтатты. Дегенмен бір ағай жайлы айтып берейін. Ол ағай менің ойымша қыздарды көрсе, әсіресе толықша келген қыздарды көрсе «жанын қоярға» жер таппайтын сияқты. Даусы дірілдеп, жан-жағына алақ-жұлақ қарап, ойы шашырап кетет байғүстың. Тек сыбырлап айтатыным ол — лекция оқиды. Еһһ, қаптаған қыздың арасында өзін бақытты сезінетін сияқты көрінеді. Сосын, ол ағай қызыл түс көрсе бітті. Испанияда бұқаны қызыл шүберекке (мата) қызықтырып, олай да бұлай жүгіртетін еді ғой. Ағай сол сияқты қызыл көйлек киіп келген қыздарға тесірейген қалпы, ол қыз қалай қозғалса көзі сонда. Ал ерніңе қызыл далап жағып келсең, құрыдың, сылтау тауып, сүйіп алуы мүмкін. Құдайға шүкір, оған экзамен тапсырып көрмедік. Кейде шағымданғың келеді. Бірақ ондайлар болмаса, 4 жыл бойы ішің пысып кететін сияқты.
Әрі қарай

Саусақтар арқылы адамның мінезін анықтау

Адам мінезін саусағына қарап тануға, білуге болады. Сана мен дене бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан да, адамның мінезін, қасиеттерін оның сөздеріне ғана емес, сырт келбетіне қарап та анықтауға болады. Сондай әдістердің бірі — саусақтарды зерттеу. Британиялық ғалымдар бұл тақырыпты зерделеп, тұжырымдап, мынадай қызықты фактілерді анықтады.
Екінші және төртінші саусақтардың ұзындығына назар аударыңыз:Блог - Sarsembekovna: Саусақтар арқылы адамның мінезін анықтау
А. Төртінші саусақ екіншіден ұзынырақ болған жағдайда:
Саусақтары мұндай адамдар — батыл, шешім қабылдауға жүрексінбейтін, жиі тәуекелге баратын жандар. Олар — ақылды, логикасы дамыған адамдар. Сонымен қатар, бұл жандар өзгелерден гөрі көбірек ақша табады. Саусақтары мұндай қыз бала әлі тұрмыс құрмаған болса, жақсы жанға тұрмысқа шығады.
В. Төртінші саусақ екіншіден қысқа болған жағдайда:
Саусақтары мұндай адамдар тәкаппар болады. Көңілі тоқ болғандықтан, өздерімен-өзі болғанды жақсы көреді. Әдетте, мұндай адамдар бірінші болып ұсыныс жасамайды. Бұл тек махаббатқа ғана емес, бизнеске де қатысты. Бірақ айтылған фактілерге қарамастан, өзіне деген назарды бағалайды және мақтау, қошемет сөздерді қабылдай біледі.
С. Төртінші мен екінші саусақтардың ұзындығы бірдей болған жағдайда:
Мұндай адамдар өте мейірімді, әрі көңілі ашық болады. Олар ұрыс-керісті ұнатпайтындықтан, кикілжің тудыратын жағдайлардан аулақ жүруге тырысады. Бұлар тазалық пен тәртіпті жақсы көреді. Кез келген адаммен тіл табыса алады.
Ендеше, сіз бұл айтылғандармен келісесіз бе?
Әрі қарай

Қызық тапсырма

Қай әлеуметтік желіні ашып қарасаңыз да, мына алма, кокос, бананы бар, канадалық Лиза Уолке жариялаған сурет шыға келеді.))
Блог - alya: Қызық тапсырма
Тапсырманың күрделілігі жеміс санының өзгеруі, яғни банан мөлшері азая түседі, ал туралған кокос жаңғағынан жартысы қалады.
Көбісінің берген жауабы әртүрлі. Біреулер «14» десе, екеншілер «15», үшіншілер болса, дұрыс шешімі «16» деп жауап берген.
Сіздің ойыңызша неше?
Әрі қарай

Сен маған кел

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Сен маған кел
Сен маған кел… © Абылай Шаймерденұлы

Мен тоңдым, тұмандатқан күн де мұңды,
Жан-жағым тұман ба әлде елесің бе?
Алыстарда жол таппай жүргеніңді,
Сезінем, ойланамын, келесің бе?

Сен маған кел көп бұлбұл ән салғанда,
Ерекше кел, қалмағын бірі болып.
Сен маған кел меңіреу бұл жалғанда,
Талауыртқан аққудың үні болып.

