"Ой-Зерек" радиобағдарламасының 29 сәуір 2017 эфирінде қойылған сұрақтар

Қазақ радиосындағы «Ой-Зерек» интеллектуал ойынынң 4-шығарылымына КерекРинг ойындарының бірнеше дүркін жеңімпазы Бақсы командасы қатысты. Есеп 6-5

Интеллектуалдық ойындар: Ой-Зерек радиобағдарламасының 29 сәуір 2017 эфирінде қойылған сұрақтар

Сергіту сұрақ:
АҚШ әскери теңіз флоты 1950 жылдары «Триест» батискафын сатып алуы жайлы айта келе, бір америкалық офицер былай дейді: «Қандай да бір жобаға (мемлекеттен) несие қаржы алудың ең үздік жолы – оны әлдеқашан ОЛАР жүзеге асырып жатыр деу». Кімдер?

1. Википедиадағы мәлімет бойынша бұл жануар — Интернеттің бойтұмары. Ал Vogue журналы олар тек Солтүстік Америка, Батыс Еуропа мен Жапонияда ғана танымал дейді. Youtube-та олардың видеолары орташа есеппен 12 мың қаралым жинайды екен, бірақ Жануарлар категориясында 16 пайыздық көрсеткішпен қаралым бойынша 2-орында. Бұл қай жануар?

2. Өткен ойында «Союз» ғарыш кемелерінің қонулары әдетте ұшу аймағынан алыс емес жерлерде өтетін деген едік. Ал орбита станциясымен жанаса алмаған, апаттық жағдайда қалған «Союз-23» кемесінің Теңіздің қақ ортасына қонуына тура келді. Ғарышкерлер Зудов пен Рождественскийді құтқару тікұшақ арқылы жүргізілді. Алайда, алғашқы жоспарланған қону аймағына жақын маңда алып су айдындары жоқ еді. Ендеше, кеме қалайша Теңізге тап болды?

3. Бұл музыкалық аспап өз санаты бойынша әлемдегі ең ескі аспап. Фидель, Ребек, Пошет — оның ізбасарлары. Болгар ғалымы Дончевтің айтуынша ол жауынгер қаруына ұқсатылып жасалған. Діншілдер мен коммунистер қарсы болған бұл аспапты кезінде қарапайым халық та ұстауға қорыққан. Бұл аспапты атаңыз.

4. Бернард Шоу жөнінде не білесіз? Джордж Бернард Шоу – әйгілі ирланд драматургі және жазушысы, қоғам қайраткері, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің негізін қалаушылардың бірі, социалист, КСРО-ның жақтаушысы, вегетариан, Ислам мен Соңғы пайғамбардың қолдаушысы.
Ох, қандай тұлға, қанша мәлімет. Бұл жалпы деректер болатын. Сіздерден сұрайтынымыз: жазбагер Бернард Шоудың еншісіндегі екі түрлі сыйлықты (әлемдік жүлде) атап көріңіз.

5. Өткен ғасырдың басында АҚШ және Англияда танымал болған Уильям Стелл атты журналистке бір балгер бұның билетін алмауға кеңес береді. Танымал бір актердің кейіпкері бұның билетін ұтып алады. Бұл ненің билеті?

6. «Қазақ халық жұмбақтары» кітабында жауабын біз аздап күтпеген жұмбақтар да бар. Сіздерге солардың бірі:
Мен көрдім өзі жансыз сегіз еркек,
Оларға үйір болған адам тентек.
Сегіздің ортасында төрт әйел бар
Жүреді жиырма төрт тай жетектеп.
Шешіңіз.

7. Fedex компаниясының бастапқы жылдарында құрушысы Фредерик Смит түрлі қиындықтардан өтеді. Мысал үшін бір жылы компанияның бір шығындарына 24 мың доллар төлеу керек болады, қолда жеткілікті ақша болмағандықтан Смит мәселені шешу үшін қай қалаға барып келеді?

8. Евгений Комаровский есімді дәрігер педиатр «Температура туралы қырық екі сұрақ» деген кітап жазды. Сіздерге сауал: кітапта қырық екі сұрақ екені рас, бірақ кітап атауының ішіндегі 42ні дәрігер қалай жазғанын тауып, кітаптың толық атын табыңыз?

9. 2001 жылы Труд газетінің Молдова қосымшасында атауы 2 сөзден құралған мақала шығады. Мақала атауының екінші сөзінде бір елдің астанасы аталып, коррупция бойынша Молдовадан озып кеткендері үшін рахмет айтылады. Мақаланың атын толық атаңыз.

