ЕҢ ДАРЫНДЫ БОЛАШАҚ ЖУРНАЛИСТ

ЕҢ ДАРЫНДЫ БОЛАШАҚ ЖУРНАЛИСТ

Блог - Kozi: ЕҢ ДАРЫНДЫ БОЛАШАҚ ЖУРНАЛИСТӘл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде журналистика мамандығы бойынша дәстүрлі олимпиада өтуде. Олимпиадананың 1 кезеңінде студенттер журналистикаға кіріспе, шетел журналистикасы, журналистика тарихы және тележурналистка пәндері бойынша тест тапсырмаларын орандады. Білім сайысының екінші күнінде қатысушы командалар «Елімнің тағдыры – менің тағдырым» тақырыбында бейнерепортаж, «Қас қағым сәт» тақырыбы аясында фоторепортаж және онллайн жазба бойынша өздерінің журналистік шеберліктерін танытуда.
Жалпы, байқауға биыл еліміздің әр өңірінен 11 команда қатысып, өздерінің бақтарын сынамақ. Жас журналистердің талантын «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Әбдіраймұлы, Т.Жүргенов ҚазҰӨА доценті, тележурналист Ерлан Ахчалов, Алматы каналының директоры Әнуарбек Баримжанов, филология ғылымдарының кандидаты Сағатбек Медеубек сарапқа салатын болады. Жарысқа Демеушілік көрсеткен «Азаттық» радиосы мен «Сұңқар» студенттер кәсіподағына алғысымыз шексіз.
Жыл сайынғы дәстүрлі олимпиаданың мақсаты – ең талантты және бәсекеге қабілетті әмбебап журналистерді даярлау.

САМЫЙ ТАЛАНТЛИВЫЙ ЖУРНАЛИСТ

Сегодня второй день предметной олимпиады, проводимой в Казахском национальном университете имени Аль-Фараби под девизом «Самый талантливый журналист». В традиционной олимпиаде, берущей начало с 2008 года, ежегодно принимают участие студенты высших учебных заведений со всего Казахстана. И в этом году собрались 11 команд с разных регионов страны. В первый день олимпиады участники соревнований решали задания в тестовой форме по таким вузовским спецдисциплинам, как «Основы журналистики», «История казахской журналистики», «Зарубежная журналистика», «Тележурналистика». Примечательно, что результаты первого тура стали известны участникам в тот же день. А сегодня решающий тур – выполнение практических заданий: нужно продемонстрировать видеоролик на тему «Судьба страны – моя судьба», фоторепортаж «Счастливый миг», а также представить информационную запись в блоге и на сайте.
Оценивают работы опытные специалисты.
Главной целью олимпиады является определить самого талантливого, умного и разностороннего студента, воспитать в студентах креативное мышление.

THE MOST TALENTED JOURNALIST
Today is the second day of subject Olympiad, held in Al-Farabi Kazakh National University under the motto «The most talented journalist.» In the traditional competition, originating from 2008, annually attended by high school students from all over Kazakhstan. And we gathered 11 teams from different regions of the country this year. On the first day of the Olympiad competitions, participants solved tasks in the test form for college and university special disciplines such as «Fundamentals of Journalism», «The history of Kazakh journalism», «International Journalism», «TV journalism». It is noteworthy that the first round results were known to the participants on the same day. And today the decisive stage — case studies: it is necessary to show a video on the theme «The fate of the country — my destiny» photo essay «happy moment», as well as to present information in a blog post on the site.
Commends the work of experienced specialists.
The main goal of the Olympiad is to identify the most talented, intelligent and versatile student, cultivate students creative thinking.
Әрі қарай

VIII республикалық пәндік олимпиада

24-25 наурыз күндері Қазақ Ұлттық Университетінде VIII Республикалық пәндік олимпиада өткізілді. Бұл шараға Қазақстанның түкпір – түкпірінен қоғаммен байланыс, баспа ісі және жалпы журналистика бағыттарынан болашақ мамандар жиналды. Айта кететін жайт, бұл қоғаммен байланыс мамандығы бойынша ұйымдастырылып отырған алғашқы олимпиада. Қатысушылар алғашқы күні өткен тест сынағы мен екінші күні бағдарламадағы жарнама ролигін, әлеуметтік PR жобаларын қорғады. Жобаға Алматы, Астана, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Семей университеттері сияқты белді оқу орындарынын студенттері қатысты. Алғашқы күні студенттердің мамандықтарының басты пәндерінен білімдері тексерілген болса, кейін олардың креативті ойларын көрсетуге толық мүмкіндік берілді. Барлық оқу орындарының студенттері университет намысын қолдан бермеуге тырысты. олимпиадада өз салаларының белді мамандары Асылxан Әбдірайымұлы және Ерлан Акчалов, Ануарбек Бримжанов төрелік етті. VIII Республикалық пәндік олимпиада ҚазҰУ тарихында мәңгілікке орын алатын дүбірлі дода.
Әрі қарай

Ең мықты болашақ журналист анықталды

Блог - DinaAbdigalieva: Ең мықты болашақ журналист анықталды
Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары арасында «Журналистика» мамандығы бойынша «Ең дарынды болашақ журналист» тақырыбында пәндік олимпиада өтуде. «Мақсаты – журналистердің сапасын арттырып, өзекті мәселелерді қозғап, қолдағы билікті ұтымды пайдалана білу. Студенттердің өзіндік ой-пікірлерін қалыптастыру»,-деді журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубек.

Блог - DinaAbdigalieva: Ең мықты болашақ журналист анықталды
Аталмыш дода ІІ турдан тұрады. Оған жер-жерден 9 ЖОО студенттері қатысып, болашақ журналистерді «Ең үздік фото», «Ең үздік бейнесюжет», «Ең үздік онлайн жазба» номинациялары бойынша іріктеп алды.
Блог - DinaAbdigalieva: Ең мықты болашақ журналист анықталды
І турнирде қатысушылар 100 сұрақтан тұратын тест тапсырды. Екі сағатқа созылған сайыста «Қазақ журналистикасының тарихы», «Журналистикаға кіріспе», «Шетел журналистикасы» мен «Тележурналистика» пәндері бойынша білім жарыстырды.
Блог - DinaAbdigalieva: Ең мықты болашақ журналист анықталды
Сегізінші рет өтіп отырған олимпиаданың ІІ турнирі басталды. Бұл шараны сынға алып, дарындылардың ішінен ең белсенділерін әділ-қазылар телевидение маманы Сләмбек Мақсат, Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА доценті, тележурналист Ерлан Акчалов, әйгілі фотогроф «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінен Асылхан Әбдірайымұлы және журналистика факультетінің деканы, ф.ғ.к. Сағатбек Медеубек бағалады.
Блог - DinaAbdigalieva: Ең мықты болашақ журналист анықталды
Теория мен практиканы ұштастырған студенттер асқан жауапкершілік пен белсенділік танытты. «Мен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің журналистика бөлімінің атынан келіп қатысып отырмын. Біздің университет төрт жыл қатарынан аталмыш жарыста топ жарып келеді. «Менің тағдырым – елімнің тағдыры» атты видеосюжет жасап алып келдім. Биыл да өз университетімнің үмітін ақтаймыз деп ойлаймын»,-дейдіАлмас Құдайберген.
Қазақстан журналистикасының болашақ сардарларын дайындап жатқан оқу орындары арасындағы бәйгеде үздіктер топ жарды.

Университет ұжымы Наурыз мерекесін тойлады

Блог - balausa_torebai: Университет ұжымы Наурыз мерекесін тойладыҰлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесін университет ұжымы орталық алаңда ерекше сән-салтанатпен атап өтті. Облыс әкімі Қ.Е.Көшербаев қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, биылғы Наурыз тойының ел тәуелсіздігінің 25 жылдығымен қатар келуін тілге тиек етті. Жыл басын университет профессор-оқытушылары мен студенттері де ерекше қарсы алып, Жыраулар ауылында бас қосты. Жыршы-термешілер киіз үйінде төс қағыстырып, бір-біріне деген ізгі тілектерін жеткізді. Университет өнерпаздары Сыр сүлейлерінің жыр-термелерін орындап, ұлттық өнерімізді ұлықтады. Сондай-ақ, облыстық этномәдени бірлестік өкілдері орыс, өзбек, кәріс, шешен әндерін орындап, билерін биледі. Алаңға келген жастар қазақша күрес, арқан тарту, асық және жамбы ату, гір тасын көтеру, қол күрес секілді жарыстарға белсене қатысты. Мерекені тамашалауға келген халық наурыз көжеден дәм татып, әз Наурызды ерекше көңіл-күймен өткізді.
Әрі қарай

Жемқорлық

Біреуге жолап кетсең пайда іздейді.
Түсірер қолға өзіңді айла іздейді.
Сызылып ұзатылар қыз сияқты,
Иіліп құрақ ұшып сіз, біз дейді…

Заманның қалғандайма соры құрып,
Адалдың кеудесінде зор ықылық.
Қылғынып бүткіл дүние бара жатты,
Жемқордың жемсауына тоғытылып.

Пара алмасаң бересің пара қолдан,
Алады берсең қолдан, бермесең жолдан.
Парасыз ауа жұту қалып барад,
Қалайша құтылармыз бұндай сордан.

Дүниенің төрт бұрышын ақша тіреп,
Жемқордық адал жанды сойды іреп.
Адамшылық қыт болған бұл заманда,
Қалайша өмір сүрер ақын жүрек.

Апырай аузыңды ашшаң ақша дейді,
Жай ғана қадам бассаң ақша дейді.
Ақшасыз қалып барад өмір сүру,
Ақшасыз жақыныңда үйітіп жейді.

