Астанадағы суық ауа райы 23 қарашаға дейін сақталады

Солтүстіктен және солтүстік-шығыстан (Обь өзенінің ауданы) жеткен ауқымды антициклонның екі көлемді орталығы бар, оның бірі Норильскіде, екіншісі Есіл өзенінің ауданында орналасқан.

Егер кеше түнде ең төменгі ауа температурасы -27ºС құраса, бүгін түнде екі тармаққа төмендеп, 29ºС аяз болады. Алдағы екі күнде ауа температурасы сол деңгейде сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет. Антициклонмен байланысты ауа райы ашық, жауын-шашынсыз болады.

Синоптиктердің хабарлауынша, 19 қарашадан бастап тағы суық орнайды. Ауа температурасы тағы 3-4 градусқа төмендеп, минус 31-33 градусты, ал күндіз -23…-24ºС құрайды. 23 қараша күні ғана аяздың беті қайтады. Түнде термометр бағаны 23-26 градус аяз, күндіз -15-тен -18ºС дейін көрсетеді.
Әрі қарай

Астананы жарықтандыруда энергетикалық тиімділікке мән берілуде

Елордада көшелерді жарықтандыру үшін жарық диодты шамдарды пайдалануда өсім қарқыны байқалуда. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, қазіргі заман мегаполистерінде ғимараттарды декоративті және сәулеттік жарықтандыру маңызды роль атқаратынын көрсетіп отыр. Мамандардың айтуынша, олар ұзаққа дейін қызмет етеді әрі үнемді, бұл электр энергиясын аз жұмсауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, көшелерді жарықтандыруға ерекше мән беріледі, шамдарды ауыстыру, шырағдандарды жөндеу, көшені жарықтандырудың жаңа тіректерін орнату бойынша жұмыстар жүйелі негізде жүргізіледі.

Мысалы, «Алматы» ауданында жазда тұрғындардың өтініштері бойынша 73 шырағдан орнатылған. Тәуелсіздік даңғылында Қалдаяқов көшесінен Нәжімеденов көшесіне дейін қосымша 14 жарықтандыру тірегі, ал Байтұрсынов көшесінен Қошкарбаев даңғылына дейін 16 тірек орнатылды, Абылай хан даңғылында 45 темір-бетон тірек ауыстырылды. Тұрғын үйлердің кіре берістеріне 21 шырағдан орнатылды.

Сонымен қатар, «Есіл» ауданы әкімдігінің өндірістік-техникалық бөлімі мамандарының хабарлауынша, қазіргі уақытта оларға қарасты аумақта көшені жарықтандырудың 11 533 жарық нүктесі және автотұрақтарды жарықтандырудың 9 478 жарық нүктесі, және 136 АБО шкафы, 55 трансформаторлық қосалқы станциясы жұмыс істейді. Мамандар барлық жерде ескірген шамдарды энергия үнемдегіш шамдарға ауыстыру жұмыстарын жүргізуде.

Талдау көрсетіп отырғандай, осының алдындағы жылдармен салыстырғанда көшелерді және саябақтарды жарықтандыру шырағдандары мен шамдарының саны екі еседен артық өскен.

2015 жылы «Сарыарқа» ауданының орамішілік аумақтарында 474 дана көлемде жарық диодты шамдар орнату жұмыстары жүргізілді. Ал биылғы жылы «Серуен» жаяу жүргіншілер көпіріндегі шырағдандар жарық диодты шамдарға ауыстырылды.

2017 жылы келесі нысандар бойынша көшені жарықтандыруды одан ары қызмет көрсетуге қабылдау жоспарланған: Сығанақ көшесі, Ш. Бейсекова көшесі, Керей, Жәнібек хандар көшесі (Заречный т/а-нан Тельмана т/а-на дейін), Қорғалжын тас жолы және т.б.

«Сарыарқа» ауданы бойынша да осындай үрдіс байқалып отыр, онда да қала көшелерін және нысандарын жарықтандыру жүйесін жөндеу және жаңарту бойынша ағымдағы жұмыстар жүргізілуде.
Әрі қарай

Астанада Қ. Қуанышбаев атындағы театрдың 25 жылдығына арналған кеш өтті

«Астана» концерт залының сахнасында Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының 25 жылдығына арналған гала-концерт өтті. Елорда әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған шараға мәдениет пен өнер саласының көрнекті қайраткерлері, жастар ұйымдарының өкілдері және елорда тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Театрдың шығармашылық ұжымына өркендеу мен жемісті жұмыс тілеген Мемлекет басшысының құттықтау хатын Астана әкімі Әсет Исекешев салтанатты жағдайда оқып берді.