10. «Комсомольская правда» газеті бұл елді туристік тұрғыда былай жарнамалады:
«Бақыттың жарқын бояулары. Орасан сұлу табиғат. Лайықты демалыс. Гастрономия ғажайыптары. Азарт тұнған саяхат. Рақат сезім. Иісі жұпар ормандар. Яхталы курорттар.» Қай ел?

11. Гуманитарлық білімге арналған Арзамас жобасындағы авторлардың бірі Юлия Штутина бір жазушының жазбаларынан жинақ жасап, оны ИКСтің твиттері деп атайды. Ойлары 140 символға сыйып отырған бұл жазушы көзі тірі болса Твиттердің бұл қасиетін ұнатар еді дейді. ИКС қай жазушы?

Аудио мында.
Әрі қарай

Ninety One - Su Asty / Су асты


Ninety One тобының жаңа әні Су астының клипі жарияланды.

Intro:
A.Z:
Эй неғо, Q-pop әзірге demo
Бірақ біз көбейгенде, сен жоғалма секілді Nemo
ZAQ:
Олар мені түбіне батырмақ болды, басқаға бас жетпей қойды
Маған сенің ауаңның қажеті жоқ, әлемім Н2О

ALEM:
Деміңді ал тереңге естіген сайын
Енді мен келгенде тұра алмай — тай!
Кім ол сенбеген? Бері кеп — қайт! (3рет)

ZAQ:
Таптап бәрін, таққа бағыт тартқанмын,
чк POW-POW бала талып құла, тағы талқыла — бәрі бірқалыпты
Бәрібір қалыпты менің тәртібім-әріппен әр үнді қауып тастау,
Енді дәріптеймін бәріне мәнін тәлім қылып ала алсаң,
Тек түрлі былықты қылықтарың лық қылып тықты шоу-бизді су астына!
Бәрі батты кезекпен,
Олар тұншығады, ал бізде желбезектер!

Қайырмасы:
Бізде желбезектер (2 рет)
Бізде желбезектер
Қанша жерден зерттесең де түсінбейсің мені.

BALA:
Дауың бар ма не? Айт кел!
Тауып ал мін менен, кейін сөйле!
Ауыр бұны саған қабылдау,
POW-POW-POW! Түйін таба алмасаң – Сау!

ACE:
Деміңді ал тереңге естіген сайын
Енді мен келгенде тұра алмай — тай!
Кім ол сенбеген? Бері кеп қайт! (3рет)

A.Z:
әгәдә мәгәдә зигәдө
Əгəдə мəгəдə кикидөу
Ал кім айтты бүйтуге болмайды деп?
Негізі бұл менің сиқырым,
Аяқ астынан мен келдім, түсіріп жүр басыңды еу!
Қысымға шыдамай тұншығады дедің, бірақ бізде желбезектер ғооо!

Блог - asaubota: Ninety One - Su Asty / Су асты
Әрі қарай

Жұрттың қатыны неге сұлу

Бұл постты жазуыма ешкім себепкер болған жоқ. Бұл жəй идея.
Ақыл жастан дейді. Идея жас таңдамайды.
Ал бастайық.
Жұрттың қатыны неге сұлу?