Сен маған кел көк түтін бұл ғаламда,
Таза самал жел болып, соқпа қатты.
Періште бол, жартастан қарғығанда,
Іліп ала жөнелген, ақ қанатты.

Сен маған кел, желкенді кеме болып,
Суға кетсем көрінген қарсы жақтан.
Келші мейлі судағы пері болып,
Тұншықсам да жаныңда қарсыласпан.

Сен маған кел,құпия теңіз болып,
Бар екенін ешкім де білмей қалған.
Сен маған кел бейтаныс әлем болып,
Ғаламшар боп, телескоп көрмей қалған.

Айым боп кел, болса да әркім ғашық,
Күнді куткен… Көгінде жүзген…
Сен маған кел жүректің құлпын ашып,
Жалғыз кілтпен...Өзіңде жүрген…
Әрі қарай

Ұсыныс!

Қазақстан аумағындағы супермаркеттерде тек қана қазақша әуен ойнап тұруы керек. Бұл өзге тілде ойлайтын елдің санасын жаулауға жақсы әсер етеді. Өзімізге де жағымды. Маркетологтар күннің әр мезгілінде әр түрлі ырғақтағы әуендерді қоюға кеңес береді екен. Мысалы: сағат 2-5 арасында баяу ән қою. Бұл мезгілде супермаркетке үйде отыратын, асықпайтын адамдар сауда жасауға көп келеді екен. Әуен де баяу болса олар асықпай жүріп таңдауын жасайды. Керісінше сағат 6-9 аралығында тез әуен қояды. Бұл мезгілде жұмысынан үйіне асығып бара жатып тез-тез сауда жасайтын қызметтегі адамдардың уақыты (час пик). Яғни, супермаркеттегі қойылатын әуендер адамның санасына, іс-қимылына тікелей әсер етеді. Оны көбіміз байқамаймыз да. Егер біз сол әуендерді қазақшаға ауыстыртатын болсақ қазақ тіліне жақсы әсері болады деп ойлаймын. Адамдардың көп шоғырланатын, көп баратын жерлері де осы супермаркет сияқты. Насихатты шағыннан бастау керек)
Әрі қарай

Елдестірмек елшіден, Жауластырмақ жаушыдан...

Өнерді жақсы көргеннен кейін, қоғамдағы жағдайдан хабардар болып отыру мақсатында қазақ өнерінің жаңалықтарын, жалпы жаңалықтарды жібермеуге тырысамын.
Кеше, ‪#‎Астана‬ арнасындағы ‪#‎Сырласу‬ бағдарламасына ‪#‎ТөреғалиТөреәлі‬ келді. Бұл жолы жалғыз емес, әкесі Төреәлі Төлепұлымен бірге келді. Алғаш ашылғандағы «Сырласу» сырласу еді. Қазіргі бағдарлама пиарға ғана бағытталған сияқты болып кетті. Оның өзінде өнерпаздарды емес тек арнаны, бағдарламаны жарнамалау ғана. Осыдан бір апта бұрын бағдарламаға ‪#‎Орда‬ тобының әншісі ‪#‎ДастанОразбеков‬ келген болатын. Сол кезде жүргізуші, журналист ‪#‎ӘйгерімСейфолла‬ Дастанға «Сіз Заттыбек, Төреғали, Ернар Айдар, Қайрат деген әншілерді тыңдайсыз ба?» деген сұрақ қойды. Дастан: «Тыңдамаймын. Бірақ, қосылып тұрса өшір деп айтпаймын. Төреғали болсын, жігіттер айыпқа бұйырмасын музыкаға келгенде өзгенің әнін орындаудың қажеті жоқ. Бірақ, бұл менің сөгуім емес» деді. Осы жердегі ең бірінші болып айтылып қалған Төреғали деген сөзді ‪#‎ЕлАуызында‬ деген әншілердің сөзін қиып-қиып шағыстыратын бағдарлама қағып алды да екеуінің арасына шоқ сала салды. Ол жерде Дастанның барлық әншілерді айтқысы келгені есі дұрыс адамға белгілі нәрсе сияқты ғой. Әлде мен шатасам ба?! Жақсы. Осымен ‪#‎плагиат‬ туралы әңгіме аяқталған болатын. Енді не керек? Әрине, Төреғалиға барып хабар беру керек. "Әй, анау Дастан сені ұрлықшы деді." деген сияқты әңгімені таратып, арналарына рейтинг жинауға кірісті. Сөйтіп, тез арады бағдарламаға Төреғалиді қайта шақырып алды. Бағдарлама барысында Әйгерім Төреғалиға «Кеше ғана Дастанмен сөйлесіп келдім. Ол, Төреғали сияқты жігіттер тыңдарманды алдағанды қойсын.Орындап жүрген ‪#‎хит‬ әндерінің басым көпшілігі өзгенікі, тек сөзін жазып шығарып жатыр» деп ортадағы отты көседі. Осы әңгіме дұрыс па?! Болмайтын әңгіме ғой. Анандай әңгімеге кез-келген адам ашуланып қалады. Ондай әңгімеден кейін өнерпаздар болсын, жанкүйерлер болсын екіге бөлініп алады. Содан бір-бірін балағаттау басталады. Әкесі де түсінбей қалды. «Халықты алдауды қойсын деп айтқаны ұят болған екен» деп ренжіп қалды. Ал, негізінде Дастан солай айтты ма? Ол жалпы айтқан сияқты. Оның ішінде Ернар да, Қайрат та, керек десеңіз Заттыбек те бар. Дастан дұрыс айтты. Өзгенің әнін алсаңдар алғанын айтыңдар деді. Несі бар?! Айтсын! Дастан Өте дұрыс сөйлеп отыр. Төреғали де орынды сөз айтып отыр. Бірақ бір түсініспеушілік бар. Ол түсінішпеушілікті тудырған өсек, сөз тасу! Бұл жерде Дастанды #Орда тобынан бөліп қарау керек. Топтағы жігіттер бір төбе де Дастан бір төбе.
Жігіттер! Кішкентай Алматыда жүріп бүкіл Қазақстанға қыртымбай әңгіме таратқанды, алауыздықты қойыңдар! Мейлі «пиар ход» болсын, келісілген дүние болсын бәрібір. Халық іштеріңде не болып жатқанын түсінбейді. Қарапайым халық «мыналарың қатын болып кеткен ба?» деп сөгіе салады. Ол кезде мынанікі дұрыс, мынау бұрыс деп жатпайды. Шындығына келгенде кінә журналист жақтан. Ұрыстыру мақсат болса сұрақты да сол ұрысқа реттеп қоюға болады. Солай емес па?! Сондықтан да тату болыңдар!

