Бойжеткен күнделігіндегі ұстаз туралы немесе Мен алғашқы ұстазымды қалай таныдым?!

Сенесіздер ме жоқ па білмеймін, бірақ менің 1 сыныпқа барғаным әлі есімде%). Ну, ол кезде қанша ойын баласы болсақ та, кей жағдайлар кімнің болса да есінде қалатыны анық қой. 1 қыркүйекте 1-сыныпқа барғанымда,өзімнің туған әпкем 11 сынып болған еді. Туысқан ағамның иығына отырып,қоңырау соққаным кәдімгідей көз алдымда. Жә, ол кейін.
Ощм, салтанатты линейка аяқталып бәрі бет-бетімен кетті. (әркім өз сыныбына дегенім ғой) Сөйтіп, аузым ашылып, жан-жағыма қарап, аңтарылып келе жатып, ашық тұрған есікке соғылғаным, көзімнің оты жарқ еткені есімде:_O. Одан кейін не болғанын білмеймін)))) сыныптың табалдырығын аттай бергенімде орындықта әдеміше келген,қоңыр-жасылдау кәстөмде, жинақы, биік емес, орташа тақалы төпли киген, жасы 30-дар шамасындағы әйел адамды көрдім.(бас жағына әлі қарамадым) алдыңғы жақтағы орындыққа жайғастым да, шекемді ұстап отырып, мұғалимамның бетіне бір қарадым да, жанымда отырған парталасыма қарап,қайтадан мұғалімге қарадым. Сөйтіп ақырын жанымдағы балаға: «біздің мұғалім қытайдан келген ба?»-деп сұрадым. :J Жарықтық ол да солай ойлаған болу керек, маған бір қарады да отыра берді. :)Сонымен, көзімді алмай мұғаліміме қарап отыра бердім. Күлгеніне, сөйлегеніне, жүрісіне қарадым. «Қазақша жақсы сөйлейдәә»-деп қоям.))) аңтарылып отырып, жиналыстың қалай аяқталғанын да байқамай қаппын))) Ертеңіне мектепке баруға асықтым. Бірте-бірте ол кісінің ешқандай да қытай емес,қазақ екеніне көзім жетті))) Осылайша, мен сынып жетекшімнің Гүлім Абаевна екенін білдім))) %)
Негізі, кішкентайлар үлкендерге қарап өседі деген рас екен. Ұстазымның жазуына қарап, дәл солай жазғым келетін. Ол кісінің жазуы деген маржандай болатын.) жетекшімнің күнделікке қоятын қолын да үйреніп алғанмын.Қазір де қоя аламын)))) Ощм, біреуге қызық емес шығар, бірақ менің сағынып еске алатын естелігім осы еді. Ұстазымның телефоны шырылдаса бәріміз күлетін едік. Не үшін күлетінімізді өзім де білмеймін сонда) Осы «қытайға ұқсатқан» ұстазым бізді 4 сыныпқа дейін жетектеді. Өте жақсы адам болды. Алғашқы мұғалімің ыстық болатыны рас екен ғой) 4 сыныпта көбейту кестесін жаттамай барғанымыз үшін 45 минут оған қоса 5 минуттық үзілісте тұрғызып қойғаны естен кетпейтін жағдай))) өткен кеткен балалар қарап күліп өте берді. Сабақтан соң солардың бірін ұстап алып, ақырын түйреп алғансың ғой)))) жә,қоя берші. Атамандардың алды болып жүрдік қой. Ол туралы кейінірек. 8-)
Жұрттың бәрі алғашқы ұстаздары туралы жазып жатқан соң, менде қалыс қалмайын деген арам ой ғой.#ұстазым #мойучитель
Әрі қарай