Ойлап қарасам қыздардың өміріндегі ең биік шыңы күйеуге тиген кезі. Иə, қазір көпшілігі осындай оймен жүреді. Тікелей болмаса да, түп негізі осы ойға кеп тіреледі.
Үйленгенше қыздар оййй керемет боянып жүреді. Бар əдемісін үстіне киіп, иіс суын себініп алып көшеге шығады. Содан кейін кімнің көзі түспейді?.. Ағының да қарасының да көзі əлгі қызда. Хош, оған еш қарсылығымыз жоқ. Бір кісінің айтқаны бар еді «Еркектер біздің көрерменіміз» деп. Ал, көрерменнің алдына дайындықсыз шығуға болмайды. Жұрттың қатыны сұлу болмай қайтсін сосын. Бар қызығы енді басталды. Əлгі жас кезінде сұп- сұлу болып жүрген қыз, тұрмысқа шыққаннан кейін бордайтозданып кетеді. Неге? Себебі ол шыңға шығып алды. Яғни, тұрмыс құрды. Болды оған енді ештеңе керек емес. Тағы бір пəлсапа «адам жетілдім деген кезде, миы тоқтайды» қысқаша, рухани да басқа да тоқырауға ұшырайды. Кейбір күйеуге тиген қыздар «тиетін жігітке тиіп алдым енді кім үшін боянамын» деп ойлауы мүмкін. Өйткені ол жетістікке жетіп алды.
Жалпы қыз-келіншектер біреуге ұнау үшін боянады.(деп ойлаймын) Жоғарыда айтып кеткен шыңға шығып алған қыз енді көшеге шыққанда ғана боянады. Себебі, жас кезінен əдет болып қалғаны да бар. Үйіне келгенде əдемі түр жасап берген бояудың бəрін шешіп тастайды. Əлгі түрді көрсеңіздер. «Сонда анау күйеудің не кінəсі бар деймін да» Тұрсынбек осылай дейді. Сонсоң, үйде мынадай оқиғалар бола бастайды. Сыртқа шығып бара жатқан күйеуі, əйеліне: — сықиып киініп алыпсың, əдемі бояныпсың, кімге ұнайын деп жүрсің?-дейді. Сосын əйел байқұс қайтсін күңкілдеп шығып кетеді.
Статистика бойынша елде ажырасу пəленбей пайызға өсіп кетіпті дейді. Нақты айтып шошытпай-ақ қояйын. Көп себебінің бірі осы қызғаныш пен түсініспеушілік.
Негізгі айтқым келгені тұрхмыс құрған қыздарға. Көшеге шыққанда ғана емес, үйде де сəнденіп жүрсеңіздер. Бұл туралы хадисте бар. Əйелдің күйеуіне сүйкімді көрінуі де маңызды. Бұл міндет шариғатта əйел адамға уəжіп деп айтылған. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Мұсылман жақсы көреді, өзі де жақсы көріледі. Жақсы көрмеген жəне жақсы көрілмеген адамдарда қайыр жоқ», – деп айтқан. Келесі хадисінде: «Жақсы көрген, жақсы көрілген жəне көп бала туатын əйелге үйленіңдер» – деп, өз ұнамдылығын жоғалтпай, сүйкімділігін сақтай білетін əйелге үйленуді өсиет еткен.

Бұрын қазақ отбасында, күйеуі
сырттан тамағын кенеп үйге кіріп келе жатқанда, баламен арпалысып отырған ақылды əйелі, етек жеңін жинап, шашын ретке келтірген деседі. Міне, осының өзі үлкен тəрбие. Керемет сыйластықтың белгісі. Күйеу əйелдің- жəннаты. Жəннаттарыңызға абай болыңыздар. Сонда күйеуім басқаға кетіп қалды. Бла- бла- бла деген əңгімелер болмайды.

Мал өсірсең, қой өсір.

Блог - meirman_kz89: Мал өсірсең, қой өсір.

Атамыз қазақ, «Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар, бәрінен де қой бағып, құйрық жеген озар» демеп пе еді? Ұлттық тағамдарымызды етсіз елестету қиын, әрине. Сыйлы қонағы, құдайы қонағы келсе де, қойдың басы мен жілігін алдына қойған халықпыз. Мүшел жыл санауда қой 8-жыл. Оның пірі – «Шопан ата» (кейде «Қошқар ата») деп аталады. Сондықтан Шопан атадан тілеу тілегенде «Малды берсең, қойды бер» деп өтінген. «Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық-ақжаулық, үшінші байлық- он саулық» деген ұғым да қойға қатысты. Он саулықтың басын құрайтын кәсіптің иесі – қойшы. Қой өсіру қазақ халқының ата кәсібінің бірі болып табылады. Төрт түлік малдың ішінде жылқы мен қойға ерекше мән берген. Ежелден қой жаюдың, оны көбейту мен тұқымын асылдандырудың өзіндік әдіс-тәсілдерін қалыптастырған.

Кеңес одағы кезінде Қазақстанда 37 млн қой болған екен. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап бұл көрсеткіш күрт кеміп кетті. Дәл қазір 18 млн. Статистика ұсынған деректерге үңілетін болсақ, 2010 жылы ОҚО-да 3 756 700 қой мен ешкі болса, 2017 жылдың 1-ші сәуіріне дейінгі есеп – 4 505 000. Республикадағы қой мен ешкінің 23,7% құрайды. Мүйізді ірі қара мал 2010 жылы 833 200, қазір 847 800. Көрсеткіш төмен. Олай дейтінім, ОҚО халқы шамамен 4 миллионға жуықтап қалғанын ескерсек, облыстың әр тұрғынына 1,4 қойдан келетіні анық. 4,5 миллион халқы бар Жаңа Зеландия мемлекетінің бір тұрғынына 10 қойдан келеді екен. Ол дегеніңіз өзін ғана емес, етпен бірталай елді қамтамасыз етіп отыр. Экономикасы туралы гуглдан-ақ көрсеңіз болады.

