Бүгін түнде Астананың миллионыншы тұрғыны дүние есігін ашты. Сағат 01:00 №1 перинаталды орталықта қыз туды. Ол ата-анасының тұңғышы. Анасы – №9 «Нұршашу» балабақшасының тәрбиешісі Арайлым Мұхамедьяр (1994 ж.т.), әкесі — «Астана-РЭК» маманы Олжас Мұхамедьяр (1992 ж.т.).
Қала әкімі Әсет Исекешев ерлі-зайыптыларды құттықтап, пәтер кілтін табыстады. Жас отбасы ата-анасымен тұрады, сондықтан бұл олар үшін нағыз тосын сый болды.
«Бүгін мен үшін қос мереке – әкемнің туған күні және қызым дүние есігін ашып отыр. Оның үстіне, пәтер кілтін табыстады. Мемлекет басшысына алғыс айтамын, жасалған жағдайлардың арқасында сап-сау қыз тудық. Ай сайын, жыл сайын халқымыздың саны арта берсін деп тілеймін. Әке мен ана болу бақытын әркімнің басына берсін», — дейді қызының есімін Саида деп қойған бақытты әке.
18 жылда ерлордада бала туу көрсеткіші екі есеге өсті, ана мен сәби өлімі 5 еседен артық төмендеген. Бұған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік денсаулық жүйесіне баса назар аударуының арқасында қолжеткізілді. Күн сайын елордада 75-80 бала туады. Өткен жылы Астанада 26110 нәресте, ал үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында 13740 сәби дүниеге келген. Қаладағы перинаталды орталықтардың барлығы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағдарламасы бойынша қауіпсіз ана қағидаты бойынша жұмыс істейді.
Оқушылар сарайында IV «Аялаған Астана — 2016» республикалық конкурсы аяқталды. Оған Қазақстанның барлық өңірлерінен 7-мен 13 жас аралығындағы 11 талантты бала қатысты.
Биыл астаналық Сәдуақас Жанель телекөрермендердің ең көп дауысын жинап, Гран-при иеленді. Сонымен қатар, жеңімпаз «Артек» лагерінде өтетін «Балалар Жаңа толқыны — 2016» халықаралық конкурсына қатысуға жолдама алды. «Қазақстан» телеарнасының шығармашылықты қолдау бойынша «АҚ Балапан» сертификаты Маңғыстау облысының өкілі Аружан Сағынғалиеваға табысталды.
Конкурс «Қазақстан» телеарнасының тікелей эфирінде өтті, жас қатысушылардың өнерін жобаның бас продюсері Лина Арифулина бастаған халықаралық қазылар алқасы бағалады. Соның ішінде, белгілі қазақстандық әртістер Гүлнұр Оразымбетова, Серік Ибрагимов, Құрмаш Маханов және «Балалар Жаңа толқыны» конкурсының бас директоры Александр Румянцев те бар. Тыңдармандар қатысушыларға сәйкес номер бойынша СМС жіберу арқылы дауыс берді.
Конкурсты ұйымдастырушылар – Астана қаласының әкімдігі, «АРС» компаниясы(Ресей), «Қазақстан» РТРК және «Нұр Отан» партиясы.
28 маусым мен 2 шілде арасында Астана қаласында «Аймақаралық бизнес-тағылымдамалар» жобасы іске асырылған болатын. Жобаға еліміздің 14 аймағы мен Алматы және Астана қаласынан 30 жас кәсіпкер қатысты.
Бүгінгі таңда Қазақстанда жас кәсіпкерлерге үлкен назар аударылуда. Себебі, жастар инновацияшыл, тәуекелшіл, демек, бизнеске деген құлшынысы өте жоғары. Сондықтан болар, Қазақстан ғылым және білім министрлігі тапсырысы бойынша Қазақстан жастарының Конгресі еліміздің 30 жас кәсіпкерін елордамыздың орта және шағын бизнес ұйымдарынан тағылымдама өтуге мүмкіндік берді. Бес күнге созылған тағылымдамалар барысында «Аrta software», «Жасыл Экономика», «Коворкинг Мультиспэйс» сынды бизнес ұйымдарының жұмысымен танысып, бизнес процесстерді оптимизациялау бойынша кеңестерді алды.
Тағылымдалар аясында Асель Кожакова, «Geneva Business School» Қазақстандағы мектебінің директоры Алина Абдрахманова, жас кәсіпкер Эрик Сагиевтің талімгерлік сабақтарынан өтті.