Бәр нәрсе өлшенеді ақшаменен,
Арданда қымбат болды ақша деген.
Ұшына пирамида ақша қойып,
Қайран заман жаныңды жұлып жеген.

Қайдасың қарапайым қазақшылық,
Қайдасың азаматтық азатшылың.
Сорлы қазақ айырылсаң болмысыңнан,
Тоз — тоз болып кетерсің тұрып — тұрып.

Насыреддин Қожырбайұлы
Әрі қарай

Наурыз

Көктем келді бар әлемді таң қылып,
Күміс кілем жауып берді таңғы шық.
Жер ананың қуанышын бөлісе,
Ерке желде алып қашты ән қылып.

Қозы- лақтар асыр салып аулада.
Шөл Құнажын жабысады қауғаға.
Үзілердей майысады қызғалдақ,
Тентек желден жанын сұрап сауғаға.

Қара бұлыттар көшеді кеп жөңкиді,
Нөсерлетіп құяды кеп кей-кейде.
Асау бұлақ сыңғырлаған күлкісі,
Көктем күні ашылмаған сыр бейне.

Қарлы боран шаршатыпты даламды,
Көктем келіп көк майсаға оранды.
Саңырауқұлақ сығалайды сыртыңнан.
Отқа тойған ауыл малы жарамды.

Көктем келіп наурыз тойы тойланды,
Бар тіршілік қуанышқа бойланды.
Ақ мол болып бар мұсылман қуанып,
Бір біріне өкпелерін жойғанды.

Наурыз тойы мерекесі халқымның,
Наурыз тойы бірегеиі салтымның.
Наурыз тойы ұлт болмысы ежелгі,
Қазақ үшін қымбат сенің бар тұрғың.

Насыреддин Қожырбаев
Әрі қарай

Көктем - ана!

Босанғандай бұтақтарым бүр жарды

Қолын бұлғап тал шақырды құстарды

Тіршіліктің белгісі ғой

Оянды

Көктем — ана қолда деді ұшқанды

Сәукелесін киіп алды сарғалдақ

Қыр төсінде қызғалдақтар ән салмақ

Қиыршық құм жел қуалап күлгенде

Ауыл дедім көктен түсіп қалған бақ

Жер көрпесін имене ашты шөп керім

Көрді күннің қақ маңдайдан өпкенін

Күн құшады қара жерді жұмақ деп,

Жер елжіреп дем бердің дер көктегі үн.

Сай-салалар бозбаладай тебіскен

Жүгіргендей мал қайтқанда өрістен

Таудан аққан апам сынды сол өзен

Қолындағы бармен елмен бөліскен

Бұлт – тостақтан шашу шашты аспан да,

Домбыра үні шықты жерді басқанда

Үйіп едік, жылтырынан жинап ап

Көктеммін деп жазу жазды тастар да.

Балалықтың иісіндей таң лебі

Бұл ғұмырым, ғұмыр емес бал ма еді

Әр тал шашым раушан болып гүлдеп тұр

Көктем-ана, құшағыңа ал мені.

Жұлдыз БЕЙСЕК
Әрі қарай

шаштың түсуі

Сәлеметсіздер ме!
Мен БҚО,Қаратөбе ауданынан сіздерге хат жолдап тұрмын.Сіздер маған көмектесе аласыздар деген оймен, жеке мәселем туралы қолдау сұраймын! Менің әпкемнің, осымен 2 ай болды, шаштары ойылып түсе береді.Сол түскен жердің үстінен басқанда ауырады екен.Әзірге ещқандай дәрі- дәрмек қолданбады.Бірақ әртүрлі журнал-газеттерден іздестіріп, халық емін қолданып көрдік (пияз бен коньякты араластырып, сол жерге жақтық; горчицаны да жағып көрдік, естуіміз бойынша кейбіреулерге көмектесіпті).Шаш өсіретін су сабынымен жуды.Алайда, бұлардың бірі де оң нәтижесін әлі бере қоймады.Шашының әр жерінен ойылып тусе береді.Күн санап артып барады.Енді қандай ем- дом жасауымыз керек.Мұндай жағдай жиі кездесе ме? Оны емдеудің қандай жолдары бар? Сіздерден осы жайында кеңес берулеріңізді сұраймын! Жауаптарыңызды асыға күтемін.Өтініш, көмектесініздерші!!!
Әрі қарай

Мында смартфон таңдай алмай..

Армысың, керектік! Гаджеттерден хабарың болса, сенен кеңес керек. Арзан емес тауар аларда мына жердегідей шағын сауалнама өткізетінім бар. Бұл жолы енді смартфон. Nokia C3 деген жартылай сенсорлы смартфонымнан кейінгі Galaxy S Duos GT-S7562 де көнерді.
Әрі қарай