The Show Must Go On(аударма)

Кеңістік бос – өмірдің мәні неде?
Орындар босаса да – нәтижесіз деме…
Алға! Алға!
Кім біледі, жоқты іздеп жүрміз, неге?

Жаңа қаһарман – қылмыс толы жаһаннан
Өмір ойын, пейіш пе әлде жаһаннам?
Кәне қайсың бар төзе алатын
Шоу жалғасу керек,
Шоу жалғасу керек! Иә!
Алқынып жатса да жүрек,
Опа-далаптанып түлеп
Сонда да жүзімде күлкі жүрет

Не болса да – тағдыр тәлкегіне салам
Жүрек сыздаса – жаңа сәтсіз роман
Алға! Алға!
Өмірді не үшін берді саған.
Сабақ ал қателіктеріңнен
Ашулансам сабама келем
Шұғыл бұрылыс, көңілім елең
Күншығыс күлім қақаса да
Бұл жақта қараңғы,
Жаным қиналса да еркіндікке жетермін. Сенем!

Көбелек түстес, жүрсем де паң күліп,
Кешегінің ертегілері өшпейді мәңгілік!
Мен қалықтай аламын, достар!

Шоу жалғасу керек!
Шоу жалғасу керек! Иә!
Мен күліп қарсы алам,
Бұл шоуда қалжырап, шаршағам
Бірақта берілмеймін, тағы да ән салам!

Құдіретім жеткен жерден
Бір түлеп биікке жетем
Шоу жалғасу үшін
Шоу жалғасу үшін
Күш-қуат керек екен
Шоу жалғасу керек!

Бөлісу:

4 пікір

Basic
АКҮдің аудармасы болған. Элтон Джонның «sorry seems to be»ін қазақша айтқызған. Домбырамен де, караокемен де, гитарамен де. Сол сияқты айтқыза аласыз ба?
FaraOn1
басқа әнді болады. бірақ мына ән домбыраға да, гитараға да келмейді, буындары өзгеріп кеткен))) Шоу мас гоу 10 деген жерін шоу жалғасу керек деп айғайлап айтып көріңізші) Күлкілі естіле ме?)