P.s. Дастан айтпақшы: «Бұл менің сөгуім емес» )

Қазақ өнері, қазақ әндері жасасын!
Әрі қарай

Позитивті пост

Әрине өмір ғажапқа толы. Бұған күмәнданушы болма, құрметті оқырман! Қиындық және арпаласумен өткен күнің бір сәтте-ақ көзіңе әдемі көрініп кетеді. Бұл физика немесе химия емес. Кенет жұмыстан шаршап үй табалдырығын аттаған сәтте анаңның күлімдеп тұрып, келдің бе құлыным, кел шәйға дегенін естіп, басыңды қатырған проблема бір мезетте жоқ боп кеткенін байқағандай боласың. Анаға жетер асыл бар ма? Ал оның нұрлы жүзі барлық дерттің антибиотигі секілді. Тату-тәтті отбасыңмен дастрхан басында шүркілдеп «әңгімелетесін». Іштей мұндай бақыт баршаға бұйырмағанын біліп тәубелеп отырасың. Балалы болсаң ол да бір қуаныш. Баланың тілі бал, ал күлкісі тіпті қақ төбеңнен нұр боп жауады. Соңына ұрпақ қалдыру, оған тиісті, дұрыс тәрбие беру – фәнидің мәні деседі. Яғни бұл да әрбір пенденің қолынан келе бермейді. Маңдайыңа жазылған, Құдай қосқан жарыңның да күлімдеген жылы жүзі жүректі әп-сәтте ерітіп жібереді. Кейде өзің де байқамай, қиялдап кетіп, сұп-сұлу жолдасыңды елестетіп, өз алдыңа ыржиып жүресің кейде. Бұл да ғажап қой. «Не ексең, соны орарсың» деп бекер айтпаған. Өз жақындарыңды қорғап, оларға күтім жасап, жақсылығыңды аямайтын алақаны ашық жан болсаң, күллі әлемнің кереметі алдымен сенің жүрегіңе, кейіндеу сенің айналаңа да тарай бастайды. Алланың рақымы шексіз! Барлық таңғажайыпқа лайық болу өзіңнің қолыңда екенін ескер. Әрқашан көңілді болуға тырыс. Жақындарыңды бағалай біл. Жүрек лүпілін тыңдасаң не қалайтыныңды ұғасың. Ал оның орындалуына құдіретті күш әсер етеді. Қорықпа, досым! Бастысы «джәмән» адам болма ;)
Әрі қарай