Ниет пен бейне

Қазіргі уақытты ерінбегеннің, тіпті тек ерінбегеннің ғана емес, «аузым бар» деп ойлайтындардың көбі ДІН тақырыбында «көсіліп» сөйлегегіш. ДіН — үлкен ғылым екендігі, алдымен көп нәрсе оқып білу керектігі кішкене тысқары қалып жатыр. Хиджаб — мұсылманның емес, арабтың киімі деп қанша айтылып — жазылып жатса да хиджаб киген қыздар көз алдымызда көбейіп жатыр. Жанымдағы құрбым, әріптестерім етегімен Алматының көшесін тазалаушыларың қатарын толықтыруда. Әдетте, жай ғана айтылып жүрген бөлек те, жаныңда талай қиыншылық пен қуанышты қатар көріп жүрген жан 2 апталық таныстықпен тұрмысқа шығып, тойдан кейінгі күні — ақ оранып кетуі тереңірек ойландырады екен. Отырған жерде айтылатын уағыздарына қарап адам осылай да өзгереді екен — ау деп ойладым. Досқа сатқындық деп есептесеңіздер де, құйтырқылық немесе еріккендік деп есептесеңіздер де өзім тексермекке бекіндім.
Жұмысымның жүйкеме салмақ түсіретінін айтып, темекі тартып келуге шақырдым. Көңілімнің қалғаны сол, бас тартпады. Жарайды, дінде де шылым тарту «мәкрүһ» десе де, денсаулыққа зиян келтіретін нәрселер харам болатынын ТІПТІ мен білемін ғой. Ааа, айтпақшы, орамалдағы темекі тартқан қыздар тек суретте емес екен.

Блог - NuriyaSuriya: Ниет пен бейне

Енді өзімді қосып ешнәрсені анықтамаймын деп шештім. Дегенмен, қызығушылық дегенді қойсаңшы))) Біз араласуды тоқтатпағанбыз, тек сырттай бір — бірімізге тілекшіміз. Бір күні уатсапп арқылы хат жібердім. Сондағы өтінішім де кішкене ұяттау кетті))) Жүкілікті уақытынан бұрын тоқтататын дәрінің құрамын сұрадым. Дегенмен, баланы сақтауға байланысты бір — екі жылы сөз күткенім рас. Өкініштісі, бұл жолы да ойымдағы болмады. Рецептің сақталмағанын және қай емханадан, қай дәрігерден алуға болатынын айтып достық кеңесін беріп жатты.
Бұл тек дін жолындағы азаматтарға ғана қатысты емес. Бастысы, барлығымыздың сөзіміз бен ісіміз сәйкес келсе екен. Айналып келгенде, біз сөзімізбен ғана емес ісімізбен өмір сүреміз.
Әрі қарай

Астанада Ақтөбе және Маңғыстау облыстарының күндері өтіп жатыр

Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» акциясы аясында Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарының күндері өтіп жатыр.

Бүгін «Хан шатыр» сауда ойын-сауық кешенінің алаңында Ақтөбе облысының 12 ауданы мен Ақтөбе қаласының кәсіпкерлерінің қатысуымен жәрмеңке басталды. Оған Астана әкімі Әсет Исекешев пен Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев та ат басын тіреді.

Жергілікті ауыл шаруашылық өнім өндірушілер 100 тонна ет, 25 тонна балық, 100 тонна көкөніс, 24 тонна сүт өнімдерін, 17 тонна өсімдік майын және т.б. жалпы алғанда, 400 тоннадан астам өнім әкелген.

Жәрмеңкеге азық-түлік өнімін өндіретін 120-дан астам ауыл шаруашылық кәсіпорны қатысуда. Маңғыстау облысының тауарөндірушілері де өз өнімдерін көпшілікке ұсынуда.

Облыстардың мәдени бағдарламасы ертең де жалғасын табады. 2 қазанда сағат 11.00 ҚР Ұлттық академиялық кітапханада халық жазушысы, ҚР еңбек ері Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығы мен өміріне арналған «Әбіш әлемі» журналының тұсаукесері өтеді. Шара барысында облыстық кітапхананың «Аңызға айналған Абыз» атты кітап көрмесі және облыстық тарихи-өлкетану мұражайының «Ұлы дала Абызы» жылжымалы көрмесі ұйымдастырылады.