Блог - meirman_kz89: Мал өсірсең, қой өсір.

ОҚО бойынша қой мен ешкі саны жағынан Сарыағаш ауданы 1-ші орында келеді. Жалпы саны – 787 480. Ал, жан басына шаққандағы ең жоғары көрсеткіш Бәйдібек ауданының еншісінде. Бір тұрғынға 10 қойдан келеді.

Ауыл шаруашылығының басым бағыты мал шаруашылығын қолға алсақ, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіші едәуір өсетіні бізге белгілі. Сол себепті де, 2008 жылдан бері үкімет қабылдаған бірқатар мемлекеттік бағдарламалар осы мал шаруашылығын дамыту үшін жүргізіліп келе жатыр. Қойдың санын өсірумен қатар сапасын жоғарылату үшін үкімет «Алтын асық» бағдарламасын қабылдады. 2010 жылы ғалымдар республика бойынша қой шаруашылығын дамытудың кешенді бағдарламасын жасады. Оны жүзеге асыру үшін былтыр республикалық қой шаруашылығы палатасы құрылды.

Блог - meirman_kz89: Мал өсірсең, қой өсір.

ОҚО-да төрт түліктің ішінде қой шаруашылығында асылдандыру жұмыстарына көбірек мән берілген. Бұған шаруалардың өзі қызығушылық танытып отыр. Айталық, өңірімізде 120-дан аса шаруа қожалығы қой өсірумен айналысады. Олар қазақы, биязы жүнді, қаракөл қойларын асылдандыру ісін қолға алған. Мұндағы мақсат – аз шығын жұмсап, көп өнім алу. Мәселен, Ордабасы ауданындағы «Сералы» шаруа қожалығы асыл тұқымды «Ордабасы» қойын өсіріп келе жатқанына көп жыл болды. Бұл асыл тұқымды қойдың басқа қылшықты қойлардан ерекшелігі, таза етті бірнеше есе артық береді. Бір аталық мал басы 120 кг дейін ет береді. Бүгінде ел аумағына таралған ет бағытындағы аталмыш қой тұқымына көрші мемлекеттер де қызығушылық танытып отыр. Өйткені, жаңа тұқымды қойлар ыстық пен суыққа төзімді, шөлге шыдамды. Мемлекет тарапынан асыл тұқымды қошқарларды жалпы шаруаға бірдей етіп, аналық бастарын тегін қашыртуға көмек беріліп отыр. Қойды қашыртып алу үшін мамандар мен оның техникалық құрал-жабдықтары, асыл тұқымды «жалға беру» қаржысы мемлекет есебінен жүргізіледі.

Блог - meirman_kz89: Мал өсірсең, қой өсір.

Қой асырап, кәсібін дөңгелетіп отырған шаруаларға да мемлекет тарапынан беріліп жатқан субсидия аз емес.

Блог - meirman_kz89: Мал өсірсең, қой өсір.
Әрі қарай

Д&Б-ға (нөмірсіз хат)

Сәлем, сәлем!
Неге екенін білмеймін, осылай бастағым келді. Әдетте олай амандаспаймын, ешқашанға жуық. Еркектер, әсіресе жастық-жеткіншектік шақтан өткендер үшін тым жеңіл амандасу сияқты. Қазнеттің бабаларының бірі, блогер, тұңғыш қазақ тіліндегі сайт жасаушы, it-маман, тренинг жүргізуші, Қазақ радиосының қазіргі дикторларының бірі, кәсіби бәс тігуші, әлеуетті покерші, «Болашақсыз» шетелде оқыған толқын өкілі, үш ұлдың әкесі тікелей эфирде солай қақылдаса да…

