Бір ағай

Студенттік өмір қызық қой. Аузың аңқайып келіп, үйренісе алмай жүрген кез ең қызығы.Жаңа таныстық, жаңа орта. Өзім ауылда өскен соң, артық қылтың-сылтыңды білмейтінмін. Қыздардың тым үлкен кісілермен әуйі болуы, үйленбей тұрып бірге тұру немесе еркектердің артық сөздір ерісі көрінетін. Бірақ нешеме адамдар, сан қырлы қылықтар мен мінездер мені таңқадыруын тез тоқтатты. Дегенмен бір ағай жайлы айтып берейін. Ол ағай менің ойымша қыздарды көрсе, әсіресе толықша келген қыздарды көрсе «жанын қоярға» жер таппайтын сияқты. Даусы дірілдеп, жан-жағына алақ-жұлақ қарап, ойы шашырап кетет байғүстың. Тек сыбырлап айтатыным ол — лекция оқиды. Еһһ, қаптаған қыздың арасында өзін бақытты сезінетін сияқты көрінеді. Сосын, ол ағай қызыл түс көрсе бітті. Испанияда бұқаны қызыл шүберекке (мата) қызықтырып, олай да бұлай жүгіртетін еді ғой. Ағай сол сияқты қызыл көйлек киіп келген қыздарға тесірейген қалпы, ол қыз қалай қозғалса көзі сонда. Ал ерніңе қызыл далап жағып келсең, құрыдың, сылтау тауып, сүйіп алуы мүмкін. Құдайға шүкір, оған экзамен тапсырып көрмедік. Кейде шағымданғың келеді. Бірақ ондайлар болмаса, 4 жыл бойы ішің пысып кететін сияқты.
Бөлісу:

14 пікір

ken
jası neşede sonda?
MERmukhanov
Бірақ ондайлар болмаса, 4 жыл бойы ішің пысып кететін сияқты
. — білә))) өздерің өстіңп құртасыңдар
Nura
Мен сияқты бақылағыш, байқағыш адам үшін бұл өте қызық. А так берілмеймыз.
Nura
40 пен 50 дың ортасы
Kutpegen-konak
«Тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді» демейме…
VKM
зынданға тастау керек ондайларды. Айтпақшы, Гуантанамо жабылыпты ғой. Сатыпалды бәрін сонда жазалауға жіберетін еді ғой)
ken
Zındanğa tastağanda, qumarlığın jasırmay aşıq qarağanı üşin be, älde stuwdent qızdarğa jalpı qumarlıqpen qarağanı uşin be? Qaysısın aytasıñ?

Menimşe, qumarlığıñdı işke jasırıp qaradıñ ne, aşıq qaradıñ ne — ekewi birdey — ekewinde de seksuwal qumarlıq bar.

Seksiy figuwrağa 10 normal erkektiñ 6-awı qaraydı dep topşılasaq, qaramağan 4-ewi taqwalığı mıqtı nemese tabiyğatınan aseksuwal adam, nemese basında waqıtşa(!) “ne do seksa” mäseleleri bar, nemese basqa da waqıtşa jağdaylar bolsa kerek.

Yağniy qaysı birin zındanğa tastay beresiñ? Öytetin bolsañ er adam qalmaydı.
Şeşim: oqıtuwşınıñ student qızdarğa (meyli bildirip, meyli bildirmey) qumarlıqpen qarawın boldırmas üşin ne ustazdıqqa geylerdi aluw kerek, ne qızdar qumarlıq oyatpaytinday kiyiniwleri kerek.

— desem qalay?
VKM
туй, кен,әзер оқып біттім ғой жазғаныңды. Латынға көшіп кеттің бе?Үлкен кісі және мұғалім болғасын, сезімін кішкене болса да жасырып жүруі керек сияқты. Ал қыздардың көбісі қазір ұзын киеді ғой, не шалбар)
satibaldi
VKM
жыным келеді сізге(
satibaldi
Жақсы көрсеңіз — тіпті сорақы болар еді
BalgynBalgyn
Казгудың филфагы Тасымов ағай болмаса дым қызық ;)