Сағат 18.00 М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Н. Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының ұжымы Әбіш Кекілбаевтың шығармасының желісі бойынша дайындаған «Шыңырау» спектаклі көрсетіледі. Ал Конгресс-холлда Ақтөбе облысының әкімдігінің ұйымдастырумен гала-концерт өтеді.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11315
Әрі қарай

Астанада жаңа көтерме-бөлшек сауда базары ашылды

Бүгін Астана әкімі Әсет Исекешев жаңа «Алай базары»көтерме-бөлшек сауда базарының ашылуына қатысты.

Сауда павильонындағы өнімдердің түр-түрін өндірушілер делдалдарсыз өткізеді.

«Алай базары» Алаш тасжолында орналасқан. Жалпы ауданы 85 га жерде бірнеше зал орналасқан, мұнда ет пен ет өнімдерін, сүт өнімдерін, көкөністер мен жемістер, тұрмыстық тауарлар, ойыншықтар және т.б. төмен бағамен сатып алуға болады.

— Біз Қазақстан Республикасының аумағындағы тауар өндірушілердің бәрін шығарамыз. Бірінші кезекте, Солтүстік Қазақстанның фирмалық дүкендерін шақырамыз, сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облыстарымен ынтымақтастық орнатамыз, — дейді «Алай базарының» директоры Айгүл Отарғалиева.

Сауда павильоны аумағында 500 астам шағын бизнес субъектісі сауда жасайды, базарға көлікпен де, автобуспен де жетуге болады. Тұрақ 2 мың көлікке арналған, ал қоғамдық көлік аялдамасы базарға жақын орналасқан.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11314
Әрі қарай

Елордада әлеуметтік тақырыптағы сурет байқауы өтеді

Байқау адамдардың шығармашылығын дамытуға, сондай-ақ, қоғам назарын әлеуметтік маңызды проблемалық мәселелерге аударуға, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Суреттерді қазанның 1-і мен 21-і аралығында тапсыруға болады. Астаналықтар ұлттық мәдениетті қолдау; патриотизмді насихаттау; халықтың өмір сүру деңгейі; денсаулық сақтау және білім саласындағы жағдай; ұлтаралық және конфессияаралық шыдамдылық; нашақорлықтың, ойынқұмарлықтың, темекі шегу мен маскүнемдіктің және ЖИТС-тің алдын алу; қоршаған ортаны қорғау және т.б. тақырыптардағы өз еңбектерін ұсына алады.

Сонымен қатар, конкурсқа Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге арналған суреттер де қабылданады.

Шығармашылық байқауға елордада тұратын, оқып жүрген немесе жұмыс істейтін азаматтар қатыса алады. Конкурста жекелеген авторлар да, ұжымдар да бағын сынайды.

Ол үшін ұйымдастырушылар ұсынған бір немесе бірнеше тақырып бойынша эскиз дайындау керек. Әр туындымен бірге белгіленген үлгідегі өтінім тіркелуі тиіс. Өтінімдерді Астана қаласының әкімдігіне 15 қазанға дейін тапсыруға болады.

Жұмыстар А3 форматында немесе графикалық нұсқада орындалуы керек.

Айта кетейік, конкурсқа қатысу тегін. Конкурстың қорытындысы 1 қарашада шығарылады және біздің сайтта жарық көреді. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталады, үздік туындылар аталған тақырыптар бойынша жарнама конструкцияларын жасау кезінде пайдаланылады.

Анықтама телефондары: +7 (717 2) 55 67 14, 8 (700) 555 22 58.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11313
Әрі қарай

Ұстаз-ұлы есім

"Ұстазы жақсының ұстамы жақсы"
Халық нақылы


Мен ұстазым көп, бақытты адаммын. Алғашқы ұстазым Харниса апай. Мектептен ұшырған Назым Сапарқызы. Мамама менің бұзықтығымды айтып келіп шәй ішіп кететін ақкөңіл Гүлнария мұғалім. Әдемілігіне бәріміз ғашық Анар апай. Әдеш ағай, Бейбіт мұғалім, қабағынан қорқатын Тілеукеш мұғалім. Ия, барлығы менің сынып жетекшілерім. Олардың көп болғаны сонша, тіпті кейбіреулерін ұмытып, ренжіп те отырған болар. Бірақ бүгін мен әдебиетке баулып, шығармашылыққа тәрбиелеген ұстазым туралы айтқым келеді...