Ер мен әйелдің арасына несіне групповуха қылып, ой, швед отбасы, ыммм… маңызды емес, қысқасы, несін жағаласқанымды түсінбеймін. Хаттарыңа деймін.
Не ғой, шай іштіңіздер ме барселонада, тойыс, реалда? Смартфони фәни финита? Димашпен (өкінішке орай, Зиядин емес) кездесуге барған халық пен тобырдың қатарына кірмедіңіздер ме? Біріңізде малайзи ахуалдан кейін қазақстани көңіл-күй боп жатқан жоқ па? Екіншіңіз Баян-Нилерді пикчалағаннан бос уақытта сәби құшудан қол тимей жатыр ма (памперс ауыстырудан — ред.)?
Өткенде радиода интеллектуалдық эгомды қасып отырсам, тікелей эфирде мені трольдағаныңызға болайын, ұлытаулық Ахмадуллина! Ғашық-пашық, өлең-мөлең. Сізге көзқарасым дұрыс (шекер-науат, ваниль-бизе сантименттерге жоқ екенімді ескерсек, бұл ғажап, іңкар мойындау сияқты).
Айтпақшы, 13-қабаттағы көршім шайға шақырған өткенде. Реті келмей әлі ішпедім. Бірақ ішемін. «Бірақ ішемін» © деген Сатыбалдының өмірлік кредосы сияқты болып кетті, иә?
Ах, иә, өзім жайлы: менде бәрі жақсы. Лайкоман емес екенмін мүлде. Үйлену тойын жасамау идеясы ұнап жүр. Киностандағы айдарға материал бермей, ұялып жүрмін. Қырынуды маңызсыз деп санап, ұмытып кете беремін әлі. Маркоға Виканы «Арулар» командасынан ұрлап әкетуге аздап ой қосқанымды мойындаймын. Классика шалбарларым сыймай қалды.

Покер ойнаймыз ба? Шай ішеміз бе?

пы.сы. ДБ дегенді анау куалалумпурлық дипломат запқоз блогер «Дәрияның байына» деп ұғады-ау әдетінше…
Әрі қарай

Ән кейіпкерлері

Халық арасында кеңінен таралып, ел аузында жүрген әндердің көпшілігінің кейіпкері кім екені жалпақ жұртқа беймәлім болып жатады. Алайда әрбір әннің өзіндік тарихы бар.
Атақты «АБК» триосының бағын ашқан «Тамшылар» әнінің тарихы қызық. Әннің композиторы Ахмедия Есмұханов бұл әнді өзінің алғашқы махаббатына арнаған. Түсінде сүйіктісі терезені қағып, өзіне шақырады. Оянып кетіп, терезеге жақындаған сазгер жаңбыр жауып, тамшылардың тамып жатқанын көреді. Тамшылардың тамысы сазгердің жүрегіне ән болып құйылады.
«Кешкі кездесу» бағдарламасының студиясына АБК тобының орындауындағы «Тамшылар», Өктем Алтаевтың орындауындағы «Жаным», Төреғалидың орындауындағы «Жүрек көнбейді», Абай Бегейдің орындауындағы «Аспанға қараймын» әндерінің авторлары мен аталмыш әндердің кейіпкерлері шақырылады.
Белгілі туындының белгісіз кейіпкерлері. Олар кімдер? Сіз бен біздің сүйікті әуендеріміздің шығуына себепкер болған жандармен сырлы сұхбатты Еуразия бірінші арнасының эфирінен сенбі күні 21:00-де тамашалаңыздар.
Әрі қарай

#QazzaqDepression. Иман

Блог - patick: #QazzaqDepression. Иман
Подъезде жалдап тұрмайтын өзі қалды. Көршілерінің барлығы әлдеқашан коттедж салып немесе жаңа құрылыстан пәтер алып көшіп кеткен. Енді айналасындағылардың барлығы жалдап тұратындар. Түрлерін де танымайды, біреуі кетсе ертесіне басқасы көшіп келеді. Танысып үлгермей жатып олар да ауысады.

Әдеттегіше жұмысына кетіп бара жатыр еді. Оны көрді. Жаңа көрші. Бір қабат төмен тұрады. Жаңа көршісі есігін жауып жатып:
— Ассалаумұғалейкүм, — деді күлімсіреп.
Бұл сасып қалды. Әдетте ешкім онымен, ол ешкіммен амандаспайды. "Әліксәләм" деген бірдеңені айтқандай болды. Бөгелмей түсіп кетті.

— Ассалаумұғалейкүм!
Күн сайын еститіні осы болды. Ол да мейлінше мәнерлеп жауап беруге тырысады: "Әлеикум ассалам".

Аты Иман екен. Таза киінеді, басында ақ тақия, амандасқанда ылғалдау алақаны біртүрлі жағымды әсер етеді екен.

