Елордада «Кәсіптік білім және бизнес: Әріптестер сұхбаты» қалалық форумы өтті

Астанада «Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер диалогы» алтыншы қалалық форумы өтті. Онда білікті кадрлар даярлауда дуальды білім беруді жетілдіру мәселелеріне басымдық берілді.

Сонымен қатар, колледждердің бизнес-компаниялармен ынтымақтастығын ары қарай дамыту жайы да сөз болды. Кездесу соңында колледждердің басшылары мен бизнес-әріптестер арасында кадрлар дайындау бойынша меморандумдарға қол қойылды.

Форум жұмысына елорда әкімдігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Кәсіпкерлер палатасының, мәслихат депутаттарының өкілдері және колледждердің басшылары мен олардың әлеуметтік әріптестері қатысты.

Кездесу шеңберінде еңбек нарығында аса сұранысқа ие мамандықтардың көрмесі өтті: «Туризм, қонақ үй шаруашылықтарына қызмет көрсетуді ұйымдастыру», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Интерьер дизайны, азаматтық ғимараттарды реставрациялау, қайта жөндеу», «Киім дизайны» және «Аударма ісі». Елорданың Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев, Астана Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғани Тасмағанбетов, кәсіпкерлер және білім беру мекемелерінің басшылары тақырып бойынша баяндамалар жасады.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше