Астана билігіне жиі қойылатын сұрақтар

Астана билігі тұрғындар арасында жиі қойылатын сұрақтары бойынша мониторинг жүргізді.
Жиі қойылатын сұрақтарды және оларға жауаптарды мына сілтемеден қарай аласыздар: Қосымша.doc
Әрі қарай

Алматы облысының Ішкі істер департаменті кәсіби мерекелерін атап өтуде

Алматы облысының Ішкі істер департаменті кәсіби мерекелерін атап өтуде
Бұл туралы Алматы облысының Ішкі істер департаментінің басшысы Мұрат Ұрымхановтың қатысуымен өткен облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз конференциясында белгілі болды.
«23 маусым Қазақстан полициясының кәсіби мерекесі болғандықтан, облыстық ІІД-нің қызметкерлері бір қатар іс-шара ұйымдастырды. Облыстағы ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкерлеріне арналған мәңгі алау жағылды. Сонымен қатар, Генерал А.Б Болсамбековке арналған ескерткіштің ашылу салтанаты, ІІД ғимаратының жөндеуден кейінгі ашылуы, жас қызметкерлердің ант беру рәсімі өтті. Бүгінде жұмыс шарты мен танысу мақсатында Қытай халақ республикасынан келген қонақтармен келіссөз жүргізілуде. Ол екіжақты тәжірибе алмасуға жақсы мүмкіндік», — деді Мұрат Ұрымханов.
Осы іс-шаралардың жалғасы ретінде кешке «Жастар» паркінде концерттік бағдарлама өтетіні айтылды.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Әрі қарай

Қаратау тәжі - Кентау

Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің өзі тамсанып, "Қаратау тәжі" деп атап кеткен Кентау кезінде Қазақстан ғана емес, Кеңес одағы көлеміндегі үлгілі қалалардың қатарында болған.

Кентау қаласы 1955 жылдың тамыз айында қарт Қаратаудың баурайында ірге теуіп, негіз қалады. Қала орнындағы алғашқы елді мекеннің атауы Мырғалымсай болатын. Кентау қаласын құрудағы мақсат – Ащысай полиметалл кенішін байыту жұмыстарын жүйелі жүргізу болатын.

Облыс орталығы — Шымкент қаласынан солтүстік-батысқа қарай 195 км-дей жерде. Түркістан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 30 км-дей жерде, Қаратау жотасының етегінде орналасқан. Кентау қаласы “Қаратау тәжі” және “Қазақстанның жасыл-желекті қаласы” деген аттарға ие.

Суретте Кентау қаласы әкімдігінің ғимараты көрсетілген. Қазіргі таңда қала әкімі — Мақұлбаев Әбдібақыт Тілләбайұлы.

Блог - shota2030: Қаратау тәжі - Кентау

Орталық парк


Орталық паркте орналасқан "Қаралы ана" монументі 1977 жылы салынды.


Кентау халқын қорғайтын полиция қызметкерлерінің жұмыс орны %)


Кентау қаласы орталық алаңы. Артқы фонда Ш.Қалдаяқов атындағы Мәдениет сарайы %)


Мәдениет сарайы басқа ракурста.


Орталық алаңда орналасқан «Одежда» сауда үйі 1963 жылы салынған. Қазіргі таңда «Байсал Керім» салтанат сарайы.


Бір кездердегі «Спутник» кинотеатры қазір «Кентау нұры» тойханасы %)


Аптека %)


Қонаев даңғылы.


Кентау қаласында халық аузында «Ескі парк» деп аталатын «Кеншілер паркі» бар. Іргетасы 1956 жылы қаланған. Бұрын ол жерде «Аққу» кафесі болған. «Аққу» аталуының себебі: парктегі көлде аққулар жүзіп жүретін болған. Қазіргі таңда «Арыстан» кафесі %)


Бұрынғы «Лекторий» қазіргі таңда «Атамекен» салтанат сарайы %)


Кентау Қазақстан картасында Ащысай полиметалл кен ошағының, нақтырақ айтсақ, Мырғалымсай кентінің базасында дамытуының арқасында пайда болды. 1958 жылы мұнда экскаватор зауыты салынып, өнімдері Алыс Шығыс, Орта Азия мен Балтық елдері, сондай-ақ Украина, Болгария, Вьетнам және өзге де елдерге жеткізіліп тұрған. Қаланың өнеркәсібі әрқашан да маңызды орынға ие болған.

