AstraPlat жүйесі мамыр айынан бастап қосылады
Астана қаласында қоғамдық көлікте электронды жолақы төлеу жүйесі мамыр айынан бастап кезең-кезеңмен енгізілетін болады. Бұл жүйе AstraPlat, ал көлік картасы – AstraCard деп аталады деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz.
Автобус жолаушысы жол жүру ақысын төлеу үшін картаны кіреберісте орнатылған арнайы жабдық – валидаторға қосады, осы аппараттың көмегімен балансты да тексеруге болады. Электронды карталарды сатып алу және балансты толықтыру үшін кезең-кезеңмен 10 кеңсе ашылмақ, 30 автомат орнатылып, 25 сату пункті іске қосылады. Болашақта аталған желі кеңейтіліп, оны төлем терминалдары жүйесімен және интернет-банкинг порталдарымен интеграциялау көзделген.

Жолаушы картаны сатып алуға үлгермеген жағдайда, автобуста жолақысын қолма-қол ақшамен төлей алады. Ол үшін жүргізуші кабинасының жанында QR-коды бар бір реттік билет беретін терминал (жүргізуші консолі) орнатылады.
Ал электронды билеттеуге астаналықтарды көбірек тарту үшін икемді тарифтік жүйе қарастырылған – автобуспен көбірек жол жүру жолаушы үшін экономикалық тұрғыдан тиімді болып шықпақ.
Сәуір айының соңында көлік карталары азаматтардың жеңілдетілген санаттарына таратылмақ. Осы мақсатта 2015 жылы тамыз айында фототіркеу ұйымдастырылып, автобуспен тегін жүретін жолаушылардың мәліметтер базасы құрылған болатын. Карталар берілетін орын мен уақыты БАҚ арқылы қосымша хабарланады.
Айта кетейік, қоғамдық көліктерде «AstraPlat» электронды жолақы төлеу жүйесін қолданысқа енгізу бір реттік жол жүру билеттердің есепке алынбауы, жолаушылар ағыны туралы мәліметтердің болмауы, қоғамдық көлік қызметкерлерінің кірісті жасыруы сияқты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, сондай-ақ, қазіргі қолайсыз төлем жүйесін жояды. Жаңа жүйе жолаушылар үшін қолма-қол ақшаны қажет етпейтінімен қолайлы болмақ.
Әрі қарай

Дэва Премал мен Митеннің авторлығындағы ежелгі мантралар қазіргі заманауи аранжировкамен өңделген. Олардың әуендері спа-салон, йога-орталықтарда қойылады. Әлемге миллиондаған тиражбен тараған олардың танымал болу құпиясы — әнші мен гитаристің ерекше атмосферада орындауында жатыр. Олар өздерін әлем бойынша рухани миссия арқалап жүрміз деп санайды. Дэва Премал – сыңғыр үнді әнші, классикалық музыка білімін алған. Германияда шығыс философиясына табынушылар ортасында өскен. Оның The Essence, Love is Space, Embrace и Dakshina атты альбомдары New Age бағытындағы танымал музыка рейтингінде бірінші тұр. Сондай-ақ, емдеу, медитация, йога орталықтардағы сұраныс бойынша рекордты жарып шыққан. Дэва Премалдың соңғы дискі Мула Мантра Amazon.com. рейтингінде қазір бірінші орында келеді. Бұл альбомда Дэва Премалдың әуезді үні ежелгі ситар, бансури, дотар, уду, табла, виолончель, рояль, струнды квартет сияқты аспаптармен үйлескен. 

– Бұл жасыл белдеудің гүлденген кезі. Орман бұрын ештеңе өспеген даладағы жабайы жануарлардың мекен ету ареалына айналды. Жыл сайын жасыл белдеуде ағаш отырғызу аумағын 300 га ұлғайтып отырамыз. Қазіргі кезде 11 миллионға жуық ағаш егілді, – деді Астана қаласы Табиғи ресурстар басқармасының басшысы Әділбек Сәрсембаев.
Жыл сайын жасыл белдеу ұлғайып, жақсартылуда. Қала ішінде де көшеттер отырғызылған аумақ ұлғайып келеді. 2014 жылмен салыстырғанда жасыл көшеттер саны 15% өсті, бұл бір тұрғынға есептегенде 15 шаршы метрді құрайды.