Көктемнің жылылығы әлі сезілмей тұрғанда осында тіркеліп едім. Бұл жерде еркін пост жазуға толықтай мүмкіндік бар екенін көргенде он саусағым еріксіз қозғалып 3-4 пост жазып едім. Кейіннен сабақ қарбаласып компьютерге қарайтын уақыт болмай кетті. Міне, жазғы демалысымның бір айы да өтіп кетті. Қолым қалт еткенде «Вконтакте» желісіне пост жазып отырамын. Бірақ, мен де осындағы аға-әпкелерім тәрізді блогер болғым келеді. Әлеуметтік желідегі өзіммен қатар жастардың ойланбай айтқан сөздерінен гөрі, мұндағы үлкен азаматтардың ақылын тыңдағым келеді. Жасым 14тен енді асып жатса да әдебиетті егіз еттім. Мен де осындағы блогерлер сияқты көптеген пайдалы посттар жазып, пікір алмасып, қаламымды ұштағым келеді. Жазамын десем қолымды ешкім байламайды ғой. Мақсатым журналистика болмаса да, өзім зерттеу жүргізіп, хабар дайындап, арнайы тапсырмалар орындау арманымның бірі. Бірақ, мамандық екеу бола алмайды ғой. Мен осында мықты блогер болғым келеді. Мұнда есімде қалғаны АсауБота. Ол кісі менің әр постымда маған қолдау білдіріп отыратынын байқағанмын. Мен де сол кісі сияқты мықты блогер болғым келеді. Ал, мен бүгіннен жаңа парақшада, жаңа бетпен жаңа посттармен қайта келдім. Маған сәттілік тілеңіздер!
.
Цирк өнері марафонына әлемнің 8 мемлекетінің үздік әртістері қатысады. Дүниежүзілік фестивальдардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, өз жанрларындағы нағыз шеберлер, цирк әулеттерінің өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарын қуантпақ. Атап айтқанда, Белоруссия, Голландия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Түркменстан және Эфиопия әртістері елордалық цирк күмбезінің астында өз өнерін ортаға салады. Олардың көбі Астанаға алғаш рет келеді.
Фестиваль көрермендері Африканың экозитикалық алыптарының шоуын тамашалайды – керік Багира және мүйізтұмсық Бони, сондай-ақ, үйретілген аюлар мен маймылдар манежге шығады.
Сонымен қатар келушілер назарына акробаттардың өзіне абурап алатын номерлерін, соның ішінде акробаттық жол, ауада тартылған жіп үстінде өнер көрсететін, моноцикл мінген эквилибристтер, арқанмен жүретіндер, сондай-ақ, эфиопиялық әртістердің орындауындағы икарийлік ойындар. Фестиваль бағдарламасына гимнастикалық жанрлар да енгізілді.
Фестиваль барысында ұйымдастырылатын жарқын оқиғалардың бірі — «Кавалькада» мерекелікшеруі — қатысушыларшілденің 1-і мен 4-і күні сағат 17.00-де үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен қала көшелерімен жүріп өтеді. Цирк әртістері Қабанбай батыр даңғылының бойымен Достық көшесіне дейін барады, содан кейін Түркістан және Қонаев көшелерімен жүріп, шеру Қабанбай батыр даңғылында Астаналық цирктің жанында аяқталады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары бір апта бойы шілденің 2-сі мен 7-сі аралығында үздік цирк ұжымдарының өнерін тамашалайды.
Фестиваль Астанада осымен тоғызыншы рет өткізіледі. Осы уақыттың ішінде «Азия жаңғырығы» цирк өнері әлеміндегі өзіндік брендке айналып, жоғары көркемдік, ұйымдастырушылық және техникалық деңгейде өтетін маңызды шара болып табылады. Астаналық цирк жыл сайын төрткүл дүниеге жаңа әртістердің талантты, түрлі жанрлардағы әртістердің– сайқымазақтар мен акробаттардың, жонглерлар мен эквилибристтердің, гимнасттардың, сиқыршылардың және аң үйретушілердің есімдерін жария етеді.
Айта кетейік, биылғы фестиваль Қазақстанның Тәуелсіздігінің 2 жылдығына арналады және әлемдік цирк өнерінің басты жетістіктерін кеңінен таратуға, үздік дәстүрлер мен бағыттарды сақтауға және ұлғайтуға бағытталған.
Astana Art Fest екінші қазіргі заманғы өнер фестивалінің ашылуына екі күн қалды. Бүгін көптен күткен шараны ұйымдастырушылар мен оған қатысушылар биылғы шараның тұжрымдамасы, инсталляциялар туралы айтып беріп, айырықша перфоманстарды таныстырды.
Аталған шара барысында 42 өнер қайраткері 50 астам туындысын көпшілік назарына ұсынады. Фестиваль аясында конкурстық және білім беру бағдарламалары, шеберлік дәрістер мен шығармашылық зертханалар ұйымдастырылады.
— Биылғы фестиваль бағытының негізгі идеясы – адам энергиясы. Ашық аспан астында өтетін көрмеде қазіргі заманғы өнер, сәулет, өнеркәсіптік дизайн және музыка саласындағы суретшілеріміздің туындылары қойылады. Шілденің 4-і мен 6-сы аралығында Елорда күнін мерекелеу аясында 8-ден кешкі 12-ге дейін кеш қонақтары Швейцария мен Германиядан келген диджейлердің музыкасын тыңдайды, — деді Astana Art Fest 2016 ұйымдастырушыларының бірі Әнуар Нұрпейісов.
Шараны өткізудің басты идеяларының бірі барша әлемде кеңінен таралып жатқан көше театрларын дамыту болып табылады. Биыл Astana Art Fest фестиваліне тек қазақстандық театрлар ғана қатысады.
Art фестивалі шілденің 4-і мен 6-сы аралығында Нұржол желегінде өтеді. Қазіргі заманғы өнер әлеміндегі шара үш күнге жалғасады. Сонымен қатар, маңызды мәселелерді тақылауға арналған Astana Art Forum пікірталас алаңы жасалмақ. Оған ғалымдар, дизайнерлер, суретшілер және т.б. қатысады. Фестиваль ҚР Ұлттық музейінде Art Fest Gala Night шарасымен аяқталады, онда Швейцария, Ұлыбритания және Қазақстанның әртістерінің, мәскеулік медиапоэзия зертханасының ерекше қойылымдарын тамашалауға болады.
Елорданың туған күнінде «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда дәстүр бойынша нағыз ежелгі көшпелілер ауылы орын тебеді. Мерекелік шаралар тізбегіндегі көптен күтетін оқиғалардың бірі «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» көшпелілер өркениеті фестивалі 3 шілде күні шымылдығын ашады. Аталмыш шара шілденің 6-сына дейін жалғасады.
Ұйымдастырушылар ата-бабаларымыздың өмірі мен тұрмыс-тіршілігі жайлы баяндап беретін қанық бағдарлама әзірледі. Қонақтар таңғы сағат 11-ден кешкі 22.30-ға дейінэтноауылдың көшпелі халқының мәдениетінің әралуандылығын тамашалай алады.
Қалашыққа келетін ең кішкентай қонақтар үшін кіреберісте киізден алаңқай жасалады, бұрын балалар нақ осындай алаңда ойнаған. Осы жерде жас білімқұмарлар мереке күндері киіз үй құруды үйренеді. Сонымен қатар, фестиваль қонақтары «Көшпелілер музейін» аралайды, қазақ ұлттық ойындарынан сайыстарға қатысады. Көшпелілер циркі, би ұжымдарының өнері, дәстүрлі «Ат жалында» атты каскадерлік шоу, «Саят» аушы құстар думаны және салт-жоралық, музыкалық фольклор фестиваль бағдарламасы көрермендерін одан сайын қызықтыра түспек. Ал «Костюмдер тарихы» бағдарламасында ұлы дала төсінде балалар киген киім-кешекпен, оның тарихымен танысуға болады.
Әдеттегідей, фестивальге Қазақстанның өңірлерінен ғана емес, сонымен қатар, таяу шетелдерден де халық қолөнерінің шеберлері келеді. Шеберлік дәрістер барысында қолөнершілер қарапайым жіптен ою-өрнекті кілем тоқу немесе металл кесегінен көздің жауын алатын әшекейлер жасау өнерін ортаға салады. Сондай-ақ олардың еңбектерін қолданбалы өнер заттары сатылатын жәрмеңкеден табуға болады.
Фестивальдің әр күні ерекше сазды концерттер ұйымдастырылады. Мысалы, шараның ашылуында сағат 16.00-де ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына арналған эпикалық әндерді тыңдауға болады. Ал кешкесағат 21.30-дан 22.30-ға дейін қонақтар Нұрлан Өнербаевтың концертін тамашалайды.
Келесі күні қазақ халқының ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына орайластырылған концерт өтеді. Мұнда ақынның қанатты шабытпен дүниеге келген шығармаларын тыңдауға болады.
Ал шараның соңында келушілер «Жүйелі сөз» дәстүрлі ақындар айтысын тамашалайды.
Мұнымен қоса, 5 шілдеде сағат 16.00-де қонақтар үшін атақты әнші, композитор Дәнеш Рақышевтың 90 жылдығына орайластырылған «Күміс көмей» дәріс концерт ұйымдастырылады. Содан кейін сағат 19.00 ақындар ақтық сында сөз жарыстырады, мерекелік жыр сайысының қорытындысы шығарылады.
Фестивальдің соңғы күні жыр төгліп, күй күмбірлейді. «Хассак» және «Сарыарқа» фольклорлық-этнографиялық ансамбльдердің концертінен кейін сағат 17.00 еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған эпос кеші өткізіледі. Аталмыш кең ауқымды шараның шымылдығы дәстүрлі «Астана-Арқау» түркі музыкасы фестивалімен жабылады.
Көшпелілер өркениеті фестивалі сағат 20.00 «Той тарқар» шарасымен салтанатты түрде жабылады.