Кентау байыту фабрикасы 1965 жылы пайдалануға енгізілді.


Бұрынғы «Достық» кинотеатры кейіннен неке сарайы, одан кейін халыққа қызмет көрсету орталығы болса, қазіргі таңда «Жастарға қызмет көрсету орталығы»

Блог - shota2030: Қаратау тәжі - Кентау

Кентау республика бойынша моноқалаларды дамыту бағдарламасына енген 27 шаһардың бірі. Облыстағы жалғыз қала. 2013 жылдан бері аталған бағдарлама аясында жұмыстар жүргізіліп келеді. Ал соңғы екі жылдан бері қаланың инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Сонымен қатар қалада шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында отыз үш жобаға грант бөлінген. Одан өзге көпшілік сөз етіп жүрген жол да жақсарып, бірқатар әлеуметтік нысандар күрделі жөндеуден өткен.

P.S.: Ескі суреттердің түсірілу тарихы дұрыс болмауы мүмкін. Кешірім өтінемін.
Әрі қарай

Бүгін мемлекет пен мемлекет халқына маңызы бар Мемлекеттік қызметкерлер күні!!!

Блог - Kydyr-taudyn_balasy: Бүгін мемлекет пен мемлекет халқына маңызы бар Мемлекеттік қызметкерлер күні!!!
Бүгін сіз оқып, естіп, көріп жүрген барлық статистикалардың «авторлары», барлық мемлекеттік бағдарламалардың іске асуына мүделлі, азаматтар мен мемлекет арасын жалғаушы, күн-түн, қыс-жаз ештенеге қарамай мемлекеттік идеологияға жұмыс жасайтын мемлекеттің қызметкерлерінің мейрамы.
Статистикаларға жүгінетін болсақ елімізде шамамен 100 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер бар екен жәнеде жылына бұл азаматтарға шамамен 600 млрд теңгі жұмсалады екен. Салыстырмалы түрде Жапонияның 128 млн халқына 9 мың мемлекеттік қызметкер қызмет ететді екен. Иә біздің елде мемлекеттік қызметкер көп, оларға ақша көп шығындалады немесе олар жұмыс жасамайды деген пікірлер өте көп. Бірақта сол азаматтардан мемлекетке пайда өте көп. Мен осы жазбада сіздерге ең төменгі сатыдағы жергілікті мемлекеттік қызметкерлер жайлы сөз қозғайтын болам.
Бірден алдын ала кетейн мен ол кісілердің жиналыстар мен алыстан келген азаматтардың концертерінің орынын толтыратын еңбектерін, Партия мен Кәсіп одақтарды жарналары арқылы асырау міндеттерін, мемлекеттік газеттердің тұрақты сатып алушысы екендігін, тіпті соңғы актуалды ЕКСПО көрмесіне жаппай билет алған "Ішкі туристер" екені жайлы сөз қозғамаймын. Бәлкім бұл қызметтер "ҚР мемлекеттік қызмет туралы" заңында жазылмаған заңдар шығар, бірақ бұны олар бұлжытпай орындайды. Мен сөз қозғайтын тақырып ол кісілердің "өкіліктеріне" (компетеция) сай жасайтын еңбектері туралы.
Қарапайым ауыл дүкендеріндегі баға деңгейінен бастап Төтенше жағдай кезіндегі іс әрекеттер, ауыл мен қала халқының мемлекеттік бағдарламаларды түсінуі, оларға сапалы қызметтер көрсетілуі, мелекеттік бағдарламаларға толықтай қатыса алуы, елді-мекендерің көркейуі, жаңа ғимараттардың салынып ащылуы қарапайым жолдардың жөнделуі тікелй сол азаматтардың қызметінің арқасы. Қалаңызда болып жатқан өзгерістер мысалы жолдардың жөнделуі немесе ауылдардағы мектептер мен бала бақшалар ашылуы, жарықтандыру жұмыстары сияқты сізге жағымды өзгерістер қалай істеліп жатқаны сіздерге беймәлім жәнеде оны қатты білгілеріңізде келмейді. Керісінше жол жөнделмей қалса немесе т.б жағымсыз әрекеттер болса білуге ұмтылып тұрасыздар кім жауапты, неге істемеген дегендей. Ал істелгеннен кейін сізге бәрібір. Көп адам осындай жақсы өзгерістерге әкімге немесе басшыларға алғыс айтуға асығады, бірақ олармен қоса бұл жерде қарапайым қызметкерлердің де жұмысы өте маңызды. Қарапайым ауыл аймақтын жағдайы туралы берілген есептен бастап, жөнделетін ғимараттың барлық құжаттары мен олардың қорғалуы. Сол жұмыстар істеліп біткенше қайта-қайта сұралатын есептерге жауап беру сияқты адам жалықтыратын жұмыстар сол азаматтардың тынбай еңбек етуімен атқарылады.
Айта берсек істейтін істері өте көп, бірақ көзге көріне бермейді, себебі олар істеген жұмыс қалыпты істелетін затқа айналғандықтан азаматтар оған қатты бас қатыра бермейді. Мен мемлекеттік қызметкерлерді мақтап, мадақта демеймін, тек қана ол азаматтарды сынап, түк істемейді деген сияқты теріс пікірлерден аулақ болуыларыңызды сұраймын. Қорытындылай келе мерекең құтты болсын Мемлекеттік қызметкер, мемлекет алдыңдағы қызметің адалынан болсын, ел дамуы мен өркендеуіңе үлесінді қосудан таңба дегім келеді!!!
Әрі қарай