«Қалибек Қуанышбаев атындағы театр – Астананың белгілі және алдынғы қатарлы мәдениет орталықтарының бірі. Театр қызмет еткен жылдары отандық және әлемдік драматургияның түрлі жанрдағы озық туындыларын сәтімен сахналап, Астана көрермендері мен келуші қонақтардың ыстық ықыласына бөленіп үлгерді. Қала әкімдігі театрдың дамуына ерекше көңіл бөліп отыр және оның артистеріне әлеуметтік-материалдық көмек көрсетуде. Шығармашылық ұжымға жаңа белестерді бағындыруды тілеймін», – деп атап көрсетті Әсет Исекешев театрдың көркемдік жетекшісі Талғат Теменовке ҚР Президентінің құттықтау хатын табыс ете отырып.

Театрдың 25 жылдығына арналған шаралар 15-16 қараша күндері өткізілуде. Мерекелеу барысында елорда тұрғындары мен қонақтарына мазмұнды мәдени бағдарлама ұсынылады, оның шеңберінде режиссер Ж. Омаровтың, Қазақстанның халық артисі және режиссері Қ. Жетпісбаевтың, Халық қаһарманы, режиссер Ә. Мәмбетовтың шығармашылығына арналған «Қуанышбаев театрына – 25 жыл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу жоспарланған. Сондай-ақ, театртанушы Сәуле Әбединованың театр өміріне арналған «Театрға Тағзым» кітабының тұсаукесері өтті.

Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің құрдасы болып табылады. Қызмет еткен жылдар ішінде театр сахнасында әлемнің ең үздік шығармалары мен отандық драматургтардың туындылары қойылды. Шығармашылық ұжымның қоржынында Мысыр, Германия, Ресей, Иран, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінде өткен театр фестивальдерінің көптеген марапаттары бар.
Әрі қарай

Елорда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын қарсы алуға дайындалуда

Астана ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында түрлене бастады. Қалада «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл» көлемді жазу түріндегі конструкциялар орнатылуда. Елорданың сол жағалауы шамдарға ілінетін жалаулармен безендіріледі, ал қала көшелеріне түрлі инсталляциялар мен тақырыптық паннолар орнатылады.

«Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл», «25 лет Независимости Казахстана» инсталляциялары әр түрлі көлемде жасалды, ал түнгі уақытта әріптер жарықтандырылады. Үлкен конструкциялардың ұзындығы 50 метрге жуықтаса, композицияның жалпы биіктігі 2,5 метрді құрайды, ал шағын конструкциялардың ұзындығы — 30 метр және биіктігі — 1,5 метр. Көлемді әріптерді Ақорда ғимаратының, «Бәйтерек» және «Мәңгілік ел» монументтерінің алдындағы алаңдардан, Қаржы министрлігі ғимаратының алдынан, Дөңгелек алаңнан, «Жастар» театрының қасынан, Орынбор және Сығанақ көшелеріндегі жолайрықтан (ҰҚК ғимаратына қарсы) көруге болады. Кейбір жерлерге инсталляциялар орнатылып қойылды, ал жұмыстар толықтай 20 қарашада аяқталады.

«Есіл» ауданында Сарайшық, Қонаев, Достық, Сығанақ, Орынбор көшелерінде, Тұран, Қабанбай батыр даңғылдарында жарықтандыру бағаналарына жалаулар ілінеді, сондай-ақ, «Бәйтерек» және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы» монументтерінің алдындағы алаңда байрақты конструкциялар орнату жоспарланған. Сондай-ақ, «Арай» бағында түрлі-түсті панно қойылады. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде «Астана Опера» театрының және «Қазақстан» Орталық концерт залының алды байрақты конструкциялармен безендіріледі.

Жұмыстар 25 қарашада басталады. Қала көшелері мен нысандарын безендіру ісі «Сарыарқа» ауданында да қолға алынған. Онда да түрлі инсталляцияларды, паннолар мен байрақты конструкцияларды орнату жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде Сарыарқа, Бөгенбай батыр және Республика даңғылдарында тіректерге 101 жалау ілінді, сондай-ақ, Сарыарқа ауданы әкімдігі ғимаратының алдына көлемді әріптерден құралған конструкция орнатылды. Елорданың Алматы ауданында 22 жарық-иллюминациялық арка және 305 панель орнатылады. Жарықтандыру тіректеріне — 392 ілінеді, ал стационарлық жалаусапқа 76 ту ілінеді. «Жерұйық» демалыс саябағы байрақты панномен безендіріледі, сондай-ақ, тақырыптық кіші сәулеттік пішіндер, Уәлиханов және Кравцов көшелерінің қиылысындағы үйдің шатырында ақпараттық жазу орнатылады.
Әрі қарай

Елордада «Кәсіптік білім және бизнес: Әріптестер сұхбаты» қалалық форумы өтті

Астанада «Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер диалогы» алтыншы қалалық форумы өтті. Онда білікті кадрлар даярлауда дуальды білім беруді жетілдіру мәселелеріне басымдық берілді.

