23 сәуір - орман отырғызу күні
Қазақстанда Ұлттық орман отырғызу күні алғаш рет 2014 жылы 19 сәуірде өткізілген болатын. Биыл астаналықтар Ұлттық орман отырғызу күнін жалпықалалық сенбілікпен ұштастырып отыр.

23 сәуірде елордада жалпықалалық сенбілікпен қатар басқа ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Жер күніне орай ағаштар отырғызылады. Арнайы дайындалған гүлзарларға Сиверс алмасы, емен, қызыл шетен, ақ қайың, сібір шыршасы, ақ тал, пирамидалы терек, қызылтал, сондай-ақ, бальзам иісті терек ағаштарының 1000 астам көшеті отырғызылады.
– Дала өсімдіктері көп өсетін біздің далаларда ағаш аз. Сондықтан жастарды бүкіл жерге ағаш отырғызуға шақырамыз. Ағашты неғұрлым көп отырғызсақ, ауа соғұрлым таза болады, – дейді «Тұрақты даму» Жер қорының биологы Валентина Ободовская.
Биылғы акция «Барыс-Арена» мұз айдыны жанында өтеді. Дегенмен, қаланы абаттандыру және ағаш отырғызу жұмыстары тек бір аумақта емес, үш ауданда жүргізіледі. Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz хабарлауынша, бұл күні Астанада 16 мыңнан астам ағаш егіледі.
Орынбор көшесінде және «Арай» паркінде, Ақыртас, Ғабдуллин, Уәлиханов көшелерінде, Тілендиев даңғылында және т.б. жаппай ағаш отырғызылады. Көгалдандыру объектілерінде тиісті орындар дайындалып, көшеттер қойылды, инерттік материал (құнарлы жер, топырақ, қара топырақ) қажетті мөлшерде әкелінді.
Осы атаулы күні сіз де ағаш отырғызып, қаланың көркін келтіруге өз үлесіңізді қосыңыз!
Әрі қарай

Фотограф Алтынбек Қартабайдың рұқсатымен салынды

Тағы бір айта кететін ақпарат, хандық тойы қарсаңында елбасының қатысуымен «Әулиеата» халықаралық әуежайы күрделі жөндеуден өткізіліп, ел игіліне жаңаша болмыспен берілген. Ендігі кезекте әуежай әлеумет үшін сапалы қызмет атқарады деген үміттеміз. Осы ретте, қаладағы өткен жылы мерекелік той қарсаңында күрделі жөндеуден өткен бірқатар нысандарды айтпау кетуге болмас. Олар «Қазақ драма театры», «Төрткүл» керуен сарайы, «Орталық стадионы», «Атшабар» алаңдары. Өңірде жаңадан бой көтерген бұл аты аталған саябақ ескерткіштер қала ажарын одан сайын гүлдендіріп, қала жұртының мерейін асқақтатып, сырттан келетін қонақтардың таңдайын қақтыруда.
Фотограф Алтынбек Қартабайдың рұқсатымен салынды
Фотограф Алтынбек Қартабайдың рұқсатымен салынды
Құрбым машинамен жүргендіктен, бірге баратын кейбір тірліктерге жол-жөнекей мені алып кететін. Кешке таман жұмысқа соқты. Өзі асығыс. Қала жанынан жер сатып алмақ болатын. Бірақ бір қағаздары сәл дұрыс емес болып шықса керек. Енді ол сол мәселе бойынша бір юристпен ақылдаспақшы екен.