Блог - kozildirik: Ұстаз-ұлы есім

… Оның есімі Оспанова Ләйлә Тоқабайқызы. Ия, дәл байқадыңыз, менің туған апам. Мені арқалап жүріп кітап оқып беретін, қаладан келгенде ойыншықпен бірге қызықты шығармалар алып келіп, елітіп оқытып, әдебиеттің ғажайып әлемін ашқан адам.
Алматыдағы Қазақ Қыздар Педагогикалық Институтын аяқтаған. Содан бері 24 жыл үздіксіз ұстаздық етіп келеді. Қазір Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынаған ауылындағы орта мектепте мұғалім.

Блог - kozildirik: Ұстаз-ұлы есім

Мақтайын. Мақтанайын. Бірнеше мәрте «Жылдың үздік мұғалімі», Ләйлә әріптестерімен ұсынған инновациялық әдістемелер БҒМ тарапынан бекітіліп, қазір тәжірибелік әдіс ретінде мектептерге енгізіліп жатыр. Ол туралы семинар-тренингтер де өткізіп тұрады екен.

Блог - kozildirik: Ұстаз-ұлы есім

Әдетте жұмысы жайлы көп ашыла қоймайтын апамның есімін оқулықтан көргенде таң қалдым. «Сүйінші сұрауға ұялдым, кәдімгі жұмыс қой» деп ақталды. Ал менің мақтаншақ екенімді білесіздер, міне сол кітаптар.

Блог - kozildirik: Ұстаз-ұлы есім

Әрине, мұғалім тек ғылым мен білім ғана емес, жан-жақты болуы міндетті. Сенбілікте балалармен бірге тазалық сақшысы болса, мерекеде мың бұралған биші де бола алады. «Бұл баланың психологиясын түсіну үшін ұстазға таптырмас құрал» дейді Ләйлә апам, себебі «бала ұстаздың айтқанынан ғана емес, істегенін де көріп алатын тәрбиесі өте зор»

Блог - kozildirik: Ұстаз-ұлы есім

Отбасы туралы. Үлбіреген үш қызы бар. Үлкені қызметте, ортаншысы жоғары оқу орнында, кенжесі мектепте. Әже болуға дайындалып жүр.

Блог - kozildirik: Ұстаз-ұлы есім

Әлбетте, ұстаздың қай-қайсы болсын мақтауға лайықты. Бірақ мен ішінен бөліп жарып өзімнің алғашқы ұстазымды айтсам айыпқа бұйырмассыздар. Мерекелеріңіз құтты болсын аяулы ұстаздар!
Әрі қарай

Ерболат Дәленов: «Адамның басты байлығы - денсаулық»

Астана қаласының Ардагерлер кеңесінде күні бүгінге дейін елорданың, жалпы еліміздің дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан талантты да белсенді жандар аз емес. Аталған кеңес Президиуымы мүшелерінің бірі медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик, «Астана» медициналық университетінің профилактикалық медицина және тамақтану кафедрасының меңгерушісі Ерболат Дәленов бүкіл өмірін медицинаға, салауатты өмір салтын насихаттауға, денсаулықты сақтау мен нығайтуға арнаған. Бүгінде ол өз тәжірибесін жастарға үйретіп, еңбектер мен оқу құралдарын жазып жүр.

Ерболат Дәленов 1969 жылы «Астана» медицина университетін тәмамдаған, ол осы ЖОО-ның алғашқы түлектерінің бірі.

— Мен математиканы ұнататынмын, инженер болғым келетін. Бірақ алтыншы сыныпта оқып жүргенде күн өтіп, көзім көрмей қалды. Сабақ үстінде отырғанда көзім қарауытып кетті. Бәрі күлді, мені алдап жатыр деп ойлады. Сонда көру орталығына қан бармай қалған екен. Ол туралы кейін білдім. Мені түрлі қалаларға апарды. 7-8 ай өткен соң инъекция салды, көзім ашылды – бұл үлкен бақыт, қуаныш. Содан кейін медициналық университетке оқуға түстім, менің өмірім тұтастай осы білім ордасымен байланысты. Адамның басты байлығы – денсаулық деп зор сеніммен айта аламын. Қазіргі кезде кафедрада салауатты өмір салтының білім, ғылыми, әлеуметтік негізін әзірлеп жатырмыз, — деді Ерболат Дәленов.