Өздерің байқағандай екеуінің қарым-қатынасы жақсара түсті. Аман-саулықтан бөлек, кездесе қалса басқа да тақырыптарға бас ауыртады. Ішінде дін де бар. Әсіресе дін туралы айтылса Иманның жүзі бал-бұл жанып кетеді. Имандылық пен мейірімділік туралы тоқтамай айта беруге бар. Айтқан әңгімелері қызық, биязы дауысымен сыпайы тақырыптар төңірегінде сөз қозғағанда қалай елітіп кеткеніңді байқамай қаласың.

— Ислам кіршіксіз дін ғой, — деді Иман бірде пышағын қайрап жатып, — Исламнан таза дін жоқ бұл әлемде…
Подъезд алдындағы ағаш орындықта отыр. Үйіндегі пышақтарын бір қайрап алайын деген-ау. Тап-таза орамалды орындық үстіне ұқыптылықпен төсеп, пышақтарын тізіп қойыпты. Бұл қасына отыра қалып, Иман тірлігін аяқтағанша әңгімелерін тыңдады.

— Құдай кешіре білетіндерді ұнатады, — деп бастады бірде ол. Әдеттегідей есік алдындағы орындыққа жайғасыпты. Бұл жолы тапаншасын тазалап отыр. Шошып кетті. Оның қолындағы қаруды көрмеген болып, асыққан түрмен тез кетіп қалды.

Әлгі оқиға көпке дейін есінен кетпеді. Иманнан бұндайды күтпеп еді. Әлде бала-шағаның ойыншығы ма екен? Солай болар-ау. Әйтпесе сыртқа шығып қару тазалағаны біртүрлі емес пе? Сонда да Иманмен кездесіп қалудан қашып жүрді.

Демалыста үйінде тынығып жатқан. Есік қағылды. Иман келіп тұр. Түк болмағандай жылы күлімсірейді.
— Кел, — дейді ол, — біздің үйден шәй ішіп кет.

— Жалғыз бастысың, тамақ дайындау қиын шығар. Бізге келіп тұр, — деді Иман үйге кірген соң, — Жеңгең тамақты жақсы пісіреді. Қош келдің, төрлет.

Үстел басында үшеуі тамақ ішті. Шынымен де дәмді пісіреді екен. Балалар ана бөлмеде ойнап жүр.
— Исламның басты қағидасы — мейірімділік қой. Дінде адам түгіл, жәндікке де зиян қылуға болмайды, — деді ол. Теледидарда Таяу Шығыстағы кезекті терракт туралы айтып жатты. Радикалдар камераға қарап: «Аллаху акбар, аллаху акбар» деп айқайлап жүр.

Ислам әңгімесін кілт тоқтатып, балалар жаққа қарады:
— Мейірлан, байқа, балам. Атылып кетпесін, магазинін алып тастап ойнаңдар, — деді. Балалар АК-47-ге таласып қалыпты.
— Кезекпен ойнаңдар, бір-біріңе мейірімді болыңдар. Мейірлан, ақылың бар ғой. Ініңе бере ғойшы, шамалы ойнап тастайды ғой. Ініңе мейірімді бол, — деп ақылын айтып жатты.

Тамақ жүрмей қалды. Бұл үйден тез кетуге асықты. Шәй ішіп, ас қайырғаннан кейін бір минутқа да бөгелгісі келмеді. Есік жаққа беттеп еді, жеңгей тамақ салынған пакет ұстатып жатыр:
— Қуыс үйден құр шықпа деген. Дәм ғой. Үйден жерсіз, — деп қояр да қоймай ұстатып жіберді.

Үйіне келіп, пакеттегі тамақтарды тәрелкеге салмақ болып еді. Қотарғанда бауырсақтармен бірге бір РГД-5 ыдысқа домалап түсті.

Пакеттің сыртынды «Халал» деген жасыл жазу бар екен.
Әрі қарай

#QazzaqDepression. Гектор Мағауин. "Сарорыс"

Менде бір керемет сюжет бар...: #QazzaqDepression. Гектор Мағауин. Сарорыс

Көктем шықты дегенмен, жер бірде кеберсіп құрғап, бірде шылқып тұратын итжығыс күндердің бірінде Санников аралының аспанында темір құс көрініп, төменге қарай құлдилады. Ішіндегі екі қаззақ пен бір орысты иманды адамдар деуге келмейтін, ендеше ұшақтың — жерді тұмсығымен сүзуге аз қалғанда кенет оталып, бойын тіктей қойғанын құдайы себеп деуге болмайтын шығар.

Ұшақтағы үшеу ептібайымайд-шешесстің түрлі порымы мен пошымын айтып, қарғанып-сіленіп болғаннан кейін, жан-жағына қаранды. Анадай жерде жеркепе тұр екен. Салып отырып жетіп барды.

Бос екен. Жер мен жарға қабан терілері төселіпті. Анадай жердегі сөреде астан гөрі, шірік ағашқа ұқсайтын нанның қалдығы мен Мейхуаның сары сатпақ қағаздағы көмескі фотосы тұр екен. Қырағы, адамның жасырғаны мен тыққанын тіпті мұрнымен де сезіп қалатын үшеу бұлардан басқа мардымды ештеңе көрмеді.

— Қабан терісі! Заготовкаға тапсырылмаған! Мұны тексерту керек! — деді қаззақтардың үлкені.

— Арыйне, дурыс айтасыз! Ылай калдыруга болмайды! — деп қоштады қаззгүрт(мәңгүрттің керісіншесі) орыс. Кісіден асқан өнері, қытай сүйер қылығы болмаса да, қаззақша шүлдірлеп-былдырлап, біраз мансаптың биігін шалған нағыз сатқын сволочьтің өзі еді ол.

Екінші қаззақ үндемеді. Оны бұл аралда қалып оймаудың қ амы мазалап тұр еді.

Жеркепенің қожасы болмаса да, әдетінше әкесінің үйіндей аралап-тінтуге жүрексінді. Бұл не қылған қызық сезім деп, үшеуі де ойға батып тұр еді. Тыныштықты арттарынан шыққан мылтықтың білтесін қайырған дыбыс бұзды.

Еңгезердей, ұзынтұра орыс екен. Күн қақпаған беті, сірі, тарам-тарам болған қолдары, ырсимағанмен, бедері көрініп тұрған қабыртқалары, қақшиып тұрған әшәуі бұл кісінің өркениетпен қош айтысып кеткеніне кемінде жиырма жыл, әйтпесе қырық жыл екенінен хабар берді.

— Алдыма түсіңдер! — деді ұзынтұра орыс.

— Өлгім келмейді! — деп зар илеп қоя берді қаззгүрт орыс.

Көңілсіз үшеуді алдына салып алған көңілді орыс алдымен мылтықпен итермелеп, сосын көттен теуіп, аралдың шетіне қарай әкеле жатты.

— Сен немене, тоңбайсың ба? — өзі деді сақа қаззақ, арт жағына ұрлана қарап.

— Тоңғанда қалай! Бірақ сендер — өкімет деген хайуандар — сыпырып ала бергесін, оған да үйренеді екен адам — деді орыс.

Сөйтіп, аралдың шетіне жеткесін, орыс үшеуін біртіндеп атып тастады. Ішінде ұзақтау өмір сүргені қаззгүрт орыс деуге болады. Оны соңынан атты. Қанына тартқасын емес сірә. Үрейден аузы жабылмаған қаззгүрт бір кезде: «Жиырма жыл аял көрмегеннен солмай, керісінше қақшиып тұратыны қызық екен» деді. Еркектің болса да, отыз бес жыл бойы мұндай жылы сөз естімеген сарорыс — қаззгүрттің мына сөзіне балқып, ақыры оны басжіверді. Сосын барып атты…
Әрі қарай