Талдықорғанда жас мемлекеттік қызметшілер слеті өтті

Алматы облысы: Талдықорғанда жас мемлекеттік қызметшілер слеті өтті
23 маусымда — Мемлекеттік қызмет күніне орай «Жастарға қызмет көрсету орталығы» ғимаратында алғаш рет «Білікті мемлекеттік қызметкер – ел тірегі» атты жас мемлекеттік қызметшілер слеті өтті.

Билікке деген сенім қазіргі қоғамның талаптарына сай мемлекеттік қызметшіден басталады. Атаулы күнге орай жастар саясаты мәселелері басқармасы «Білікті мемлекеттік қызметкер – ел тірегі» атты жас мемлекеттік қызметшілер слетін ұйымдастырды. Жас мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен облыс әкімінің орынбасары Омар Жақсылық Мұқашұлы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің басшысы Нұрғисаев Серікбай Өрікбайұлы құттықтады. Жас мемлекеттік қызметші В.Чепель әріптестерін айтулы күнмен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі. «Сіздердің еңбектеріңіз Қазақстанға және оның азаматтарына табыс пен өркендеу әкелсін» — деді ол өз сөзінде.

Жас мемлекеттік қызметшілер арасында спорттық ойын түрлерінен жарыс ұйымдастырылып, халқымыздың көркейе беру жолындағы адал қызметі үшін бірнеше қызметкерге облыс әкімінің орынбасары Ж.Омардың алғыс хаты табыс етілді.
Әрі қарай

Елордада асық атудан қала чемпионаты өтті

Астана жаңалықтары: Елордада асық атудан қала чемпионаты өтті

Ұлдар мен қыздар арасындағы жарыста «Жігер» спорт клубының командасы чемпион атанды.

Клубтың атынан 10 ойыншы қатысты. Қыздар арасында Қуанова Аружан, Даниярова Кәмила және Бекмахан Жайна, ұлдардан – Серік Ернар, Мыңтөре Нұрбақыт, Серік Досжан ептілік танытып, үздік атанды.

Ал күміс жүлдені ұлдар арасында №2 мектеп-гимназияның командасы еншілесе, №24 орта мектептің оқушылары қоланы қанағат тұтты. Қыздар арасында №18 мектептің командасы – үшінші орында.
Әрі қарай

Жетісу жастары «Жетісу тарландарымен» кездесті

Алматы облысы: Жетісу жастары «Жетісу тарландарымен» кездесті

«Жастарға қызмет көрсету орталығы» ғимаратында «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының жеңімпаздары «Жетісу тарландары» командасымен кездесу өтті. «Жетісу тарландарын» облыс басшылығы мен жастары атынан Жақсылық Омар құттықтап, өзара әңгімелесті.

«Жастарға «Айбын» әскери-патриоттық ойыны ұнады, өйткені ондаолар өздерін шыдамдылық пен беріктікке сынап көреді, жауынгерлікрухтарын нығайтады, командада жұмыс істеудің не екенін білеалады»-деді «Жетісу тарландары» клубының жетекшісі Ж.Канапиев өз сөзінде. Жастар жарыстың қызықты болғанын, кездескен кедергілер, жеңістұғырына көтерілген сәттегі сезімдері туралы жарыса әңгімеледі.

Ескерте кетейік, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштердің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған халықаралық жиында 600 адам қатысқан. Республикалық «Жас ұлан» әскери мектептерінің, өңірлердегі әскери-патриоттық клуб мүшелері мен Ресей Федерациясының Оренбург Президент кадет училищесінің тәрбиеленушілері қатысты. Алматы облысының атынан шыққан «Жетісутарландары» командасы 16 өңірден шыққан әскери-патриоттық клуб арасынан жүлделі 1 орынды иеленді.
Әрі қарай

Астанада үздік мемлекет қызметкерлері марапатталды

Астана жаңалықтары: Астанада үздік мемлекет қызметкерлері марапатталды

Астана қаласы әкімдігінің ғимаратында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің мұрындық болуымен Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті.

Мерекелік шарада «Қазақстан Республикасы үздік мемлекеттік қызметкері» республикалық конкурсына белсенді түрде қатысып және еліміздің тұрақты дамуы мен мемлекеттік қызмет беделін көтеруге қосып жүрген үлесі үшін бірқатар мемлекеттік органдар қызметшілеріне Агенттік төрағасының марапаттаулары табыс етілді.

Мрапатталғандар ішінде Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Каналимов, Есіл ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы Русланбек Койбаков, Астана қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Төлеген Құлұшев, Астана қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бөлім басшысы Самал Күлбатырова, сондай-ақ Агенттіктің Алғыс хатымен Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Болат Мажағұлов, Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы Динара Омарова, Астана қаласының Энергетика басқармасының бөлім басшысы Мақсат Есмағұлов, Астана қаласының Энергетика басқармасының басшысы Бақтыбек Жапаев марапатталды.

Атап өтейік, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 20 желтоқсанындағы №716 Қаулысымен 23 маусым мемлекеттік қызметкерлер күні болып бекітілді.

Сонымен қатар Агенттіктің Астана қаласындағы департаментінің Алғыс хаттарымен Астана қаласы әкімдігінің өкілдерінен бөлек, әртүрлі мемлекеттік құрылымдардың 34 қызметкері марапатталды.

Осылайша ведомство мемлекеттік қызметтің жағымды имиджін қалыптастыруды көздейді. Бұл осы сала қызметкерлерінің рөлін жоғарылататыны сөзсіз.
Әрі қарай

Блицті бірді жығар. 11 - 15 шығарылымдар

Шахмат комментарийлері ағылшын және орыс сегментінде біршама таралған. Бірақ, әрине, жеке қызығушылар тобы шеңберінде ғана. Қазақ тіліндегі блиц ойынын экраннан түсіру — жай ғана әуестік, хобби.
Бастапқы ойындарда тіпті сөз орнына әсем музыка ойнап тұрды. Алайда, күннен күнге технологиялық сапа, дауыс ырғағы, комментарий шеберлігі көтерілуі тиіс. Ойын сапасы да өседі, бірақ әуесқой деңгейден ары аспайды.
Жалпы, блицті бірді жығар!




Әрі қарай