Астананың жасыл белдеуі 100 астам қырғауылмен толықты

Сәуірдің 10 күні елорданың жасыл белдеуі аумағына 125 сегіз айлық қырғауыл жіберілді деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz. Қырғауылдарды өсіру зиянды жәндіктермен күресуге көмектеседі, сондай-ақ, олардың Қазақстандағы мекен ету ареалын кеңейтеді. Бұл құстар суыққа төзімді және ерекше күтімді қажет етпейді. Қазірде орманда қырғауылдардан басқа, қоян, түлкі, шіл мен қарабауыр, қасқыр мекендейді.
Астана жаңалықтары: Астананың жасыл белдеуі 100 астам қырғауылмен толықты– Бұл жасыл белдеудің гүлденген кезі. Орман бұрын ештеңе өспеген даладағы жабайы жануарлардың мекен ету ареалына айналды. Жыл сайын жасыл белдеуде ағаш отырғызу аумағын 300 га ұлғайтып отырамыз. Қазіргі кезде 11 миллионға жуық ағаш егілді, – деді Астана қаласы Табиғи ресурстар басқармасының басшысы Әділбек Сәрсембаев.
Қала әкімдігі елорданы көгалдандыру мәселелеріне баса назар аударады. Қазіргі кезде қалада 9 парк, 90 саябақ, көптеген субұрқақтар мен гүлзарлар бар.
Астана жаңалықтары: Астананың жасыл белдеуі 100 астам қырғауылмен толықтыЖыл сайын жасыл белдеу ұлғайып, жақсартылуда. Қала ішінде де көшеттер отырғызылған аумақ ұлғайып келеді. 2014 жылмен салыстырғанда жасыл көшеттер саны 15% өсті, бұл бір тұрғынға есептегенде 15 шаршы метрді құрайды.
– Бұл өте жоғары көрсеткіш. Бірақ мұнымен шектелмейміз, бұл көрсеткішті одан әрі арттырамыз. Жыл сайын жасыл көшеттер саны өсіп отырады. Ағаштардың жаңа түрлері егіліп жатыр. Астананың климаты күрт континенталды екендігін білесіздер. Сондықтан жасыл көшеттерді отырғызып, оларды күтіп ұстау – көп еңбекті қажет етеді, — деді Ә. Сәрсембаев.

Астана жаңалықтары: Астананың жасыл белдеуі 100 астам қырғауылмен толықты
«Жасыл белдеу»-- Қазақстан Республикасының бірінші президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1997 жылдан бастап жүзеге асырып келе жатқан, Астана қаласының іші мен оның маңайындағы аймақтарды абаттандыру жобасы. Мақсаты – қаланың өзінде және оған жапсарлас аумақтарда жасыл желек қалыптастыру және оны сақтау. Астанада ескі, ауру немесе инженерлік желілерді тартуға, сондай-ақ көлік инфрақұрылымына кедергі жасайтын ағаштар ғана шабылады. Есесіне коммуналдық қызметтердің күшімен әрбір ағаштың орнына жаңадан екі ағаш отырғызылады. Осы қарқынмен елордамыз ең әдемі әрі экологиялық таза астаналар қатарына кіреді деп сенеміз.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше