КерекИнфоның тұрақты блогері болғым келеді

Көктемнің жылылығы әлі сезілмей тұрғанда осында тіркеліп едім. Бұл жерде еркін пост жазуға толықтай мүмкіндік бар екенін көргенде он саусағым еріксіз қозғалып 3-4 пост жазып едім. Кейіннен сабақ қарбаласып компьютерге қарайтын уақыт болмай кетті. Міне, жазғы демалысымның бір айы да өтіп кетті. Қолым қалт еткенде «Вконтакте» желісіне пост жазып отырамын. Бірақ, мен де осындағы аға-әпкелерім тәрізді блогер болғым келеді. Әлеуметтік желідегі өзіммен қатар жастардың ойланбай айтқан сөздерінен гөрі, мұндағы үлкен азаматтардың ақылын тыңдағым келеді. Жасым 14тен енді асып жатса да әдебиетті егіз еттім. Мен де осындағы блогерлер сияқты көптеген пайдалы посттар жазып, пікір алмасып, қаламымды ұштағым келеді. Жазамын десем қолымды ешкім байламайды ғой. Мақсатым журналистика болмаса да, өзім зерттеу жүргізіп, хабар дайындап, арнайы тапсырмалар орындау арманымның бірі. Бірақ, мамандық екеу бола алмайды ғой. Мен осында мықты блогер болғым келеді. Мұнда есімде қалғаны АсауБота. Ол кісі менің әр постымда маған қолдау білдіріп отыратынын байқағанмын. Мен де сол кісі сияқты мықты блогер болғым келеді. Ал, мен бүгіннен жаңа парақшада, жаңа бетпен жаңа посттармен қайта келдім. Маған сәттілік тілеңіздер!
Бөлісу:

2 пікір

asaubota
посттарыңды әдемілеп шығаруға тырыс. дұрыстап кіріспе жаса, негізгі ойыңды жаз, әдемілеп қорытынды жаса. тақырыпқа сай сурет қой. абзацтарды аш, маңызды жерлерін қою қыл
MeihuaZheng
асауботаның өзі жазғандай ма… қалай өзі…