Есілде отандық катерлер жүзеді

Астанадада жыл сайын көрікті жерлер, ойын-сауық орталықтары көбейіп келеді. Есіл өзенінде катермен жүзу қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті серуеніне айналған.

Тамаша жаңалық, осы маусымнан бастап елімізде шығарылған «Kazboat-47» патрульдік катері қолданысқа беріледі деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz. Отандық катерлер қала ішінде Есіл өзенінің акваториясын патрульдейтін болады. Катер күн сайын сағат 14.00-21.00 қыркүйек айына дейін толыққанды полиция пункті қызметін атқарады.

Астана жаңалықтары: Есілде отандық катерлер жүзеді

Биыл Астанада ауа райының жылдағыдан ерте жылуына байланысты кеме жүзу маусымы 18-25 мамырда басталады. Қазіргі кезде алты жолаушылар кемесі жасақталып, көліктік бақылау органдарында аттестациядан өткізілді. 17 мамырда кемелер сынақтан өткізіледі.

Кемеде жүзу тарифтері өзгермейді. Ересектер үшін билеттің құны — 1000 теңге, балалар үшін – 500 теңге. Жолаушыларды отырғызу және түсіру «Кенесары» ескерткішінің жанындағы айлақта жүзеге асырылады. Катер «Кенесары» ескерткішінен Radisson қонақ үйі, Шұбар шағын ауданы, «Жыл мезгілдері» паркі және ескерткішке дейін айналып жүреді, маршруттың ұзындығы – 18,8 км. Кемелер қызметі күн сайын сағат 12.00-ден 21.00 дейін ұсынылады.
Әрі қарай

Деструктивті діни ұйымдардың ықпалынан зардап шеккен астаналықтар үшін сенім телефоны: 78-22-88

Егер де Сіз деструктивті діни ұйымдардан зардап шексеңіз немесе қандай да бір ұйым Сізді мазаласа сенім телефонына 8 (7172) 78-22-88 қоңырау шалу арқылы білікті психолог, дінтанушы және теолог мамандардың көмегіне жүгіне аласыз.

Толық ақпарат сенім телефоны арқылы немесе Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығынан КММ кеңес алсаңыз болады.

Құпия және тегін көмек беру – ол сенім телефонының негізгі қағидасы. Яғни, елордамыздың әр тұрғыны телефон соғу арқылы анонимді психологиялық кеңес алып, оның құпия сақталуына кепілдік алады.

Астана жаңалықтары: Деструктивті діни ұйымдардың ықпалынан зардап шеккен астаналықтар үшін сенім телефоны: 78-22-88
Әрі қарай

Жыл жекпе-жегінің мерзімі анықталды

Бүкіл әлем күткен Қазақстандық Геннадий Головкин мен Мексикандық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жектің өтетін уақыты белгілі болған сияқты. Бұл туралы кәсіпқой бокстан америкалық экс-чемпион Шейн Мозли өзінің «twitter» желісіндегі жеке парақшасында алғаш болып жариялады.
Блог - ErzhanKhamitov: Жыл жекпе-жегінің мерзімі анықталды
Шейн Мозлидың жар салған бұл сөзі соңында әшейін «пиар» болып шықпаса болғаны)

Сонымен, 2016 жылдың 17 қыркүйегінде «Канело» мен «GGG» арасында жыл жекпе-жегі өтеді.
Блог - ErzhanKhamitov: Жыл жекпе-жегінің мерзімі анықталды

Мамырдың жетісі күні Сауль Альварес Лас-Вегаста Амир Ханға қарсы жекпе-жек өткізіп, WBC тұжырымы бойынша чемпиондық атағын қорғап қалған болатын. Енді WBC ережесіне сәйкес Альварес қазақстандық Головкинмен кездесу өткізуге міндетті. Головкин мен Альварес 15 күн ішінде жекпе-жектің күнін нақты белгілей алмаса, WBC белбеуі саудаға шығарылады. Аты шулы жекпе-жек 2017 жылға шегерілуі де ғажап емес сияқты. Себебі, Генаға ЭКСПО 2017 көрмесі аясында Астана қаласында бокс кешін өткізу туралы ұсыныс айтылған еді. Бірақ, бұл ұсынысқа Альварестің көнуі екі талай. Себебі, Ол 7 мамырда Амир Ханға қарсы өткізген жекпе-жегінен кейін Головкинмен кездесуге дайын екенін және ол жекпе-жекті Мексикада өткізу туралы айтқан болатын. Дегенмен, қай елде өтсе де бұл тартыстың фовориті GGG екені белгілі сияқты.
Алға Қазақстан! Алға ГЕНА!
Блог - ErzhanKhamitov: Жыл жекпе-жегінің мерзімі анықталды
Әрі қарай