Ол алдымен 10-15 жылдай аурудың туындауының себептерін зерттеумен айналысты. Жүргізілген зерттеудің нәтижесінде «Патологиялық процестердің жалпы механизмдері» деп аталатын 2 томдық оқу құралы жарық көрді. Аурудың барлық симптомдары мен белгілері көрсетілген еңбек ТМД-да кеңінен таралды.

— Содан кейін денсаулық механизмдерін нашар білеміз деген қорытындыға келдім. Әріптестеріммен бірге Қазақстан халқының денсаулығын зерттей бастадық. Алматыда салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөніндегі Ұлттық орталық құрылды, мен оған ғылыми сүйемелдеу жүргіздім. Академик Шарманов, академик Тель, профессор Ақановпен бірге Қазақстандағы профилактикалық медицина идеологиясымен айналыстық, — дейді профессор.

Мәскеуде академик Тельмен бірге жазған «Денсаулық энциклопедиясы» басылып жатыр. Онда адам дүниеге келгеннен жүз жасқа дейінгі кезеңдегі барлық процесстер қамтылған.

Негізінен, кейіпкеріміз бар күш-жігерін салауатты өмір салтын насихаттауға, тұтастай денсаулықты, сауығу механизмдерін сақтауға және нығайтуға бағыттайды.

Ерболат Дәленов 47 жуық кітап жазған, 540 артық ғылыми мақаланың авторы, соның ішінде 49-ы АҚШ-та жарық көрген. Сондай-ақ, Нью-Йорк Ұлттық ғылыми кітапханасының мүшесі. Еліміздің барлық облыстарында профессордың шәкірттері еңбек етеді, ол 50 жуық магистр, кандидат, ғылым докторын, PhD оқытып шығарды.

Профессор 70 жасында өз денсаулығына мұқият қарайды, Астана қаласының Ардагерлер кеңесі мүшелерінің де денсаулықтарына қамқор болып жүреді.

— Таңертең кесте бойынша жаттығу жасаймын, содан кейін спорттық жүріс, қазір жүгірмеймін, денеге аз ғана салмақ түсіремін. Сондай-ақ күніне бес рет тамақтанамын, — дейді Е.Дәленов. – Ең бастысы өз ағзаңды сезу, тамақтануда да, денеге салмақ салуда да ұстамдылық қажет. Қамшының сабындай қысқа ғана ғұмырымызда мейірімділік те таныта білу керек. Ешкімге өкпелеп, ренжудің қажеті жоқ, бұдан ағзамыз қатты зардап шегеді.

Халықаралық Қарттар күні қарсаңында Ерболат Дәленов барлық егде жастағы азаматтарды, соғыс және еңбек ардагерлерін құттықтап, өз тілегін білдірді:

«Олар еңселерін түсірмей, әрқашан да жастарға үлгі болып жүреді. Баршаңызға денсаулық пен табыс тілеймін. Біздің көпұлтты еліміздің дамуы мен қалыптасуына үлес қосуды тоқтатпаңыздар».

astana.gov.kz/kk/modules/material/11312
Әрі қарай

1 қазанда Астанада жылыту маусымы басталады

Елорданың баспасөз орталығында қаланың 2016-2017 жж жылыту маусымына дайындығы бойынша брифинг өтті. Ертең, 1 қазанда қаланың әлеуметтік нысандарына жылу беріледі. Барлық тұтынушыларға жылу тұтынатын құралдардың дайындығын қамтамасыз ету, жылыту жүйелерін шаю және жылыту маусымының алдында міндетті түрде тазалау бойынша техникалық талаптар берілді.