Сонымен қатар, колледждердің бизнес-компаниялармен ынтымақтастығын ары қарай дамыту жайы да сөз болды. Кездесу соңында колледждердің басшылары мен бизнес-әріптестер арасында кадрлар дайындау бойынша меморандумдарға қол қойылды.

Форум жұмысына елорда әкімдігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Кәсіпкерлер палатасының, мәслихат депутаттарының өкілдері және колледждердің басшылары мен олардың әлеуметтік әріптестері қатысты.

Кездесу шеңберінде еңбек нарығында аса сұранысқа ие мамандықтардың көрмесі өтті: «Туризм, қонақ үй шаруашылықтарына қызмет көрсетуді ұйымдастыру», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Интерьер дизайны, азаматтық ғимараттарды реставрациялау, қайта жөндеу», «Киім дизайны» және «Аударма ісі». Елорданың Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев, Астана Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғани Тасмағанбетов, кәсіпкерлер және білім беру мекемелерінің басшылары тақырып бойынша баяндамалар жасады.
Әрі қарай

Астанада қауіпсіз жол қозғалысы апталығы басталды

Елорда полициясының қызметкерлері ұйымдастырған акция жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, оларға балалардың қатысуын болдырмауға және көлік жүргізу мәдениетінің деңгейін көтеріге бағытталған.

Осы аптада оқу орындарында ата-аналардың қатысуымен кездесулер және конкурстар жоспарланған. Акция шеңберіндегі «Қамқор ана» атты алғашқы шара № 28 орта мектепте өтті. Конкурс барысында аналар жарық шағылыстыратын элементтері бар балалар киімін көрсетті. Әрбір қатысушы қараңғы түскен уақытта осындай киім киюдің маңыздылығы туралы әңгімелеп берді.
Әрі қарай

ҰБТ мектеп емтиханын қайталауы қажет пе?

Білім және ғылым министрлігі ұлттық біріңай тестілеу және мектеп бітіру емтихандары жөнінде орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатын өткізді. Мұнда ҰБТ мен мектеп бітіру емтихандарының тапсырылу реті, тәртібі туралы айтылды. Жаңа ережелер оқушылардың психологиялық-моральдық дайындығы, оңтайлығы мен практикалық тұрғыда тиімділігі тұрғысында ұнады. Дегенмен, байқап отырсақ, мектеп бітіру емтиханы мен ҰБТ емтихандарының арасында қайталанатын пәндер бар.
Түлектер келесә пәндер бойынша мектеп бітіру емтиханын тапсырады:
1) Қазақ тілі мен әдебиеті ( эссе жазу);
2) Алгебра жəне анализ бастамалары (жазбаша емтихан);
3) Қазақстан тарихы (ауызша емтихан)
4) Орыс тілі (тест)
5) Таңдау пәнінен емтихан
Емтихан тапсыру барысы қатаң қадағаланады, сұрақтарын ұлттық біріңғай тестілеу орталығы дайындайды.
Ал ЖОО түсу үшін ҰБТ тапсырады. Бұл тестілеу ЖОО өткізіледі және келесі пәндерді қамтиды:
1) Оқу сауаттылығы
2) Математикалық сауттылық
3) Қазақстан тарихы
Таңдаған мамандығына байланысты қосымша екі таңдау пәні бар. Қазақ тілі мен әдебиетінен жазбаша эссе тақырыптары өзгеруі мүмкін. Әдетте мектепте "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл", «Елін сүйген, елі сүйген елбасы», «Туған тілім — тұнығым», «Тәуелсіздік — тұғырым» деген сияқты. Ал университетте «Мен бұл мамандықты неліктен таңдадым», «Астана әлем назарында», «ЭКСПО- ел мерейі» деген сияқты тақырыптар ұсынылады. Ал Қазақстан тарихы бойынша сұрақтар өзгертілмейді. «Айрмасы болмаса, артық төлеп не керек?» дегеней, бір сабақ бойынша емтиханды екі рет өткізу қажеттілігі бар ма? Кейін абитуриенттен студентке айнаса, бірінші курста бір семестр бойы Қазақстан тарихын қайта тереңдетіп оқып, мемлекеттік емтихан тапсырады. Қазақстан тарихын жадынан кетпейтіндей етіп емтихан алу қажет болса, сол жерден есе алуға болады. Ал оған дейін түлектердің миын босқа ашытпай, таңдаған кәсібіне бет бұруға, бейімдеуге мүмкіндік берген жөн болар еді.
Әрі қарай