Өрік ағашы гүлдегенде

Күн ерте шығатын болыпты. Шақырайып тұрған күннің көзі бетіме түскенінен ұйықтап қалып, сабақтан кеш қалып қойдым ба деп үстімдегі түйе жүннен тігілген жеңіл көрпені бір теуіп орынымнан атып тұрдым. Айтпақшы, осы түйе жүн көрпеден соңғы кездері аяғымның басы шығып тұратынын сезіп жүрмін. Бойым өсіп келе жатса керек. Самаурынның қышқыл түтініне араласқан әбден қайнаған шайдың жағымды иісі шыққан асбөлмеге қарай тұра шаптым. Папа мен мама шай ішіп отыр екен. Күндегіше майкі-трусимен тұр едім, мама ала көзімен қарап:
-Жау қуып келе ма, киінбейсің ба?-деді. Кері бұрылып бара жатып маманың “Осы қыз да ұят жоқ па, тіпті?” деген күңкілін естіп қалдым. Бір күннің ішінде бой жетіп қалмаған шығармын? Бойжетіп қалатындай нешінші клас оқисың дейсіз бе? Алтыншыны аяқтағалы жүрмін. Иә, бірақ, шынымен де алтыншы клас оқитын қыздың әкесінің көзінше майкі-трусимен, шашы жалбырап тұрғаны аздап ыңғайсыздау екен… Мүмкін папаның әлі күнге дейін түбі қатқылдау болып өсетін сақал-мұртымен бетімді ысқылап тұрып иіскеп, еркелететінін де есейе алмай жүрген шығармын. Кеше кластағы бір қыздар сыбырласып хат оқып жүргенін байқағанмын. Жігіттер жазған болуы керек. Маған неге жазбайды деген қызғаныш ойдың жетегіне еріп, апайға айтып қойып, қыздардың масқарасын шығарсам ба деп те ойлап қоямын.
Ұзақ ойланып кетсем керек, маманың “Әй, қыз, болсайшы, сабақтан қаласың!” деген сөзінен селк ете түстім де киініп алдым тездетіп. Шашымды мамаға өргізбей жүрмін, тым қатты етіп өреді. Жүрген сайын бұрым арқама соғылып ыңғайсыз болады, оның үстіне қатты өрілген бұрым қайыстай болып қақшиып онша әдемі емес көрінеді. Кекілімді әдемілегім келіп түкірігіммен жылтыратып бастырып қойдым (папаға айтпасам гель алып бер деп).
Сыртта өрік ағашы гүлдеген екен. Жұп-жұмсақ иісі де жағымды. Папа мотоциклін қыздырды. Бензиннің иісі жаңағы тәтті иісті шайып кетті. Мотоциклге папаның белінен құшақтап отырып алдым. Сұр бешпетіне бетімді тақап, тер сіңген таныс қышқыл иісті құшырлана иіскедім. Көшені көк түтінге бұқтырып мектепке кетіп барамыз. Жел алдан соғып тұр, кекіліме жаққан түкіріктің иісі өзім сезіліп келе жатыр. Бекер жаққан екенмін… Өрілген шашымды “Ешкінің құйрығы” деп күн сайын тартқылап жүрген жетінші кластағы “Н” түкірікпен жылтырағанын сезсе ұят болатын болды. Соңғы кезде сол “Н”-ны көріп қалсам жүрегім дүрсілдеп, денем мұздай болып кетеді. Қорқамын ба одан, әлде… Түсініксіз...
Әрі қарай

Бұта отырғызу

Подъезімнің алды көк тақыр. Көршілес подъездерде бұталар өсіп тұр. Біздегі алаңқайдың тақырға айналуына не себеп екенін кейін білдім — кезінде бірінші қабатта тұратын біреу машинасын өз балконының түбіне қою үшін тал-теректерді жұлып/кесіп/опырып тастаған. Алайда қатты дауыл кезінде жақын маңдағы ағаштардың біреуі сынып, ауыр бұтақ (!) машинасының үстіне құлапты-мыс. Сол кезден кейін есік алдындағы тақыр бос тұр.

Подъездің түбі — автотұрақ, гараж, қойма емес. Ол да жалпыға ортақ территория. Оны бәрі түсінеді, бірақ адамның эгоизмінде шек бар ма? Келесі «умник» келіп, жекеменшік паркингке айналдырғанын күтіп жатқым келмеді. Бірдеңе егіп тастайын дедім.

Осы сенбі-жексенбі соның қамымен өтті. Жер қазып жатқанымды көріп, біреулер мақтауларын жеткізді, тіпті көмекке келген көршілер де бар. Ашық жеріне гүл, көгал егейік деп ұсыныс айтып, қоршау мәселесін қамдайық деген көрші де табылды. Өспей қалады-ау деген скептик те бар екен көршілер арасында, ұрлап кетеді-ау деді бір өткінші. Мені қорқытқаны — өспей қалатыны емес, ұрланып кету ықтималдығы және аяққа тапталып сынып қала ма деген қауіп. Білмеймін, көре жатармыз.

Ал, мынау сол шаруаның видеосы:


ТОЛЫҚТЫРУ!
Кіреберістің екінші жағына да ағаш отырғызылды. Ағаш дегенде сол — бұта ғой ол да. Ақпан айында үйдің жанында бұрыннан өсіп тұрған талдардың бұтақтарын кесіп алып, суға салып қойған болатынмын. Солардың басым бөлігі тамыр жайды. Үш-төрт талдан біріктірдім де, төрт түпке бөліп отырғызып тастадым.
Әрі қарай