«МузАРТ LIVE» мега-жобасының Астанадағы іріктеу кезеңіне 100-ден астам үміткер қатысуда

Блог - nurlan_aiymgazin: «МузАРТ LIVE» мега-жобасының Астанадағы іріктеу кезеңіне 100-ден астам үміткер қатысуда
Блог - nurlan_aiymgazin: «МузАРТ LIVE» мега-жобасының Астанадағы іріктеу кезеңіне 100-ден астам үміткер қатысуда
Блог - nurlan_aiymgazin: «МузАРТ LIVE» мега-жобасының Астанадағы іріктеу кезеңіне 100-ден астам үміткер қатысуда
Ұйымдастырушылардың айтуынша, алғашқы кезеңде республика бойынша 12 мың өтініш келіп түскен.
«Оларды бес күн бойы қарап, таңдаулыларына хат жібердік. Үміткерлер арасында елімізден бөлек, Қырғызстан және Қытай елінен қандас бауырларымыз болды», дейді әнші Кенжебек Жанәбілов.
Айта кетсек, Астана қаласындағы іріктеу туры екі күнге жалғасады. Одан кейін топ ізбасарларын таңдау Алматы, Атырау, Семей және Шымкент қалаларында жүргізіледі.
Аймақтардағы тыңдалымдар аяқталған соң ұлттық музыкалық байқаудың үшінші кезеңіне жолдама алатын 60 үміткердің есімі жарияланады. Жобаның осы ІІІ кезеңі үміткерлерге телетүсірілімге қатысуға мүмкіндік жасайды.
«Таңдалған 60 үміткер стиль, имидж, репертуар, хореография саласы бойынша сабақтар алады. Ең соңында ақтық айқас екі топ арасында өтеді. Ол квартет немесе трио болуы мүмкін», дейді жобаның атқарушы продюсері Гүлнұр Мамасарипова.
Әрі қарай

2016 жылғы 11-15 мамыр аралығында өтетін іс-шаралар жоспары

Астана жаңалықтары: 2016 жылғы 11-15 мамыр аралығында өтетін іс-шаралар жоспары

1. Көктемгі көрме-жәрмеңке — 12-17 мамыр 10.00-20.00 Конгресс-холл

2. Мемлекеттік академиялық филармонияның «Көңіл толқыны» концерті — 14 мамыр 19.00 Конгресс-холл

3. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің концерті — 15 мамыр Конгресс-холл

4. «Бабалар өнері — ұрпаққа мұра» көрмесі — 1 мамыр 2014 ж. – 31 желтоқсан 2016 ж. Тәуелсіздік сарайы

5. «Уақыт түсі» атты көрме — 25 қаңтар — 30 сәуір Тәуелсіздік сарайы

6. Р. Спунердің жеке коллекциясынан "Өнерді іздеуде" көрмесі — 1 сәуірден 14 мамырға дейін Тәуелсіздік сарайы

7. Қ. Ежембеков «Су перісі» спектаклі — 14-15 мамыр 12.00 — 14.00 Қуыршақ театры (Республика даңғылы, 3)

8. «Фортуна» жылжымалы хайуанаттар бағы — 26 сәуір — 26 маусым «Қазақстан» спорт сарайының жанындағы аумақ

9. «Джамбо» циркі (Ресей) — 14, 15 мамыр 16.00 Астаналық цирк

10. «Мусихиндер әулетінің бал әлемі» бал көрмесі — 09 — 15 мамыр 10.00 «Жастар» сарайы

11. «Ангиорс» вокалдық студиясының есеп беру концерті — 14 мамыр 13.00, 16.00 «Жастар» сарайы

12. В. Трегубенко «Домик для царя зверей», ертегі — 14 мамыр 11.00 М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры

13. Премьера С. Баранова «Пробуждение», драма — 14 мамыр 18.00 М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры

14. Г.-Х. Андерсен «Дюймовочка», ертегі — 15 мамыр 11.00 М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры

15. Премьера С. Баранова «Пробуждение», драма — 15 мамыр 18.00 М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры

16. «Опера без слов» /опера/ (камералық зал) — 12 мамыр 19.00 «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры

17. «Таң самалы» концерті (камералық зал) — 13 мамыр 19.00 «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры

18. «Ромео и Джульетта» балеті (үлкен зал) — 14-15 мамыр 18.00 «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры

19. «Sport Relief Mile 2016» қайырымдылық сайысы — 14 мамыр «Жерұйық» саябағы

20. Теннистен балалар арасындағы «Оранжевый мяч» турнирі — 14-15 мамыр «Дәулет» спорткомбинаты
Әрі қарай

Қала көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі

Елордада кейбір көшелерде жол жабынын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты кейбір көшелерде көлік қозғалысы шектеледі.

10-25 мамыр аралығында Қошқарбаев көшесінің Момышұлы даңғылынан Сарыкөл көшесіне дейінгі бөлігі жартылай жабылады.

Сонымен қатар, 10-17 мамырда Кенесары көшесінің Республика даңғылынан Ғабдуллин көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы жартылай шектеледі.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жол бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Астана жаңалықтары: Қала көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі

Астана жаңалықтары: Қала көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі
Әрі қарай

Елордада әйелдер арасында бокстан Әлем чемпионаты өтеді

Астана жаңалықтары: Елордада әйелдер арасында бокстан Әлем чемпионаты өтеді
Астанада әйелдер арасындағы бокстан Әлем чемионатында 64 мемлекеттен келген 300 жуық спортшы шеберлік байқасады. Дүбірлі додада Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдамалар сарапқа салынады. Шараның салтанатты ашылуы 19 мамырға белгіленген, қазіргі кезде қыздар шаршы алаңға шығуға дайындық үстінде.

Төрт жылдықтың басты бәсекесіне лицензиялар үш салмақ дәрежесінде ұсынылады – 51 кг дейін, 60 кг дейін және 75 дейін. Әр санат бойынша төрт жолдама беріледі.

Қазақстандық құрама командаға астаналық спортшылар Римма Волосенко, Валентина Хальзова мен Ләззат Күнгейбаева енді. Сонымен қатар, жарыста Назым Қызайбай, Жайна Шекербекова, Дина Жоламан, Айжан Ходжабекова, Зарина Цолоева, Виолетта Князева менЮлдуз Маматкулова ел намысын қорғайды.

Қазақстан әйелдер құрамасының аға бапкері Вадим Присяжнюк жаттығулардың штаттық режимде өтіп жатқанын атап өтті.

– Шаршы алаңға шығып, үздік қасиеттерімізді көрсетуіміз керек. Оның үстіне өзіміздің трибуналар қолдау көрсетеді. Бокс әлемнің көптеген елдерінде дамып келеді. Сондықтан бүгінде бәрін де ескеруіміз қажет. Ресей, АҚШ пен Қытай командалары мықты. Астанада медаль алуды көздейтін басқа да құрамалар бар. Әрине, қазақстандық жанкүйерлердің қолдауы жақсы ынталандыру болмақ, бұған үлкен үміт артып отырмыз. Сондықтан елорда тұрғындары мен қонақтарын бізге қолдау көрсетуге шақырамын, ал қыздар, өз кезегінде жанкүйерлердің сенімін ақтауға тырысады, – дейді В. Присяжнюк.

Әлем біріншілігі 19-27 мамырда «Барыс-Арена» сарайында өтеді.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10506
Әрі қарай

«Мерейлі отбасы» конкурсына қатысуға 94 өтінім келіп түсті

Астана жаңалықтары: «Мерейлі отбасы» конкурсына қатысуға 94 өтінім келіп түсті

30 сәуірде еңбек, спорт, шығармашылық, интеллектуалдық және ғылым салаларында жоғары жетістіктерге қол жеткізген отбасылар арасындағы конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдау аяқталды. Қала тұрғындары бір ай бойы конкурсқа қатысуға өтінімдерді жазбаша түрдк тиісті құжаттармен бірге арнайы нысан бойынша аудандық әкімдіктердің ішкі саясат бөлімдері мен Астана қаласының Ішкі саясат басқармасына тапсырды.

2014 жылы конкурсқа қатысуға 44 өтінім, өткен жылы 51 өтінім келіп түскен.

Өтінімдерді қарау барысында комиссия өкілдері отбасы мүшелерінің жетістіктерінің маңыздылығы мен санына, отбасылық дәстүрлер мен жәдігерлерге, рухани-адамгершілік құндылақтарға, арғы тектерін білуіне және т.б. назар аударатын болады.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы 3 кезеңмен өтеді: бірінші кезең – аудандық (қалалық); екінші кезең – облыстық; үшінші кезең – республикалық.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10509
Әрі қарай