— Барлық білім, денсаулық сақтау және мәдениет нысандары толық дайын, «Астана-Теплотранзит» АҚ жылуды қосу туралы өтініш берілді. Қазіргі кезде көппәтерлі тұрғын үй қоры 2250 үйді құрайды, 30 қыркүйектегі жағдай бойынша жылыту маусымына дайындық жұмыстары толық аяқталды. Тұрғын үйлер бойынша ПИК дайындық құжаттары болған жағдайда «Астана-Теплотранзит» АҚ өтінім береді, содан кейін жылу қосылады. Бұл ретте бес күн бойы ауа температурасы +10 болуы керек, — деді қалалық Энергетика басқармасының басшысы Бақтыбек Жапаев.

Айта кетейік, жылыту маусымында орташа тариф 2589 теңгені құрайды.

Энергия көздері, инженерлік желілер және тіршілікті қамтамасыз ету нысандары да алдағы жылыту маусымына толық дайын.

2016-2017 жж. жылыту маусымына дайындық кезінде «Астана-Энергия» АҚ негізгі және қосалқы жабдықтарын жөндеу бекітілген кестелерге сәйкес жүргізілді.

Қазіргі кезде ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 жылыту маусымына 100% дайын, аудандық қазандықтар да жылыту маусымын бастауға әзір.

«Астана-Энергия» АҚ отын қорына тоқталсақ: көмір – 241 392 т., мазут – 7 783 т.

2016-2017 жж, жылыту маусымы басталғанша станцияларда отынның нормативтік 20 тәуліктік қоры жасалады, ЖЭО-1 бойынша – 36 140 т., ЖЭО-2 бойынша– 185 420 т.

Сонымен қатар 2016 жылы әр айда көмір жеткізу кестесі бекітілді. Аудандық қазандықтарда қажетті 19 000 т. көмір қорының 16 000 т. бар. Көмір кестеге сәйкес қазан айынан бастап жеткізіледі.

«Астана-Теплотранзит» АҚ жылыту маусымына 100% дайын. «Астана-Теплотранзит» АҚ күрделі жөндеу бағдарламасы бойынша 1,150 км магистральді желіге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ұзындығы 1,432 км тарату желісіне күрделі жөндеу жүргізілді, 100% орындалды. 3 698м2 құбырдың жылу оқшаулауы қайта жөнделді. 2016-2017жж арналған Астана қ. жылумен жабдықтау жүйесі жұмысының режимдік картасы әзірленіп, келісілді.

«Астана-РЭК» АҚ жылыту маусымына 100% дайын. Үстіміздегі жылдың сәуір айынан қыркүйек айына дейін «Астана-РЭК» АҚ күрделі жөндеу бағдарламасы бойынша бірнеше ӘЖ күрделі жөндеу жұмыстары орындалды. «Астана-РЭК» АҚ қызмет көрсетілетін электр желілерінің жалпы ұзындығы 3 631 км құрайды. Шағын станциялар саны – 1 134 бірлік.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11310
Әрі қарай

Елордалық спортшылар спорттық марафон өткізді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Құтқарушылар күніне орайластырылған «Қауіпсіздік әр үйге» спорттық марафонына 30 астам адам қатысты.

Олардың бәрі де тәуелсіз еліміздің төл құрдастары. Шара Астаналық саябақта суда құтқару станциясының жанында өтті. Ерлер 5 км қашықтыққа, ал әйелдер 3 км жүгіреді. Сондай-ақ, шара барысында өрт сөндіру техникасының көрмесі ұйымдастырылды.

-Бүгін күн салқын, сонда да марафонды көтеріңкі көңіл күймен өткіздік. Шараға еріктілер мен «Жас құтқарушы» клубынан балалар да тартылды. Олар елорда тұрғындарына төтенше жағдайлар туралы жаднамалар таратты. Жалпы акция ТЖ саласында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге, күнделікті өмірде қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттілігін азаматтарға түсіндіруге бағытталған, — деді Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті бастығының м.а. Мейрамбек Қайсанов.

Сонымен қатар, акция аясында сүңгуір –құтқарушылар судан құтқаруды іс-жүзінде көрсетті.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11309
Әрі қарай